ЕТІСТІКТІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ 1. Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліпкелгенде, тұйық етістік жатыс септігітұлғасында тұрып немесе тұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Біз Алатау бөктеріне саяхатқашықтық.Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезіндеорындау. 2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әртүрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектессептігінің жалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адамеңбектенумен (қалай?) мақсатына жете алады.Көпжаттығу арқылы (қалай?)жетістікке жетті. 3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септіктезаттанып келіп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Оқу (не?)адамды мұратқа жеткізеді.Оқыған (кім?)– озар,оқымаған (кім?) –тозар. Әдепті болу(не?) – адамилық қасиет. 4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады.Айтар (қандай?)сөзіңді ойланып ал. Көңіл-жеткізбейтін (қандай?)көк дөнен.Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ. 5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағыетістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпа.Білуге (неге?)талпынған – жақсы қасиет.Бақылауды (нені?)күшейткен дұрыс.Білгенге (кімге?)маржан,білмеске (кімге?)арзан.