|
|
бет | 3/4 | Дата | 22.04.2023 | өлшемі | 19,63 Kb. | | #85587 |
| Байланысты: Документ (24)Бұл бет үшін навигация:
- -қы, -кі, -ғы, -гі
- байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың
- хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын
- жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық
- -са, -се
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Іс-әрекет орындаушымен, уақытпенбайланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктің райы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай.
Ашық рай іс-қимылдың үш шақтыңбірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы, Қар жауып тұр (Осы шақ), Ертең хабарласарсың (Келер шақ), Қырғыз елінде болғанмын (Өткен шақ).
Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді. Қалау райдың жасалу жолдары:
1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел көмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;
2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т.б.
3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді.
Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Бұйрық рай жақпен байланысты айтылады. Мысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б. ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б. (ол, олар – ІІІ жақ).
І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т.б. (мен, біз- І жақ).
Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б.
Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмау шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|