Қосарлау тәсілі арқылы жасалған
Сөздерді қосарлап айту – сөз туғызуда өнімді тәсілдің бірі
- Қайталама қос сөзді етістіктер. Бұлар бір етістіктің қайталануы арқылы жасалады. М: жылай-жылай, айта-айта, күле-күле, т.б
- Біріңші сығарында –ып, -іп, -п көсемшенің жұрнағы жалғанып, екінші сыңары басқа грам/қ формалармен түрленетін етістіктер. М: бөліп-жару, өніп-өсу, аунап-қунау, т.б
- Алғашқы компонентіне болымсыздық жұрнағы жалғанбай, соңғысына жалғанып жасалған етістіктер. М: айтып-айтпай, ұрып-соқпай, асып-саспай, т.б
- Екі компонентіне де болымсыздық жұрнағы жалғану арқылы жасалған етістіктер: жатпай-тұрмай, ішпей-жемей, т.б
- Қосарлау тәсілі арқылы үстеуге айналған етістіктер: ырғалып-жырғалы, өйтіп-бүйтіп, т.б
Ал ғалым А.Ысқақов қосарлы етістіктерді мәндес, ұштас, қарсы мәндес деп қарастырған:
- Мәндес сыңардан құралған етістіктер. Ғалым оған қималды нақты емес, жалпылап, топтап білдіретін қосарлы етістіктерді жатқызған. М: бақырып-шақырып, ұрып-соғып, аударып-төңкеріп, қырып-жою, т.б
- Ұштас мәнді қосарлы етістіктер – ыңғайлас, біртектес мәнді білдіретін етістіктерден құралады. Жеке сыңарларының арасында мағыналық байланыс болмаса да, бір-бірінің тууына себепші бірыңғай қимылды білдіретіндіктен қосарланады. М: жуынып-таранып, кесіп-піш, ойнап-күл, т.б
- Қарсы мәндес сыңарлардан құралған қосарлы етістіктер. Қарама-қарсы екі қимылдан құралып, күрделі бір қимылдың барысын білдіреді. М: ашып-жап, жанып-сөн, көшіп-қон, т.б
Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы ешбір өзгеріске түспей, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыфбыстық, морфемдік құрамын сақтап, өз мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы бір сөз табы екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |