Этнофестивалі: 1-жүргізуші


-жүргізуші Әрине қарсы емеспін!



бет2/4
Дата04.05.2023
өлшемі25,85 Kb.
#89711
1   2   3   4
Байланысты:
Этнофестиваль сценарий

1-жүргізуші
Әрине қарсы емеспін!
2-жүргізуші
Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік деген мақсатпен Ислам ақыры фестивалімізді домбырамен ашқан екенбіз, мына дүйім жұртқа біздің киелі домбырамыздың толық композициясын көрсету үшін ортамызға «Әнші дауысы» термесімен математика, физика және информатика институтының 2 курс студенті Нұрай Қисаны шақырсақ қалай қарайсың?
1-жүргізуші
Әрине, Айгүл, жәй шақырып емес, зор қошеметпен шақырайық! Олай болса қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші
Кешіміз күймен ашылды, термемен жалғасты енді келесі кезекті гитараға берсек қалай, Ислам?
1-жүргізуші
Сенімен толықтай келісемін, Айгүл. Қарсы алыңыздар:

  1. Ортада «Қазақ осы» әнімен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1- курс студенті Әлішер Маратұлын шақырамыз.

2-жүргізуші
Ислам, бүгін бізде мереке, бүгін біздің білімнің қара шаңырағында ұлан-асыр той! Бізді құттықтауға келген Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетінің корей, қытай, египет, филиппин ұлт өкілдерінің студент жастарын сахнамыздың төріне «Нас объединил Казахстан» композициясымен шақырайық.
1-жүргізуші
Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші
Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін ерекше тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің маңызы зор екені айтпасақ та белгілі. Ендеше келесі кезекті биге берсек: (Әр ұлт өз ұлттық билерімен)
1. Ортаға Қазақ ұлтының «Шаттық» биімен Аққербез тобын шақырамыз.

  1. Орыс ұлтының «Кадриль» биімен Весенняя капель тобын шақырамыз

  2. Өзбек ұлтының «Хорезм» биімен Руми тобын шақырамыз.

  3. Ұйғыр ұлтының «Баһар уссули» биімен Арзу тобын шақырамыз.

  4. Тәжік ұлтының «Бале-бале» биімен Ситора тобын шақырамыз.

1-жүргізуші
Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай, - дей отыра ортамызға филология және көптілді білім беру институтының 1-курс студенті «Қазақ жастары» әнімен Әлішер Маратұлын шақырамыз.
1-жүргізуші
Айгүл, Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,-дейтін нақыл сөз бар, мен мұны не үшін айтып отырғанымды біліп тұрсың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет