Анкеттік әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социалогиялық әдісінің бірі. Анкеттік әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады. Анкеттік әдістің екі түрі бар:
интервью-анкет;
сырттай сұрастыру.
Анкеттік әдіс қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады.
Дихотомиялық сұрақ.
Жабық анкет.
Ашық анкет – неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудың тиімді жолы. Анкеттік әдіс қолданылған жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі.
Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қаматамасыз етіледі. Анкеттік әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шыңдыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадалаған жөн. Ол үшін анкеттерді таратпастан бұрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, коллектив т. б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс. Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеттерді қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұраптау, олардың білім дәрежесін, әлеуіметтік күйін тағы басқа жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеттер таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.