3. Халықтық тәрбиедегі салт-дәстүр. Бала тәрбиесінде халық мәдениетінің негіздері болып табылатын, халықтық салт-дәстүрлердің тәлімтәрбиелік, танымдық, білімдік рөлі өте зор. Адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, бақилық болғанда дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салтдәстүрден өзекті орын алып, адамның дүние таным мәдениетін көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпакқа беріліп отырады. Дәстүр – белгілі бір ұлттың 10 немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Бала тәрбиесіне байланысты салтдәстүрлер: құрсақ той (әйелдің аяғы ауырлағанда жасалады); шілдехана (баланың туылуына байланысты), жаңа туылған балаға ат қою, бесік той, тұсау кесер той; сүндет той, тоқым қағар (бала алғаш рет жолға шыққанда). Тұрмыс салт-дәстүрлерге: келін түсіру, осыған байланысты салттар, қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері жатады. Діни салтдәстүрлерге: намаз оқу, ораза ұстау, құрбандық шалу, қажылыққа бару, діни мерекелерге: ораза айт, құрбан айт жатады. Әлеуметтік-мәдени салтдәстүрлерге отбасына, қонақтарды қабылдауға сонымен бірге ұлттық мерекелерге, жерлеуге байланысты дәстүрлерді жатқызамыз. «Туғанда дүние есігің ашады өлең, Өлеңмен жер қойныңа кірер денең» - деп ұлы Абай айтқандай, салтдәстүрлер адам баласының дүниеге келгенінен бастап, өмірінің соңына дейін қатарласа жүріп отырған. Аталған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай тәрбиелілік мүмкіндіктері де әрқилы болған. Мәселен, тұсау кесер дәстүрін А.Сейдімбек былайша суреттейді: «қаз басып жүре бастаған баланың тұсауын үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші, баланың тұқымы өсіп-өніп, шөптей болсын деп, аяғын шөппен тұсап кеседі. Екінші, малды, майлы болсын деп, аяғын тоқ ішекпен тұсап кеседі. Үшінші, адал болсын деп, баланың аяғын ала жіппен тұсап кеседі».