Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады. Жыл ішінде әдістемелік бірлестіктіктің отырысын жоспарлауға болады. Жоспар бойынша әр отырыста: мысалы, бірінші отырыста өткен оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту,шығармашылық жұмыстарды бекіту, тәлімгерлермен жұмыс жоспарлары қаралса, келесі отырыстарда жазба жұмыстарының қорытындысы, мектепішілік олимпиада қорытындысмы, факультатив, үйірме жұмыстарының өтілу барысы, пән сабақтарының берілу жайы қаралып, талқыланып отырады.
Ұжымдық технологияның ерекшеліктері
Ұжым – бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды.«Ұжымдық» оқыту дегеніміз – ұжым əр мүшесін оқытады жəне əрбір мүше бəрін оқытады деп түсінеміз. «Ұжым» – оқытуда əдістемелердің пайда болуы, «ұжым» – бұл мұғалім мен оқушының қарым-қатынастары болып саналады. «Ұжым» – бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным.Ұжымдық оқыту əдістемесін əр түрлі пайдаланады. Қарымқатынас құрылымына сəйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар.
Олар:
1. Жеке дара (жанама түрдегі қатынас);
2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас);
3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың санына қарап екі түрге бөлінеді: жалпы сыныптық (фронтальдық) жəне звено-бригадалық;
4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).
Өкінішке орай, ұжымдық оқыту тəсілі сол кездегі педагогтер, əдіскерлер тарапынан қолдау таппады. Мектептер көп жылдар бойы ресми мемлекеттік қаулылар бекіткен əдістемелер мен əдіснамалық қағидалар бойынша жұмыс істеді.
Оқытудың ұжымдық тəсілінің көкейтестілігін қазіргі заманғы білім берудің қарама-қайшылықтары мен пайда болған мəселелерді шешу жолдарын ұсынады. Дəстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың төмендегі қарама-қайшылықтардан көрінеді.
Оқытудың ұжымдық тəсілінің ерекшелігі келесі үдерістердің сақталуына байланысты:
- Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы.
- Олардың өзін-өзі оқытуы.
- Өзара бақылау.
- Өзара басқару.
Оқушылар ұжымында барлығы бірін-бірі жəне əрқайсысын оқытады. Оқытудың топтық тəсілі мен оқытудың ұжымдық тəсілінің айырмашылығы бар. Оқытудың топтық тəсілінде ұжымда тек бір адам ғана – мұғалім немесе кеңесші қатысушы рөлін атқарса, оқытудың ұжымдық тəсілінде бір мезгілде бірнеше оқушы басқаларына əсер етеді.