Әуезе етіп айтар сөз иесін тапқан ән айдарлы



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата24.03.2017
өлшемі0,81 Mb.
#10300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТЕГЕУРІНДІ ТАҒДЫР 
 
...  1975  жылдың  қоңыр  күзі.  Сол  жылы  мамыр  айында  әскерден 
оралдым да, күзге салым Алматы қайдасың деп тартып кеттім. Ниетім — 
сәті  түссе,  университеттің  журналистика  факультетінің  дайындық 
бөлімінде оқу. 
Дайындық  бөліміне  тиісті  құжаттар  тапсырылып  болған  соң 
әңгімелесу  негізінде  қабылданады  екен.  О  л  күн  де  келді.  Комиссия 
алдына біртіндеп кіріп жатырмыз. 

 
Ортада отырғанның екпіні қатты ғой, ә! 

 
Ойбай-ау, деканыңыз сол кісі емес пе! 

 
Бәсе, қоғадай жапырылып жатыр соған …. өңгесінің бәрі 

 
Мәселені сол кісінің ыңғайы шешеді дейді. 

 
Енді қалай деп едіңіз? 

 
Сөзі нық, қимылы ширақ. 
«
Сөзі нық, қимылы ширақ». Әшірбай досымыз айтқан осы сөзі неге 
екенін қайдам, әйтеуір, күні бүгінге дейін жадымда сақталып қалыпты. 
Деканымыз  деп  таныған  кісінің  бүкіл  болмыс-бітімін  бейнелейтін  осы 
сөздің  дәл  айтылғандығына  анық  айтылғандығына  кейін  талай  58еет 
көзіміз  жетті.  «Әулиесің-ау,  Әшірбай,  әулиесің»  деген  тамсану  мен 
тандану бекер емес-ті. 
Журналистика 
факультетінің 
деканы 
Темкеңнің—Темірбек 
Қожакеевтің өзі бұл фәниден өте өткенше осы қалпынан, осы қасиетінен 
бір танбай кеткен кісілердің қатарынан еді, жарықтық. 
«
Тура  сейлеген  туғанына  жақпайды»  дейді  халық  даналығы.  Әділ 
сейлеймін, тура айтамын деп Темағаңның қайсыбір кездері қаңқу сөзге 
ілегіп  жүрген  уақыттары  да  болған.  Ол  —  шындық.  Ал  шындықтан 
айналып кете алмасың тағы ақиқат. 
Кезінде 86 жыл оқиғаларынан кейінгі дүрбелең науқанда Темекенді 
жазғырушылар  кебейді,  рушыл  деді,  жершіл  деді.  Күнәлаған, 
күстаналаған  мақалалар  шығып  58еет.  Ал  бірақ  оның  «жершілдігі» 
бүгінгілердің  бармақ  басты  көз  қыстыларының  қасында  әңгіме  етуге 
түрмайтын шаруалар екен. Егер 58еет58 ауылынын, өз ауданының бірлі-
жарымды талапкерінің оқуға түсуіне қол үшын бере алмаса, онда оның 
азаматтығы қайсы, оқыған-тоқығандығы қайсы. Елінді қадірлегің келсе, 
ең  алдымен  ауылынды,  ауданынды,  оскен  өңір,  туған  топырағынды 
қадірле дейтін ғаклия қайда қалады сонда. 
Осының  бәрін,  тіршіліктегі  таусылмайтын  күйбең-сүйбенді  былай 
қойғанда Темкең, ең алдымен, өз ісінің білгірі, өз мамандығының қыры 
мен сырын жете меңгерген майталмандар қатарынан саналатын кісі дер 
едік.        Бүған,  біздер,  жетпісінші  жылдардың  соңы        мен  сексенінші 
жылдардың  басында  ол  кісіден  дәріс  алған  шәкірттер  талай  58еет  көз 
жеткіздік. 
Тамаша  лектор  болатын.  Қырық  бес  минут  бойына  аудиторияны 
баурап  отыру  шын  мәніндегі  ұстаздардың  ұстазының  ғана  қолынан 

 
 
келетін  шаруа,  әрине.  Ал  Темекең,  міне,  өмір  бойы  осындай  өлшем 
биігінен көрінген жан. Неге олай? 
Бұған  жауап  –  оның  ғұмыр  бойы  ә  деп  өзі  қалаған  мамандыгына 
адалдығы,  оның  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңа  білгендігі.  Сондыктан 
болар, оның қаламынан туған дүниелер ғылыми зерттеу жұмыстарының 
өзегіне  айналып,  көп  мәселеде  ақ  пен  караны  айыруға  септесіндік 
жасады. 
Осы  түрғыдан  келгенде  Темкеңнің  «Көк  сеңгірлер»  деп  аталатын 
еңбегінің  орны  бөлек.  Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіздікке  қол  жеткен 
шақта  ол  қайраткер  қаламгер  алаш  ардақтыларының  тағдыр-талайы 
туралы толғауын қолға алды. 
Әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздің  алыптары  Сәкен  Сейфуллин  мен 
Ілияс  Жансүгіров,  Бейімбет  Майлин  мен  Ғаббас  Тоғжанов  туралы  тың 
деректер  негізіндегі  очерктерін  былай  қойғанда,  бүрын-сонды  ресми 
баспасөзде  аз-кем  айтылып,  жазылып  жүрген  Жүсіпбек  Аймауытов, 
Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Түрар  Рысқұлов,  Сүлтанбек 
Қожанов  сынды  арыстардын  шығармашылық  жолына  арналған 
зерттеулері оқырман қауым үшін үлкен олжа болды. 
Ағалар  ғұмырының  өнегелі,  ғибратты  кезендерін  жазу  үшін 
Темекең  талай  архив  парақтарын  ақтарды,  ерінбеді,  жалықпады.  Жасы 
алпыстың жуан ортасына келген кісі үшін көзмайын тауыса шаң басқан 
қүжаттарды ақтарыстыру оңай шаруа емес еді, әрине. Сөзінің нықтығын, 
қимылының ширақтығын осы жолы да дәлелдеді ол. 
Мүндай  пікірді  оның  қаламынан  туған  «Сатиралық  жанрлар», 
«
Сатира  күштілер  қаруы»  деп  аталатын  еңбектері  туралы  да  айтуға 
болады.  Темекеңнің  қай  тақырыпта  мақала  жазса  да  тыңғылықты 
дайындықпен  кірісетіні,  мәселені  түбірімен  зерттеп  барып  қолға  калам 
алатыны айқын байқалатыны сөзсіз. 
Темкең бертін өзінің туған топырағы, өскен ортасы туралы толғана 
кітап  жазды.  Оның  аты  —  «Керімсал  кент»  еді.  Кітапты  окып  отырып 
Тараз  тарихының  арғы-бергісіне  жаңаша  көзқараспен  ой  түйіндеген 
ғалымның өзіндік байламдарына разы боласыз. 
 
*      *      * 
 
Бір зандылық бар: бәріне Уақыт төреші, бәріне Уақыт емші. Бүкіл 
ғүмыр көші тағдыр тайталысымен безбенделген Темкен туралы жазылар 
естеліктер легі әлі алда деп ойлаймын. 
 
 
2006 
 
 
 
 

 
 
                                 
ЖУРНАЛИСТИКА - БАРШАҒА 
Келешекке қызмет еткен қаламгер туралы ой 
 
«Жақсы  жүрген  жерінде  із  қалады».  Осы  бір  қанатты  қағиданың 
ақиқаттығына  айтулы  қаламгер,  ірі  оқымысты,  әмбебап  журналист 
Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың ғұмыр жолы, оның шығармашылық 
сапары  айқын  көз  жеткізгендей.  Біз  ол  туралы  мақаламыздың 
тақырыбын «Журналистика – баршаға» деп атадық. 
Себебі, Мәкең өзінің көзі тірісінде-ақ журналистика жекелеген ғана 
тұлғалардың  айналысатын  кәсібі  емес,  ол  бүтіндей  бұқаралық  сипат 
алған мамандық деп түсінетін. Сондықтан болар, оның кезекті бір кітабы 
осындай тақырыппен басылып шыққанын білеміз. 
Оның 
шығармашылық 
жолына 
қарап 
отырсаңыз, 
М.Барманқұловтың  өне  бойы  өсу,  шығармашылық  шеберлігін  шыңдау 
жолындағы  қаламгер  болғанын  айқын  аңғарасыз.  1965  жылы  Мәскеу 
мемлекеттік  университетінде  портреттік  очерктің  проблемалары 
төңірегінде  кандидаттық  диссертация  қорғаған  ол  бұдан  былайғы 
ізденістерінде  де  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдағы  алар 
орнын  айқындауға,  оның  адамдардың  белсенді  өмірлік  позициясын 
қалыптастырудағы ролін көрсетуге батыл қадам жасады. 
Ал  1981  жылы  қорғаған  докторлық  диссертациясы  бойынша 
баспадан  шыққан  монографиясы  студенттер  мен  мамандардың,  зиялы 
қауымның қолдан-қолға тигізбес кітабына айналды. Ғылыми жұмыспен 
айналысам,  диплом  қорғаймын  деген  талай  талапкердің  осы 
монографияға жүгінбегені кемде-кем-ақ шығар. Мұның сыртында оның 
«Телевидение: деньги или власть?» (Алматы: «Санат», 1997), «Тюркская 
вселенная»  (Алматы:  «Білім»,  1996),  «Наследники  Белого  Лебедя» 
(Алматы:  «Рауан»,  1995)  деп  аталатын  туындылары  оз  оқырмандарын 
тауып, мерзімді баспасөз беттерінде лайықты бағасын алғаны мәлім. 
Марат Кәрібайүлы ұстаздықты ұлы мұрат тұтқан оқымыстылардың 
бірі.  Сондықтан  болу  керек  оның  жетекшілігімен  докторлық, 
кандидаттық  диссертациялар  қорғаған  ізбасарлары  бүгінде  өзі  ұзақ 
жылдар  қызмет  еткен  білім  мен  ғылым  ордасы  –  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінде жемісті еңбек етіп келеді. 
Марат Кәрібайүлы кезінде өзінің ғылыми жұмысын педагогикалық, 
қоғамдық жұмыстармен шебер ұштастыра білді. Мәселен, 1965 жылдың   
қаңтарынан  бастап  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің  қарапайым 
ассистенттігінен  журналистика  факультетінің  сырттай  және  күндізгі 
бөлімдерінің  декандығына  дейінгі  жолдан  өтті.  Айтуға  ғана  жеңіл 
болғанымен, өз өмірінің ширек ғасыр уақытын арнаған осынау қызметте 
оның  ұстаздық  тәлімгерлігі  мен  шебер  ұйымдастырушылық  таланты 
айқын байқалды. 
Айталық,  өзіміз  осы  журналистика  факультетінің  студенті  болып 
жүрген  кезімізде  әлдене  бір  себеппен  оның  алдына  барғанымызда 
мәселені  шешуге  орай  «жоқ»  деген  сөзді  естімеппіз.  Үнемі  ақ  жарқын, 
үнемі  қарбалас  істің  үстінде  жүретін  Марат  Кәрібайұлы  үлкеннің  де, 
кішінің де мұқтаж шаруасын оң шешіп беруге тырысып-ақ жататын. Мен 

 
 
факультеттің  3-ші  курсынан  бастап  кәсіподақ  комитетінің  төрағасы, 
Алматы қалалық кеңесінің депутаты болып сайландым. Бұның өзі маған 
үлкен жауапкершілік жүктейтін қоғамдық жұмыс еді. 
Студенттердің  тұрмыстық  мұқтажына  байланысты  Мәкеңмен  жиі 
пікірлесуге,  түйінді  мәселелерді  бірлесіп  шешкен  кез  аз  болмап  еді. 
Сонда  бір  айқын  аңғарғаным,  мені  ол  студент  аудиториясында  шәкірт 
ретінде 
қабылдаса, 
ал, 
қоғамдық 
жұмыстар 
барысындағы 
кездесулерімізде әріптес азамат ретінде сөз қозғап, өзімен тең дәрежеде 
ұстайтын. Би-ағаң айтты дейтін «Ұлық болсаң, кішік бол» деген қасиетті 
осы  Мәкеңнің  болмысынан  танитынбыз  сол  шақ.  Бұл  –  кейінгі  толқын 
журналистер ұдайы өнеге етіп ұстайтын-ақ қасиет. 
1991  жылы  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Марат 
Барманқұловқа  зор  сенім  көрсетіліп,  ол  республикалық  «Казахстанская 
правда»  газеті  бас  редакторының  бірінші  орынбасары  қызметіне 
тағайындалды.  Бұл  бір  ел  өміріндегі  қоғамдық-саяси  оқиғалардың 
алмағайып түсіп жатқан кезеңі еді. 
Өтпелі  кезеңнің  өзіндік  талабы,  әсіресе,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының жетекшілеріне ерекше қойылғаны сөзсіз. Мен сол кездері 
республикалық  «Халық  кеңесі»  газеті  бас  редакторының  бірінші 
орынбасары қызметінде жүрдім де, Мәкеңді әріптес ретінде, әрі ақылшы 
ұстаз  аға  ретінде  оған  жиі  телефон  соғып,  жұмыс  бабында  толғаулы 
мәселелердің түйінін бірлесе шешіп отыруға тырыстым. 
Сонда  бір  байқағаным,  өмір  бойы  студент  аудиториясында  дәріс 
оқып, негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданған азаматтың 
өзі бекітілген жаңа қызмет орнының ерекшелігін тез меңгеріп кеткендігі. 
Әрине,  журналистикада  тақтайдай  жол  жоқ.  Оның  кедір-бұдырсыз 
даңғылымен  қоса  қалтарыс-бұрылыстары  да  аз  еместігі  белгілі.  Оның 
үстіне  90-шы  жылдардың  басы  қоғамдық  санаға  демократиялық 
дүмпулердің тың серпін әкеле бастаған кезі. 
Бұл - қоғамдық пікірлердің алмағайып түсіп, шынын айтқанда, көше  
шерулерінің  шырқау шегіне  жеткен шағы болатын.   Сол уақыт рухына 
сай  редакцияға  түсетін  мақалалардың  да  сыпаты  болмысты  бейнелеп 
жататын. Ал соның бәріне тәуелсіздік стратегиясы мен мемлекетшілдік 
көзқарас тұрғысынан байыпты баға беру, жүзден бірін іріктеп алу, әрине, 
оңай  емес  еді.  Мәкең,  міне,  осындай  талап  тұғырынан  көріне  білген 
басшылардың бірі болды. 
Замана  талабына,  уақыт  бедеріне  байланысты  журналистикаға    да 
жаңа  міндеттер  жүктелгені  өзінен-өзі  түсінікті.  Оны  бүгінгі  таңдағы 
бұқаралық ақпарат құралдардың сыр-сыпаты айқын аңғартып отыр. Ал, 
Мәкең  –  Марат  Кәрібайұлы  өзінің  шәкірттер  алдындағы  дәрістерінде, 
көзінің  майын  тауысып  жазған  ғылыми  еңбектерінде  осы  мәселеге 
айырықша мән берген еді. 
Оның өткен ғасырдың 90-шы жылдары айтқандары бүгінде ақиқатқа 
айналды.  Себебі,  қазір  ақпарат  –  саясат,  ақпарат  –  бизнес,  ақпарат  – 
тарихи  тағылымды  талдау-сараптау  көзі  болып  отыр.  Ал,  бұдан  соң 
журналистиканы баршаның айналысатын кәсібі демей көріңіз. 

 
 
  
уақыт  рухына  сай  редакцияларға  түсетін  мақалалардың  да  сыпаты 
болмысты  бейнелеп  жататын.  Ал  соның  бәріне  тәуелсіздік  стратегиясы 
мен  мемлекетшілдік  көзқарас  тү_рғысынан  байыпты  баға  беру,  жүзден 
бірін  іркіп  алу,  әрине,  оңай  емес  еді.  Мәкең,  міне,  осындай  талап 
түғырынан көріне білген басшылардың бірі болды. 
Замана  талабына,  уақыт  бедеріне  байланысты  журналистикаға  да 
жаңа  міндеттер  жүктелетіні  өзінен-өзі  түсінікті.  Оны  бүгінгі  таңдағы 
бүқаралық  ақпарат  қүралдарының  сыр-сыпаты  айқын  аңғартып  отыр. 
Ал,  Мәкең  -  Марат  Кәрібайүлы  өзінің  гпәкірттер  алдындағы 
дәрістерінде,  көзінің  майын  тауысып  жазған  ғылыми  еңбектерінде  осы 
мәселеге айырықша мән берген еді. 
Оның өткен ғасырдың 90-шы жылдары айтқандары бүгінде ақиқатқа 
айналды.  Себебі,  қазір  ақпарат  -  саясат,  ақпарат  -  бизнес,  ақпарат  - 
тарихи  тағылымды  талдау-сараптау  көзі  болып  отыр.  Ал,  бүдан  соң 
журналистиканы баршаның айналысатын кәсібі демей көріңіз. 
 
2008 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
                   
ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАНКЕШТІ ҒҰМЫР 
немесе Жанболат Аупбаев әлемі туралы айтар сыр 
 
УРНАЛИСТИКА  –  сан  қырлы,  синтездік  өнер,  мәртебелі 
мамандық.  Шынында  да  солай.  Бүгінгі  күннің  өлшемімен  қарағанда 
журналист үшін болған оқиғаны баяндап беру, соны қағазға түсіру аздық 
етеді.  Сондықтан  оның  бесаспап  болғаны  абзал.  Нарықты  экономика 
тұсында  осы  талап  әлденеше  есеге  ұлғайды.  Өйткені,  газет  өндірісі 
ілкімділікті,  іскерлікті  қажет  ететін  күрмеуі  көп,  құпиясы  мың  сан 
мәселе болып шықты. Каржы көзін табу, жарнама берушілермен жұмыс 
істеу,  сонымен  қатар  газеттің  бет-бейнесін  құбылту  /дизайндық 
тапқырлық/,  оқырман  ойынан  шығатын  материалдар  тауып 
ұйымдастыру, әрине, оңай шаруа емес. 
Осы  санамалап  отырған  мәселелердің  қай-қайсысын  да  осал  шаруа 
деп  ешкім  айта  алмас.  Ал  осылардың  ішінде  газет  атаулының  мұраты 
саналатын  шаруа  –  оқырманға  қызғылықты,  тартымды  материалдар 
сыйлау, қалың әлеуметтің рухани азығына айналар дүние беру десек, сол 
мақсатты  үрдіс  қаламы  қарымды  журналистердің  шеберлігі  арқасында 
ғана жүзеге асады. Ондай қаламгерлер өз өмірін баспасөз атаулының тар 
жол,  тайғақ  кешуіне  арнайды.  Өз  тағдырын  ауырлығы  зіл  батпан, 
күрмеуі  көп  күрделі  мамандықпен  сабақтастырған  кісінің  ғана  мерейі 
үстем,  мәртебесі  қашан  да  биік.  Егер  бүкіл  шығармашылық  жолына, 
азаматтық  болмысына  зер  сала  қарасақ,  журналист  Жанболат  Аупбаев, 
міне, осындай жан! 
Оның  мұндай  қабілет-қарымы  республикалық  «Халық  кеңесі» 
газетінде, «Ақиқат» журналында бірге қызмет атқарған жылдары айқын 
байқалды. «Халық кеңесі» ел көлеміндегі демократиялық өрлеу кезеңінің 
айнасы болған басылым еді. Дәуір рухына сай дүниеге келген бұл газет 
аз ғана уақыттың ішінде қалың оқырман қауымның қолдауына ие болды. 
Таралым  аясы  күрт  өсіп,  Ахмет  Байтұрсынов  ағамыз  айтқандай 
«халықтың  көзі,  құлағы  һәм  тілі»  болуға  ұмтылды.  Сол  ұмтылыс  өз 
нәтижесін  берді  де.  Осы  газетте  XX  ғасырдың  90-жылдары  ыңғай  бір 
сайдың тасындай, сен тұр мен атайын дейтіндей жігіттер жұмыс істеді. 
Солардың  алдыңғы  легінде  Жанболат Аупбаев  болды.  Алғаш  редакция 
басшылығының  шақыртуымен  газеттің  бас  редакторының  орынбасары, 
кейін  бас  редактордың  бірінші  орынбасары  қызметтерін  атқарған  ол 
газет  өндірісі  ісінде  өзі  де  шыңдалды,  өзге  жас  таланттардың  да 
қаламының қатаюына үлес қосты. 
Біз  ол  жылдары  ерекше  бір  жалынмен,  үлкен  махаббатпен,  өз 
мамандығымызды  мақтаныш  етіп,  оған  деген  кіршіксіз  адалдықпен 
жұмыс  істедік.  Сондықтан  болар,  «Халық  кеңесі»  бас-аяғы  екі-үш 
жылдың  ішінде  әлеуметтің  зор  ілтипатына
 
бөленген,  билік 
басындағылардың өзімен санаса білетін беделді басылымға айналды. 
Газет  уақытылы  шығып  тұрғанымен,  оның  ішкі  шаруашылық 
ұйымдастыру  жұмыстары  шашетектен  болатын.  Редакцияны  алты  ай 
сайын  бір  орыннан  екінші  орынға  көшіру,  материалдық-техникалық 
базасын  нығайту  үшін  жанталас,  ел  ішіне  шығып  ұйымдастыру 
Ж 

 
 
шараларын атқару, редакцияны озық технологиялық желімен жабдықтау, 
баспасөзге жазылу мәселесін атқару, демеушілер іздеу, жарнама беруші 
қаржы  көздерін  табу,  мұның  сыртында  редакция  қызметкерлерінің 
әлеуметтік-тұрмыстық мұқтажын шешу, айтуға ғана жеңіл болғанымен, 
бетпе-бет  келгенде  қыруар  қаржы-қайратты,  күш-жігерді  қажет  ететін 
шаралар еді. 
Бас  редактордың  бірінші  орынбасарының  міндеті,  о  бастан  газет 
материалдарының  сапалы  болуын  қадағалау,  жоба-жоспардың  жүзеге 
асып  отыруын  бақылау  ғой.  Жақаң  өзінің  осы  міндеттерін  атқарсам 
болды  деп  шектеліп  қалмай  жоғарыда  атап  өткен  мәселелердің  бәріне 
білек сыбана кірісті. Қандай шаруаны болсын жан-тәнімен істеді. Және 
осындай дағдыны өзі жетекшілік      ететін бөлім қызметкерлерінен талап 
етті.  Сондықтан  болуы  керек,  редакция  журналистерінің  лайықты 
ілтипатына бөленді. 
Дүйсенбі  сайын  өтетін  апталық  жоспарлау  газет  архитектурасының 
негізін  қаласа,  өндірістік  лездемелеріміз  соны  қалай  әдемілейміз, 
әспеттейміз,  қайтсек  номерге  жаңалық  ұсынамыз,  бүгінгіден  ертеңгіні 
қалайша  жақсырақ  етеміз  деген  құлшынысқа  толы  болатын.  Міне, 
сондай  тілектестік,  ниеттестік  ізеттегі  пікірталастарда  талай  тамаша 
тақырыптар,  айдарлар  дүниеге  келіп  жататын.  Солардың  біразы, 
өміршеңдігінен болуы керек, қазіргі газет-журналдың беттерінде жүр. 
«
Ақиқат»  –  бір  кездердегі  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  теориялық  журналы  «Қазақстан  коммунисінің»  мұрагері. 
Жаңа  заман  рухына  сай  аты  да,  заты  да  өзгерген  басылым  бұл  қазір. 
Осыдан 4-5 жыл бұрын Жақаң екеуміз бұл журналда мен бас редактор, 
ол бас редактордың бірінші орынбасары болып бірге қызмет атқардық. 
Жетпіс жылдық тарихы, өзіндік дәстүрі бар теориялық журналды бүгінгі 
күн  талабына  бейімдеу,  әрине,  оңай  шаруа  емес  еді.  Келе,  қайтсек 
жаңалық  әкелеміз,  қандай  серпіліс  жасаймыз  деген  мақсат  қойылды  да 
осы ниеттің жүзеге асуына Жанболат Аупбаев күш-қайрат жұмсады. 
Ол  бас  редактормен  тізгіндесіп,  үзеңгі  қағыстырмады.  Не  нәрсені 
қолға  алса  да үлкен  әдеп,  мәдениет  сақтауға  тырысты.  Ал  онысы  өзіне 
үлкен  абырой,  бедел  әкелді.  «Ақиқат»  журналының  ардагерлері  енді 
заман  жастардікі  деп  жаңа  буын  журналистерге  орын  берді. 
Б.Бабақовтың,  Е.Зікібаевтың,  Ж.Қабылжанованың  еңбек  демалысына 
шығуы  өзгелерге  үлгі  боларлықтай,  жүрек  тебірентерлік  сәтте  өтті. 
Сондықтан  болар  журналда  біз  ұрпақтардың  дәстүр  сабақтастығын 
сақтауға  айырықша  мән  бердік.  Осы  басылымда  әр  жылдары  жұмыс 
істеген  ардагерлермен  әлсін-әлсін  редакция  ұжымында  кездесу  өткізу 
дәстүрге айналды. Ол кездесулердің әрқайсысы үлкен тағылым аларлық 
мәнді  мәслихаттар  болатын.  Мұның  сыртында  «дөңгелек  столдар», 
редакция алқасының көшпелі мәжілістері, «оқырман отаулары» қаншама 
рет  өтіп,  олар  қаншама  қуаныш,  шынайы  шығармашылық  ләззат 
сыйлады  десеңізші!  Ал  солардың  бәрінің  ортасында  жанұшырып 
журналист Жақаң – Жанболат Аупбаев жүрер еді. 
Жақаңның   шығармашылық,  қаламгерлік  белесінің  бір  биігі 
еліміздің  жаңа  елордасы  тарихымен  тікелей  байланысты,  Мен  «Қазақ 

 
 
әдебиеті»  газетіне  бас  редактор  болып  қызмет  ауыстырғаннан  соң,  көп 
ұзамай  Жақаң  Астанаға  бет  түзеді.  Осындағы  «Астана  ақшамы»  газеті 
бас редакторының бірінші орынбасары болды. Бұл еңбек ұжымын да ол 
жатсынбады. Келе білек сыбана жұмысқа кірісіп кетті. 
«
Халық  кеңесі»  газетінде  жұмыс  істеген  жылдары  түнді  –  түнге, 
таңды – таңға ұластыра жүріп тапқан журналистік жаңалықтарымыз енді 
«
Астана  ақшамынан»  көріне  бастады.  Бұл,  әрине,  қуанарлық  жайт! 
Өйткені,  әр  жаңалық,  әр  жақсылық  жасампаздығымен  жұрт  жүрегіне 
жол  табуы  тиіс  қой.  Осы  үрдіс,  оның  жұмыс  стиліндегі  осы  ерекшелік 
қазір өзі қызмет етіп жүрген «Егемен Қазақстан» газетінде де лайықты 
жалғасын  тауып  келеді.  Енді  Жанболат  Аупбаевтың  шығармашылық 
лабораториясы хақында бірер сөз. Әне бір кездері «жазғыштар» туралы: 
«
Ой,  бұл  бір  өзі  өлеңді  де  өлең  етіп,  шөпті  де  өлең  етіп  жазатын 
жарықтық  қой»  деп  ара-кідік  айтылып  қалып  жүретін.  Бұл  не  болса 
соны,  оң-солына  қарамай  жаза  беретіндер  туралы  айтылған  әзіл  аралас 
шындық еді. Ал Жанболат Аупбаевты осындайлар қатарына қосу қиянат 
болар  еді.  Рас,  Жақаң  өнімді  жұмыс  істейді,  бірақ  ол  нені  жазсада  аса 
талғампаздықпен,  ұдайы  өз  оқырманының  эстетикалық  тұшымын 
ескеріп отыратын қаламгер. Бұл тұрғыдан келгенде ол портреттік очерк 
жазудың, деректі эссе қалыптаудың хас шебері. Оны 1997 жылы «Санат» 
баспасынан  шыққан  «Ғұмыр-дария»  деп  аталатын  кітабының  өн 
бойынан  айқын  аңғаруға  болады.  Кітаптың  аңдатпасында  айтылғандай, 
көбіне-көп  ол  тағдыры  таңғажайып  сирек  мамандық  иелері  туралы  ой 
толғайды.  Айталық,  халқымыздың  біртуар  перзенттері  мемлекет 
қайраткері  Дінмұхамед  Қонаев,  сәулетші  ІІІота  Уәлиханов,  жазушы 
Сейдахмет  Бердіқұлов,  генерал  Сағадат  Нұрмағанбетов  және  басқалар 
өмірінің  біз  біле  бермейтін  сырлары  туралы  толғамдарды  былай 
қойғанда,  Ұлы  Отан  соғысындағы  шайқастарда үш рет  «өліп  тірілген», 
сөйтіп  ауылына  үш  мәрте  «қара  қағаз»  келсе  де  отбасына  аман-есен 
оралған Сыйқыбай Мамыров туралы, жау дзотын денесімен жауып... тірі 
қалған Сабалақ Оразалинов, атақты балуан Әбілсеиіт Айқанов, қолөнер 
шебері  Азат  Әкімбек  туралы  очерктер  кім-кімді  де  бей-жай  қалдыра 
алмасы  сөзсіз. 
Осы  үрдіс  оның  1998  жылы  «Қазақста»  баспасынан  шыққан 
«
Таңғажайып  тағдырлар»,  2000  жылы  «Елорда»  баспасынан  шыққан 
«
Бізге беймәлім бейнелер» деп аталатын кітаптарынан заңды жалғасын 
тапты. «Таңғажайып тағдырларда» ол Порт-Артур шайқасына қатысқан 
патша 
армиясының 
офицері 
О.Көбеев, 
«
Нормандия-Неман» 
автоэскадрильясындағы  техник  Ө.  Түсіпбаев,  Антарктидаға  барып 
қайтқан  Д.  Бименов,  Қытайдағы  қазақ  генералы  X.  Рүстемұлы, 
киноактер  А.Әшімов,  антрополог  Н.  Шаяхметов,  Монғолиядағы 
қандасымыз, ұшқыш С. Зайсанов туралы ой толғайды. Ал «Ашылмаған 
аралдар»  тұңғыш  ғарышкер  Ю.  Гагаринге  Орынбор  авиация 
училишесінде  сабақ  берген  қазақ  Ж.  Ысқақов,  «Ленфильмнің»  1938 
жылғы туындысы «Бірінші Петр» киносына түскен қазақ Қ.Қарсақбаев, 
«
Комсомолец»  сүңгуір  қайығында  опат  болған  капитан  Т.Бөріқұлов, 
Балуан  Шолақтың  немересі  Хайролла,  Египет  президенті  Гамал  Абдел 

 
 
Насермен  кездескен  С.Оразалинов,  Д.Қонаевтың 

жеке  дәрігері  А. 
Мүліков өмірлерінің бізге беймәлім жағдаяттары туралы сыр шертеді. 
Осы  эсселер  мен  очерктердің  қай-қайсысын  алып  қарасаңыз  да  тек 
қана  Жанболаттың  өзіндік  қолтаңбасын  айқындайтын  ерекшелік  бар. 
Жақаң  бағзы  бір  кездердегідей  өз  кейіпкерлерінің  бүкіл  ғұмыр  жолын 
баяндап шығуды міндет қылмайды. Ол кейіпкер тыныс-тіршілігінің бір 
ғана  елең  еткізер  сәтін  алады  да  сол  арқылы  ой  өрбітеді.  Ал  сол 
детальдар  мен  штрихтар  кейіпкер  образын  сомдауға  сәтті 
пайдаланылады.  Қазір  ғой  мына  аласұрған  заманда,  ақпарат  ағынының 
күшейген  кезінде  баспасөз  керуенінің  очерк  атты  үлкен  бір  ауылына 
көбіміздің  қалам  тербемей  жүргеніміз.  Телеубай  Ыдырысов,  Кәкімжан 
Қазыбаев,  Сапар  Байжанов,  Сарбас  Ақтаев  сынды  очеркистердің 
дәстүрін  лайықты  жалғастыра  білген  Жақаңның  әлгі  туындылары  осы 
бір  жанрдың  өміршеңдігін,  баспасөз  атаулының  белді  арнасы  екендігін 
тағы бір  рет дәлелдеп отырғаны сезсіз.  
Ал  осының  бәрі  түптеп  келгенде  сонау  Нарынқолдан  Алматыға 
журналист  болсам  деген  арманмен  жеткен  қара  баланың 
мақсаткерлігінің  жемісі.  Мұны  енді  қазіргі  анықтамаға  салсақ 
журналистің  белсенді  өмірлік  позициясының  айқындығы,  қаламгерлік 
идеалға адалдығы деген болып шығады. 
Сірә,  журналистикадағы  жанкешті  ғұмырды  осы  айқындамалар 
әспеттеп жатса керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет