2001
КӨСЕМСӨЗ ТУРАЛЫ КӨШЕЛІ СӨЗ
Жуырда «Білім» баспасы кітапқұмар қауымға тамаша бір тарту
жасады. Талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты
Бауыржан Жақыптың жаңа туындысы оқырман қолына тиді. Кітап аты –
«Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары».
Осы кітапқа айырықша мән беріп отыруымыздың не сыры бар? Енді
соған тоқталайық. Қазақ баспасөзі туралы, оның тағдыр-талайы хақында
аз жазылды, зерттеу жеткіліксіз болды десек, күпірлік болар еді.
Төл баспасөзіміздің қаз тұрып, қадам басуы туралы небір ғалымдар
көз майын тауыса отырып сарғайған газет-журнал тігінділерін түгендеді.
Ақиқатқа жету жолында қисапсыз құжаттарды парақтады, сөйтіп олар
ғылыми айналымға тың деректердің, мол мәліметтердің қосылуына жол
ашты. Осы тұрғыдан келгенде басы Қ.Бекхожин, Б.Кенжебаев,
Т.Қожакеев, Ү.Субханбердиналардың есімімен басталатын ғалымдар
шоғырының өлшеусіз еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.
Алдыңғы толқын ағалар қазақ баспасөзінің даму тарихының
кезендік мәселелерін зерттесе, кейінгі толқын ғалымдар оның қоғамдық
ой-санаға әсер-ықпалы, әлеуметтік саяси құрылымдағы алар орны,
сөйтіп Қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы атқарар роліне назар
аударып келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Б.Жақыптың кітабы
оқырман олжасына айналып отырған еңбек деп атап өту орынды.
Кітап төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Публицистика табиғаты»,
«Қазақ
публицистикасының
тарихи
негіздері»,
«Қазақ
публицистикасының
баспасөз
бетінде
қалыптасуы»,
«Қазак
публицистикасының шығармашылық түрі ретінде дамуы» деп аталады.
Бөлімдердің атауынан аңғарылып-ақ тұрғанындай, қазақ рухани
әлемінде көсемсөздің, публицистиканың пайда болуы мен дамуы, оның
болашағы туралы орамды ой өрнегін тапқан. Бұл ретте қаламгер
публицистиканың пайда болу қайнар көзіне үңіледі де, оның бастауы
саналатын шешендік сөз өнерінің эволюциясын тарқата баяндайды.
Мұнан соң журналистика мен көркем әдебиеттің, публицистиканың ара-
жігіне қатысты өзінің ой-толғамын нақты дәлелдермен тиянақтауға
тырысқан.
Журналистиканы әлеуметтік институт ретінде қарастырған автор
публицистиканы шығармашылық түрі деген қорытынды жасайды.
Ғалымның ой тұжырымдары нақты негіздемелермен назар
аудартады. Бұл ретте оның публицистиканың бастаулары – көне жазба
ескерткіштері деген тұжырымы ой саларлық. Автордың «Күлтегін» мен
«
Тоныкөкті» төл публицистикамыздың бастауы деп шешімді қорытынды
жасауы үшін осы ыңғайда қыруар құжатты тапжылмай зерттеп, нақты
дәлдестірулер жасағаны анық байқалады. Осы үрдісте Б. Жақыптың
батырлар жырынан, жыраулар поэзиясынан көсемсөзге үндестік іздеуі
сәтті шыққан деп ойлаймыз.
Соңғы он-он үш жыл көлемінде қазақ руханиятында өзіндік орынға
ие болған «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті»,
«
Қазақ» газеті және «Айқап» журналы хақында аз жазылып, аз айтылып
жүрген жоқ. Автор осы басылымдардың публицистиканы қалыптастыру
бағытында атқарған ролін сыдырта баяндап шықпаған.
Ол өзі зерттеп отырған мәселеге орайлас жарияланған
материалдарды шебер талдай білген. Нақты деректерге сүйене отырып,
мерзімді басылымдардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған роліне баға
береді. Оның озық тқстары мен кемшін жақтары сараланып, бұдан
қандай тағылым түюге болады деген сауалға жауап іздейді.
Б.Жақып кеңес дәуіріндегі публицистиканың даму бағыттары,
типологиясы және тәуелсіз Қазақстанның публицистикасындағы
тақырыптык, проблемалық ізденістер хақында біліктілікпен қалам
тербеген. Олай дейтініміз аталмыш кезендердегі қаламгерлердің ізденіс
мұраты төңірегінде автор мерзімді баспасөз беттерінде ауық-ауық ой
толғап, шәкірттер алдында дәрістер оқып жүргені белгілі. Сондықтан
болу керек бұл кезендердегі аға буын журналистердің, сондай-ақ бүгінгі
өз тұстастарының қабілет-қарымын айқындайтын көсемсөздік желілер
білгірлікпен талданған. Бұл ретте ол материалдарды шығармашылық
талдаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдаланған.
Публицистика – дәуір үні. Аға буын зерттеуші ғалымдардың
аузынан айтылған осы бір ұғым бүгінде қанатты қағидаға айналып
кетті. Өйткені, қазіргі қоғамның болмысы туралы ой толғаған кісінің
қолтумасына осы өлшем тұрғысынан қарайтынымыз шындық. Олай
болса, кемелді ойға құрылады дейтін көсемсөзіміздің өзі Уақыт атты
әміршінің ырқында екендігін мойындауымыз керек.
Мәселені осы тұрғыдан қарастырғанда зерттеуші ғалым
Б.Жақыптың публицистиканың принципті өлшемдерін Адам-Котам -
Уақыт ұғымдары төңірегінен өрбітуі, оны ақиқат жағдайларымен
дәлдестіріп отыруы көкейге қонымды.
Қорыта айтқанда зиялы әлеумет үшін ғана емес, жалпы білмекке
кұштар кісілердің рухани сұранысын қанағаттандыратын көсемсөз
туралы көшелі сөз толғаған кітап оқырмандарға жол тартты деп
есептеуіміз қажет.
2005
ШАРБОЛАТ
–
Шал-ау, неғып отырсың, мертіктірді ғой ана баланы...
–
Тыныш отыршы-әй, қайдағыны айтпай, Әдісін алайын дегені де.
Әйтпесе не көрініпті Жәкенге... Анау да өзі қарайлас сияқты білем...
Үшкемпір қарт қомдана беріп, телевизорға бір табан жақындай
түсті. Өз-өзінен күбір етіп: «Иә, сәт құлыным. Нар тәуекел...»
Көгілдір экранға ентелей қалған үй-іші демдерін ішінен алып
алқалы топ ортасында өтіп жатқан арпалыстың әр көрінісін қалт
жібермей қарап отыр. Бір сәт бөлме ішіндегі сілтідей тұнған
тыныштықты қуаттағандай телевизор коментаторы да үнсіз қалған.
...
Шиыршық атқап шымыр білектер шартпа-шұрт айқаса қалысымен
Жақсылық кәнігі әдісіне салуға ыңғайлана берді. Түрік балуаны қолын
сәл босатуы мұң екен, ол көз ілеспес жылдамдықпен борды белінен
қапсыра құшақтай алды. Сөйтті де қарсыласын шыр айналдыра
беріп
төрт тағанға түсірді.
–
Ой, бәрекелді! Менің ботам сөйтсе керек-ті! Қарт жан-жағына
желпіне қарады. Осы сәт Күнтөре шешей де көз әйнегін түзей беріп
жанарына үйірілген қуаныш жасын отағасына білдіртпей сүртіп
алғанды.
Іле коментатордың: «Сонымен, қымбатты телекөрермендер. Москва
Олимпиадасының боз кілемінде талайды тамсандырған Жақсылық
Үшкемпіровтың кезекті жеңісінің куәсі болдыңыздар. Осындағы өтіп
жатқан әлем чемпионатының ақтың сынында түрік балуаны Борды
8:0 есебімен ұтқан Жақсылық енді бірнеше минуттан кейін алтыннан
алқа тақпақ» деген хабары үй-ішінің көл-көсір қуанышымен шалқыған
шаттығына ұласқан.
–
Ура! Ура!.. Папам жеңді, Жандос, көрдің бе, әне!
Апыл-тапыл басқан қос құлыпшақ жүгіріп келіп қарт құшағына
қойып кеткен. Кішкене Елдостың жүрекжарды даусын отырғандардың
сезім пернелерін шертіп өткені де рас болатын.
«
О, құлынымның қос канаты»... қарияның салалы саусақтары
немерелерінің кекілін сипай берді. Со бір сәт сонау жылдар тасасында
жылыстап қалған көне суреттер Үшекең қарт көз алдынан
кинолентасындағыдай сырғып өткен.
...Мамыр айының мамыржай күндерінің бірі еді. Көрші ауылдағы
Мараттың әйелі ұл туып, төңіректің бәрі тайлы таяғымен шілдеханаға
жиналды. Әкесінің қой дегеніне болмай Жақсылық та ере келген.
Ойын-сауықты бабына келтіре басқарып жүрген Тоқаш:
–
Ау, халайық ендігі кезекті күш өнеріне берсек қайтеді. Тамаша той
сәні бала күресі емес пе?
Жұрттың бәрі Тоқташтың осы ұсынысын күтіп отырғандай кеу-
кеулеп әкетті.
–
Міне, қызық енді басталады!
–
Ал, балалар, белбеулеріңді тағыңдар.
–
Сапарғали
осы
жолы
бәрін
де
қирата
соғатын
шығар.
–
Әшей де қарап қалмас.
Той думаншылары ауыл сыртындағы дөңеске көтерілді де алқа-
қотан отыра қалысты.
Күреске сайланып келгеп балалар ортаға бірінен кейін бірі шығып
жатыр.
Қарақан деген бала шыдатар емес. Үйіріп соғып, алып ұрады.
Қарақанның мына қимылынан жасқаншақтаған өзгелер тоқырасып
қалған.
–
Ау, бұл не тұрыс...
–
Қарақан шықсын тағы...
–
Қарақан шығарын шығар-ау, онымен белдесуге кісі табыла қояр
ма екен, сірә?
–
Сапарғали тұрған жоқ па?
–
Әй қайдам, соныкі құр дене ме деп қалдым.
–
Мен шығам!
Жұрт назары бірден ортаға адымдай басып шыққан тәмпіш қараға
ауды. Төреші талапкердің қалқасын көріп қорашсынды білем, бір сәт
желкесін қасып, төңірегін тінте қараған.
–
Бастайық! – деді тәмпіш қара.
Ұлының мына қылығы Үшкемпірді таң қалдырған.
Қапелімде суырылып ортаға шыға
келген
Жақсылықты шақырып
алайын деп бір оқталғанымен, әліптің
артын
баққан. Бір жерін
мертіктіріп алмаса жарар деген
ой да
сызықтап өтті.
...Белдесу басталып кетті. Жақсылық Қарақанға шалдырмай жүр. Бір
кезде жамбасқа алам деп үйіре бергенде Қарақан өзінің қалай әдіс
алдырып алғанын байқамай қалды. Тәмпіш қара іштен шалып
үлгерген. Қарақан
се
рең етіп құлағанда Жақсылық көз ілеспес
қимылмен қарсыласының жауырынын жерге тигізді.
–
Ой, пәлі әдісқойын қарашы-ей, өзінің!
–
Күш атасын танымас деген осы да!
–
Жо-жоқ, Қарақан мүлт кетті.
–
Сізде айтады екенсіз, мәселе әдісте ғой.
–
Тәмпіш қарам ерледі, болайын деп-ақ тұр екен.
–
Төреші жігіт Жақсылықтың қолын көтерді.
...Ойлап қараса ұлы сол бір жылдары-ақ күрес өнерінің
табалдырығынан аттаған екен-ау. Үшкемпір қарт ұлының үлкен
спорттағы өмірбаянының осылайша басталғанына ???????? (сөйлем
аяқталмаған)
***
1975 жылдың шілдесі. КСРО Халықтарының VI спартакиадасының
программасы бойынша классикалық күрестеті Алматыда өткен жарыс
Үшекең қарттың күні кешегідей әлі есінде.
Астанадағы Спорт сарайында өткен бұл жарыстың әрбір сәтін
семьясымен қалт жібермей қарап отырды. Қарт ұлының осы бір дүбірлі
де аса жауапты спорт мерекесіне тыңғылықты әзірмен келгендігін
білетін-ді. Жарыстың алғашқы күні Жақсылық еліміздің чемпионы
азербайжан палуаны Құрбановпен
шықты. Қос қарсылас боз кілем
үстінде бар өнерін салған. Жақсылық үшін тек қана жеңіс керек.
Өйткені Ригада өткен біріншілікте
Құрбановқа кездесу тізгінін беріп
қойып қол созым жердегі алтын медальдан қағылған болатын. Міне, енді
сол жеңілістің есесін қайтарудың сәті түсті. Құрбановтың тактикасының
бүге-шігесіне дейін біліп алған Жақсылық алғашқы минуттардан-ақ
ұпай санын молайта берді. Ал соңғы үш минуттықта әзербайжан
палуаны өзінің жер иіскей құлағанын аңғармай қалды. Сол сәтті
Жақсылық ұтымды пайдаланды. Таза жеңіс!
Сол күнгі қарқын қарқынға, жеңіс жеңіске ұласты. Ал
спартакиаданың ақтық сынында Жақсылық КСРО құрама
командасының белді мүшелерінің бірі Нецветаевпен кездесті. Боз
кілем үстінде өткен тоғыз минуттық атой арпалыста қазақстандық
палуанның мерейі үстем болды. Ол республика командасының
А.Назаренко, В.Рязанцев, А.Быков секілді жігіттермен бірге жеңіс
тұғырына көтеріліп, алтыннан алқа тақты.
** *
Жанкүйерлердің жарғақ құлағын жастыққа тигізбей есілдертін
алған Олимпиада күндерінің ақтық сынының өтер сәті де жетті-ау. Бұл
күндер Вадим Александрович Псарев мазасыз күй кешкен. Қалай
болар, екен, ә? Констандин Александр да осал емес-ау. Былтырғы
Прьевидзеде өткен әлем біріншілігінде қарсыластарының бәрін жер
соқтырып жолындағысын жайпап, жеңіс тұғырына жеке дара
көтерілген де осы Александр ғой. Оның Шумаковпен, Базинмен
кездесулеріндегі айла-тәсілді шеберлігін айтып жеткізудің өзі қиын.
Иә, қай бапкер өз шәкіртінің жарыс сөресін сәтті бастағанын
қаламайды дейсіз. Сондықтан да Вадим Александровичтің толқуы да
орынды еді. Дегенмен Жақсылықтың Алматыдағы Прьевидзедегі
біріншіліктердегі көрсеткен ширақ қимылдары, мінез жомарттықтары
есіме оралғанда жаттықтырушы бір сәтке болса да көңілін тоқ
санайтыны да жасырын емес.
Жақсылық соңғы жылдары шын мәніндегі спорттық бабына енді.
Соның бір дәлелі Ульяновскіде өткен біріншіліктің бас бәйгесін жеңіп
алып, Олимпиада жолдамасына ие болуы.
...Бозкілем үстіндегі белдесу ширыға түсті. Төрешінің ысқырығы
естілісімен-ақ жойқын шабуылға көшкен румын палуаны езінің кәнігі
әдісіне салуға ыңғайланып-ақ бақты. Екеуі де әбден сүле соқ болған.
Қарсыласының әдісіне қанық Жақсылық та бой алдырмай жүр. Бір сәт
шалқалай кеудеусінен асыра лақтыруға ыңғайлана бергенде Жақсылық
Александрға қарсы әдіс қолданып үлгерді. Қас пен көздің арасында
румын палуаны төрт тағанға түсті. Есеп 6:1! Сол сәт төреші
ысқырығы шыр етіп белдесу аяқталғандығы туралы белгі берілген.
Олимпиадалық ойындарда Поляк палуаны Роман Керпачты, венгрлік
Вренц Шерстреді таза ұтып, таза ұтқан Жақсылық ақтық сында
болгарлық Павел Кристовпен кездесті. Жақсылыққа дейінгі
қарсыластарының бәрінен мерейі үстем болып келген Кристов та осал
емес еді. Ол осының алдында ғана Фин палуаны Рейс Хакарантанмен
өткен тартысты белдесуде қарсыласын 25:0 есебімен ұтып, талайларды
таңдай қақтырған.
...Шиыршық атқан бұлшық еттер ойнақшып, қорғасынша қабыса
қалады да, енді бір сәт жойқын күш жебегендей білемдене шыға келеді.
Самайынан жылғалап келіп көзіне құйылған ащы тер осынау
арпалыстың әр секундының салмағын үстемелегендей. Кристовтың
қарулы саусақтары ұстаған жерінен айрылар емес, бірін-бірі аңдысқан
екі палуанның әр қимылын қадағалап отырған жанкүйерлердің
«Жақсылық! Жақсылық!» деуі мұң екен, намысқа тырысты білем болгар
палуаны бұған қарай айбат шеге атыла берген. Жақсылықтың да
күткені осы еді. Қарсыласының осал буынын дөп басқан ол қас-
қағымда Кристовты төрт тағанға түсірді. Көзді ашып-жұмғанша болған
жоқ, жауырыны жер иіскеп үлгерген болгар палуанына бармағын
шайнай бергеннен басқа амал қалмаған. Бұл 1980 жылдың 23 шілдесі
еді.
Ал арада аз-кем уақыт өтпей-ақ Олимпиаданың баспасөз
орталығынан ағылған информация ағындары классикалық күрестің бас
бәйгесін жеңіп алған Жақсылық Үшкемпіровті әлем жанкүйерлеріне
таныстырып жатты.
Сол күнгі тебіреністі толғанысты тілмен айтып жеткізу қиын дейді
Жақсылық. Оның бәрі әрине үлкен еңбектің тынымсыз ізденістің ізгі
мақсатқа тас түйін жұмыла білудің басты қорытындысы деп білемін.
Иә, тынымсыз ізденіс шеберлікті шыңдай түсу Жақсылықтың үлкен
спорттағы тамаша көрсеткіштерінің алтын арқауы.
Жақсылық бұл күндері спорттағы тамаша табыстарының сырларын
тәлімгерлеріне де жалықпай үйретуде. Ол астанадағы «Қайрат» ерікті
спорт қоғамына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
жаттықтырушысы.
***
–
Жақа, еліміздің тәуелсіздік алғанына жетінші жылға аяқ басты,
Қазақ спорты тарихында да осынау жылдардың өзіндік бет-бедері бар
ғой, ә? Дейміз Жақсылыққа сыр тартып.
–
Әрине. Бірақ бүгінгі табыс ертеңге меже болмауы керек.
–
Осы ойыңды тарқата түссең.
–
Айта берсек әңгіме көп. Ал ең бастысы ақиқатына келсек біз өз
мүмкіндігімізді толық пайдалана алмай отырмыз. Көпшілік жерде
тоқмейілсу, мардымсу басым. Еліміз егеменді ел болды, тәуелсіз болды
деп бөркімізді аспанға лақтыруды сәнге айналдырдық. Осымыздың өзі
ұзаққа созылыңқырап кеткен жоқ па, ә?
–
Оныңыз рас енді...
–
Мен бірақ нәрсені айтайын. Қазақ спортының жұлдызы жоғары
болуы әрине жеке тұлғаларға, таланттарға байланысты екендігіне
ешкімнің шүбәсі жоқ. Дегенмен де сол таланттардың көзін ашатын
оның тұсауын кесетін жергілікті жерлердегі бұқаралық спорт
ұйымдары ғой. Мен мәселен осы қалпында Олимпиада чемпионы
болып аспаннап аяғым салбырап түсе қалған жоқ. Кезінде мен де
ауылдың қаратабан баласы спорт секцияларына қатысып,
аудандық,
облыстық біріншіліктерде күш сынастым. Демек, менің чемпиондық
жолымда бұқаралық бастауыш спорт ұйымдарының алар орны зор
болды десем асыра айтпас едім.
Жақсылық осылайша толғанады. Оның пікірінің құйттайда қоспасы
жоқ. Рас, соңғы жылдары нарықтық экономика қиыншылығы,
қымбатшылық деген сылтаумен жергілікті дене тәрбиесімен спорт ісіне
деген көзқарасты салқындатып алғанымыз рас. Бір жылдары үлкен
спортқа жолдама берген стадиондар мен жаттығу алаңдары бүгіндері
есік-терезесі қаңырап, жоғарыдан келген өкілдердің анда-санда ат ізін
салатын меңіреу ғимаратына айналған.
Жергілікті жерлерде спорт десе ішкен асын жерге қоятын
азаматтар жоқ емес, бар. Солардың энтузиазимін қолдап жарқын іске
жалын тұтатсақ бұдан ортақ ісіміз ілгерілемесе кейіндемесі мәлім.
–
Бір күйінетінің аудан әкімдерімен әңгімелесе қалсаңыз спорт
ойындарын кейбір мерейтойларда өтіп жататын көңіл көтерерлік
жарыстармен сабақтастырады, – дейді Жақаң сөзін сабақтап.
–
Ұлттық спорт ойындарын дамыту, денсаулық мерекесіне
айналдыру ол да жақсы нәрсе, әрине. Бірақ, бұқаралық спорттың бүкіл
даму деңгейін осы мәселемен ғана өлшеп-пішу жеткіліксіз.
Қазақ спортының қияға құлаш ұруына иненің жасуындай болса да
үлес қосып отырған Жақсылық Үшкемпіров сынды азаматтың ой-
жосығы міне осындай.
1997
ҮШ ӨРІМ
1. ШАРШЫ АЛАҢДА – САРДАРДАЙ
Өзі де байқамай қалды. Оң қолын көлегейлеп, нөпірлі шабуылға
шығуға ыңғайлана бергені сол еді, әлгінде ғана шаршы алаңда
қашқалақтап жүрген Хусайынов бұған мысықша атылған. Ілкі бетта
қарсыласы айналасын асырып үлгерді. Қас қағымда қорғанамын
дегенше болған жоқ, көзінен оты жарқ етті. Іле қос жанарының
ортасы ток соққандай дір ете қалғанда, қою күрең қан жылғалай
берген.
–
Қап!— деді Серік – қап! Қатты өкінді. «Жекпе-жекті тоқтатпаса
жарар еді» деген ой санасында сынапта сырғып өтті. Өкініштің де реті
бар. 57 килограмдық салмақ дәрежесіндегі сында түркменстандық
Анатолий Ясаковты, армениялық Сурен Оганянды ұтқан Серік
Нұрқазов КСРО халықтары VIII жазғы Спартакиасынан жартылай
финалдық жекпе-жегінде москвалық Эдуард Хусайновпен кездесіп
отыр. Спартакиада сынды Бүкілхалықтық спорт мерекесінің бас
бәйгесінен үміткер қазақсатндық боксшы алдыңғы екі кездесуінде де
Варнада, Европа чемпионатында алған жарақатын ойдағыдай
қорғаштап-ақ еді. Ал кезекті сайыста әріптесінен
ойын мәнері
жағынан
да, тактикалық шеберлігі жағынан да айқын басым екендігін сезінген ол
жекпе-жек тізгінін сәл ғана босатқансып алған. Міне, Серіктің осы бір
ұрымтал сәтін москвалық боксшы пайдаланып кетті. Кеңсірігінің
жарақаты сыр берді. Шындап келгенде Серікті қынжылтқан бұл да
емес еді. Ол 1979 жылы КСРО халықтарының VII жазғы
Спартакиадасының
ақтық
сайысында
армениялық
Самсон
Хачатарянмен кездескен болатын. Сол жолы қазақстандық жас
боксшының үлкен рингтегі тәжірибесіздігі Хачатрянға жеңіс әперген.
Кейін КСРО біріншілігінің финалдық сайыстарындағы жекпе-жектерде
де кировокандың боксшының мерейі үстем болып еді. Міне, осынау
сәтсіздіктерден соң Серіктің бапкері Ярослав Фетисов:
–
Байқадың ба, бауырым, Самсон ұдайы ізденіс үстінде келе
жатқан боксшы, әрине кемшілігі жоқ деп те айта алмаймын. Алайда,
ендігі міндет әріптесіңнін, тактикалық шеберлігінің сырын меңгеру
керек.
Міне, сол кезден бастап-ақ Серік Нұрқазов пен армениялық Самсон
Хачатряннің іштей спорттық бәсекесі басталған. КСРО халықтарыныц
VIII
жазғы Спартакиадасында да өзінің негізгі қарсыласы тағы да
С.Хачатрян
болатындығына Серік кәміл сенген.
Сондықтан
да
жылма-
жыл
шеберлігі шыңдалып, ұшталып
келе жатқан Европа
чемпионаты
Серіктің армениялық әріптесімен финалдық
сайыста
болатын кездесуді
асыға күткендігі де рас
еді.
Алайда,
адам
ойындағысының бәрі
орындала бере ме? Енді міне көрмеймісің бе...
Сәтсіздік деген аяқ
астынан-ау,
ә?
Сөйткенше болған жоқ, төреші сайысты тоқтатып, ал
дәрігер жекпе-жекті жалғастыруға болмайтындығын дәлелдеп жатты.
Қас қағымдай уақытта құлағы шыңылдап, көзі қарауытқандай болған.
Бойын тез жинап ала қойды. «Енді қайттім?». Тілін тістеген қалпы
көзінің
астымен анталаған жанкүйерлерді бір шолып
өт
кен. Желке
тұсындағы Ярослав Александрович те ринг белдеулерін қайта-қайта
ұрғылап қояды.
–
Қап, енді бір минут шыдағанда ғой...
–
Минутың не шырағым-ау, мұндайда секундтар сайыс тағдырын
шешеді емес пе?
–
Қалай болғанда да жекпе-жекті тоқтатқандары
дұ
рыс болды.
Серік тек бүгінгі сын үшін ғана керек емес, оның ертеңгі әлем
аренасындағы шеберлігін
де
ойлаған жөн.
–
Міне, мұныңыз ендеше жөн сөз екен.
Өзара гу-гулесіп дабырласқан жанкүйерлер лебізі енді бір сәт қол
шапалағына ұласты. Іле осынау сатырлай соғылған қол шапалағы
«Серік, Серік, жарайсың, Серік!» деген жанкүйерлердің сүйінішті
лебізіне қосыла аумағы атшаптырым «Олимпийский» спорт сарайын
керней жөнелген. Міне, сонда ғана мойнынан бір ауыр жүк түскендей
өз-өзінен еркін дем
алған
Серік Нұрқазов киім ауыстыратын бөлмеге
қарай беттеген. Сонда ғана ол жанкүйер қауымының өзінен
әлі де
тамаша сайысты өнер күтетіндігін жан дүниесімен ұ
ғынған.
Ол спортсүйер қауымның өзіне деген осыншама ілтипатпен,
кемерінен ақтарылған сүйіспеншілікке толы сезімін арада
үш ай
өткенде тамаша
шеберлікпен ақтады. Италияда
әлем
кубогы
үшін өткен
дүбірлі жарыста үздік ойын мәнерімен көзге
түскен
Серік Нұрқазов
күміс жүлдеге ие болды.
Міне, осынау
жөңістерге бастаған баспалдақ
Серік Нұрқазовтың өз жанкүйерлерінің үміті мен сеніміне үлкен
жауапкершілік сезіммен қарайтындығымен сабақтасып жатыр
.
Ал ол
мұндай сезімді кішкентайынан бойтұмардай сақтап келе жатқан
спортшы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық
даналығы. Міне, ұяда ілген үлкен спортқа деген кіршіксіз сезім мен
сенім
Серік сынды
шаршы
алаң шеберін жеңістен жеңіс
ке
жетелеп
келеді...
Менің осы Төкенге таңым бар, – деді Құнай қарт жанындағы киіз
қалпақтыға. – Өзінің жұмыстан келгені жаңа. Енді қарашы мынасын.
Бүкіл ауланың балаларын жиып алып, әлекке түсіп жатқаны.
–
Ой, ақсақал-ай, оның таңырқайтын несі бар. Өткен
жолы үй басқармасындағылар да қойдыра алмай кеткен.
–
Сонда бұлардың бәрін не істемекші, темір-терсектерді жиып
қойғандары анау.
Қарт жерге шырт түкірді де, ауланың ішіндегі асулы тұрған үлкен
қара қанарды төмпештеп жатқандарға зілді көзімен қарады. Құнайдың
әнтек қимылынан әлденені сезе қалған Төкен:
–
Ау қария, тоқтаңыз. Сіз мұны еріккеннің ермегі
деп ойлайсыз, ә? Тіпті де олай емес. Міне, мына қара
төмпешіктердің бәрі де ертең осындай болады, тамаша
емес пе?! – деп қолындағы қобыраған сурттерді қартқа
ұсына берген. Құнай боксшылардың суретіне ілкі сәт сүйсіне қарап
тұрды да, қолын келегейлей қара нарды төмпештеп жатқандарға қайта
көз салды. Осылардан ұқсастық іздегендей. Кенет «әй, қайдам» деп
күбір етті де таяғын арқаланып жүріп кетті. Қара шалдың мына
қылығына аң-таң болған Төкен: «Әлі-ақ жасың да, кәрің де осы жерден
шықпайтын боларсыңдар» деп іштей түйген.
Осы ой түрткі болды білем, Төкен әлгі қара тәмпіштерді қайыра
жинап алып, тез арада төңіректі ретке келтіру керектігін айтты. Ал
сосын бұл жерде нағыз қарапайым спорт алаңы жасалмақшы. Кенші
ағаның мына сөзіне ерекше қуанған балалар іске қызу кірісіп-ақ
кеткен. Ал солардың ортасында Абай қаласындағы Шерубай-Нұра
шахтасының айтулы шахтері Төкен Нұрқазовтың біріне-бірі тете үш
ұлы – Серік, Қайрат, Мараттар тыным көрмей әкесіне қолқанат болып
жүрді. Жаңалық атаулы жерде жата ма? Аулада жасалынған
қарапайым спорт алаңы туралы хабар ертеңіне-ақ мектепке жеткен.
Дене
тәрбиесінің
мұғалімі
Виктор
Трофимович
Пятышин
Нұрқазовтардың осы тамаша ісін Абайдың өзге де аудандарында тарту
керектігін әр жиналған сайын айтып жүрді. Ал Серікті өзі
ұйымдастырған боксшылар секциясына тартты.
Алғашқы жылдары мектепаралық, қалалық жарыс
тарда жүлделі
орындарға ие болып жүрген
Серіктің алғашқы табыстары жайлы Төкен
мен Дәметкен от басында шүйіркелесе әңгімелессе, ал ұстаздары
мен
кластастар
ы
әрдайым
мақтаныш
сезіммен
айтып
жүретін.
Үлкен спортқа деген осынау құштарлық сезімі Төкеннің балаларының
жансерігіне айналды. Серік бүгінде әлем жанкүйерлері ссімін жақсы
білетін
боксшы болса, ал Қайрат пен Мараттың қазіргі қадамдары да
қуантарлық. Екеуі де бокстан КСРО спорт шеберлігіне кандидат, Қайрат
облыстың «Қайрат» ерікті спорт қоғамында жаттықтырушы. Ал Марат
Қарағанды медицина институтының студенті. Екеуінде де бір арман:
Серіктің соқпағымен жүріп, жеңісті жолды жалғастыра білу.
1979 жыл Қарағанды физкультура техникумының түлегі КСРО
спорт шебері Серік Нұрқазовтың өмірінде айырықша із қалдырды. Ол
дәл осы жылы облыстық спорттық шеберлікті жетілдіру мектебіндегі
Ярослав Фетисовтың тобында жаттыға бастады. Алғашқы жылдардың,
әрине, өзіндік қиындығы да болмай қалған жоң. Ал мұндай
сәттерде жас боксшы да жаттықтырушы да бірін-бірі қас-
қабақтарынан түсіпісіп, кемшілік сырын тез-ақ меңгеріп кетуге
тырысты.
–
Шындығын айтсақ, бастапқыда екеуміз де толқу
үстінде
жүретін е
дік. Жаттығу кезінде бәрі де әп-әдемі,
ойдағыдай көрінетін. Ал жауапты сайыстарда, финалдық
жекпе-жектерде
сыр алдырған
кездеріміз де аз болған
жоқ, –
дейді
Ярослав Александрович.
–
Дублиндегі өткен
жастар
арасындағы Европа чемпионаты
...
Алматыдағы біріншіліктер...
КСРО халықта
рының
VII
жазғы
Спартакиадасы...
Міне, осындай ең жауапты
жарыстарда
алтын
жүлделерді қолдан сусытып
алғанымыз бар. Алайда,
осының біріне
төзе білу де
қажет болды.
Ал темірдей
төзім Серіктің
бойында
қалып
тасқан
тамаша
қасиеттердің
бірі.
Кейіннен
осы
жарыстардағы
жекпе-жектердің
әрқайсысын ойша екшеп,
таразылап, тузетудің сан
мәрте
жолдарын қарастырдық. Міне,
осылай міндет қ
ойылганда Серік баз біреулер
секілді,
рингтен
ешқашан да сырғақтамайды
.
Қайта біл
ген
үстіне - біле түссем
екеп
дейді.
Ал
кейбір
кездері
түн
ішінде үйге
телефон соғып, өзін ойландырып жүрген
мәселелерді пысықтап жатқаны. Міне, сол себепті де Серік
менің
үлкен спорттағы серігім болып келеді.
Бокс білгірлерінің бірінен саналатын білікті бапкер Ярослав
Фетисов осылайша ой толғайды. Ярослав Александрович өзі
баулап
жүрген
жастардың
тактикалық,
техникалық,
психологиялық дайындығына баса назар аударады. Егерде
боксшыдан осы үш өлшемнің бірі кемшін болса, онда оның
шаршы
алаңда
шеберлік
көрсетуі
неғайбыл.
Жаттықтырушысының осы талабы, жарқын жеңіс жолында
шәкіртінің жігер-отын жани білу қасиеті Серіктің мәртебесін
көтеріп, өзге әріптестері алдында мерейін өсіріп келеді. Ол өзінің
әлем рингіндегі таңдаулы спортшылардың бірі екендігін 1983
жылы Варнада өткен XXV Европа чемпионатында айқын
дәлелдеді. Шаршы алаңда сұңғыла сайыпқыран шеберлігімен
сардарша жарқылдап, бокс әлемін сайып өнерімен өрнектеген
Серік Нұрқазов жартылай финалда венгерлік Р.Генчиді, ал
финалдық сайыста болгарлық П.Камбуровты ұтып, бас бәйгіні
иемденді.
–
Ал КСРО халықтарының VIII жазғы Спартакиадасында
командаласымыз Серік Нұрқазовты тағы бір қырынан таныдық, –
дейді республика былғары қолғап шеберлерінің бірі Виктор
Демьяненко. –
Ол финалдық бәсекелестерді жалғастыра алмағандығына
қарамастан, өзге әріптестерімізді жеңіске жігерлендіре білді. Ол
команданың капитаны ретінде жігіттерді шаршы алаңға әзірлеуде
қыруар
жұмыс
атқарды.
Спартакиада
күндерінде
өзінің
ұйымдастырушылық қабілетін де танытты.
–
Бүгінгі таңдағы үлкен бокс проблемасы туралы не айтасыз
дейсіз бе? – деп бастады әңгімесін Серік Нұрқазов. Жақсы боксшы болу
үшін үлкен даярлық керек. Демек, жанкүйерлердің көкейінен шығу
жолында тактикалық айла-тәсілді де, техникалық шеберлікті де
психологиялық салқынқандылық пен ұтқыр реакцияны мықтап
меңгеру қажет. Тайсақтық, боркеміктік қасиет боксқа талпынған
жасқа жат болуы тиіс. Ал республика былғары қолғап шеберлерінің
соңғы жылдарғы табысы жанкүйер қауымға жақсы мәлім. Қазақстан
боксшыларының одақтық, әлемдік ареналарда зор табысқа жетуі
Хасанов, Цхай, Фетисов секілді жаттықтырушылардың бапкерлік
талабымен тікелей байланысты. Кезінде республика боксы үш толқында
даярланып еді. Серік Қонақбаев, Виктор Демьяненко бастаған топ
эстафетасын Е.Хакімов, Б.Есжанов, К.Әбдірахманов, Е.Дүйсеков,
Б.Манкенов, А.Қилымов сынды жастар жақсы жалғастыра білді. Ал
бұлардың жолын қуған Т.Бүркітбаев,
Р.
Түлікбаев
се
кілді балғын
боксшылардың
қазіргі қаламдары
да
құптарлық. Демек,
республикада
үлкен
бокс
резервтерін
дайындауда тындырымды
жұмыс
атқарылып
жатқандығы ақиқат. Ендігі
мақсат – осы
табысты баянды ету.
Осылайша сыр шерткен халықаралық дәрежедегі спорт
шебері Серік Нұрқазов
ізбасарлар легін
даярлауға өзі де үлес қосып
келеді.
Ол Қ
арағанды қ
аласының Оңтүстік Шығыс бөлігіндегі «Арман»
деп аталатын балалар клубының жаттықтырушысы. Міне, мұндай балғын
боксшылар мекені Қарағандыда көптеп саналады. Ауыл клубтарының
талапкерлері есейе келе балалар
және
жасөспірімдер мектебіне алынады.
Мұнан соң олар спорттық бағыттағы мектеп-интернаттарда оқиды. Ал
оның түлектері кейін спорттық шеберлікті жетілдіру мектебінде
жаттығады. Осындай сабақтастық Қарағанды боксшыларын бүгінде
Одақ көлеміне мәлім етіп отыр.
...Ымырт үйіріліп, төңіректі қою қараңғылық тұмшалай бастаған
шақ. Біз спорт комплексінен шыққанда Серіктің жолдасы Рашида мен
кішкене Ойратты жолықтырдық. Сол сәт әлдене есіне түскепдей
Серік:
–
Қазір, қазір атаңа
қазір
жетеміз, – деп Ойратты жерден көтеріп
алған. Бақсақ, Серік Рашида мен Ойратты Абай қаласындағы
әкесі
мен шешесіне апармақ екен. Ал ертең ертеңгілік
рейспен
Москваға
ұшпақ. Тағы да сапар. Бұл айтулы боксшының Лос-Анжелесте
басталатын олимпиадалық ойындарға дайындық алдындағы
тынымсыз сапарларының бірі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |