Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет36/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

Болашақ 
мамандардың 
кәсіби 
құзыреттілік 
деңгейлерін  
Блум таксондары 
негізінде 
қалыптастыру 
 
Аннотация 
Мақала  болашақ  мамандардың  нәтижелі 
кәсіби қызметін атқару үшін кәсіби құзыреттілік 
компоненттеріне, 
оларды 
қалыптастыру 
мәселесіне  арналған.  Кәсіби  құзыреттіліктердің 
қалыптасу  деңгейін  анықтау  үшін  Б.  Блум 
әзірлеген  қызмет  түрлерін  жүйелеуді  пайдалану 
ұсынылады.  
Түйін  сөздер:  кәсіби  қызмет,  кәсіби 
құзыреттіліктер, білім беру бағдарламалары, оқу 
деңгейі,  Блум  таксондары,  құзыреттіліктерді 
қалыптастыру. 
 
 
Мамандарды  даярлау  сапасы  жоғары  оқу 
орындарының 
негізгі 
мәселесі. 
Жұмыс 
берушілердің  жоғары  талаптарына  сай  түлектерді 
дайындау  оқу  үрдісін  үздіксіз  жетілдіруді  талап 
етеді.  Бүгінгі  күні  білім  беру  бағдарламаларын 
әзірлеу  құзыреттілік  негізде,  яғни  еңбек  нарығы 
қажеттілігін, 
кәсіпорындарда 
мамандарға 
қойылатын  талаптарды,  сондай-ақ  осындай 
мамандарды 
дайындау 
үшін 
ЖОО-ның 
мүмкіндігін ескеру негізінде орындалады. 
Жалпы  құзыреттілік  –  берілген  пәндік 
облысында  тиімді  қызмет  атқаруға  қажетті 
құзыреттер  жиынтығы,  білім  мен  тәжірибесінің 
ұштасуы. Қазіргі білім беру үрдісінің сапасының 
ажырамас  көрсеткіші  әрбір  уақыт  нүктесінде 
студенттердің  жеткен  құзыреттілік  деңгейі 
болады.  Бұл  деңгейі  оқу  мерзімі  ішінде 
жоспарлы 
түрде 
талапкерлердің 
кіріс 
құзыреттері  деңгейінен  ЖОО  бітірушісінің  оқу 
қорытындысы  құзыреттері  деңгейіне  дейін 
көтеріледі.  Бұл  ретте,  негізгі  білім  беру 
бағдарламаларында  бақылау  нүктелері  және 
оларға  тиісті  нысаналы  дескрипторлар  көзделуі 
тиіс.  Құзыреттілік  деңгейінің  динамикасы 
тікелей  студенттердің  ағымдағы  оқу  сапасын 
және жанама - оқытушылар мен олар қолданатын 
білім  беру  технологиялары  сапасын  көрсетеді.
 
Қазіргі  заманғы  түлек  өзінің  кәсіби  қызметінде 
әр  түрлі  пәндердің  білімін  кешенді  қолдануға 
қабілетті болуы тиіс. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиетте 
"құзырет"  және  "құзыреттілік"  ұғымдары  өткен 
ғасырдың  60-шы  жж.  ортасынан  бастап  кең 
таралды,   білім   беруде    құзыреттілік    тәсілдің
 


 
57 
қалыптасуының  негізі  болды  (Н.  Хомский,  Р.  Уайт,  Дж.  Равенн,  В.  Хутмахер,  Т. 
Хоффманн). 
Көптеген  зерттеушілер,  атап  айтқанда  А.В.  Хуторский,  құзыреттілікті  тиімді 
дайындық үшін қажетті алдын ала берілген талаптарға сәйкес келетін дағдыларды меңгеру 
ретінде  түсінеді  [1].  Құзыреттілік  деп  кәсіби  қызметпен  байланысты  әртүрлі 
функцияларды  орындауға  дайындықты  қамтамасыз  ететін  студенттің  қалыптасқан 
қасиеттерінің кешені ретінде белгілеуге болады. 
А.В.  Хуторский,  Е.В.  Перехожева  және  осы  салада  жұмыс  істейтін  басқа  да 
зерттеушілердің түсінігін ұстана отырып, біз болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін 
жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру ретінде анықтаймыз.  
Жоғары  білім  берудің  МЖМБС-да  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру 
нәтижелеріне  қойылатын  талаптар  аталған.  Жоғары  оқу  орнының  түлегі  кәсіби  және 
жалпы  мәдени  құзыреттерге  ие  болуы  тиіс,  өйткені  еңбек  нарығындағы  қазіргі  жағдай 
жоғары  оқу  орындарынан  психологиялық  тұрақтылығы,  шамадан  тыс  жүктемеге 
дайындығы,  стресстік жағдайлардан  шығу  қабілеті,  командада  жұмыс  істеу  қабілеті  бар, 
өз бетінше шешім қабылдайтын, бастамашылыққа, инновацияға қабілеттілігі  бар, таңдау 
жасай  білетін,  шектеулі  ресурстарды  тиімді  пайдаланатын,  келіссөздер  жүргізу  қабілеті 
бар мамандарды дайындауды қажет етеді.  
Құзыреттілік  маманның  кәсіби  ядросын  айқындайтын  білімді  шоғырландыруға, 
қосымша  баламалы  саланы  айқындайтын  білімді  шоғырландыруға,  әлеуметтік 
құндылықтарға  бағдарлауға,  тұлғаның  коммуникативтік-прагматикалық  қасиеттерін 
дамытуға байланысты өзара келісілген аспектілер кешені болып табылады [2]. 
Құзыреттілікті  өзектендіру  білім  алушы  алатын  іс-әрекет  тәжірибесін  жинақтау 
нәтижесінде  жүргізіледі,  ол  осы  пән  саласындағы  әртүрлі  мінез-құлық  үлгілерін  тауып, 
сынақтан  өткізіп,  олардың  ішінен  оның  талғамына,  адамгершілік  бағдарына  сәйкес 
келетіндерді таңдап алады. 
Осылайша,  құзыреттілік  адамның  жеке  қасиеті,  әлеуетті  қабілеті  және  индивидтің 
қызметте 
қалыптасатын 
және 
оған 
құндылық-мағыналық 
қарым-қатынасты 
интеграциялайтын әр түрлі міндеттерді орындауға әзірлігі бар. 
Зерттеушілер құзыреттілік құрылымында келесі компоненттерді атап бөледі:  
• "білім компоненті" – академиялық саланы білу, білу және түсіну қабілеті; 
• "құндылық компоненті" - тұлғаның құндылық бағдарлары және кәсіби міндеттерді 
шешуге уәждеме; 
• "іс-әрекет компоненті" - нақты жағдайға білімді іс жүзінде және жедел қолдану [3]. 
Құзыреттілік  –  ең  алдымен  жұмыс  берушіге  түсінікті  және  бітірушінің  кәсіби 
қызметін сипаттайтын категория, ол жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс орнында 
іске  асырылады.  Қандай  да  бір  құзыреттілікті  қалыптастыру  белгілі  бір  пәнді  немесе 
пәндер  тобын  меңгерумен  ғана  байланысты  бола  алмайды.  Құзыреттер  студенттің  оқу 
жұмысының  барлық  түрлері  –  жекелеген  пәндер  мен  пәндер  топтарын  меңгеру, 
практикадан өту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, өзіндік жұмыс барысында қатар 
және  жиынтық  түрінде  қалыптасады.  Сол  жұмыстардың  нәтижесінде  жалпы  мәдени, 
жалпы кәсіби, кәсіби, кәсіби-қолданбалы құзыреттер пайда болады. 
Жалпы  мәдени  құзыреттілік  –  бұл  кәсіби  қызметтің  көптеген  түрлеріне  ортақ 
міндеттерді шешуде табысты әрекет ету қабілеті. Жалпы мәдени құзыреттерді бағалаудың 
күрделілігі олардың қалыптасу дәрежесі тұтас білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесі 
болып  табылады.  Жалпы  мәдени  құзыреттердің  мысалы  ретінде:  өзін-өзі  ұйымдастыру 
және өзін-өзі білім алу қабілетін, қызметтің түрлі салаларында базалық құқықтық білімді 
пайдалану  қабілетін,  командада  жұмыс  істеу  қабілетін,  әлеуметтік,  мәдени  тұлғалық 
айырмашылықтарды толерантты қабылдау мүмкіндігін келтіруге болады. 
Жалпы  кәсіби  құзыреттілік  –  бұл  оқу-тәрбие  процесін  психологиялық-
педагогикалық  сүйемелдеуге  дайындық,  білім  беру  саласының  нормативтік-құқықтық 


 
58 
құжаттарына  сәйкес  кәсіби  қызметке  дайындық,  кәсіби  этика  және  сөйлеу  мәдениетінің 
негіздерін меңгеру. 
Кәсіби  құзыреттілік  –  нақты  кәсіби  қызметте  тапсырманы  орындау,  міндеттерді 
шешу кезінде табысты әрекет ету қабілеті.  
Кәсіби-қолданбалы  құзыреттілік  –  бұл  кәсіби  қызметте  түрлі  пәндерді  кешенді 
қолдану қабілеті.  
Әрбір  іске  асырылатын  даярлық  бейіні  бойынша  құзыреттілікті  игеру  деңгейлері 
кәсіби  қызмет  түрлерімен  (негізгі  және  негізгі  емес)  және  құзыреттер  түрімен 
айқындалады. Кәсіби қызметтің әрбір түрі үшін құзыреттілікті игеру деңгейі белгіленген. 
Құзыреттер  әртүрлі  деңгейде  қалыптасуы  мүмкін:  шекті,  базалық  және  жоғары.  Бұл 
бағытта  қазір  жоғары  оқу  орындарында  деңгейлік  бағдарламалар  әзірленуде. 
Құзыреттілікті бағалау білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім 
беру  процесін  меңгеру  барысында  білім  беру  нәтижесін  -  құзыреттіліктердің  қалыптасу 
деңгейін алуға бақылау функциясын орындайды. 
Білім  алушылардың  құзыреттіліктерін  қалыптасу  деңгейін  бағалау  үшін  Б.  Блум 
таксономиясын  қолдану  өте  тиімді.  Б.  Блум  алты  дәйекті  танымдық  категорияларды 
немесе оқыту деңгейлерін: білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау және ақпаратты 
эмоциялық меңгерудің үш дәрежесін: қабылдау, жауап бере алу, құндылықтарды ұсынды 
[4,5]. Әрбір оқу деңгейінің меңгерілуі білім алушының нақты білім, білік, дағдыларының 
қалыптасуымен айқындалады (1-кесте). 
 
Кесте 1  Б. Блум бойынша оқыту деңгейі және меңгеру деңгейі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет