Р.Т. Алимбаева
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университеті,
психол. ғыл. канд., доцент м.а.
Г.Б. Капбасова
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университеті,
психол. ғыл. канд., доцент м.а.
Д.А. Жансерикова
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университеті,
психол. ғыл. канд., доцент м.а.
Ипохондрияға
ұшыраған
адамдардың
ауруына қатынасы
Аннотация
Мақалада соматикалық ауру ипохондриялық
бұзылумен ұштасқан жағдайларда ауруға деген
қарым-қатынасты зерттеу қарастырылған.
Түйін сөздер: ипохондриялық бұзылулар,
ауруға қатынас типі, операциядан кейінгі оңалту,
сыналушы, дәрігер, психолог, психотерапевт.
Қазіргі уақытта пациенттің психологиялық
сипаттамаларының ауру ағымына әсері күмән
тудырмайды,ал осы сипаттамаларды зерттеу
үлкен маңызға ие болады. Дәрігер ағзамен ғана
емес, сонымен қатар науқастың жеке тұлғасымен
де, әсіресе, олардың алуан түрлілігімен өзара
әрекетте болады. Науқастың өз ауруына қатынасы
тұлғаның басқа да маңызды қатынасына әсер
етеді.
Осыған
байланысты
пациенттер
тұлғасының тұтас психологиялық құрылымының
кең контекстіндегі ауруға деген қатынасын жан-
жақты зерттеу қажет, олардың ауру фактісінің өзі
де, жеке тұлғаның қызмет ету салаларына деген
қатынасын ескере отырып, сонымен қатар
аурудың индивидке әсері қатынасын зерттеу
маңыздыт [1].
Пациенттің ауруына қатынасы тұлғаның
көптеген маңызды салаларына елеулі әсер етеді
және бұл мәселе зерттеудің өзектілігі ретінде
ауруға деген қатынас типінің қалыптасуына әсер
ететін факторларды анықтаудыжан-жақты зерттеу
қажеттілігінен туындайды [2].
Әртүрлі қатынас сияқты ауруға деген
қатынас имндивидуалды, таңдамалы және саналы
болып табылады, яғни ол жеке немесе тұлғалық
деңгейді көрсетеді. Кез келген ауру тұлғаға тән
психикалық процесстерге, жай-күйлерге және
психологиялық қасиеттерге әсер етіп қана
қоймай, сондай-ақ науқастың психикалық іс-
әрекеті мен мінез-құлқын реттеуге белгілі бір
дәрежеде қатысатын ауруға деген қатынасы
"психологиялық
қайтақұрулардың"
пайда
болуына алып келеді [3].
50
Қазіргі уақытта ипохондрияны қалыптастыру механизмі түсініксіз.
И.П. Павловтың ЖЖІ туралы іліміне сүйене отырып, ипохондрияны ішкі орта
анализаторлары деңгейінде бас миының қабығындағы негізгі нерв процестерінің
инерттілігінің нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Кеңес дәрігері психиатр В. А.
Гиляровскийдің тұжырымдамасына сәйкес, бұл жағдай орталық жүйке жүйесінің ішкі
мүшелерден сигналдарды қабылдау нәтижесінде пайда болады, олар қалыпты жағдайда
басылады және адам санасына жете алмайды. Қазіргі заманғы психиатрлар мен
психологтар ипохондрияны соматоформалық типтегі психикалық бұзылуларға
жатқызады. Бұдан басқа, осы топқа енгізілген аурулардың басым бөлігімен
салыстырғанда диагностиканың басты аспектісі - органикалық түсініктемесі жоқ белгілі
бір соматикалық симптомдардың болуы емес, атап айтқанда, эмоциялық ерекшеліктер-
науқастар өздерін қалай ұстайтынын анықтайтын денсаулыққа қатысты алаңдаушылық
болып табылады [4].
Зерттеу Қарағанды қаласының "Гиппократ" МФ ЖШС базасында жүргізілді.
Зерттеуге 45-тен 70 жасқа дейінгі 45 адам қатысып, екі жас тобына бөлінді (ерлер –
30,43%, әйелдер – 69,57%) Ипохондриялық бұзылудан зардап шегетін сыналушылар
анықталғаннан кейін олар медициналық көмекке жүгіну себептеріне байланысты кіші
топтарға бөлінді.
1) АІЖ аурулары (21,74%): Асқазан гастриті; Холецистит.
2) ЖҚБ (30,43%): ЖИА; Жоғарықан қысым; Инсульттан кейін қалпына келтіру.
3) Тыныс алу мүшелерінің аурулары (30,43%): Бронх демікпесі; Тоқырау екі жақты
пневмония.
4) Жарақаттан кейінгі операциядан кейінгі оңалту (4,35%).
5) Жіті пиелонефрит (13,04%).
Сонымен қатар, сыналушыларды жасына және медициналық көмекке жүгіну
себептеріне байланысты кіші топтарға бөлуден басқа, ауру өтілі бойынша бөлу жүргізілді:
ауру өтілі 5 жылдан кем (34,78%), 5 жылдан астам (43,48%),10 жылданастам (21,74%).
Жүргізілген зерттеу жұмысы бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ипохондриясы
бар пациенттерді "Соматизацияланған психикалық бұзылыстарды ерте анықтауға
арналған клиникалық сауалнама" әдістемесі арқылы анықтау болды. Әдістеме бланкілерін
талдағаннан кейін ипохондриялық бұзылулар белгілері бар 23 адам анықталды, яғни
сыналушылардың жартысынан көбі (51,11%) ипоходриктер болды. Сондай-ақ,
ипохондриялық бұзылулар белгілері бар сыналушылардың көпшілігінде астения (82,61%)
және депрессия (60,87%) белгілері байқалатыны анықталды, бұл аталған бұзылудан
зардап шегпейтін сыналушылардан табылған жоқ. Бұдан әрі зерттеуге ипохондрия
белгілері анықталған сыналушылар ғана қатысты.
Келесі кезең сыналушылардың, ипохондриямен зардап шегетіндердің ауруға
қатынас типтерін анықтау деректерін талдау және өңдеу нәтижесінде келесідей
мәліметтер анықталды (Сурет1).
51
Сурет 1 - ТОБОЛ әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелерінің кестесі
Жоғарыда келтірілген кестенің нәтижелеріне сүйене отырып, сыналушылардың
көпшілігі ауруға аралас типтегі қатынасын білдірсе, ал жеке түрі ретінде ең көп мөлшерде
сенситивті болып табылады. Келесі мазасыздану типі, одан әрі неврастениялық және аз
дәрежеде ипохондриялық, апатиялық, эгоцентрикалық, дисфориялық және паранойялдық
түрлері ұсынылған. Сондай-ақ, аралас түрлерде ауруға қатынасы сенситивті түрі басым.
Алынған мәліметтерді талдай отырып, біз тек екі жақты созылмалы пневмониямен
бір сыналушының ғана ауруға деген қатынасының үйлесімді типімен анықтадық, демек,
сыналушының психикалық бейімделуі айтарлықтай бұзылмады. Бірақ бұл жағдайда ден
қоюдың үйлесімді типі диагностикаланбайды, себебі сыналушының қатынасының типі
эргопатиялық аралас болып табылады, яғнибұл типтер жауапкершілігінің жоғары
болуымен,ішнара байсалды, кейбір жағдайларда аурудың алдындағыдан да күшті
жұмысқа деген стеникалық қатынастымен сипаталады.
Ең алдымен, аурудың ауырлығына қарамастан, медициналық тексерулер мен
емдеуге деген сыналушылардың таңдамалы қатынастары және жұмысты жалғастыруға
деген ұмтылыстары сыналушының жауап бланкісін талдау кезінде байқалады. Дегенмен,
осы ауруға ден қою типі ауыр емес және аурудың өтілімен байланысты болуы мүмкін,
яғни ауру сыналушының өміріне айтарлықтай әсер етпейді. Сонымен қатар,
"Соматизацияланған психикалық бұзылыстарды ерте анықтауға арналған клиникалық
сауалнама" әдістемесінің жауаптарын талдау кезінде астения және депрессия белгілері
анықталған жоқ.
Екі жақты пневмониясы бар сыналушы алдыңғы науқасқа қарағанда, ауруға деген
өте жағымды қатынасы бар неврастениялық тип. Аурудың неврастениялық нұсқасында
"тітіркендіргіштің әлсіздігі" типі бойынша мінез-құлық байқалады. Сыналушыға, әсіресе
аурумен байланысты ауырсыну мен жағымсыз сезімдер кезінде сыртқы тітіркендіргіштер
күшті әсерін тигізеді,ауырсыну сезіміне және жеңілдетуді күтуге төзбеушілік
қатынастары байқалады. Сыналушымен әңгімелесу барысында қатты жөтелу уақытында
кеуде қуысында ауырсыну сезімдерінің пайда болуымен анықталды.
Зерттеу нәтижесінде анықталған мәліметтерге сүйенетін болсақ, АҚА негізінен ер
адамдар зардап шегетінін, ал әйелдер арасында бронх демікпесімен және АІЖ
ауруларымен ауыратындардың саны басым екенін байқауға болады.
Бронх демікпесімен ауыратын әйелдердің арасында ауруға деген қатынасы
байланысын байқауға болады, өйткені 5 сыналушының 4-де сенситивті тип анықталды.
52
Бұл типтердің ауруға деген қатынасы шамадан тыс әлсіз, жағымсыз сезімдерге берілгіш,
жандары тез жараланады, қоршағандарға ауру туралы айтылатын мәліметтерге деген
алаңдаушылық байқалады. Сондай-ақ, айналадағылардың науқасқа аяушылық, өкініш
сезімдерін көрсетіп, оған немқұрайлықпен қарауы, аурудың себебі мен табиғаты туралы
өтірік және жағымсыз қауесеттерді таратуы және тіпті науқастармен қарым-қатынас
жасаудан аулақ болу қаупі туады.
Сенситивті тип негізінен тұлғааралық қарым-қатынастарға байланысты көңіл-күйдің
тез өзгерістерімен сипатталады. Бронх демікпесінің негізгі белгілері жөтел ұстамалары,
демікпе, ауаның жетіспеуі сезімі, яғни бронх түйілуі құбылыстарынан тыныс алудың
функциялық бұзылуы болып табылады [5, 57]. Осыған байланысты, науқастар
ингаляторларды қолдануға мәжбүр, бұл науқастарғаоларды адамдардың ортасында
пайдаланған кезде ыңғайсыз немесе ұялу сезімін тудыруы мүмкін.
ТОБОЛ әдістемесінің жауап бланкілерін талдай отырып, бронх демікпесімен
ауыратын науқастарда кейбір блоктарда ұқсас жауаптар байқалды. Мысалы, "Туған-
туысқандары мен жақындарына қатынасы" блогында, барлығы өз ауруын тіпті жақын
адамдардың алдында ұялатады деп жауап берді. Сондай-ақ, екі сыналушының
мазасыздануі типі анықталды, ол өз кезегінде аурудың қолайсыз ағымына, ықтимал
асқынуларға, сондай-ақ емдеудің тиімсіздігіне және тіпті қауіптілігіне қатысты үздіксіз
мазасызданумен сипатталады.
Мазасыз типтегі ауруға қатынасымен анықталғансыналушылар үнемі жаңа емдеу
тәсілдерін, ауру және емдеу әдістері туралы қосымша ақпаратты іздейді, емдеуші
дәрігерді жиі ауыстырады. Аурудың ипохондрикалық типімен салыстырғанда,
субъективті сезімге қарағанда объективті деректерге (талдаулардың нәтижелері,
дәрігерлердің қорытындысы) қызығушылық танытады. Әдетте мұндай типтегі науқастар
өздерінің шексіз шағымдарынан гөрі, басқаларында ауруларының пайда болуы туралы
тыңдауды жөн санайды. Көңіл-күй көбінесе мазасыз.
Мазасыздану салдарынан көңіл-күйдің өзгерістері мен психикалық белсенділіктің
төмендеуі байқалады. Бұл типтің обсессивті-фобиялық нұсқасында-аурудың нақты емес,
ықтимал асқынулары, емдеудің сәтсіздігі, сондай-ақ өмірде, жұмыста және аурумен
байланысты жақындарымен қарым-қатынаста болуы мүмкін сәтсіздіктерге қатысты
үрейленушілік байқалады. Ауруға мазасыздық қатынасы бронх демікпесімен ауыратын
науқастарда ауаның жетіспеуіне байланысты тұншығу қорқынышымен байланысты болуы
мүмкін.
Ауруға қатынастың таза типтерінен басқа, бронх демікпесі диагнозы қойылған
сыналушылардың бірінде екі түрдегі сипаттамаларды қамтитын аурудың сенситивті-
мазасыздану типі байқалды. Сондай-ақ аралас типтерде, сенситивтіден басқа бір
сыналушыда дисфориялық, екіншісінде-эгоцентрикалық және ипохондриялық типтер
анықталды. Аурудың барлық үш типінде қоршағандардың назар аударту бағыттары ұқсас.
Мысалы, аурудың ипохондриялық типі нақты аурудың симптомдарын асыра көрсетуімен
және жақын адамдар, дәрігерлер т.б. назарын өзіне үнемі аударумен сипатталса, ал
эгоцентрикалық типтегі науқастар ауруға байланысты пайда іздейді. Мұндай науқастар
қоршағандардың оларға көңіл бөліп, аяушылық сезімдерін көрсетуі үшін, аурудың
белгілері туралы «айғайлап» айтуды жөн санайды.
Дисфориялық (агрессивті) типтегі ауруға қатынасы анықталған сыналушылар
ауруына байланысты өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді, өйткені олардың көңіл-
күйінде өкініш, ашу-ыза сезімдері басымырақ келеді. Демек, бронх демікпесі бар
сыналушыларда сенситивті типтегі ауруға қатынасы байқалады, себебі бұл аурудың өту
және емдеу ерекшеліктерімен байланысты болып, қоршағандардың назарын өзіне
аударуға бағытталады. Бронх демікпесімен ауыратын сыналушылардың ауруға деген
қатынасы жағымсыз, әлеуметтік бейімделудің бұзылуымен және дезадаптивті мінез-
құлықтың теріс элементтерімен анықталды.
53
Аяғының жарақатына байланысты медициналық көмекке жүгінген сыналушыда
ауруға қатынастың эгоцентрикалық типі анықталды. Бұл сыналушы тізе буынына ауыр
жарақат алып, жарты жылға жуық оңалтудан өтеді. Ауруға қатынастың эгоцентрикалық
типімен анықталған сыналушы айтарлықтай аз оңалту мерзімі аралығында қоршағандар
тарапынан аяныш пен қамқорлық сезіміне дағдыланып, осының негізінде ауру мен кейбір
берілетін жеңілдіктерді «қабылдаған».
Сонымен бірге, сыналушының жауап бланкілерін талдау кезінде, қызықты жайттар
байқалды, мысалы, бірінші блокта науқас өзін жақсы сезінуі айналадағылардың оған
қатынасына байланысты немесе бұл оның ойынша, туған-туыстары және жұмыстағы
әріптестерінің оның сырқатының қаншалықты салмақты екендігін түсінбеуінендеп
есептейді. Сондай-ақ науқас жалғыз қалып, айналасындағылар тарапынан қолдаудан
айырылудан қорқады.
АІЖ ауруларынан зардап шегетін адамдардың ауруға қатынасында мазасыздық,
апатиялық және сенситивті типтер кездеседі. Бұл типтер басқа ауру түрлеріне қатысты
сипатталған, дегенмен, аурудың сенситивті түрінің болуы АІЖ ауруларының
симптомдарымен байланысты болуы мүмкін. Асқазан гастриті мен холециститтің ұқсас
симптомдары бар, мысалы, жүрек айнуы, құсу, нәжіспен проблемалар, ауырсыну және т.б.
Сонымен қатар, гастрит кезінде науқастарда салмақтың жоғалуы байқалады, бұл ұялу пен
ыңғайсыздық сезімін тудыруы мүмкін.
Апатиялық типтегі ауруға қатынасекінші блокқа кіреді және өз тағдырына, аурудың
нәтижесі мен емдеу нәтижелеріне немқұрайлылық білдірумен сипатталады. Мұндай
науқастар жақындары немесе дәрігерлер тарапынан қысым көрсету кезінде де ем
шараларына еріксіз бағынады. Сондай-ақ, өмірге және бұрын ләззат алған барлық нәрсеге
қызығушылықтың жоғалуы орын алады. Әлсіздік пен апатия науқастың тіршілік
әрекетінің барлық салаларында көрініс береді. Біздің зерттеуімізге қатысқан асқазанның
гастритімен сыналатын бір науқаста ауруға қатынастың апатиялық типі анықталды,
сондай-ақ бірінші әдістемені жүргізу нәтижесінде апатияның жоғары көрсеткіштері
байқалды.
Жіті пиелонефриті бар науқастарда ауруға деген неврастениялық және аралас
қатынас типтері: сенситивті-үрейлі және апатиялы-дисфориялық диагноз қойылды.
Апатиялық типтегі дисфориялық үйлесімде, өмірдің барлық салаларында әлсіздік және
апатия, сондай-ақ мінез-құлқында кекшілдік және агрессивтілік сияқты ерекшеліктер
пайда болуы мүмкін.
Бұдан әрі СҚА бар пациенттер қаралады. Бұл категорияға инсульт алған және
жоғары қан қысыммен зардап шегетін ЖИА аурулары кірді. Сыналушылардың арасында
сенситивті, ипохондрикалық, параноидтық, эгоцентрикалық және дисфориялық
аурулармен ауыратын науқастар бар, олардың кейбіреулері аралас типтері түрінде
ұсынылған.
Параноидтық типтегі ауруға қатынасы бар науқастар күдікшіл және өз ауруына
қатынасы қорқынышты сипатта болады. Олар сондай-ақ барлық мүмкін болатын
асқынуларды немесе дәрігерлердің салақ қатынастарынан қасақана ниетін анықтауға
ұмтылады. Аталған типтегі сыналушылардың бірінің жауап бланкісінде ауруға
қатынасына сәйкес кейбір дербес деректер алынды. Мысалы, "Тәбет және тамаққа
қатынасы" блогында сыналушылар өздері әзірлеген диеталарды ұстайтынын көрсетті.
Мұндай мінез-құлық ригидті ипохондрияға тән.
Сондай-ақ, емдеуге қатысты сыналушылар дәрігерлердің емдеу әдістеріне
сенімсіздікті сезінетінін, әсіресе олар тағайындаған инновациялықкөптеген дәрі-
дәрмектердің , қауіпті және мүлде қажет емес екенін көрсетті. СҚА-мен сыналушылардың
біреуінде ауруға деген қатынастың таза параноидық типі, екінші науқаста эгоцентрикалық
типпен бірге құраушы ретінде диагноз қойылды.
54
Сондай-ақ қан қысымы жоғары сыналушыда ауруға қатынастың эгоцентрикалық
түрі анықталды, бірақ сенситивті үйлесімде, бұл жеткілікті қарама-қайшы комбинация
болып
табылады.
Сенситивті
типтегі
науқас
өзінің
ауруына
байланысты
айналасындағыларға артық ыңғайсыздықтарды туғызғысы келмесе және өзіне артық көңіл
аударғанда қаламаса, онда ауруға қатынастың эгоцентрикалық типі мүлдем қарама-қарсы
болады сипатта болады. Дегенмен, ауруға деген қарым-қатынастың екі түрі де үшінші
блокқа кіреді және науқастардың әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына себепші болатын
ауруға жеке бастың әрекет етуінің интерпсихиялық бағыттылығымен сипатталады.
СҚА науқастарының арасында да ауруға қатынастың ипохондриялық типі бар.
Мұндай науқастарда емделу ниеті жетістікке жетуге сенімсіздікпен қарайды және үнемі
беделді мамандардың мұқият тексеруін талап етіп, емдік шаралардан қорқу және олардың
кері әсерінен қауіптенумен үйлеседі.
Ұйымдастырылған зерттеу барысында алынған мәліметтерге негіздей отырып, біз
ипохондриясы бар сыналушылардың ауруға деген қатынас типі ауруға тәуелділігімен
ерекшеленеді деген қорытынды жасай аламыз. Сондай-ақ, бронх демікпесімен ауыратын
науқастардың ауру ағымының ерекшеліктеріне байланысты ауруға қатынасының
сенситивті типінің басымдылығы туралы мәліметтері алынды.
АІЖ ауруларымен сыналушылардың ауруға қатынасының сенситивті типі аурудың
өту ерекшеліктерімен және негізгі симптомдарымен байланысты болуы мүмкін. АІЖ
ауруларынан зардап шегетін науқастарда да ауру мен ауруға қатынас түрі арасындағы
үрдіс анықталды. Асқазанның гастритімен және холециститпен сыналатын адамдардың,
көбінесе, ауруға деген мазасыздық және сенситивті типтері кездесті. Бұл науқастар
қатерлі ісікке олардың өту қаупіне байланысты осы ауруларға қатысты алаңдаушылық
сезімін сезінуі мүмкін.
Сондай-ақ медициналық мекемелердің мамандарына әр пациентке жеке тұрғыдан
келу қағидасын басшылыққа алу ұсынылады, себебі зерттеу көрсеткендей, бір ауру
түрінің өзіне деген науқастың қатынасы әр жағдайда да оған қатынасы мүлдем әртүрлі
болуы мүмкін. Сондай-ақ, пациенттер қоятын шағымдардың сипатына назар аудару керек,
өйткені олар тек науқастың соматикалық жағдайына ғана емес, сонымен қатар
психикалық жағдайына байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ ипохондрияның бар
екендігін куәландырады. Бұл зерттеу ипохондрия мәселесімен айналысатын
психологтерге, психотерапевтерге және психиатрларға да пайдалы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |