Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет49/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

 
 
 
РЕЗЮМЕ  
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  воспитания  учащихся  начальных  классов  с 
использованием элементов народной педагогики и традиций казахского народа.  
 
RESUME 
 
The article deals with the problems of education of primary school students using elements of folk 
pedagogy and traditions of the Kazakh people, and contributes to the formation of personality on the basis 
of national education.  
 


 
82 
ӘОЖ 612 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.А. Линник 
М. Қозыбаев атындағы  
Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті,  
биол. ғыл. канд., доцент 
 
Д.Ю. Зернов 
М. Қозыбаев атындағы  
Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
И.Б. Шлак  
М. Қозыбаев атындағы  
Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті
магистр 
 
Е.В. Сотниченко  
М. Қозыбаев атындағы  
Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті
магистр 
 
Студенттердің оқу 
процесі кезіндегі 
жүрек-қантамыр 
жүйесінің 
көрсеткіштер 
анализі 
 
Аннотация 
Студенттердің  әртүрлі  мамандануы  кезінде 
оқу  жүктемесін  арттыру  жағдайында  ағзаның 
функционалдық мүмкіндіктерін арттыру мәселесі 
қазіргі  уақытта  өте  өзекті  міндет  болып 
табылады.  Студенттердің  денсаулығын  сақтау 
және 
жұмысқа 
қабілеттілігін 
арттырудың 
ғылыми  негіздері  ЖОО-да  оқудың  қайда  және 
қандай  кезеңдерінде  қауіп  факторлары  пайда 
болады және студенттердің денсаулығы ЖОО-ға 
дейінгі кезеңде өмір сүруге детерминацияланған. 
Жоғары 
оқу 
орындарында 
кәсіби 
және 
зияткерлік  білім  алудың  тиімділігі  бірқатар 
факторларға, соның ішінде студенттер ағзасының 
функционалдық  жағдайына,  олардың  салауатты 
өмір  салты қатынасына байланысты. Студенттер 
әлеуметтік  белсенді  және  мобильді  топ  болып 
табылады, 
олар 
еліміздің 
болашағын 
айқындайды.  Маман  тек  таңдаған  мамандық 
бойынша  ғана  өте  жақсы  дайындалмай,  білекті, 
шыдамды,  кез  келген  кәсіби  міндеттерді  шеше 
алатын  болуы  керек.  Емтихандық  сұрақтар 
студенттерге  ауыр  стресстік  фактор  сезімін 
береді  және  орталық  жүйке  жүйесінің  тепе-
теңдігін  бұзады,  бұл  салдардан  жүректің  жұмыс 
істеуі  өзгереді.  Спортпен  жиі  айналысатын  өсіп 
келе  жатқан  жас  ұрпақ  қоршаған  ортаның 
қолайсыз әсеріне төзімді болып келеді. 
Түйін сөздер: физиологиялық көрсеткіштер, 
жүрек-қантамыр  жүйесі,  эмоциялық  кернеу, 
эмоциялық  күйзеліс,  оқу  үрдісі,  емтихан 
сессиясы, дене белсенділігі. 
 
 
Кіріспе 
Студенттер 
ағзасының 
қазіргі 
өмір 
жағдайларына  жауабы  көрсетілетін  әсердің 
ұзақтығы  мен  қарқындылығымен,  бастапқы 
физиологиялық  жай  күйімен,  оның  ішінде 
конституциясымен, 
жасымен, 
адамның 
жынысымен  анықталады.  Интенсивті  ақыл-ой 
белсенділігі, 
бос 
уақытпен 
физикалық 
жаттығуларға  жұмсалатын  уақыттың  азаюымен 
бірге  жүреді.  Қимыл  белсенділігінің  шектелуі 
ағзаның  функциясына  теріс  әсерін  тигізіп, 
бірқатар  аурулардың  пайда  болуына  әкеліп 
соғады.  Білім  алушылардың  функционалдық 
мүмкіндіктері олардың қажетті ақпараттық білім 
ағынын  меңгеру  және  қабылдау  қабілеттерінің 
обьективті өлшемі болып табылады. 
 


 
83 
Қазіргі білім беру кезеңінің принципиалды ерекшелігі – оны дифференциялау болып 
табылады.  Бұл  үрдіс  келесі  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады:  біріншіден,  әртүрлі 
білім  беру  мекемелері  кеңінен  таралады,  екіншіден,  педагогикалық  жүйелер  мен 
инновациялық технологиялар белсенді қолданылады. 
Жоғары  оқу  орындарында  оқу,  студенттер  денсаулығына  жоғары  талап  қояды. 
Студенттердің  ақыл-ой  әрекетіне  тән  бірқатар  ерекшеліктердің  жиынтығы  бар:  ол 
уақыттың  жетіспеуі  жағдайында  әртүрлі  ақпаратты  өңдеу  және  қабылдау,  жүйке  және 
эмоционалдық  күйзелістің,  кешкі  және  түнгі  уақыттағы  жұмыстардың  көп  бөлігінің 
орындалуы  жатады.  Мұның  бәрі  студенттердің  соматикалық  және  психикалық 
денсаулығына әсер етеді. Ерекше эмоционалды жүктемені студенттер емтихандар кезінде 
бастан  кешіреді,  бұл  типтік  стресспен  бірге  жүретін  биохимиялық,  физиологиялық, 
психологиялық реакциялардың іске қосылуына әкеп соғады [6]. 
Бейімделу  резервтерінің  шектеулілігі  жағдайында,  физикалық  немесе  ақыл-ой 
жүктемесінің  кез  келген  ұлғаюын,  ұзақ  немесе  тұрақты  сипатқа  ие  стрессорлық  әсер 
ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  бейімделу  резервтерінің  азаюына,  вегетативті 
функцияларды  реттеудегі  сәйкессіздік  жағдайына  әкеледі.  Адамның  тіршілік  әрекеті 
тұрақсыз  бейімделу  жағдайында  жүреді,  ол  шаршау,  жұмысқа  қабілеттіліктің  төмендеуі 
және қолайсыз әсерлерге төзімділіктің төмендеуі түрінде көрінеді. 
Осылайша, білім беру орындарында ағзаның бейімделу резервтерін сақтауға, қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  сипаттамаларына  байланысты  мәселелерді  қарау 
зерттеушілер  үшін  өзекті  мәселе  болып  көрінеді.  Қазіргі  уақытта  жастардың  денсаулық 
деңгейін  бағалау  әдістері  әзірленген.  Бейімделу  теориясы  қолданылатын,  денсаулықты 
бағалауға негізделген әдістер кеңінен қолданылады [2]. 
Зерттеу әдістері 
Экспериментке  М.  Қозыбаев  атындағы  Солтүстік  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің  17-18  жас  аралығындағы  АТФ-нің  1-курс  студенттері  ішінен  денсаулық 
жағдайы бойынша негізгі медициналық топқа жатқызылған, шамамен бірдей әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайдағы 60 адам қатысты. 
Зерттеу басталмас бұрын студенттер туралы мәліметтер тіркелді: зерттеу күні, тегі, 
аты,  әкесінің  аты,  курсы,  факультеті,  қандай спорт  түрімен  айналысады.  Көрсеткіштерді 
өлшеу және зерделеу 2018 жылдың желтоқсанында және 2019 жылдың мамыр айында оқу 
жүктемелеріне бейімделу кезеңін есепке ала отырып жүргізілді. Зерттеулер күннің бірінші 
жартысында  өткзілді,  биоритмологтардың  пікірінше,  осы  кезеңде  зерттелетін 
көрсеткіштер салыстырмалы тыныштық жағдайында тұрақты. 
Алға  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  физиологиялық  зерттеу  әдістері  мен 
математикалық статистика әдістері қолданылады.  
Зерттеуде  студенттер  ағзасының  функционалды  жағдайын  және  күйзеліс  деңгейін 
бағалау  үшін,  жүрек  және  қантамырларының  көрсеткіштері:  тамыр  соғу  жиілігі, 
артериалдық  қысым  деңгейі  (АД),  жүрек  ырғағының  вариабельділік  көрсеткіштері: 
вариациялық  серпіліс,  кернеу  индексі,  орташа  шаршылық  ауытқу,  Р.М.  Баевскийдің 
әдістемесі  бойынша  ФИЦТ  факультетінің  1-курс  студенттерінде  анықталды.  Қысымды 
Н.С.  Короткова  әдісі  бойынша  салыстырмалы  тыныштық  күйінде,  жарық  және  дыбыс 
сигналдары бар тонометрді оң жақ білекке қойып, өлшеді. Кардиоинтерналография (КИГ) 
жазбасы  жүргізіліп,  орташа  жүрек  соғу  жиілігі  анықталды.  Есептеу  әдістері  арқылы 
перифериялық  кедергіні,  систолалық  қан  көлемі  мен  минуттық  қан  көлемі  анықталды. 
Вариациялық статистика әдістері арқылы нәтижеге статистикалық өңдеу жүргізілді. 
Жүрек  және  тамырдың  реттелуі  функционалдық  жүйелерді  құрап,  бүкіл  ағзаның 
қызмет деңгейін қамтамасыз етеді. Қанайналым жүйесі күрделі нейро-рефлекторлық және 
нейро-гуморальдық  механизмдерге  ие  бола  отырып,  тиісті  құрылымдарды  қанмен 
қамтамасыз етіп отырады [8]. 


 
84 
Сонымен қатар, жүрек пен қан тамырлары бүкіл ағзаның бейімделу қызметі ретінде 
қарастырылады.  Жүрек  функциясы  мен  тамыр  жүйесінің  деңгейін  кешенді  бағалау  үшін 
жүректің  жұмысын  жүйедегі  кедергіні  және  реттелуін  анықтау  керек.  Бұл  көрсеткіштер 
бір-бірімен  өте  тығыз  байланысты.  Осы  көрсеткіштер  арқылы  ағза  қандай  «күшпен» 
белгілі  бір  жүктемелерге  және  қоршаған  орта  жағдайларына  бейімделу  деңгейіне 
жететіндігін анықтауға болады [7]. 
Жүректің  жүйкелік  реттелуі,  орталық  жүйке  жүйесі  мен  вегетативті  жүйелер  – 
симпатика және парасимпатика арқылы жүзеге асырылады. Оған қоса, И.П. Павлов (1912) 
вегетативті жүйке жүйесінің екі бөлімі-симпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің 
жүрек  жұмысы  мен  қантамырларын  реттеудегі  өзара  тығыз  байланысын  және  олардың 
биологиялық  орындылығы  мен  өзара  орын  басуын  көрсетеді.  Шынымен  де, 
парасимпатикалық  жүйке  жүйесі  тыныштық  күйіндегі  қан  тамырлары  мен  жүректің 
жұмысын  реттесе,  ал  симпатикалық  эмоционалдық  және  физикалық  жүктеме  кезіндегі 
реттелуді іске асырады [3]. 
Бір семестр бойы біз физиологиялық көрсеткіштерге өлшемдер жүргізіп, ақпараттық 
технология  факультетінің  1-курс  студенттерінде  жүрек  ритмінің  математикалық  анализ 
парамертрлерін  тіркедік.  Нәтижесінде,  оқу  іс-әрекеті  орталық  жүйке  жүйесіндегі 
бейімделу өзгерістерін туындатып,жүрек жұмысы көрсеткіштеріне ықпалын тигізеді. 
Қан  қысымы  мүшелерді  және  жүйелерді  қажетті  мөлшерде  қанмен  қамтамасыз 
ететіндігі  белгілі.  Систолалық  қан  қысым  қантамырлардағы  қанның  жалпы  массасында 
болатын  кинетикалық  және  потенциалдық  энергияны  бейнелейді.  Диастолалық  қан 
қысымы артерия серпімділігіне, перифериялық кедіргі көлеміне және жүрек жиырылуына 
байланысты болып келеді. 
Қалыпты  жағдайда,  ересек  адамдарда,  иық  артериясында  систолалық  қан  қысымы 
120-130 мм рт. ст., ал диастолалық қан қысымы 70-80 мм рт. ст. құрайды. 
Зерттеу нәтижелерінің анализі 
Қан қысымы айтарлықтай тұрақты болып келеді, бірақ оған қарамастан ол ағзаның 
функционалдық  жағдайының  өзгеруіне  байланысты  ауытқуы  мүмкін.  Қан  қысымын 
бағалау  кезінде  АТФ-тың  1-курс  студенттерінің  систолалық  және  диастолалық  қан 
қысымының мәндері (124,8 ± 1,13; 78 ± 0,88 мм рт. ст.) қалыпты жағдайда екенін көрсетті. 
Біз оқу семестрі бойы студенттердің жүрек соғу жиілігі мен қан қысымында айтарлықтай 
өзгерістерін байқамадық. 
Функцияны  реттеу  деңгейі  мен  сапасы,  ағзаның  тыныштық  жағдайынан  жұмыс 
жағдайына  немесе  керісінше,  әрекеттен  тыныштық  күйге  ауысу  кезінде  анықталады. 
Жүрек соғу жиілігін талдау – бұл реттеуші механизмдердің жүктеме дәрежесін бағалауға 
мүмкіндік беретін, донозоологиялық диагностиканың маңызды әдістерінің бірі [5]. 
Сессия жақындап, жүктемелердің артуына байланысты, емтиханға екі апта қалғанда, 
студенттерде  психофизикалық  жүктеменің  көбеюімен  функционалдық  жағдайының 
нашарлағаны  байқалды.  Бұл  дене  массасының  индексі  мен  вариация  ауқымының 
ұлғаюында  және  орташа  квадраттық  ауытқушалықтарда  көрініс  тапты.  Мұнда  тек 
организмнің  физиологиялық  жүйелерінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  реттеуші 
механизмдер, симпатикалық және парасимпатикалық әсерлерде қайта құрулар жүрді. Бұл 
мәліметтер  механизмдердің  күшеюі  мен  жүрек  тамыр  жүйесіне  әсер  ететін  вегетативті 
балансының симпатикалық әсерге ауысуын көрсетеді. 
Емтихандар  жақындаған  сайын  студенттердің  вегетативті  жүйке  жүйесінің 
динамикалық көрсеткіштері өсіп отырды. Симпатикалық бөлім қан тамырларын реттеуге 
тек  шұғыл жағдайда:  физикалық және ақыл-ой жүктемелері  кезінде қосылатыны белгілі. 
Біздің  жағдайда,  бұл  қарқынды  оқудың  әсерінен  ағзаның  функциялдық  резервтерінің 
төмендеуімен байланысты. 
Атап өтетін жайт, артериалық қан қысымы мен пульстін осы кезде өзгеруіне жүйке 
қызметіне көп күш түсуі мен студенттердің емтихандарға дайындығы әсер етеді. 


 
85 
Гемодинамика  көрсеткіштерінің  минимальді  өзгерісі  семестр  бойы  жақсы  оқыған, 
өзін-өзі бағалауы жоғары және жүйке жүйесінің инертті типі көрініс табатын студенттерде 
байқалды. Керісінше, өзін-өзі бағалауы төмен, сабақты ауру бойынша көп босатқан, оқуға 
нашар  дайындалған  студенттерде  қан  қысымы  мен  күш  индексі  көтерілуі  көп  кездесті. 
Емтиханға дайындалу кезінде орташа тамыр соғу көрсеткіштері, семестр бойы байқалған 
көрсеткіштерінен  12%  жоғары  болды.  Тамыр  соғуының  жиілігі  5  күн  ішінде  өсе  берді, 
емтиханға 2 күн қалғанда одан да ұлғая түсті. Емтиханның алдында студенттер ағзасының 
шаршауына байланысты студенттерде жүрек соғу жиілігінің азайғаны байқалды. Емтихан 
болар күні, тамыр соғу жиілігі қалыптыдан 25%-ға жоғарғы болып, 1-2 күннен кейін оның 
төмендегені  көрінді.  Зерттеушілердің  айтуы  бойынша,  парасимпатикалық  жүйке 
жүйесінің  қалпына  келуі  үшін  емтиханнан  кейін  біраз  күндер  талап  етіледі.  Бұл  жағдай 
артериялық  қысымда  да  көрініс  тапты,  өйткені  емтиханнан  кейін  48  сағат  өткенде 
артериялық қысымның минималды көрсеткіштері байқалды. 
Оған  қоса,  емтиханға  дайындалу  кезінде  вегетативті  жүйке  жүйесінің  дәрежесі 
зерттеліп,  яғни  жүрек  соғу  жиілігінің,  қан  қысымының  күрт  төмендеуі  және  жүрек  соғу 
жылдамдығының  математикалық  талдауының  көрсеткіштері  көрінді.  Студенттерде 
вегетативті  жүйке  жүйесінің  максималды  көрсеткіштері  емтихан  алдында  байқалды. 
Вегетативті  жүйке  жүйесінің  басты  көрсеткіштері  эмоционалдық  стресстің  шыңында 
тіркелген. 
Вегетативті  көрсеткіштердің  өзгеру  динамикасы  көбінесе  емтиханнан  алған 
бағаларға  байланысты  болды  (дәлірек  айтқанда,  жоспарланған  бағаға  сәйкестігі).  Егер 
студент  тапсырған  емтиханның  бағасы  жақсы  болса,  өзі  қалаған  бағаны  алса,  оның 
симпатикалық  жүйке  жүйесі  белсенді  болады.  Егер  емтихан  бағасы  қанағаттанарлық 
болмаса, парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі көрініс табады. Бұл емтиханнан 
кейінгі  симпатикалық  және  парсимпатикалық  жүйке  жүйесінің  мәндеріне  сүйенеді. 
Емтиханды  жақсы  тапсырған  студенттің,  нашар  тапсырған  студентке  қарағанда,  қан 
қысымы жоғары деңгейде ұзақ сақталған.  
Осыдан  түйін:  емтихан  сессиясы  студенттер  үшін  күшті  стрессорлық  фактор  бола 
отырып,  олардың  вегетативтік  жүйке  жүйесі  тұрақтылығының  бұзылуын  тудырады,  бұл 
КИ айтарлықтай ұлғаюында, ОКА, ВА төмендеуінде көрінеді.  
Қорытынды 
Адам эволюциясы процесінде эмоциялар әрдайым қозғалыспен байланысты болған. 
Жоғары  эмоциялар  кезінде  бұлшық  ет  функцияларының  төмендеуі  вегетативті 
компонентті  ерекше  айқын  етеді.  Содан,  жоғары  симпатикотониялық  әсердің  ағзаның 
бірқатар  функционалдық  жүйелеріне,  ең  алдымен  жүрек  және  қантамыр  жүйелеріне 
жағымсыз әсер етеді [1]. 
Әрине,  күн  тәртібін  сақтау,  дұрыс  ұйымдастырылған  оқу  процесі,  қозғалыс 
белсенділігі,  тиімді  тамақтану,  өскелең  ұрпақтың  валеологиялық  ағартуы  жетекші 
сауықтыру  факторы  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта,  гиподинамия  мәселесі  ересек 
адамдар үшін ғана емес, оқушы жастар үшін де өзекті болып отыр, студенттер арасында 
оның таралуы жасымен ұлғаяды [4]. 
Практикалық ұсыныстар 
Қозғалыс  белсенділігінің  төмендеуін  студенттердің  оқу  және  ақпараттық  шамадан 
тыс жүктелуіне байланысты ескеру қажет, дене шынықтырумен айналысу гиподинамияны 
ішінара ғана өтейді. 
Зерттеу  нәтижелері  бойынша  жоғары  қозғалу  белсенділігі  бар  тұлғалар  сыртқы 
ортаның қолайсыз факторларына күйзеліске төзімді екендігі анықталды. 
Жүрек-қантамыр жүйесі бойынша алынған тәжірибелік деректер оқу үдерісін тиімді 
ұйымдастыру үшін қажет. 
Зерттеу  нәтижелері  дене  шынықтыру  мамандарының  практикалық  қызметінде 
қолданылуы мүмкін. 


 
86 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет