Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет54/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

Л.О. Баймолдина  
әл-Фараби атындағы  
Қазақ ұлттық университеті,  
PhD, доцент м.а. 
 
Тұлғаның 
даралық 
ерекшеліктеріне 
қарай музыкалық 
жанрларды 
қабылдаудың 
психологиялық 
аспектілері
  
 
Аннотация 
Көптеген  ежелгі  және  заманауи  ғалымдар 
адам  өмірінде  музыканың  алатын  орны  ерекше 
екендігін  және  адам  өмірінің  бір  бөлігі  ретінде 
қарастырған. 
Алдымен, 
музыка 
адам 
психикасына 
әсер 
етеді 
және 
адам 
организміндегі  жауап  реакциясын  тудырады. 
Адам  бас  миында  музыканы  қабылдауға  жауап 
беретін  жеке  орталық  бар  екендігі  дәлелденбесе 
де,  музыка  және  музыка  дыбыстарының  адам 
мінез-құлқына, 
индивидуалды 
дамуына, 
реакциясына  міндетті  түрде  әсері  болады. 
Сонымен  қатар,  музыканың  адамға  әсерін 
қарастырғанда,  музыкотерапия  деген  ұғымды  да 
айтып кеткен жөн. Музыкалық терапия дегеніміз 
музыкамен емдеу, яғни, ақыл-ой мен эмоциялық 
әрекетке  байланысты  ауруларды  ғасырлар  бойы 
анықталған емдеудің түрі. 
Қазіргі  таңда  біз  адам  өмірін  музыкасыз 
мүлдем  елестете  алмаймыз.  Яғни,  музыка  адам 
өмірінің  бір  бөлігі  ретінде  қалыптасты  десек  те 
артық  емес.  Сол  себепті  оның  тұлғаға  әсері, 
тұлғаның 
индивидуалды 
даралық 
ерекшеліктеріне әсері әбден болады және ол әсер 
адамда  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Себебі,  әр  адам 
музыканы әртүрлі қабылдайды. Осыған орай, біз 
зерттеуімізде тұлғаның даралық ерекшеліктеріне 
қарай 
музыка 
жанрларын 
қабылдау 
ерекшеліктерін анықтауға тырыстық. 
Түйін 
сөздер: 
музыкалық 
терапия, 
музыкалық  психология,  музыканы  қабылдау, 
тұлғалық 
даралық 
ерекшеліктер, 
жанр, 
музыкалық қабілеттілік. 
 
 
Көптеген  ежелгі  және  заманауи  ғалымдар 
адам  өмірінде  музыканың  алатын  орны  ерекше 
екендігін  және  адам  өмірінің  бір  бөлігі  ретінде 
қарастырған. 
Алдымен, 
музыка 
адам 
психикасына  әсер  етеді  және  адам  ағзасында 
жауап  реакциясын  тудырады.  Адам  бас  миында 
музыканы  қабылдауға  жауап  беретін  жеке 
орталық  бар  екендігі  дәлелденбесе  де,  музыка 
және  музыка  дыбыстарының  адам  мінез-
құлқына,  индивидуалды  дамуына,  реакциясына 
міндетті түрде әсері болады.  
Музыкалық 
психологияда 
музыкалық 
қабылдау  мәселесі  ерекше  орын  алады.  Бұл 
мәселеге    көптеген     кітаптар     мен     еңбектер 


 
92 
арналған.  Осы  саладағы  негізгі  жұмыстардың  бірі  Б.М.  Тепловтың  жұмысы  болып 
табылады.  Ол  өзінің  көзқарасының  эстетикалық-теориялық  негізі  ретінде,  эмоцияларды 
тануды-  музыка  мазмұнының  басты  компоненті  болып  табылатындығы  туралы 
мәселелерді  қарастырған  болатын.  Б.М.  Тепловтың  еңбегінде  музыкалық  қабылдау  - 
әртүрлі  позициялардан,  түрлі  функциялардан  оқытылады.  Автор  оның  орындалуы  мен 
шығармашылығындағы  түзету  функциясын,  эстетикалық  жағынан  музыкаға  сай  келетін 
тыңдаушыны  қабылдау  ерекшеліктерін,  психиканың  даму  процесінде  қабылдау 
дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын талдайды [1]. 
Сонымен  қатар,  музыкалық  қабылдауға  әсер  ететін  музыкалық  құрылымдағы  үш 
негізгі музыкалық қабілеттіліктің бар екенін дәлелдеді:  
− саздық сезімнің (музыкалық есту қабілетінің перцептивті компоненті); 
− дыбыс  шығару  қозғалысын  көрсететін  есту  түсініктерін  еркін  пайдалану 
қабілетінің (есту қабілетігің репродуктивті компоненті); 
− музыкалық-ырғақтық сезімдер. 
Г.М.  Цыпин  өзінің  "музыка  қызметінің  психологиясы"  кітабында  музыкалық 
қабылдау  құрылымы  мен  табиғатына  байланысты  көптеген  мәселелерді  қарастырды. 
Цыпин музыкалық қабылдау принциптеріне әртүрлі көзқарастарды талдайды, музыкалық 
қызметте  сана  және  бейсаналық,  интуитивті  және  рационалды-логикалық  қарым-
қатынасты зерттейді [2]. 
Музыканы қабылдау мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың қатарына 
Е.В.  Найзакинскийді  айрықша  атап  өтуге  болады.  Автор  музыкалық  қабылдау 
заңдылықтарын  оның  құрылу  ерекшелі  ктерінің  байланысын,  жанрлық  бітістері  мен 
туындының мазмұнын қарастырады [3]. 
XIX  ғасырдың  соңында  музыканың  әсер  ету  механизмін  көрнекті  орыс  физиологы 
И.М.  Сеченовтың  оқушысы  И.Р.  Тарханов  зерттеді.  1893  жылы  ол  Петербургте 
"музыканың адам ағзасына әсері туралы" мақаласын жариялады, онда үйлесімді музыка – 
жүрек-тамыр,  тыныс  алу,  асқорыту  жүйелерінің  жұмыс  істеуіне  оң  әсер  ететініне  назар 
аударды.  Ол  әдемі  музыка  жұмысқа  қабілеттілікті  арттыруға  және  қысымды  бәсеңсітуге 
ықпал ететінін атап өтті.  
ХХ  ғасырдың  басында  В.М.  Бехтерев  бесік  әндері  балалардағы  невроздың  алдын 
алуға ықпал ететіні  туралы жазған. Қазіргі уақытта француз ұлттық пренаталдық  тәрбие 
қауымдастығының  мамандары  адамның  құрсақішілік  дамудың  5  айында  музыкаға  өте 
ерте ден қоя бастағанын анықтады [4]. 
Сонымен  қатар,  музыканың  адамға  әсерін  қарастырғанда,  музыкотерапия  деген 
ұғымды айтып кеткен жөн. Мүмкін, ішкі үйлесімділікке әкелетін ең қолжетімді тәсіл-өзін 
және  басқа  адамдарды  қабылдаудың  дұрыстығын,  сезімдерін,  эмоциялардың 
үйлесімділігін  көздейтін  музыкотерапия.  Жалпы,  «терапия»  –  латын  тілінен  аударғанда 
емдеу  деген  ұғымды  білдіреді,  сонда  музыкалық  терапия  дегеніміз  музыкамен  емдеу, 
яғни, ақыл-ой мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған 
емдеудің түрі. Немесе, әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық терапия 
деп  те  атауға  болады.  Музыкотерапия  –  музыканы  емдеу  құралы  ретінде  қолданатын 
психотерапиялық  әдіс  болып  табылады.  Көптеген  ғалымдар  психотерапияны  былай  деп 
қарастырады: 
−  Соматикалық  және  психикалық  аурулардан  зардап  шегетін  балалар  мен 
ересектерді емдеуде, оңалтуда, қалыптастыруда және тәрбиелеуде музыканы қолдану [5]; 
−  Аурудың  немесе  бұзылудың  физиологиялық  және  психоәлеуметтік  аспектілерін 
емдеу үшін музыканы жүйелі пайдалану [6]; 
−  Шығармашылық күш пен педагогикалық-тәрбие жұмысын оңтайландыру құралы 
[7]; 
Негізінен, музыкотерапияның басты 3 формасын атап өтуге болады: 


 
93 
1.  Рецептивті  музыкотерапия  (пассивті)  –  музыкатотерапиялық  сеанс  барысында 
емделушінің  қарапайым  тыңдаушы  позициясын  алып,  оған  белсенді  қатыспайды.  Ол 
әртүрлі  музыкалық  композицияларды  тыңдайды  немесе  оның  психикалық  денсаулық 
жағдайына және емдеу кезеңіне жауап беретін түрлі дыбыстарды тыңдайды. 
2.  Музыкалық  терапияның  белсенді  әдістері  музыкалық  материалмен  белсенді 
жұмыс істеуге негізделген: аспаптық ойын, ән айту. 
3.  Интегративті  музыкотерапия  музыкамен  қатар  өнердің  басқа  түрлерінің 
мүмкіндіктерін  іске  қосады:  музыкаға  сурет  салу,  музыкалық-қозғалмалы  ойындар, 
пантомима,  музыкаға  пластикалық  драматургия,  музыка  тыңдағаннан  кейін  өлеңдер, 
суреттер, әңгімелер жасау және т.б. шығармашылық формалар [8]. 
Музыканың  адам  ағзасына  сауықтыру  әсерінің  алғашқы  зерттеулері  XIX  ғасырдың 
аяғында басталды. 1899 жылы невропатолог Джеймс Л. Корнинг алғаш рет емделушілерді 
емдеу  үшін  музыканы  пайдалана  отырып  зерттеу  жүргізді.  Музыканың  адамға  әсер  ету 
механизмін зерттейтін алғашқы ғылыми еңбектер XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 
басында  пайда  болды.  В.М.  Бехтерев,  И.М.  Догель,  И.Р.  Тархановтың  және  т.б. 
жұмыстарында  музыканың  орталық  жүйке  жүйесіне,  тыныс  алуға,  қан  айналымына 
жағымды әсерлері туралы деректер пайда болады [9]. 
Қазіргі  таңда  біз  адам  өмірін  музыкасыз  мүлдем  елестете  алмаймыз.  Яғни,  музыка 
адам өмірінің бір бөлігі ретінде қалыптасты десек те артық емес. Сол себепті оның тұлғаға 
әсері, тұлғаның индивидуалды даралық ерекшеліктеріне әсері әбден болады және ол әсер 
адамда  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Себебі,  әр  адам  музыканы  әртүрлі  қабылдайды.  Осыған 
орай, зерттеуімізде тұлғаның даралық ерекшеліктеріне қарай музыка жанрларын қабылдау 
өзгешеліктерін  қарастырдық.  Зерттеуге  17-21  жас  аралығындағы  студенттер  жастар 
қатысты. Тұлғалық даралық ерекшеліктерін анықтау үшін 16 факторлық Кеттел әдістемесі 
және қандай музыкалық жанрларды қалайтынын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. 
Осы 16 фактордың жалпы алынған нәтижелердің орташа мәні бойынша көрсеткішті 
төмендегі суреттен көруге болады (сурет 1). 
Он алты фактор бойынша  
 
 
 
Сурет 1 
 
Суреттен көріп тұрғанымыздай H, L, Q3 факторлары жоғарғы нәтижені көрсетіп тұр. 
Демек  әдістеме  жүргізілген  студенттер  арасында  батылдық,  белсенділік,  тәуелділікке 
бейімділік, күмәншіл, байқампаздық және өзін-өзі жоғары бақылау, өз эмоциясын, мінез-
құлқын  бақылау  алу  секілді  қасиеттер  басқа  қасиеттерге  қарағанда  жоғарырақ.  Ал  С 
факторы  басқа  факторларға  қарағанда  төменірек,  яғни,  студенттердің  эмоционалды 
тұрақтылық дәрежесі ортадан төменірек. 


 
94 
Факторлар  арасындағы  байланыстың  бар  екендігін  анықтау  үшін  Спирменнің 
рангілік  корреляция  коэффиценті  арқылы  есептелінді.Студенттердің  психологиялық 
индивидуалды  даралық  ерекшеліктерін  анықтау  барысында,  кейбір  шкалалар  арасында 
корреляция бар екендігін көруге болады. Мысалы,  
А  факторы  (ашықтық-тұйықтық)  мен  F  факторы  (ұстамды-экспрессивті)  арасында 
корреляция  бар.  Яғни,  қарым-қатынасқа  жеңіл  түсетін  адам  экпрессивті  болып  келсе,  ал 
тұйық адам керісінше, ұстамды болып келеді (r=0.673; р=0,01). 
G  факторы  (мінез-құлықтың  төмен  нормативтілігі-мінез-құлықтың  жоғары 
нормативтілігі)  мен  N  факторы  (бірбеткейлік-дипломаттылық).  Адамның  мінез-құлық 
нормативі  төмен  болған  сайын,  бірбеткейлік  қасиеті  жоғары  болады.  Ал,  мінез-құлық 
нормативі  төмен  болса,  тұлға  бойында  дипломаттылық  қасиеті  жоғары  болатындығы 
(r=0,793; p=0,01) анықталды. 
I  факторы  (қаттылық-сезімталдылық)  мен  Q1  факторы  (консерватизм-радикализм). 
Тұлға бойындағы қаттылық,қатаңдық қасиетінің болуы, оның консерваттылық қасиетінің 
жоғары болуына алып келеді. Ал, егер тұлға бойында сезімталдық қасиет басым болатын 
болса, онда, керісінше, радикалдылық қасиеті жоғары болады (r=0.689; p=0,01). 
Q2 факторы (конформизм-нонконформизм) мен O факторы (сабырлы-үрейлі). Тұлға 
сабырлы  болған  сайын,  оның  бойындағы  нонконформизм  қасиеті  боғары  болады.  Ал, 
үрейлі  болған  сайын,  керісінше,  конформизм  қасиеті  жоғары  болады  (r=0,747;  p=0,01) 
деген нәтижелер жасауға болады. 
Индивидуалды даралық ерекшеліктеріне қарай студенттердің музыкалық жанрларды 
қабылдау  нәтижелерін  анықтау  үшін  сауалнама  жүргізіліп,  нәтижесі  келесі  диаграммада 
ұсынылып отыр. 
 
 
 
Сурет 2 
 
Сонымен  классика  музыка  жанрын  9  студент  жиі  тыңдаса,  поп  музыка  жанрын  4 
студент, рэп жанрын 2, ал рок музыка жанрын 1 студент тыңдайды.  
Ал,  интеллектуалды  даралық  ерекшеліктеріне  байланысты  классика  және  поп 
музыка жанрын тыңдайтын студенттердің интеллект дәрежесінің жоғарғы деңгейі, ойлау 
ригидтілігі,  оқуға  деген  жоғары  қабілеттілік  секілді  қасиеттер  басқа  музыка  жанрын 
тыңдайтын студенттерге қарағанда жоғарғы көрсеткіш берді. 
Жалпы  зерттеу  жұмысымды  қортындылай  келе,  интеллект  деңгейі  жоғары, 
эмоционалды  тұрақты,  батыл,  өзін-өзі  жоғары  бақылау,  еріктің  күшітілігі,  өжеттілік, 
сезімталдық  яғни,  әлемді  шығармашылық  түрде  қабылдау,  эмпатияға  бейімділік, 
дипломаттылық,  яғни  ортада  өз-өзін  ұстай  алу,  өзінің  жеке  ойы,  пікірі  бар,  мінез-


 
95 
құлықтың  жоғары  нормативтілігі,  жауапкершілік,  қарым-қатынасқа  жеңіл  түсу,  өмірге 
деген  құштарлық  секілді  қасиеттер  тән  тұлғалар  көп  жағдайда-  классикалық  және  поп 
музыканы таңдайтыны белгілі болды. 
Ал,  күмәншілдік,  үрейлік,  интеллекттің  төмен  деңгейі,  эмоционалды  тұрақсыздық, 
мотивацияның төмендігі, өз-өзіне деген сенімсіздік, өз-өзіне көңілі толмау, агрессивтілік 
секілді қасиеттер тән тұлғалар- рэп және музыка жанрын таңдады. 
Сонымен,  алынған  нәтижелерді  талдай  отырып,  мынадай  қорытынды  жасауға 
болады: 
•  Тұлғаның  индивидуалды  даралық  ерекшеліктеріне  қарай  музыкалық  жанрларды 
қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігі дәлелденді. 
•  Музыкалық  жанрлардың  ішінде  классика  және  поп  музыка  жанрларындағы 
әуендерді  тыңдау  тұлғаның  индивидуалды  даму  дәрежесіне,  ойлау  және  интеллект 
дәрежесінің жоғары болуына тікелей әсер етеді. 
•  Рок  музыка  жанрын  тыңдайтын  тұлғалар  тұйық,  ойлау  дәрежесінің  және 
индивидуалды даму дәрежесінің төмен болуына әсер ететіні белгілі болды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет