Ж.С. Шалабаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті,
PhD докторанты
Г.П. Мейрбекова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университеті,
PhD, доцент м.а.
Ж. Сапаркызы
Қоркыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті,
PhD
Болашақ
бастауыш сынып
мұғалімінің оқу іс-
әрекетін
жаңартылған
білім мазмұны
негізінде
ұйымдастыру
Аннотация
Мақалада болашақ бастауыш сынып
мұғалімінің
оқу
іс-әрекетін
ұйымдастыру
қарастырылады.
Жаңартылған
білім
беру
жағдайында оқыту процесі оқыту нәтижелерінің
қарқындылығымен, ал оқу процесі оқушылардың
әр сабақта білім алудағы белсенді іс-әрекетімен
ерекшеленеді. Бұл жағдайда оқушы – таным
субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады.
Түйін сөздер: адамзат, психология, оқу іс-
әрекеті, жаңартылған білім, оқу процесі, оқыту
әдістері.
Қазақстан Республикасында білім берудің
мемлекеттік стандартына сәйкес жаңартылған
білім мазмұнына сәйкес мектептегі оқыту мен
тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, оқушы
бұрынғыдай
пәндік
білім,
білік
және
дағдылардың бір жиынтығымен қарулану емес,
оқушының оқу іс-әркетін дұрыс және тиімді
ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын
қалыптастыруды мақсат етіп отыр [1].
Оқу іс-әрекеті жалпы адамзат баласына ең
қажетті нәтижеге жету қорытындысы десек,
онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа жеткізу мүмкін емес. Оқыту процесінде
қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі
формасы қарастырылады. Оның біріншісінде
оқыту ісінде, адамзатта жинақталған тәжірибені
жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені
игеріп,
оны
оқушылардың
игіліктеріне
айналдырумен шұғылданады.
Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми
зерттеу методологиясынан, психиканың пайда
болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының
түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының
құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру
мүмкін
емес.
Алайда,
іс-әрекет
ерекше
психологиялық шындық ретінде әлдеқайда
тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл
ғылыми категория диалектикалық материализм
философиясы негізінде құрылып, алғашқы
түсіндірулері Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн,
А.Н. Леонтьев сынды кеңестік психологтердің
есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-
әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға
145
барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері
кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып,
«түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу
«бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің
методологиялық көзқарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы
психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. Іс-әрекеттің
әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып,
ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі
қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген
өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер. Леонтьев адамның кез-келген
белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен
психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.
Іс-әрекеттің
психологиялық
құрылымы.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Қажеттілік
Белсенділік
Мотив
Іс-әрекет
Мақсат
Әрекет
Жағдай
Амал
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген
психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті
сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады. Бұдан,
қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті
қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады.
Тәжірибеде іс-әрекет көп мотивті, кешенді болады. Мәселен, сізде ауылға бару
қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу күйіне енесіз
(бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау,
қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді.
С.А. Рубинштейн ойлаудың іс-әрекетпен немесе іс-әрекет ойлаумен жайдан-жай
қабат жүрмейді, іс-әрекет бұл ойлаудың өмір сүруінің алғашқы нысаны екенін атап
көрсетеді [2].
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы
аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет
түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай
жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді. Ал Б.Теплов
қабілеттіліктің үш белгісін көрсетіп берді:
− қабілеттілік – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық
психологиялық ерекшелік;
− қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай, тек бір немесе
бірнеше iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа жеткізетін
ерекшеліктер жатады;
− қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана шектелмейді, керісінше, сол
білім, іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті.
С.Т. Шацкий шығармашылық iс-әрекет қызығушылықтан туындап, соның негiзiнде
белсендi iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады деп түсiндiредi [3].
Бірқатар психолог−педагог ғалымдар іс-әрекеттің мынадай құрамдас бөліктерін атап
көрсетеді.
1. Мақсат – құрал – нәтиже.
2. Іс-әрекет – қимыл – нәтиже.
3. Түрткі – норма – білім – дағды – құрал.
146
4. Мақсат – себеп – дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже арасындағы байланыс.
Қ. Жарықбаев «Іс-әрекет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі мақсатқа
жетуге бағытталған үрдісті айтамыз» [4] десе, А. Леонтьев «Бұл өзара әсер, әрекет
«қажеттіліктен» келіп шығады. Сонда да болса, «қажеттілік» әрекетінің көзі, қозғаушы
күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағытталғанын, затын анықтайды» дейді.
Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтер «оқу іс-әрекеті»,
«танымдылық іс-әрекеті» ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым Г.
Щукинаның пікірінше, «Оқу іс-әрекеті» ұғымының «оқу» ұғымына қарағанда ауқымы
кеңірек, себебі ол оқушының да, оқытушының іс-әрекеттерін біріктіріп қарастырады [5].
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және
қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы
қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін
қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау,
бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары
деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім
беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану бойынша білім беру
бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар
аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен
дамытуды көздейді:
− ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
− кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
− өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
− кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық
проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға олар үшін
қызықты тақырыптарды талқылауға және топтық жұмысқа қатысуға мүмкіндік береді. Бұл
– оқушыларға ішкі ынтаны қалыптастыруға көмектесетін ерекшеліктер. Кез-келген
мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқығысы келмейтін оқушыны өз
әлеуетін толық көрсете алатындай оқуға қызықтырып, қолдау көрсету болып табылады.
Әдетте балалар мектепте жақсы оқуға тырысады, алайда уақыт өте келе, кейбіреулері
оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу
қажет болғандықтан ғана емес, өз еркімен оқуға ынталанып, іштей талпынуы тиіс. Бұған
оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге
болады. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде
өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады және
шынайы өмірден алынған жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды ұнатады.
Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді ескерсе, оқушыларының
ынтасын арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:
− белсенді оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен қарым-қатынас
дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру;
− әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын
түрлендіру;
− оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі
кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді) [6].
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
147
− пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту
(білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
− таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері
бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы
бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;
− білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық
мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
− бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
− бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы,
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
− оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде
технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Оқу іс-әрекетін жүзеге асыру барысында оқушыларда мақсаттылық, ұйымшылдық,
жауапкершілік, дербестілік, шығармашылық, ұжымшылдық, тәртіптілік, икемділік,
тұрақтылық, табандылық т.б. сияқты тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Білім алу, іскерлік
пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекеті арқылы ғана болады деу – біржақты түсінік.
Себебі ол басқа әрекеттерге де тән. Іс-әрекет – жеке адамның белсенді түрдегі
жұмысының қорытындысы. Әрекет психологияда дамыта оқыту идеясымен тығыз
байланысты. Себебі, ол түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа
жетуге бағытталған процесс. «Әрекет дұрыс болуы үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің оған
баратын жолымыз қандай болуы керек екенін... анықтап алуға тиіспіз».
Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі
ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке
тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы
шешім қабылдауға дағдыландыруға бағыт береді. Оқушының негізгі құзыреттілігін
қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың
орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне
сәйкес келетін технологияларды игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа
технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы
арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Технологиялардың мүмкіндіктері
пайдаланыла отырып
, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада
ұйымдастырылған түрлі әдістер бар.
Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасының мақсаты оқушыларға
еркін ойлануды үйрету болып табылатындықтан, мұғалімдердің немқұрайлық танытпауы
аса маңызды.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазіргі мектеп «білім алу жолын» білетін,
ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан
дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында
бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:
− оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық және логикалық оқу тапсырмалары
арқылы ынталандыру;
− оқушының өз білімін жетілдіруіне және бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер
жасау;
− оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну
және үлгісін көрсету;
− түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекетті
жүзеге асыру;
− ізденуді және қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;
148
− оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде және сыныптар арасында)
ұйымдастыру;
− жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.
Оқу іс-әрекеті қалыптасуының негізгі шарты – оқушыда, білім, ептілік және
дағдыларды игеруге деген саналы сеп- түрткілердің оянуынан. Оқушы дамуына қоғамдық
ықпал жасаушылар- әрдайым мұғалімдер. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін бала әрекет-
қылығы мен іс-әрекетін бағыттауға арналған белсенді процесс - оқыту деп аталады. Ал
осы процестің жеке адам қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруға бағытталуы – тәрбие
ұғымын туындатты. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу –
педагогика ғылымының зерттеу аймағы. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын
қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |