Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет109/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

гипппокампдегеніміз  «парное  образование,  относящееся  к  старой  коре  большого  мозга и 
расположенное в виде валикоподобного возвышения на медиальной стенке нижнего рога 
бокового  желудочка»  [5,  63].  Атаудың  метафоралы  терминделуінде  ассоцияциялық 
ұқстастық жатыр деген пікірдеміз.  
Бір  мифологиялық  атаудың  екі  немесе  одан  да  көп  терминологиялық  жүйелерге 
ауысуы  –  жиі  кездесетін  жағдаятардың  бірі.  Мысалы,  Атлант  –  грек  мифологиясында 
иығында  аспанды  ұстап  тұрған  кейіпкер  (титан).  Архитектура  саласында  жабуларды 
немесе басқа да заттарды иығымен тіреп тұрған ер адам мүсіндерін  атлант деп атайды. 
Аталған  жағдайда сыртқы ұқсастық пен орындау функциясы метафора негізінде жатыр. 
Ал  анатомия  саласында  алтант  жеп  бірінші  омыртқаны  атайды,  яғни  ауыспалы  мағына 
функционалдық қызмет арқылы беріліп тұр.  
Мифологиялық персонаждардың атаулары көпкомпоненттітерминдер құрамынан да 
кездеседі.  Мысалы,  медицина  саласындағы  голова  медузы  (қазақша  сөздіктерде  аударма 
берілмеген) терминін алатын болсақ, медуза персонажы ежелгі грек мифологиясында бір 
көзқарасынан  тасқа  айналдыратын  жыланбасты  қызды  бейнелейді.  Голова  медузы 
терминінің  атау  уәжін  түсіну  үшін,  оның  дефинициясына  назар  аударған  жөн  деп 
санаймыз:  «расширение  подкожных  вен  передней  брюшной  стенки  со  змеевидным 
ветвлением  вокруг  пупка»  [5,  81].  Байқағанымыздай,  медуза  персонажының  сыртқы 
бейнесі  терминің  қалыптасуының  негізінде  жатыр,  яғни  метафоралану  үдерісі  сыртқы 
форма жаcырын салыстыру арқылы өтіп жатыр деген пікірдеміз. Сонымен қатар аталған 
тіркес медицина саласының қызметкері мен бұл салаға қатысы жоқ қарапайым адамдарда 
түрлі ассоциация тудыруы мүмкін, себебі екі жақта білімі, ой-өрісі мен қабылдау әрекеті 
әртүрлі болуы мүмкін. 
Химия саласында Аврора атты химия элементі алтынның атауы болып табылатыны 
белгілі.  Ежелгі  рим  мифологиясында  Аврора–  таңсәрі  құдайы  болып  табылады.    Бұл 
мысалда таңғы күн сәулесі мен алтынның әдемі жылтыры арасында ассоцияциялық қатар 
жүргізіліп, осы атауды таңдаудағы уәждің басты себебі болып табылады деген пікірдеміз.  
Мифологиялық  персонаждардың  атауларының  терминделу  үдерісіне  қатысуын 
сандық  тұрғыдан  одан  әрі  талдасақ,    біздің  ойымызша,  бұл  тізімді  толықтыра  беруге 
болады  және  бұл  үрдіс  одан  әрі  жалғасын  табуы  мүмкін.  Алайда  мұндай  терминдердің 
мағынасын  анықтау  үшін  мифологиялық  персонаждарды,  мифтер  тарихын  жақсы  білу 
қажет,  себебі  денотаттың  негізін  түйсіну  үшіннақты  мәліметті  білу  талап  етіледі,  нақты 
мағлұматсыз екіншілік атаулардың мазмұны түсініксіз болып қала беруі мүмкін. 
Терминдердің  түпкі  мағынасын  зерделей  отырып,  жалпы  жинақтаушы  белгілері 
бойынша  әртүрлі  топтарға  бөлуді  ұйғарамыз.  Бірінші  топты  «зоологиялық»деп 
анықтаймыз,  себебі  бұл  қатарға  баттерфляй(спорт.),  герань(бот.),  вермикулит(политех., 
мин.), корвузит(мин.), люпин(бот.), люпус (мед) және т.б. терминдерді жатқызуға болады. 
Аталған  терминдердің  түпкі  мағынасын  талдау  барысында  жан-жануарлар  атауларын 
айқындауға  болатынын  ескеру  қажет.  Мысалы,  баттерфляй  –  спорт  саласында  жұзу 
стилінің  бір  түрі  болып  табылады.  Ағылшын  тілінен  аударғанда  көбелек  деген  сөзді 
білдіреді.  Мысалдағы  салыстыру  көбелектің  ұшуы  мен  жұзу  стилінің  арасында 
жүргізілген,  яғни  ассоцияцияның  рөлі  ерекше.  Ал  ботаника  саласындағы  герань  атауы 
грек тілінен аударғанда орыс тілінде  журавль  деген мағынаны білдіреді, яғни гүл атауы 
форма ұқсастығына негізделіп тұр. Ал қазақ тілінде  герань қазтамақ болып аударылған, 
яғни салыстыру сыртқы ұқсастыққа негізделгенмен, салыстыру нысаны бөлек.  
Халықаралық  терминдерді  зерделеу  барысында  терминдермен  қатар  аударма 
нұсқаларының  да  қатар  қолданылуын  жиі  кездестіреміз.  Мысалы,  булимия(мед.), 
гамеролопия(мед.),  акант(архит.,  биол.),  блек-рот(аграр.)  сияқты  терминдердің  орысша 


 
179 
немесе  қазақша  нұсқаларын  жиі  кездестіруге  болады.  Мысалы,  булимия  грек  тілінен 
аударғанда  екі  сөзден  тұрады:  бұқа  және  ашығу.  Орыс  тілінде  осы  терминмен  қатар 
волчий  голод  варианты  да  қолданылады.  Байқап  отырғанымыздай,  номинативтік 
бірліктердің  терминдік  мағынасы  бір  болғанымен,  тура  мағыналарында  алшақтық 
байқалады, яғни екі түрлі тілдің әлемдік бейнесі суреттелген. Грек тіліндегі варианты бүқа 
бейнесі  арқылы  көрсетілсе,  орыс  тілінде  қасқыр  бейнесі  алдыңғы  қатарға  шығып  тұр. 
Аталған  жағдаяттарды  қазақ  тіліне  де  қатысты  аңғаруға  болады.  Гемеролопия  сөзбе-сөз 
аударғана  күндіз  көру  деген  мазмұнға  ие.  Алайда  орыс  және  қазақ  тілдерінде  куриная 
слепота  /соқыр  тауық  вариантары  да  кездеседі.  Яғни  грек  тілінде  тіркестің  тура 
мағынасы  қолданылса,  орыс  және  қазақ  тілдерінде  тауықтың  күндіз  көріп,  түнде 
соқырлануы негізге алынып тұр. 
Жоғарыда келтіріген мысалдарда түр-түс, форма ұқсатығы алдыңғы қатарға шықса, 
нысандардың  атқару  қызметі  арқылы  терминделуі  де  кездеседі.  Мысалы,  баланс, 
балансир,  биржа  терминдерінде  заттың  атаулары  функционалдық  қызмет  арқылы 
терминделіп  берілген.  Мақаламыздың  басында  көрсеткендей,  баланс  көптеген 
терминологиялық  жүйелерде  кездесетін  терминдердің  бірі.  Аталған  терминмен  қатар 
техника салысында балансир термині де кездеседі, яғни  техника саласында механизмнің 
атауы болып табылады. Француз тілінен аударғанда коромысло /иінағаш деген мағынаны 
білдіреді. Номинативтік бірлік теңестіру, екі жақты теңдей ұстау функциясында білдіреді 
және терминдік мағынада жұмсалады. 
Терминдердің тура мағынасын қарастыра келе, бір нысан бірнеше атау формасында 
кездесетінін  байқаймыз.  Мысалы  сумка  /  дорба  мағынасы  аск(биол.),  бурса(анат.) 
терминдері  арқылы  терминдік    қызметте  жұмсалып  тұр.  Бірінші  нұсқасы  грек  тілінен 
аударылса, ал екінші вариантын латын тілінен аударылған.Сонымен қатар терминдер бір 
нысанды бейнелеп, бір мағынада қолданылғанмен, екі салада жұмсалады.  
Сонымен  қатар  терминдердіңбір  затты  бейнелеп,  бір  мағынада  қолданылғанмен, 
бірнеше  салаларда  орын  алуы  –  терминдік  жүйеде  орын  алған  жағдаяттардың  бірі. 
Мысалы,  вермикулит  латын  тілінен  аударғанда  червяк  /  құрт  мағынасын  білдіреді. 
Алайда термин техника мен минерология салаларында қолданылады. Екі жағдайда да екі 
түрлі  салыстыруға  негізделген.  Техника  саласында  салыстыру  әдеттегідей  формаға 
негізделсе, минерология жүйесінде түс арқылы салыстыру алдыңғы қатарғы шыққан, яғни 
екі жағдайда екі түрлі уәждемеге сүйенген. 
Халықаралық  терминдерді  жалпылау  критерийлер  арқылы  басқа  да  топтарға 
жіктеуге  болады.  Мысалы,  «анатомиялық»  терминдерді  бір  топқа  жинақтауға  болады. 
Мысалы,  гаструлатерминіасқазандеп  аударылады,  алайда  биология  саласында 
қолданылады,  коллюсқалық  тері  деген  мағынаға  ие,  термин  ботаника  мен  медицина 
салаларында орын алған. 
Ойымызды  қорытындылай  келе,  халықаралық  терминдер  бойынша  келесі 
тұжырымдарға тоқталамыз: 
1.  Халықаралық  терминдер  кез  келген  ғылым  саласының  терминологиялық 
жүйесінде  айрықша  орын  алатын  номинативтік  бірліктер.  Бүгінгі  таңда  халықаралық 
терминдер  қатары  күн  санап  өсіп  келеді,  себебі  ғылым  салаларының  қарқындап  дамуы, 
өзара  тығыз  байланысуы,  кейбір  ғылым  салаларының  тоғысуында  бірігуі  немесе  кіріге 
отырып,  жаңа  ғылым  бағыттарының  пайда  болып,  қалыптасуы  бұл  бірліктердің  сандық 
көрсеткіштер бойынша барынша көбеюіне септігін тигізеді. 
2. Жалпы әдеби сөздің метафоралану үдерісі арқылы терминденіп, ғылым саласына 
енуі  жиі  кездесетін  семантикалық  үдерістердің  бірі.  Алайда  олардың  халықаралық 
деңгейге  көтеріліп,  біршама  тілдер  қатарына  кіруі,  соның  ішінде  терминологиялық 
жүйеден  орын  алуы  ұзақ  және  қарама-қайшылыққа  толы  үрдіс.  Біздің  ойымызша,  
сөздердің метафоралы салыстыру арқылы терминделу үшін нақты уәждемелер қажет және 
бұл жағдайда субъективтік факторларды да естен шығармаған жөн. 


 
180 
3.  Халықаралық терминдер ана тіліндегі нұсқасында тура мағынасында қолданылса, 
халықаралық дәрежедегі варианттары ауыспалы мағынаны қамтып, көптеген тілдерге сол 
мағынада таралып кететіне көз жеткіземіз. Байқап отырғанымыздай, метафоралану үдерісі 
көп  жағдайда  сыртқы  форма  мен  атқаратын  қызметіне  негізделеді,  алайда  басқа  да 
факторлар жасырын салыстыру нысанына айналуы мүмкін.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет