Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар
студенттер үшін
отандық жоғары оқу
орындарының
қолайлылығы
Аннотация
Бұл мақалада ерекше білім беру
қажеттіліктері бар студенттер және мүгедек
студенттердің жоғары оқу орындарындағы
жағдайлары қарастырылады. Ерекше білім
беру
қажеттіліктері
бар
студенттерді
қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері
бойынша
теориялық
және
тәжірибелік
мәліметтерге
анализ
жасалды.
Осы
категориялардағы студеттермен жоғары білім
алуларына
қанағаттанушылық
дәрежесін
анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Ерекше
білім беру қажеттіліктері бар және мүгедек
студенттерді қашықтықтан оқыту жүйесіның
қолжетімділігіне қорытынды жасалады.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту,
жоғары оқу орны, жоғары білім, мүгедек -
студенттер, қолжетмді білім беру, ерекше білім
беру қажеттіліктері бар студенттер, интернет-
технологиялар.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар
студенттердің жоғары білім алуы, сондай – ақ
оларды одан әрі жұмысқа орналастыру –
Қазақстандық білім беру жүйесінің басым
мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" Заңында
негізгі мақсат ретнде қоғам мүшелерінің
адамгершілік,
зияткерлік,
мәдени,
дене
бітімінің дамуы мен кәсіби құзыреттілігінің
жоғары
деңгейіне
қол
жеткізу
болып
табылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз
процесі туралы айтылған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар
студенттердің білім алуына қатысты мүдделер
біздің
мемлекетіміздің
Конституциясында
қарастырылады.
Демек,
Қазақстан
Республикасының
Конституциясымен
еліміздің барлық азаматтары үшін өмір бойы
білім алуға кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасында ерекше білім
беру қажеттіліктері бар студенттер халықтың
осал топтарының бірі болып табылады. Ерекше
білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшн
мемлекет тарапынан олардың сәйкес білім
алуы үшін, кемістіктерін түзету үшін және
103
оларды қоршаған ортаға бейімдеу үшін, тиісті жағдай жасалады. Бүгінгі таңда,
Қазақстандағы мүгедектігі бар студенттер халықтың басқа топтарымен салыстырғанда
қоғамдық
және
саяси
өмірге
қатысуға,
әлеуметтік-мәдени
қажеттіліктерді
қанағаттандыруға, сондай-ақ жоғары білім алу мәселесінде шектеулі. Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар студенттердің жоғары білімі – бұл білім беру қызметтерін барлық
студенттер үшін, олардың ерекше жеке мүмкіндіктері мен білім беру қажеттіліктерін
ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
шеңберінде білім беру процесінің табыстылығы үшін қажетті жағдайлар жасаудың барлық
тұстары қарастырылған. Мемлекет тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар
студенттердің дамуында, олардың білім алуы – білім берудің барлық деңгейлерінде даму
бұзылуының түзетілуі мен әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Мемлекет инклюзивті білім беру мақсатын іске асыра отырып, инклюзивті білім беруді
әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа да жағдайларға қарамастан, өзінің әлеуеті мен
білім алу құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның "Жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру" бөлімінде негізгі міндеттер шешіледі, ерекше
білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз орта және тең жағдай жасау
бойынша жұмыс жалғасуда.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру саясаты
Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың көрінісі болып
табылады. Бүгінгі таңда еліміздің көптеген университеттерінде ғимараттардың сәулеттік
нормалары жақсарып, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде, аталған
университеттердің басшылығы профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға
жағдай жасайды. Дегенмен, бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің
білім сапасы тиісті деңгейде емес. Өкінішке орай, университеттерді бітіргеннен кейін
ерекше білім алу қажеттілігі бар түлектердің басым көпшілігі еңбек қоғамында өз орнын
табу барысында көпетеген қиындықтармен кездеседі [1].
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту сапасының
төмендігі сияқты проблема бар. Мұндай адамдардың сапалы жоғары білім алуы олардың
әлеуметтенуі табыстылығының, олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз
етудің, кәсіби, еңбек және әлеуметтік қызметтің барлық түрлерінде тиімді және өзін-өзі
жүзеге асырудың негізгі және ажырамас шарттарының бірі болып табылады.
Біздің ойымызша, жоғары оқу орындары тек теориялық қана емес, сонымен қатар
оларға практикалық, өмірлік қажетті дағдыларды үйретуі керек. Егер теориялық білім
өмірлік тәжірибемен бекітілмеген болса, онда олар студенттерге игілік үшін қызмет ете
алмайды, олар Қазақстанның дербес азаматтары ретінде толық көлемде жүзеге асыра
алмайды. Қазіргі мәселені ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді
қашықтықтан оқыту жүйесі, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге жеке
білім беру бағдарламаларын әзірлеу, онлайн курстарды ашу, профессорлық-оқытушылық
құрамның біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар оқу-әдістемелік
материалдармен қамтамасыз ету арқылы шешуге болады. ХХІ ғасырда жаңа интерактивті
технологиялармен байланысты барлық көкжиектер ашылды, олар оқытушылар үшін
пайдалы кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде білім алу
үшін жағдай жасайды [2].
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің білімге қол жеткізуін
электронды оқыту жүйесі, қашықтықтан білім беру қамтамасыз етеді. Әдетте, ерекше
білім беру қажеттіліктер бар студенттер тиісті бағдарламалық-техникалық құралдардың
көмегімен жоғары білім алады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке
қозғалыс құралдары, арнайы клавиатура және манипуляторлар; есту қабілеті бұзылған
балалар үшін – есту аппараттары, микрофоны бар дыбыс күшейткіш жүйе,
104
тифлотехникалық құралдар сатып алынады. Оның ішінде принтерлер мен брайльдік
дисплейлер, оқитын машиналар мен үлкейтетін құрылғылар, электрондық ұлғайтұыштар,
сөйлеу экранын үлкейтетін мобильді құрылғылар және т.б. бар. Өкініше орай, біздің
еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының қорынада осындай материалдық-техникалық
құралдар табыла бермейді. Сол себепті, ерекше білім беру қажеттіліктері бар
студенттердің білімге қол жеткізуін электронды оқыту жүйесі, қашықтықтан білім беру
қамтамасыз ете алатынын ескеру қажет [4].
Онлайн оқыту жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларға
негізделеді, сондықтан бүгінгі күні оқытудың бұл түрі ерекше білім беру қажеттіліктері
бар студенттердің жоғары білім алу мәселелерін шешудің негізгі құралдарының бірі
болып табылады. Қашықтықтан оқыту студенттер үшін ерекше білім беру қажеттілігімен
толық немесе ішінара компьютерлер мен интернет - технологиялар және құралдар
көмегімен жүзеге асырылады. Оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынасы оқу
үрдісінің компоненттерін жоғалтпай қашықтықта және интернет-технологиялар арқылы
жүзеге асырылады.
Біздің елімізде қашықтықтан оқыту бірнеше жылдан бері қолданылып келеді, бірақ
қашықтықтан оқыту ерекше білім алу қажеттілігі бар адамдарға арналған жоғары білім
алу нысаны ретінде бұрыннан қарастырылмайды. Қашықтықтан білім беру технологиясы
бойынша университеттерде тек орта-техникалық және жоғары білім туралы дипломдары
бар студенттер ғана оқи алады. Біздің елімізде мектепті бітірген талапкерлер тек қана
күндізгі оқу түрі бойынша білім алады. Ал қашықтықтан оқыту технологиялары жоғары
білім алудың бір құралы ретінде қолданылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуда қашықтықтан білім беру
технологияларының негізгі артықшылығы, сондай-ақ сабақтарды өткізу орны мен
уақытына қатаң байланыстырмау, оқу материалының деңгейі мен нысанын бейімдеу,
әрбір білім алушының жеке ерекшеліктеріне қарай сервистерді тиісті күйге келтіру
есебінен оқытуды дараландыру болып табылады. Бұл өз кезегінде оқу материалын
табысты игеру үшін үлкен мүмкіндік береді. Қашықтықтан білім беру технологияларының
арқасында университеттерде ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерді оқытудың
күштірек режимін ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болады, компьютермен оқу үшін
бөлінген уақыт саны қалыпқа келтіріледі. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологиялары
ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің негізгі проблемасын, яғни басқа
студенттермен қарым-қатынас жасаудың жетіспеушілігін шешеді. Білім беру процесіне
қатысушылардың қашықтығына қарамастан, студенттердің дәрістік тәжірибелік сабақтар
шеңберінде электрондық пошта, конференциялар, чат, виртуалды сабақтар режимінде
өзара қарым-қатынас жасауға нақты мүмкіндігі бар [3].
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ерекше білім беру
қажеттіліктері бар студенттердің жоғары білім сапасына қанағаттану деңгейін анықтау
мақсатында сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнамаға 1-4 курс студенттері, күндізгі оқу
бөлімінің студенттері қатысты. Студенттердің есту қабілеті бұзылған (8%), көру қабілеті
бұзылған (9%), тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары (14%), сөйлеу қабілеті бұзылған
(4%), соматикалық аурулары (65%) бар. Студенттердің бұл санаты оқу үрдісінде белгілі
бір қиындықтармен кездеседі. Олардың даму ерекшеліктеріне байланысты оқытушылар
дәстүрлі түрде беретін оқу материалдарын қабылдау қиынға соғады. Сауалнама
барысында алынған студенттердің жауаптары келесі түрде бөлінді: студенттердің көп
саны өздерінің университеттерінде жоғары білім алуына риза болды, алайда осы
санаттағы студенттер үшін жоғары білім алу ЖОО қабырғасында толыққанды болу
мүмкіндігінің болмауы сияқты сәттерге қиындық туғызады. "Сіз үшін жоғары білім
алудың қандай нысаны неғұрлым ыңғайлы?"Сұралған студенттердің 60% - ы
қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, күндізгі оқу нысанын атап
өтті, студенттердің 15% - ы күндізгі оқу нысанын атап өтті, сұралған студенттердің 16%-ы
105
сырттай оқу нысаны бойынша білім алатындығын және барлық сұралғандардың 9%-ы
өздеріне ыңғайлы кешкі оқу нысанын атап өтті. "Университетте оқу кезінде қандай
қиындықтарға тап боласыздар?"студенттер өз жауаптарын келесідей бөлді: интерактивті
тақтаның дәрістік және практикалық материалдарын қабылдау қиын (16%), оқытушының
қойған сұрақтарына ауызша жауап беруге қиналамын (58%), оқытушы ерінінен оқуға
үлгермейемін (8%), бақылау және қорытынды жұмыстарды жазуға бөлінген уақыт
жетіспейді (18%). Интернет желісі мен электрондық пошта бойынша жұмыс істеуге
келетін болсақ, сауалнамаға қатысқан студенттердің 80% интернет-ресурстарды,
электрондық поштаны пайдалана алатынын атап өтті, тек тірек-қимыл аппараты бұзылған
студенттер ғана арнайы құрал-жабдықтарсыз компьютерлік техниканы пайдалануға
қиындық туғызатынын атап өтті.
Сауалнаманың қорытындысы бойыша студенттер осы белгіленгін мәселелерді шешу
амалдарының бірі ретінде қашықтықтан оқытуды, яғни қашықтықтан білім беру
технологиялары жүйесін көреді. Қашықтықтан оқыту жүйесінде ерекше білім алу
қажеттілігі бар студенттер жоғары білім алуға қатысты барлық мәселелерді шешуде.
Бізге белгілі болғандай, ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерді қашықтықтан
оқытуды сәтті ұйымдастыру үшін профессорлық-оқытушылық құрам виртуалды желіде
қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, себебі
бұл коммуникацияның ерекше түрі болып табылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері
бар студенттерді қашықтықтан оқытудың ерекше ерекшелігі белсенді өзара әрекеттесуді
көздейтін білім беру және техникалық коммуникацияның әртүрлі құралдарымен
оқытушымен жеке, тікелей өзара әрекеттесуін ауыстыру болып табылады. Қашықтықтан
оқыту түрлі электронды-коммуникативтік жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқитын студенттерде электронды ресурстарды, кітапханаларды,
ақпараттық материалдарды, арналарды пайдалану мүмкіндіктері кеңейтіледі және оларға
қол жеткізу тәсілдері артады. Бұл өз кезегінде студенттердің мотивациясын,
қызығушылығын және интеллектуалды дамуын қолдауға мүмкіндік беретін ақпараттық-
танымдық өрісін кеңейтеді. Қашықтықтан оқыту жүйесі әр түрлі дербес оқыту
формаларын қолдануға бағытталған. Өз бетінше оқыту дағдыларын дамыту студенттердің
мүмкіндіктерін кеңейтеді және одан әрі оның кәсіби мүдделерін іске асыра алады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қашықтықтан оқытуды
ұйымдастыру барысында белгілі бір қиындықтар туындайды. Сонымен қатар, бұл
категориядағы студенттерді оқыта отырып, әрбір жеке студенттің жоғары білім алу
барысында кездесетін қиындықтарға: назар аудару, эмоциялық-еріктік реттелу, өзін-өзі
бақылау кемшіліктері, оқу мотивациясының төмен деңгейі ғана емес, жекелеген
психикалық процестердің дамымауы, қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу кемшіліктері,
моториканың, қозғалыс үйлесімділігінің жеткіліксіздігі, қимыл-қозғалыс жетімсіздігі,
жұмыс қабілеттілігінің төмендігі, қоршаған орта туралы білім қоры мен түсінігінің
шектеулі болуы, оқу-танымдық қызметтің операциялық компоненттерінің қалыптаспауы
түріндегі бұзылыстарға назар аудару қажет.
Осылайша, қашықтықтан оқыту ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге
үлкен мүмкіндіктер береді деп нық айтуға болады. Бүгінгі күні, қазіргі заманғы
компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ, мысалы, дауыстан ақпаратты
енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету жоғары деңгейде дамыған
кезде, қашықтықтан оқытуға және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары ғана емес,
басқа категориялардағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер де артылуы
мүмкін.
Жалпы, қашықтықтан оқытудың негізгі идеясы-бұл ерекше қажеттіліктері бар әрбір
білім алушы баланың мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру, яғни қашықтықтан оқытуды
қоса алғанда, әр түрлі оқу формаларын тиімді үйлестіруге бағытталған жеке білім беру
траекториясын қалыптастыруға көмек көрсету. Бұдан басқа, оның мәдени дамуын,
106
әлеуметтенуін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілеттерін және өзіндік қызмет
дағдыларын дамыту маңызды мақсат болып табылады. Білім беру ортасы тек қана білім
беру мақсаттарына ғана емес, ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір студенттің өмірде
табысты бейімделуінің өзіне оңтайлы тәсілін табуына ғана бағытталуы тиіс [4].
Осындай
студенттер үшін қашықтықтан оқытудың артықшылықтары айқын: бұл жеке оқыту,
икемділік және бейімділік.
Достарыңызбен бөлісу: |