Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата30.01.2017
өлшемі2,64 Mb.
#3056
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

Р. Тұрысбек 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, 
ф.ғ.д., профессор 
Асыл сөз мұраты: 
айшықтар мен 
арналар 
(Жазушы Ділдәр 
Мамырбаеваның 
адами мұрат пен 
ұлттық 
құндылықтарға 
негізделген  
әңгімелері туралы) 
 
Аннотация 
Жазушы 
Д.Мамырбаеваның 
көркем 
әңгімелерінде адам әлемі, өмір құбылыстары, уақыт 
шындықтары  кеңінен  көрінеді.  Автор  қайсыбір 
мәселелерді  ақиқат  жәйттермен  байланыстырып, 
ондағы  адам  өмірінің  қатпарлы  қырларын,  өмір-
тұрмыстың шынайы сырларын кең түрде ашады. 
Түйін сөздер: поэзия, проза, драматургия, әдеби 
сын. 
 
 
Қазақ  әдебиеті  тарихының  дәстүрлі  жанрлар 
жүйесінен  (поэзия,  проза,  драматургия,  әдеби  сын 
саласы т.с.с.) шағын көлемді эпика түрі-әңгіме әлемі 
айрықша  орын  алады.  Әсіресе,  әңгіме  жанры 
табиғаты  мен  тағылымы  тұрғысынан,  қысқа  да 
нақты  ұнамды  үлгісімен,  көркем  де  әсерлі 
сипаттарымен  ерекшеленіп,  осының  негізінде  адам 
мұратын,  өмір  оқиғаларын,  дәстүрдін  байланысын, 
тарих  пен  таным  тоғысын,  қоғам  мен  табиғат  ара 
қатнасын,  дүниетаным  иірімдері  мен  тәлім-тәрбие 
ісін,  өнер  өрімі  мен  өнегесін,  шеберлік  сырларын 
кең  түрде,  айшықты-нақышты  қалыпта,  мәнді-нәрлі 
баяны  мен  сәулелі  суреттеулерімен  жан-жүрекке, 
көңілге  қонымды  ұялайтыны  анық  аңғарылады. 
Асылы,  мұның  өзі  елдің  даңқты  тұлғасы,  ұлт 
руханиятының 
көрнекті 
корифейі 
Ахмет 
Байтұрсыновша  айтсақ:  «Өнердің  ең  алды  –  сөз 
өнері  деп  саналады...  Үш  негізге  тіреледі:  ақылға, 
қиялға, көңілге» [1].  
Ал,  академик  З.  Қабдолов:  «...  әңгіме  –шағын 
көлемді  эпикалық  түрдің  айрықша  асыл  үлгісі»,  - 
деп  барынша  айқын  да  бедерлі,  қысқа-нұсқа  үлгіде 
жеткізіп, асыл сөздің, көркемдік мұраттың мәні мен 
нәрін,табиғаты  мен  тағылымын  тартымды  ашады 
[2]. 
Негізінен, бұл айтылғандардың қай-қайсысы да 
шағын  жанр  –  әңгіменің  табиғаты  мен  тақырыбын, 
ондағы  адам  әлемі  мен  өмір  оқиғасын,  уақыт  пен 
кеңістік 
ара 
қатынасын, 
көркемдік-стильдік 
құбылыстарын,  таным  өлшемін,  суреттеу  сырлары 
мен мол мүмкіндіктерін де терең танытады.  
Тақырып  табиғатына  осы  тұрғыдан  келсек, 
жазушы  Ділдәр  Мамырбаеваның  ізденіс  іздерінен, 
көзқарас  мұраты  мен  қолтаңба  мәнерінен,  адам 
әлемін  ашудағы  алуан  түрлі,  мың  сан  арналы 
баяндау 
үлгілерінен, 
бейнелілік 
пен 
тілдік 
мүмкіндіктерден, көркемдік-эстетикалық құндылық-
тар  мен  стильдік  құбылыстардан–  асыл  сөздің 
айшықты  арналары,  жанр  жүгі  мен жауапкершілік 

 
 
160 
мәні,таным  өлшемі  мен  талғам  таразысы,өрнекті  ойлар  мен  сырлы  сипаттары,  ой-сөздің 
қасиеті мен құдіреті кеңінен көрініс береді. 
Жазушы  Д.  Мамырбаеваның  кейінгі  жылдары  баспасөз  беттерінде  жарияланған 
шағын  көлемді  эпикалық  түр  –  әңгімелерінен  (мысалы,  Ызғар  мен  шуақ.  -  «Ана  тілі», 
2010,30  желтоқсан-2011,12  қаңтар;  Жетім  құлын.  –  «Қазақ  әдебиеті»,  2011,  11  ақпан; 
Айна. – «Қазақ әдебиеті», 2013, 24 мамыр; Құрсақ шашу. – «Ана тілі», 2013, 18-24 шілде) 
жоғарыда  еске  алғандай,  көзқарас  пен  қолтаңба  үйлесімі,  шағын  көлем  мен  маңызды 
тақырыптар, ұлттық құндылықтар мен руханият арналарын арқау еткен келелі мәселелер, 
қоғам  мен  уақыт  бедері,  жауапкершілік  пен  жанашырлық  жүгі,  жан  жылуы  мен  мейірім 
шуағы,  имандылық  иірімдері,  дәстүр  мен  дін  сабақтастығы,  нақтылы  өмір  оқиғалары, 
адам  әлемі  мен  ондағы  өзгеріс  -  құбылыстар,  өз  ара  қарым-қатынас  мәні,  ой-сөз  жүйесі, 
бейнелілік  пен  таным  өлшемі,  тәлім-тәрбие  орны,  сыйластық  сырлары  т.с.с.  көркем  де 
келісті  сипат  алады.  Бастысы,  адам  әлемі  мен  оның  асыл  мұраттары,  әділеттілік  пен 
адамгершілік  арналары,  ізгілік  пен  имандылық  иірімдері,  сүйіспеншілік  пен  сыйластық 
сырлары бар қырынан анық-қанық танылып, жарқырай көрінеді.  
«Ызғар  мен  шуақ»  атты  әңгімеде  апалы-сіңлілі  -  Аманкүл  мен  Гүлшарханның  көп 
уақыттардан  кейінгі  көше  қиылысында  кездейсоқ  кездесулері,  осы  тұста  араларында 
бауырлық-туыстықтан  гөрі  салқындық  пен  самарқаулықтың  басым  түсіп  жатуы,  әрі  ара 
жастарының  тым  алшақтығы  да  танылған-ды.  Араларындағы  өз  ара  әңгіме,  қысқа 
сұхбаттардан  да  бауыр-туыс,  апалы-сіңлілі  екендіктерінен  гөрі,  бөтен,  бөгде  жандардың 
бейнесі,  қарым-қатнасы  байқалған-ды.  Бастысы,  автор  осы  тұста  отбасылық  қарым-
қатнасты,  тәлім-тәрбие  арналары  мен  сыйластық  сырларын  қоғамдық  һәм  тұрмыстық 
аспектілермен,  адами  байланыс  пен  қарыз-парыз  өлшемдерімен  байланыстырып,  оның 
өзіндік  өзгешеліктерін,  өмір-тұрмыстағы  көріністерін,  артық-кем  тұстарын  мәнді-нәрлі 
қалыпта байыпты баяндайды. 
Автор  алғашқы  тұста  Гүлшарханның  әпкесін  көше  қиылысында  көргенін,  кейінгі 
кезекте  қысқа  шегіністер  жасап,  өмір-уақыт  шындықтарын,  отбасылық-тұрмыстық 
көріністерді,  өз  ара  қарым-қатнасты  алға  тартады.  Апалы-сіңлілердің  араларындағы 
салқындықтың  сыр-сызаттары,  жас  алшақтықтарының  кері  әсері  –  Гүлшарханның  өсіп 
келе  жатқан  екі  қызымен,  олардың  өз  ара  байланысы,  бауырмалдығы  мен  татулығы, 
түсіністіктері негізінде де еске алынып, жан-жақты дамиды. 
Ал,  керісінше  Аманкүл  мен  Гүлшархан  араларында  апалы-сіңлілі  екендіктерін 
танытарлық бауырлық-туыстық та байланыс, белгі-ерекшеліктің із-бедері де болмағанын 
аңғаруға  болар  еді.  Оны  Гүлшарханның  әпкесін  іздеп,  ауылына  келген  тұста  жөн 
сұрағандағы жолыққан адамның өз ара қысқа тілдесуінен де таныр едік: 
«-Аманкүлдің кімісің? - дейді жол сілтеп тұрып. 
- Сіңлісімін. 
- Туған ба? 
- Иә. 
-  Біз  білетін  Аманкүлдің  бірге  туған  ешкімі  жоқ  еді  ғой,  басқа  Аманкүл  болмаса, 
күйеуі кім? 
- Жұмағұл. 
-  Иә,  Аманкүлдің  күйеуі.  Бірақ,  Аманкүл  тұлдыр  жетіммін  деуші  еді.  Мынау  бір 
қызық болды ғой». 
Аманкүл  мен  Гүлшарханның  кездесулерінен,өз  ара  әңгімелерінен,  өткен-кеткенді 
қозғауынан  жан  жылуы  мен  мейірім  шуағы,  сағыныш  пен  сүйіспеншілік  сырлары 
сезілмейді.  Керісінше,  Гүлшарханның  шай  үстінде  көзіне  жас  алып,  даусы  дірілдеп, 
тамағына  өксік  тығылғандай  болып  айтқан  жан-жүрек  сөзі  мен  көңіл  толқындарынан 
бауырлық-туыстық  та,  сүйіспеншілік  пен  сыйластық  сырлары  да  барынша  айқын,  әрі 
мәнді  де  нанымды  өріс  алғандықтан,  өмір  өрімі  мен  өрнекті  өнегесі  кеңінен  көрінеді:  «-
Айналдырған екеуміз.  Бір-біріміздің қазанымызға ас салып бермей-ақ қояйық, бірақ әке-

 
 
161 
шешеміздің  көзі  тірісінде  араласып  тұрайық.  Біздің  ырың-жырыңымызды  көргенде 
жүректері ауырады ғой. Өзіміз де бала өсіріп отырмыз, олар да бізге ұқсап, кейін бір-бірін 
мойындамаса, бізге жеңіл бола ма?» 
Әңгіменің  бел  ортасында,  өріс  алған  тұстарының  бірінде  Гүлшарханның  әпкесінің 
үйіне  әлденеше  рет  келгендігі,  тіпті  дос  қызымен  қонақта  да  болғаны  тілге  тиек  етіледі. 
Осы  кездесу-қауышуда  өмір  мәні,  өнер  нәрі  де  өз  ара  әңгіменің  арқауына  айналған-ды. 
Венеция  өңірі,  Давид  пен  Тицианның  қасиет-құдіреті,  өнерпаздық  өрнектері  де  ойға 
оралған-ды.  Өнер  мұратынан:  биік  мақсат,  азаматтық  ойлар  танылатыны  да  осы  кезде 
айқын аңғарылған-ды. Өмір мәні: бірлік-береке, бейбітшілік болса,отбасылық құндылық-
татулық  пен  туыстық,  мейірім  мен  ынтымаққа  келіп  сайған-ды.  Ал,  өнер  құдіреті 
таңғажайып  көрініс,  терең  де  тылсым  сырларымен  айнала-әлемді  нұрлы  шуақ,  сәулелі 
сәттерімен  баурап,  мың  сан  әсерге  бөлейтіні  анық-қанық  танылған-ды.  Осы  тұста: 
«...әркімді  өзінің  бітім-болмысымен  қабылдау»  қажеттілігі  маңызды  факторлардың  бірі 
болғандығы да өмір тәжірибесі негізінде кең орын алады.. 
Әңгіменің арналы тұстарының бірі  - Гүлшарханның әпкесінің үйінен қайтар жолда 
қарт анамен автобуста қатар отырып, өмір-тұрмыстың сырын шертуі, отандық-отбасылық 
қарыз-парыз төңірегінде өз ара әңгіме өрбітулері ақиқат жайттарға негізделуімен,шындық 
шырайын  бүкпесіз-боямасыз,  қаз-қалпында  көрсетуімен  мәнді  еді.  Әсіресе,  қарт  ананың 
шалымен  бірге  жарты  ғасыр  бірге  жасап,бір  перзентке  зар  болған  тұстары,осы  кезеңде 
ауылға  жолдамамен  жас  отбасының  көшіп  келуі,  олардың  араларындағы  Қанат  есімді 
жалғыз баланың ата-апаға бауыр басуы,тіпті әке-шешесі басқа жаққа қызмет ауыстырған 
сәттерде де өз ара байланыс, қарым-қатнастың бауырлық-туысқандыққа ұласуы – өмірдің 
өз өрнегі мен заңдылықтарына сәйкес өріс алады. Ал, Қанаттың мектеп жасындағы өмірі, 
студенттік  кезеңі,отбасылық  сәттері-қарт  ананың  мейірім  шуағы  мен  сүйіспеншілік 
сырларымен  байланыста  жүйелі  дамып  отырады.  Жақсы  адамдардың  өмірде,ортамызда 
көптеп  кездесетіндігі  де  қарт  ананың  өмір-тәжірибесімен  байланыстырылып,  оның  өзі 
көбінде  адамгершілік  мұраттар  мен  отбасылық-тұрмыстық  һәм  сыйластық  сырлары 
арқылы  нанымды  сипат  алады.  Адам  мұраты  мен  өмір  мәні,ұлт  пен  ұрпақтың  берік 
байланысы,дәстүр  мен  сабақтастықтың  жарасымды  жалғастығы  да  әңгіменің  негізгі 
желісін  құрап,  қоғамның  басты  құндылықтарының  бірі-адамгершілік  мұраттарын 
асқақтата түседі. 
Әңгіме  финалындағы:  «...жақсы  адамдар  көп.  Өзі  қайсысының  қатарына 
жатады.Әпкесі  ше?»  деген  салмақты  да  сауапты  сұрақ  кім-кімге  де  ой  салары  анық. 
Шығарма шындығы, табиғаты мен тағылымы осында болып табылады 
Ақиқатқа  тура  қарасақ,  әуелгі  кезде  адамның  бәрі  жақсы.  Кінә-күнәден  ада-тұғын. 
Өмір  сапары  сан  тараулы  жолға  салды.  Кедергі-кемшіліктерге  де  кезікті.  Алайда, 
ақиқатты  ту  етіп,  адамгершілікке  табан  тірегендердің  алды  ашық,  бел-белестері 
биік,өрістері  кең  болды.  Арман-аңсарларына  құштарлықтары  артып,  жақсылық-
жетістіктерге  жетіп,  даңқ тұғырына  көтерілді.  Шындық  жүзіне  үңілсек,адам  мұраты  мен 
өмір  мәні,  дәстүр  мен  діннің  ақиқат  жайттары,  өзіндік  сабақтастығы  да  осыған  келіп 
саяды.  Бұдан  байқалатыны:  әңгіменің  басты  арқауы-адамгершілік  пен  әділеттілік, 
қарапайымдылық пен кішілік, бауырмалдық пен сыйластық екені жылы лептей есіп, жан-
жүректі  жадыратып,  көңілді  өсіретіні  анық.  Қоғамға  керегі,  адамға  тән  белгілер  де  осы 
емес пе? 
Келесі әңгіме - «Жетім құлын» сырынан да өмірдің бұралаң жолдары, адам әлемінің 
мың  сан  арналы,  әр  алуан  қатпарлы  талайлы  тағдырлары,  көлеңкелі  көрініс  пен 
қайшылықты тұстары да өз ара байланыс, сабақтастықта өріс алады. Алғашқы тұстан-ақ, 
Алла ісіне сенген Тәмиза махаббаттың құдірет-күшін, сағыныш-сүйіспеншіліктің салмақ-
сырын  да  осы  бағыттан  біліп-танып  жүрген-ді.  Асылы,оның  бойы  да,ойы  да:  «мың 
құбылып,  жүз  түрленуден  ада  еді».  Алайда,  әңгіме  арнасы  алғашқы  тұстан-ақ  өмірдің 
бұралаң  жолына  түсіп,отбасылық  тауқымет  алға  шығады.  Тәмиза  кластасы  Алапайдың 

 
 
162 
«әйелі  туыт  үстінде  жүріп  кетіп,  төрт  бала  аңырап  жетім»  қалған  шақта  қасынан 
табылуына  тура  келеді.  Отбасылық  тауқымет,  тағдырдың  таңба-салмағы  еркектің 
мойнына  түсіп,  абдырап-сасқан,  әлсіздік  танытқан  шақтағы  жан  әлеміндегі  күйзеліс-
өзгерістер  кім-кімге  де  тым  ауыртын.  Тағдыр  талқысының  дос-дұшпан  басына  бермесін 
әркім-ақ қалар еді. Тәмиза әлемінде, жан-жүрек иірімдерінде де көзге көрінбес қозғалыс 
пен  сыр-сезімге  әсер  етер  өзгерістер  байқалған-ды.  Оның  үстіне:  «Жүрек  ымбалы  осы 
уақытқа  дейін  өмір  кешкен  саяқ  ғұмырын  өзге  бағытқа  бұрды».  Әділетсіз  өлім,  қаралы 
жиын  үстінде:  -  Мен  мына  балалардың  қасында  қалайын,  -  деп  көңіл  толқынын  жүрек 
әміріне жеңгізіп, шынайы шындыққа негізделген шешімін жүйелі жеткізуінен адамдық іс 
пен  жауапкершілік  жүгі,  батылдық  пен  табандылық,  шынайы  сыр-сезім  иірімдері  терең 
танылады. 
Алғашқыда Алапайдың өзі абдырап қалып, зәресі ұшқандай күйге енеді.Оның үстіне 
Тәмизамен арада кластастық байланыс болғанымен, жан әлемін тамыршыдай тап басып, 
біліп-танитындай:  «сырласып,  сырашысып  көрмеген».  Анық  аңғарылатыны,  Тәмиза 
табиғатынан  Алла  ісіне  мойын  ұсынып,  табан  тіреу  байқалатын.  Ауыл-елдің  алдында 
тұрып,  адами  әлемін  айқара  ашып,  көңіл  толқынын,  жан-жүрек  сырларын  бүкпесіз-
боямасыз  жеткізуінен  де  мәнді  ой,  таным-тәлім,  тағылымды  толғам-толғаныстар 
танылған-ды:  «-Ішкі дүниемді таза ұстау жолында оңашалықты таңдап алғанмын. Әулие 
болайын  дегендік  емес  еді.  Жалғыздық  Құдайға  ғана  жарасқан  деп  көп  адам  менің 
мұнымды мақұлдамайды. Енді мына Алапайдың басына түскен қиындықты бірге бөлісіп, 
Жаратушының сынағына төзімімді бірге төсейін деп едім». Бұл - Тәмизаның асыл арманы, 
жүрек сыры еді. 
Әңгіме оқиғасының даму сипаттарынан танылатынындай, ауылдың ақсақалы Сабата 
бата  бергеніндей,  Тәмиза  төрт  баланы  бауырына  басты.  Алғашқы  үшеуі  жатырқамай-
жатсынбай қабылдаса, кішкентайын бауырына басқанда: «...ең күшті,ең тәтті сезім бойын 
кернеді».Бұрын  бастан  кешпеген,  көріп-білмеген  жан  жылуын,мейірім  шуағын  сезінді. 
«Анық  тура  жол-бауырыңда  бала  тербету  екен  ғой»,  -  деген  ойлардың  құшағына  енді. 
«Ақырын жақсы ете гөр!», - деген тәтті тілек тіл ұшында әр кез-ақ тұрды. 
Алайда,  Тәмиза  жеке  басының  артық-кем  тұстарынан  бөлек,  отбасылық 
ауыртпалықты,тағдырдың  таңбасын  да  қат-қабат  көреді.  Әсіресе,  Алапай  келіншегінің 
қырқын  беріп  жатқанда  жүрегі  тоқтап,қалың  көпшілік  теңіздей  толқыған  сәттер  мен 
қорадағы  кәрі  биенің  құлындай  алмай,  күйзеліс-қиналысты  көріністердің  қатар  берілуі-
Тәмиза  әлемін,адамдық  қасиет  пен  адамгершілік  мұраттарды,  жанкештілігі  мен 
жауапкершілік жүгін айқын аңғартады. Адам әлемі мен бие бойындағы өзгерістер зарлы 
жоқтау мен мұң-шерді қатар шығарды. Төрт бала әке-шешеден айрылып, еркек құлын да 
жетімдік қамытын мойынға ерте ілді. Ауыл-елдің жүдеу тыныс-тіршілігі, мал баққан, егін 
еккендердің  де  еңсесі  түсіп,  ұры-қарыға,  от-өртке  шалдыққан  тұстары  да  көп  кезікті. 
Иештің  арпа  алқабын  өртеуі-ел  ішін  дүрліктіріп,жұрттың  дегбірін  қашырды.  Дегенмен, 
үлкен ұл жұмсауға жарап, қол ұшын бере бастады. Жетім құлынға жем-шөп салып, суын 
берді.  Қант  беріп,  қолға  да  үйретті.  Жетім  құлынның  қылшық  жүні  жылтылдап,  қимыл-
қозғалысқа  еніп,  сергектік  пен  сезімталдық  танытқаны  да  осы  тұс  еді.  Бойын  тіктеп, 
мініске жарап, жүріс-тұрысынан да үмітті етті. 
Ана  мен  бала-Тәмиза  мен  Қисмет  арасындағы  байланыс,  тау  жолындағы  өз  ара 
әңгіме-сұхбаттары табиғи өріс алады. Алла ісі,адам әлемі, дәстүр-дін,  жұмақ-тозақ, кінә-
күнә,  жақсылық-жамандық  сипаттар  төңірегіндегі  сұрақ-жауаптардан  да  адамгершілік 
мұраттар,имандылық  иірімдері,  туыстық-сыйластық  сырлары  терең  танылады.  Табиғат 
тылсымы,дала дидары мен тау құбылысы, аң-құстар әлемі,жәндіктер тіршілігі, аралардың 
қасиет-құдіреті-адамгершілік  пен  әділетсіздік  арқылы  өзіндік  орындары,  ерекшеліктері 
көрсетіліп,  ара  –  жігі  айқындала  түседі.  Әсіресе,  Иештің  өлімі-адам  мен  табиғат 
арасындағы байланыс-сабақтастықтан өзге, өз ара қарым-қатнастың сақталмағанын, тепе-
теңдіктің  бұзылғанын  айқын  аңғартады.  Ал:  «Жиналғандардың  бойында  күнәдан  қорқу 

 
 
163 
сезімі тұтанды, бойларында адамгершіліктің мол ұшқыны оянды. Иештің өлімі Тәмизаның 
рух  сандығын  да  тазалап  өтті».  Бұл  -  адамдық  мұрат  пен  адал  еңбектің  салтанат  құрған 
сәті. 
Жетім  құлын  қылшық  жүні  жылтылдап,  ойнақтап-ойқастап,  өзенді  өрлеп,  арналы 
ағыстан таза су ішетін құла құнанға айналғанда шопандар тойындағы бәйгеге қосылады. 
«Құлан  құйрық,  ұзын мойын  құла құнанның»  қимыл-әрекетін,мінез-сырын  Қисмет  еркін 
меңгеріп,  көмбеге  жүлделі  болып  оралды.  Жетім  құлын  құнанында  да,  дөненінде  де 
бәйгенің  алдынан  көрінді.  Автор  құла  құнанның  кешегі-бүгінгі  жетістіктерін,  артық-кем 
тұстарын қатар көрсету негізінде адам мен оның еңбегін, өмір өрімі мен өрнектерін, уақыт 
пен кеңістік арақатнасын барынша нанымды, әсерлі ашады.  
Әңгіменің  соңғы  бөлігінде-Астанада  тұратын  Қисметтің  үйленетіні,кейіннен  істі 
болғаны  жөніндегі  жайсыз  хабар  беріледі.  Алғашқыда  Тәмиза  дәстүр-дінге  беріктігін 
байқатып,тойдың қамына алаңсыз, шын көңілмен кіріседі. «Істі болды»дегенде ақ-қараны 
айыра  алмай,  өкініш  - өксігі  мол  зарлы  күй кешеді.  Ақиқатқа  жету  жолының  күрделі  де 
көлеңкелі  тұстары  мол,  әрі  кедергі-кемшіліктері  көп,  қиын  да  қайшылықты  екеніне  көзі 
жетеді.  Көңілге  кірбің  ұялатып,  жүрекке  салмақ  салған  сәттері  де  мол  болды.  «Жан 
ауыртар ащы өкініштен Тәмиза бір уыс болып қалды». 
Өмірдің бұралаң жолы,жалған дүниенің қиырлы-шиырлы іздері, тағдыр талқысының 
бедерлі  тұстары  әңгіменің  соңғы  бөлігінен  анық  аңғарылады:  «Тәмиза  құла  байлаулы 
қораға  кірді.  Бәйге  аты  быламықпен  күн  көріп  отыр.  Үлкен  басын  мойны  әзер  көтеріп, 
арбиған  арық  денедегі  ырсиған  қабырға  келдің-кеттің,  толдың-семдің  деген  осы  дегенді 
аңғартады.  Екі  тірсегі  мен  құйрығы  сауыс-сауыс.  Тізесіне  шор  байланыпты.  Буын 
сүйектері  бұлтылдап,  тұяқтары  бұзылып  бар  сынынан  айырылыпты.  Тәмиза  өзіне  көз 
жүгіртті.  Бойындағы  мол  сәуленің  қуаты  азайып,көмескіленіпті.  Аяулы  шақ  алыстан 
мұнартады. Жанында ызы мен торығудан өзге ешнәрсе қалмағандай. Талқы-тағдыр бағын 
аударып,  маңдайын  тайқыландыратын  жол  айырығына  тіреліпті».  Өмір  арнасы  мен 
тағдыр талқысының бір қыры осы.  
Біздіңше, автор адам әлемін әр қырынан ашып, оның өзін өмірдің бұралаң жолы мен 
тағдыр  талқысы  арқылы  көрсетіп,  осының  негізінде  адамгершілік  мұраттарды, 
жауапкершілік  пен  сауапты  істерді  алдыңғы  кезекке  шығарады.  Тәмизаның  адамдық 
бейнесін - Алапайдың отбасылық тауқыметімен байланыстырып, былайғы жерде қоғамда 
да,  өмірде  де  бар  келеңсіз  құбылыстардың  өткір  тұстарын  жетім  құлынның  тағдыр-
талайымен сабақтастықта суреттеуі дәстүр-дін, тұрмыс-тіршілік тынысы негізінде сенімді 
сипат  алады.  Ал,  әкесіз-шешесіз  қалған  балалардың  аяулы  адам  -  Тәмизадан  қамқорлық 
көруі өмір оқиғасын қоюландырып қана емес, одан шығатын жолды, әсіресе адамгершілік 
пен  дәстүр  жалғастығын,  инабат  пен  имандылық  иірімдерін,  туыстық  пен  сыйластық 
сырларын,  шынайы  шындықтың  ұнамды  сипаттарын  да  айқындай  түседі.  Бастысы,  өмір 
оқиғалары  нанымды  өріс  алып,  тағдыр  мен  тұрмыс  ауыртпалықтары  кеңінен 
көрсетіліп,адам мұраты,еңбек мәні, уақыт бедері айқындалады. Қоғамдағы шешуші тұлға-
адам  мен  оның  өмірі,  еңбегі  мен  тұрмыс-тіршілігі,  талайлы  тағдырлары  да  арналы  арна, 
ұнамды сипат алып, маңызды мәнге ие болады. 
Жазушы  Д.Мамырбаеваның  бірсыпыра  әңгімелері  («Айна»,  «Құрсақ  шашу»)  ел 
өмірінің көріністерін, дәстүр-дін тұтастығын,тұрмыс-тіршілік тынысын терең танытуымен 
назар  аудартады.  Айталық,  «Айна»  әңгімесінде  ауыл-елдің  көрініс-тынысымен  бірге 
нәрестені  (Жәнібек)  бесікке  салу  рәсімі  барынша  жарасымды,  сән-салтанатымен  жүзеге 
асырылады.  Алғашқы  тұста  Алуаның  айнаны  қызықтап,одан  өз  бейнесін  көріп,мадақ 
сезімге  бөленген  сәттері  танылса,  кейінгі  кезекте  қос  құрбы  -  Алуа  мен  Қарлығаштың 
айна-тарақты  еске  түсіріп,  өз  ара  жарасым-түсіністікпен  кездесу-қауышулары,  мінез-
қылықтары, іс-әрекеттері тартымды әсер қалдырады. 
Ал,  Алуаның  қолындағы  айнаны  нәресте-сәбидің  жастығының  астына  қоятын 
болған-ды. Алуа әлгінде оны сұрап алып,өзінше қызықтап, таңырқаған тұстары да болды. 

 
 
164 
Асты-үстін  төңкеріп,  ондағы  көрініс-суреттен  таныс-бейтаныс  жайттарға  да  кезікті. 
Ұқсас-үндес  тұстар  да  танылды.  Алуа  енді  оны  Қарлығаш  құрбысымен  қатар  көрді. 
Қызығушылық та,таңданыс та айқын аңғарылған еді. Әсіресе, таныс көрініс, құбылыстар 
байқалды.  Қос  құрбы  оны  ұзақ  қызықтайды:  «Екеуі  бас  түйістіре  қарап  еді,  бейнелері 
айнаның  бетіне  шыға  келді.  Киген  көйлектері  де  сол  қалпында  көрінді.  Кетік  тістері 
кетиіп  еркелей  қарайды.  Екі  қыз  емініп  тағы  қарады.  Алуа  қолына  ұстап,  қозғап-қозғап 
жіберіп  еді,  астауға  құйған  күмістей  көлкілдеді  де,  бейнелері  толқынның  арасында 
қалғандай  бір  көрініп,  бір  көрінбеді.  Алуа  айнаның  бетіне  су  тамызды.  Моншақ  секілді 
дірілдеп, айналасында сәуле ойнады». 
Жәнібекті бесікке бөлер кезде әлгіндегі айна қажет болды. Алуа болса,әлі де айнаны 
қызықтап,  бір  сәт  нәресте  бетіне  тақаған  еді.  Осы  сәт  әжесі  баланы  айнаға  қаратуға 
болмайтынын, тілі шықпай қалатынын есіне салады. Алуа бұртиып, өкпелеп сұрай берген 
соң,  оны  да  жауапсыз  қалдырмайды:  «-Айнаны  айнадай  таза,алыстағыны  болжағыш 
болсын  деп  жастайды  баланың  басына.  Бұл  айна  ақсүйектер  мен  ханшалар  ғана  қолына 
ұстай  алатын  қат  дүние  болған  кезінде.  Қазір  көп  болған  соң  ғой,қадірі  кетіп  тұрғаны. 
Жәнібектің басына жастаған күміс айнаны менің әкем кезінде бақалшыдан бір тайға сатып 
алыпты.  Шешеме  берерде:  «Бұған  күліп  жүргеніңде  ғана  қара,ашуланып  жүргенде  көзің 
түссе шайтан көрінеді»деп қорқытып қойыпты. Анам соған өлердей сеніп,көңілді кезінде 
ғана қолына ұстайды екен. Кейін маған бергенде де осыны аманаттаған». 
Кезекті  тұста  Алуаның  әжесі  айнаның  қасиет-құдіретін  естелік,әңгімелер  негізінде 
баяндап  береді.  Тіпті  айна  бір  қаланың  жұртын  жаудан  аман  алып  қалған  көрінеді.  Тау 
басына салынған ескі қамал, ондағы жеті қабат ғажап мұнара,осында ғұмыр кешкен сұлу 
әйел  бейнесі  –  Аладин  шахты  қызықтырып,өзіне  ынтық  етеді.  Алайда,  сұлу  әйел  сыйлы 
адамның  жары  болады.  -  Аладин  шах  әйелді  көрсетсеңдер,қала  халқын  қоршаудан 
босатамын!-деп шарт қояды. Сонда шеберлер көп айна жасап,оған әйелдің жүзін түсіріп, 
шахқа  көрсеткен  екен.  Әйелдің  ажар-көркін  көріп,  асыл  бейнесі  мен  сұлулығына 
таңғалып-тамсанған шах соғысты тоқтатып, әскерін кері бұрған екен. Негізінен: «Қаланың 
айна жасаушылары кескін беретін айна бетіне алтын мен қола қосқан. Сонда айна бейнені 
әлденеше есе әдемі көрсеткен». 
Ертеректе бір патшаның анасы айна бөлшектерінен безендірілген көйлек тіктіріп, ол 
жүргенде,  қозғалысқа  енген  тұста  айналасына  нұр  шашып,  жарықпен  шағылысатын 
болған. Оның да айрықша әсері бар еді. 
Алуа  мен  әжесінің  әңгімесінен  айнаның  сиқыршылық  қасиеттері,  өзімшілдікке 
бастар  қырлары  да  айқындалады.  Ай,  күннің  қасиет-сырлары  да  қатар  көрсетіледі.  Тіпті 
күн  шуағы  ағаш  бұтағындағы  бозторғайды  шомылдырып  жатқандай  әсер  қалдыруы  да 
баланың белгі-ерекшеліктеріне, танымы мен түсініктеріне сай кең өріс алады. 
Отбасылық өмір, тағдыр талқысы, тұрмыс-тіршілік иірімдерінің шынайы шындығы - 
«Құрсақ  шашу»этнографиялық  әңгімесінің  негізгі  өзегін  құрайды.  Автор  Ажар  мен 
Бейсехан  отбасын,  араларында  перзент  болмай,  соның  зардапты  әсерін,  себеп-сырларын 
әр қырынан көрсетеді. Үйленген жылдары аға-жеңгесінің үш баласы қолдарында болып, 
ішім-жемге,  тіпті  нанға  ортақтасқанын,  кейіннен  интернатқа  орналастыру  сәттерін  еске 
түсіріп,оның да кері әсерін өз ара әңгімеге сына етеді. «Үш баланың ауырлығы» перзентке 
зар болған кезеңнің көрінісіндей еске алынып, отбасылық өмір-тұрмыстың сырынан мол 
хабардар етеді. 
Бейсехан  өмірден  өтерден  үш  күн  бұрын:  -  Құдай  бізге  неге  бір  шикі  өкпесін 
қимады? - деп қамкөңіл танытып,оның кінә-күнәсін, себеп-сырын сұраулы кейіпте ортаға 
жайып  салған-ды.  Ерлі-зайыптылар  арасындағы  екеуара  әңгіме  арман-аңсарды  да, 
сағыныш-сүйіспеншілікті де, өмір-тұрмыс сырларын да кең көлемде көрсеткен-ді. Адами 
болмыс, қарыз-парыз да осы тұста анық-қанық танылған-ды. Ажар бейнесінің шайпайлау 
сәттері,  шалкестеу  тұстары  да  осы  кезде  бой  көрсеткен-ді:  «Ажардың  мінезі  шәлкестеу, 
бірақ  дәл  осы  сәтте  сабыр  сақтап,  белден  әлдеқашан  асып  кеткен  өмірдің  артынан  ұзақ 

 
 
165 
телміріп  отырып  қалған.  Іштей  күйеуінің  айтқанына  қосылған.  Сол  үшін  балаға 
қазымырланып,  қытымырлық  көрсеткені  рас.  Балалығым  болды  дейін  десе,  отызға 
келгенде,  өмірдің  ащы-тұщысын  татқанда,  отырып  барып  тұрмыс  құрған.  Күйеуінің 
бауырына  деген  өзегінде  арамдық  болмағанымен,  соларға  қатал  қабақпен  қарағандығын 
мойындайды.  Нанның  өзін  пышақ  жүзіндей  етіп,  мөлшермен  ғана  кесіп  беріп,қалғанын 
сандыққа  салып  тығып  қоятын.  Қарны  аш  балалар  сандықтың  кілтін  талай  бұзып,  содан 
кейін бұдан оңбай таяқ жейтін, үйде ұрыс-керіс басталатын. Сол үшін балалар бір күнде 
аудан орталығындағы интернатқа барып орналасып, бұдан іргелерін аулақтатқан». 
Әңгіменің  даму  өрістерінен  Ажар  бейнесінің  артық-кем  тұстары,  әсіресе  жүріс-
тұрысы  мен  мінез  қырларындағы  кемшіндіктер  терең  танылады.  Оған  өзінің  өкініп, 
бармағын  тістеген  тұстары  да  аз  болмайды.  Өткен  өміріндегі  кемшілік-қателіктерін 
байқап,  көзіне  жас  алып,  жан-жүрегі  тазарғанын  да  сезеді.  Қайнағасы  мен  жеңгесінің 
аяқтарына  жығылғысы  да  келеді.  Құдайдың  кешіргенін  де  қалайды.  Күні-түні 
жалбарынып,  көз  де  ілмейді.  Осы  сәт  бойын  өзгеше  сезім  билеп,  жан-жүрегі  елжіреп, 
екіқабат екенін сезінген-ді. Алла ісі, тағдыр жазуы екенін мойындамасқа шарасы жоқ еді. 
Алдымен  жаңалығын  абысынына  жеткізді.  Абысыны  асып-сасып,  бойын  абыржу  мен 
қуаныш  кернеп,  ауыл  әйелдеріне  құрсақ  шашу  беру  шаруасымен  айналысып  кетті. 
«Құрсақ  шашуға»  бүкіл  ауыл  дүрлігіп  көшіп  келгендей.  Кезінде  өкпелесіп  қалған  талай 
туыс бүгін араларында ешнәрсе болмағандай, табысу мен жарасудың шайын ішті. Ажар да 
оларға пейілденіп, мейірленіп қарады». 
Әңгіме финалындағы-құрсақ шашу дәстүрі кеше-бүгін байланысын танытып, ауыл-
елдің басын қосып, абысын арасын жалғап, көрші-қолаңды қайта табыстырғаны, сөз жоқ 
ұлт  пен  ұрпақ  үндестігін,адамдар  арасындағы  достық  пен  туыстықты,  дәстүрлі 
сабақтастықтың тамырын айқын аңғартады.  
Тұтастай  алғанда,  жазушы  Д.Мамырбаеваның  кейінгі  кезеңдегі  әңгімелерінің 
тақырыптық  табиғатынан,  көркемдік  жүйесі  мен  стильдік  құбылыстарынан,  авторлық 
ұстаным мен қолтаңба мәнерінен: 
-  адам  мұратына,  жан-жүрек  сырларына,көңіл  толқынына,  ізгілік  иірімдеріне 
айрықша мән беру барынша бедерлі, анық-қанық көрсетіледі
- ұлт пен ұрпақ тағылымы,дәстүр мен сабақтастық сырлары, кеше-бүгін байланысы, 
уақыт пен кеңістік ара қатнасы көркем де жіті танылады; 
-  адам  әлемін,  тарих  пен  таным  тоғысын,  уақыт  бедері  мен  тағдыр  талқысын  өмір 
оқиғалары  мен  кезең  көріністері,  ел  әңгімелері  мен  дәстүр  тағылымы,  кеше-бүгіннің 
сабақтастығы арқылы ашу басты мақсат етіледі
- адамдық істі ардақтау, ақыл-парасатқа ден қою мұраты айқын; 
- кеше мен бүгін байланысын,  өмір  оқиғаларының ақиқат жайттары мен көркемдік-
эстетикалық  арналарын  адамгершілік  пен  ізгілік,  дәстүр-дін  жалғастығы,  сыйластық 
сырлары негізінде көрсету айқын аңғарылады; 
-  ең  бастысы,  әрине  қайсыбір  тақырып  мәні,  өмір  оқиғасының  бедерлі  белгі-
ерекшеліктері,  уақыт  пен  кеңістік  арналары  адам  әлемі  мен  мақсат-мұраты,  өмірі  мен 
өнегесі,  дәстүр-діннің  байланыс-сабақтастығы,  тағдыр  талқысының  қатпарлы-
қайшылықты тұстары негізінде нанымды ашылып, бәрі-баршасы қысқа-нұсқа, мәнді-нәрлі 
қалыпта  арна  алып,  асыл  сөздің,  көркемдік  кеңістігінің  талаптары  тұрғысынан  сенімді 
суреттеледі. 
Демек,  Д.Мамырбаеваның  шағын  жанр  үлгісі  -  әңгімелерінде  өзіндік  ізденісі  мен 
суреттеу мәнері, көзқарасы мен қолтаңбасы бар. 
Жан-жүректі жадыратып, көңіл қуантқан рухани байлығы да осы. 
 
 
 
 

 
 
166 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет