СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Киреев Р.Т. Победитель; Апология. - М., 1980.
2
Шмид В. Нарратология. - 2-е изд., испр. и доп. - M.: Языки славянской культуры,
2008. – 304 с.
ТҮЙІН
Мақала ХХ ғасырдың 80-ші жылдары жазылған Руслан Киреевтің модернизмнен кейінгі
эстетиканың белгілері бар «Апология» романына жүргізген зерттеуге арналған. Зерттеудің
мақсаты ғибадатхана дискурсын нарративті стратегия жолымен автор ойын оқырманға көрстеудің
эквиваленттілік рөлін анықтау. Шығармада уақытпен шектелмеген барлық элементтер
анықталған. Олар нарративтік бірізділікті бұзу арқылы оқырманмен ойын стратегиясын іске
асыру арқылы жасалған.
RESUME
This article is devoted to the research of the novel of Ruslan Kireyev "Apologia" written in the 80s
of the XX
th
century and containing the signs of the arising post-modernist esthetics. The definition of the
role of equivalence in a confessionary discourse of the work as the narrative strategy of broadcasting to
the reader of the author's plan became a research objective. As a result of the research the types of
equivalence of the timeless correlation of the elements in the work representing the realization of the
strategy of a game with the reader by violating the narrative sequence for activization of the reader's
reception are revealed.
270
ӘОЖ 82-91 (045)
Тынымбай
Нұрмағанбетовтің
«Кене» әңгімесіндегі
реализм мен
мистика
Аннотация
Мақалада көрнекті қаламгер Тынымбай
Нұрмағанбетовтің «Кене» әңгімесіндегі реализм
мен мистиканың қатар өріліп, өмір құбылыстары
мен кейіпкерлердің ішкі әлемінің ашылуы
сипатталады. Жалған дүниеде қиянат пен қарғыс
арқалаған пенденің жазушы қиялымен берілген о
дүниедегі азабын бояуы қалың көркемдік
тәсілдермен тартымды, қызғылықты беруі сөз
болады.
Түйін сөздер: көркемдік тәсіл, мистика,
реализм, тақырып және идея, авторлық ұстаным.
Әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы
Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Кене» әңгімесін [1,
340-357] мистикалық шығармаға жатқыза отырып,
мұны соңғы жылдардағы қазақ прозасының үлкен
табысы санайды: «Бұл мистикалық шығарманы
соңғы жылдардағы қазақ прозасының үлкен
табысы деп айтсақ, та артық емес. «Кене»
әңгімесінде жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов
реализм мен мистиканы араластырып жіберіп,
әлем әдебиетінде өзіндік мектебін қалыптастырған
жазушы Франц Кафканың өзімен іштей бәсекеге
түсіпті» [2, 116].
Көрнекті қаламгер Жүсіпек Қорғасбек осы
жазушының шығармашылығы жайлы пікірінде: «...
Ал әлемдік әдебиеттің тұрғысынан қарағанда,
назар аударатын екінші жазушы - Тынымбай
Нұрмағамбетов.
«Кене»
деген
бір
ғана
шығармасын
алайық.
Адамның
күнделікті
өмірінен тыс параллельді өмірді көрсетуін
жаңалық деп бағалауға болады. Ең бастысы,
жаңалықтың соңына түсіп кетпеген, шынайы
көркемдік қуаты бар дүние. Адамның өмірден
өткеннен кейінгі жан – дүниесінің жалған
дүниедегі көрінісі. Өзі және өзіне деген
айналасының көзқарасы. Өте керемет суреттелген»
- деп тұжырымдайды [3, 2].
Бұл айтылғандардың қай – қайсысы да бүгінгі
аға
буын
өкілі
Т.Нұрмағанбетовтің
ізденімпаздығынан, дарын қуатынан хабар беретін,
талғампаздығына дәлел болатын дәйектер.
Ал «Кене» әңгімесінің өзі әлемдік әдебиетте
ерекше аталатын Франц Кафканың «Құбылыс»
(Превращение), Акутагава Рюноскэның, «Өрмек»
(Паутинка) атты туындыларымен рухтас, үндес,
солармен иық теңестіретін шығармалар санатына
жатады.
Б.А. Рахметова
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық
институты, ф.ғ.к., доцент
271
«Кене» әңгімесінің кейіпкері Бимен өзі басшылық жасайтын мекемедегі кабинетінде
түскі астан кейін мызғып алу үшін диванға қисаяды да, жүрегі қысылып жаны кеудесінен
шығып кетеді... «Әлгінің кеудеден шығуы – ақ мұң екен... бұл қайтып тәнінің ауырғанын
... тіпті сол тәннің бар – жоқтығын сезген жоқ. Тіпті әлгіндегі сетінеген кеудесінің қайта
бітіп, әлде жарылған күйі қалғанын да аңдай алмады.
Ол енді денесінен бөлек, биік тұрды. Дене төменде қимылсыз сұлық жатыр».
Кеудеден шыққан жан (Жан - Бимен) ендігі сәтте кабинеттің маңайында болып
жатқан оқиғалардың куәсі болып, жоғарыдан қарап тұрады. Шамамен жұмыс уақтысы
басталған кезде біреу келіп есік тартады, аяқ тықыры ұзап кетіп қайта келіп есікті сыпайы
тықылдатады. Жан – Бимен мұны хатшысы (секретарша) деп жориды. Одан кейінгі
уақытта есікті жұлқи тартып келген орынбасарын, есіктің құлпын бұзуға әрекет
жасағандай болып сезілген абыр – дабыр дауыстар, терезенің ашық көзінен түсіп келе
жатқан жүргізушісі Жантай, есік ашылған кейінгі ішке лап қойған көпшілік, мұның өліп
кеткендігіне көзі жеткен орынбасары Әліптің қылықтары, отбасы мүшелерінің келуі... бәрі
– бәрі Жан - Бименнің көз алдында өтіп жатады.
Жан – Бимен өз денесінен алыстап кетпей жерлеу рәсімінің де куәсі болады.
Мекемеде жаны тәнінен бөлектенгеннен бастап оның тағы бір байқағаны ешкімнің шын
қайғырып, шынайы көз жасын шығармағаны. «Шағын шоғыр жерлеуге шығарып салғанда
да... Өлі денемен бірге жұрттың ықылас – пейілі қоса суығандай.
...Әлдекіммен ұрысатындай әйелі көкбеттеніп алған. Келіні мен баласында үн жоқ.
Сұңқиып – сұңқиып әр жерде теріс қарап тұрғандары. Қызы да бұл жолы көзіне жас
алмады...
Мекеме қызметкерлерінің жүздерінен әлдеқалай көңілділік байқалды ма – ау
немене».
Жерлеу рәсімі аяқталған соң жиналған кісілер жөндеріне кетіп Жан – Бимен жалғыз
қалды. Ол үшін қорқынышты, азапты шақтардың басы осы болады. Жалғызсырайды.
Елегізиді. Қорқады. Көрші қабірге келіп дұға оқып, көз жасын төккен әйелге емекси әрі
қызыға қарайды. Үй – ішінен не болмаса достары, жерлестерінен біреулер келіп қабіріне
тізе бүгіп, дұға оқыса деп армандайды. Бірақ бұл арман – арман күйінде қалады. Мұның
қабірін іздеп келер ешкім болмайды. Фәни дүниеде құдай сүйер қылығы жоқ, адам
баласына жақсылық жасамаған, жақсылықты қоя тұрып жай жүрмей жаманат пен қиянат
арқалаған жанды кім керек етсін. Ешкім керек қылмаған, іздемеген денесінен ақыры өзі де
жерігендей болады.
Т.Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесінде мистика мен реализмді қатар өріп, жаңа жол,
жаңа өрнек тапқан. Мысалы, Актутагава Рюноскэнің «Өрмек» әңгімесіндегі қандықол
қарақшының өлгеннен кейін мекені адам баласына белгісіз о дүниедегі басынан кешкен
азабы баяндалса, «Кене» әңгімесінде Жан – Бименнің о дүниедегі жан азабы мен тән
азабы осында, жер бетінде өте береді.
Кенеттен соққан бір алапат дауыл мұны көтеріп әкетіп, ит сілікпесін шығарып
әлдебір уақытта қайтадан жерге лақтырып кетеді. Түскен жеріндегі үй – жай, қора –
қопсы, көзіне таныс көрініп, бажайлап қараса бұл жалғыз ағасы Сүйменнің ауласы болып
шығады. Қуанып кетіп есікке қарай ұмтылады. Өзіне біртүрлі жүрісі өнбейтіндей көрінеді.
Қол созым жерде тұрған есікке бағана шықса да жетіп болмайды. Үйден шыққан ағасы
Сүймен енді табалдырыққа іліне берген мұны көріп қалады да: « - Әй, мына кене қайдан
жүр. Біреудің құлағына кіріп жүрер. Аулаққа апарып өлтіріп тастаңдар», - дейді. Абырой
болғанда бұйрықты орындаушы ұзынтұра қара бала мұны саусағының ұшына қондырып
алып қораның сыртына лақтырып жібереді, өлтірмейді. Бұған да шүкіршілік. Енді ойлап
қараса жалған тірлікте осы жалғыз ағасы Сүйменмен де араласпаған екен... Тап осы жерде
Бимен (Жан - Бимен) Тәңірінің өз жанын кенеге бергенін, өзінің де кенеге айналғанын
біледі.
272
Енді Жан – Бименнің кене тіршілігі басталады. Ағасының қылығынан беті қайтқан
Бимен – кене ендігіде адам адам атаулыдан аулақ, адам болмайтын жер, адам баспаған
жол іздейді. Ол үшін қазір дүниедегі ең қорқынышты, ең үрейлі нәрсе – адамның ізі
болды. Осылай сенделіп жүріп айдаладағы тақырда жатқан атан түйені көреді. Әлденені
күйсеп, ештеңеден қаперсіз, айналасына маңғаздана қарап жатқан түйеге қызыға қарайды.
Жақындай келе кене түйені таниды. Бұл бұрынға бастығы Атанбай екен. Бимен – кененің
ойы, өткенді еске алуы арқылы Атанбайдың фәни дүниесіндегі өмірінен хабардар
боламыз. Бимен Атанбаймен оқып жүрген кезінен таныс болған. Кейін қызметтерін жаңа
бастап жүргенде де араласып – құраласып тұрған. Атанбай атына лайық – маңқиып,
манғаз жаратылған қазақ болған. Бимен қаншама қараулық, жамандық жасағанда ол бұған
зәредей де жамандық жасамаған. Адамдық, азаматтық биігінде қалып, Бименнің
ұсақтығына мән бермеген. Тіпті Бименнің өзін де елеп – ескермеген. Ақырында сол
биіктігі мен алыптығын көре алмаған Бимен Атанбайдың түбіне жетіп, ажалына себепші
болады. «Батыр аңғал – ер көдек» деген осы. Өмірде жылпос, жандайшаптардың тасы өрге
домалап, адал, әділ тіпті алып жандардың солардың құрған қақпанына түсіп, опық жеп
омақаса асып жатқандары жоқ немесе аз деп айта аламыз ба.
Кененің ендігі ойы атан түйенің жүніне жабысып алып елсіз жерге ұзап кету болады.
Жүнге жетіп алған соң кенелік инстинкті оянып, енді түйенің жүннен ада аппақ жұқа
шабына жабысуды ойлайды. Түйе орнынан тұрып, құладүзге бет алғанда бұл да жұқа
шаптың шетіне жетіп үлгереді. Шаптың терісі жұқалау тұсына тұмсығын қадап, қанын
сорып рақатқа батады. Тоғы басылып, шөлі қанады. Қоламса исі аңқыған осы мекенде
мәңгілік қалуды ойлайды. Бір шәріге тақай бергенде шабы тызылдап ауырған түйе жерге
аунап, шаң жұтқан кене өзінен – өзі домалап түсіп қалады.
Адамдардың көзіне түсіп қалудан сақтанып қалың көктің арасына беттеп, енді
шетіне жете бергенде алдынан көк – сары қанатты әдемі көбелек ұшып шығады.
Алғашында оған аса мән бере қоймаған Бимен – кене алдын орап ұшып кетпей қойған
көбелекті сәлден соң барып таниды. Бұл бұрынғы хатшысы – Бөпетай екен. Қарауында
екі- үш жыл істеген. Ана тіршілікте әсем қылықтарымен мұның есін шығарған Бөпетай -
көбелек мұнда да бірде оңға, бірде солға бұрылып, енді бірде жоғары-төмен көлбеп
сәнмен ұшады. Өткен шақта сұлу хатшысының жүргені, күлгені, алдына келіп тапсырма
алып тұрғаны, мұның бойын баурап, еліктіріп, еліттіргені, әуелде «дегеніңе көнбеймін»
деп осы ұшып жүргеніндей олай – бұлай қашқаны, ақырында Бименнің тұзағына түсіп
балапандай шырылдап – шырқырағаны, бота көздері мөлтілдеп жылағаны... бәрі де Бимен
– кененің көз алдынан тізбектеліп өтеді. Сол Бөпетай соңынан. Бименнің кесірінен
бесінші қабаттан құлап өледі. Қаншама залал, қаншама қиянат... Мұны Кене – Бимен өзі
де мойындайды, енді. «О, Бименнің уысында қанша қан, қанша күнә бар. Оның жанын
кенеге бергенде құдай көрмей – білмей отыр дейсің бе?...»
Жазушы кейіпкер Бименнің өлмей тұрып қиянат, зәбір көрсеткен адамдарымен бұл
жақта бетпе – бет кездестіріп тәубесіне келтіргендей болады. Тек кейіпкері Бимен – кенені
ғана емес, оқырманды да.
«Әңгімеден Құдайлық жолдан адасып, сайтани сеніммен өмір сүрген пенде
баласының жазушы қиялынан туған о дүниедегі азабын көреміз. Жазушы өз
шығармасында өмірде талай қиянат жасаған Бименнің жанын кенеге беру арқылы көзі
тірісінде істеген опасыздықтарын қайтадан есіне салу үшін тіршілікте қиянат жасаған
адамдарымен жолықтырып, осы көріністерді реалистік өмірмен өте шебер ұштастыра
біледі» [2, 117].
Тырбаңдап алға жылжып келе жатқан кене бір кезде өзінің саяжайының үстінен
шығады. Қуанып кетіп ендігі жерде осы саяжайдың маңында күн кешуге бел байлайды.
Осы қуаныштың жетегімен саяжайына беттеп келе жатқанда үйінің алдына өзінің соңғы
үш жыл мінген ақ «Волга» мәшинесінің келіп тоқтағанын көріп кідіреді. Көліктен әуелі
өзінің қызы, одан кейін орынбасары Әліп түседі. Қызы Әліптің мойнына асылып ары
273
қарай Әліп оны балаша көтеріп алып үйге беттегенін көріп тұрады. Ойша өз қызметінің
Әліпке тигенін бағамдайды. Ал қызы ше... Ары қарай бұл жайында ойлағысы да келмейді.
Әңгімеде орынбасары Әліптің бүгінгі күні бұрынғы бастығы марқұм Бименнің
«тірлігін» жалғастырып жатқаны көрінеді. Бимен көзі тірісінде күнәдан пәк ару қыз
Бөпетайдың тағдырын ойынға айналдырып соңынан оның ажалына себепкер болса, енді
өзінің қызы Бименнің орнын басқан Әліптің құшағында ойнайды... «Бұрынғылар
«тіршілікте көрген бақытың мен қасіретің бірдей болады. Тәңіріңнің таразысы тең» деп
жатушы еді. Шынымен - ақ» - дейді Бимен – кененің өзі де.
Саяжайын паналау туралы жоспары далада қалып кері бұрылған кене ойда – жоқта
төбеден құлдилап кеп, жер бауырлап ұшқан бүркітті көріп зәресі ұшады. Бұрын - соңды
бұл маңайдан бүркіт көрмеген. Биіктеп кетіп қайтадан төмен құйылып тура кененің
үстімен ұшып өткенде бұл алып құстың сұстылығынан, от шашқан көздерімен әкесі
екенін таниды.
Қалың шөптің арасымен кетіп бара жатып жақын маңнан көкектің үнін естиді.
Көкектің үні соншалықты мұңлы да қасіретті еді. Тіпті ол кенеге егіліп жылап отырғандай
сезіледі. Бұл көкек кененің анасы болып шығады.
Тірісінде адамды бетіне қаратпайтын қатал әрі әділ әкесі бүркіт туған баласының
кенеге айналғанын көріп бұдан түңіліп, биікке самғап, көкке сіңіп кетсе, қыбырлаған
кененің өз перзенті екенін таныған анасы көкек байғұс егіліп жылап қала береді. «Анасы
марқұм өзін – өзі тоқтата алмай ұзақ жылайтын. Мұң – сырын пендеге алдырмайтын әкесі
еді ғой, Сабаз... Сол әдетінен тағы да танған жоқ».
Автордың айтар ойы, әңгіменің идеясы шығарманың финалына қарай түйінделе
береді. Сандалып келе жатқан кене бір уақытта қарсы алдынан өзіне қарай қаптап келе
жатқан көп кенелерді көреді. Бұлар ой жақтан шыққан үлкен өрттен қашып келе жатыр
екен. Кенелердің көптігін көріп бір сәт өзін жұбатқандай болады. «Ол жан –жағындағы
бірін – бірі басып кетердей қаптап келе жатқан кенелерге тоқ бейілмен қарады. «Ойбай –
ау. Біз әлі де көбейе түсеміз ғой. Әлгі Әліп, Гүлсары, Жантайлар кене болмағанда не болар
дейсің. Өзінің әйелі де бар екен ғой. Тіпті жер – дүние кенелерге толып кетпесе деші...
Қызы да ойына түскен. Бірақ кене оны бұл топқа қосқан жоқ. Оны тым болмағанда
көбелек болып кетсе екен» деп тіледі».
Жазушы әңгіме финалында пендәуи дүниеде күна арқалап ақырында кенеге айналып
жатқандардың көбеюінен өзі де секемденіп, оқырманды да содан сақтандырғандай
болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Нұрмағанбетов Т. Айқай. – Алматы: Өнер, 2001. – 485 б.
2
Кеңшілікұлы А. Қазақты сүю. – Алматы: Өнер, 2008. – 232 б.
3
Қорғасбек Ж. «Құпия қойма» - тарихта қалатын шығарма //
http://kitap.kz
/suqbat/entry/2014-04-11-11-07-28.tmpl= component…
РЕЗЮМЕ
В статье речь идёт об использовании реализма и мистики в раскрытии жизненных перемен и
внутреннего мира героев рассказа известного писателя Тынымбая Нурмаганбетова «Клещ».
RESUME
In this article the author considers the use of realism and mysticism in discovering life changes and
the internal world of the heroes of the story ''Mite'' by the famous writer Tynymbay Nurmagambetov.
274
ӘОЖ 81'42-801.7
Г.Ә. Машинбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, ф.ғ.к., доцент
Қоғамдық-саяси
лексиканың
бағалауыштық
сипаты
Аннотация
Мақалада
бұқаралық
ақпарат
құралдарындағы ақпараттық мәтіндердің негізгі
бөлімін құрайтын қоғамдық-саяси лексика
туралы айтылады. Тіл мен қоғам – егіз ұғымдар.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының маңызды
міндеттерінің бірі – адамзат қауымының
әлеуметтік өмірінің, оның түрлі тарихи кезеңдері
қызметінің көрінісі деп атауға болатын тілдің
атқаратын қызметін зерттеу. Қоғамдық-саяси
құбылыстар мен ұғымдарды атайтын, мағыналық
ұқсастығы арқылы топтастырылған сөздердің
жиынтығы болып табылатын қоғамдық-саяси
лексика қоғамдағы саяси көзқарастар мен оны
басқару жүйесінің сипатына қарай өзгеріп
отыруы мүмкін екендігін мысалдар арқылы
дәлелдеп көрсетеді. Автор өз мақаласында
бүгінгі күні еліміздің ақпарат құралдарындағы
саяси көзқарасты мақалалар мен хабарлардан
алынған қоғам мен саясатқа қатысты сөздерді,
топтап, талдап береді. Сонымен қатар автор
мақалада
қоғамдық-саяси
лексиканың
бағалауыштық қызметі туралы айтып өтіп,
қоғамдық-саяси
лексиканың
бағалауыштық
қасиеті ақпарат арқылы оны қабылдаушы
санасында идеологиялық бағаның қалыптасуына
ықпал ететіндігіне тоқталады.
Түйін сөздер: қоғамдық-саяси лексика,
ақпарат тілі, бағалауыштық лексика, адресант,
адресат.
Қоғамда болып жатқан саяси реформалар
мен дамуларға, билік ауысымдарына, сондай-ақ
кенет болған саяси толқулар мен ірілі-ұсақты
қоғамдық өзгерістер мен оқиғаларды мемлекет
әр салада қалтқысыз бақылап баға беріп отырса,
сол
бақылаулар
нәтижесінде
анықталған
жағдаяттарға БАҚ өкілдері тарапынан мақалалар
жазылып тұрады. Ақпараттық бағдарламалардың
қоғамдық мәні өте зор. Ол халыққа қызмет етеді,
яғни халық қажеттілігін өтейді. Елімізде, таяу
шет ел, шет елдерде болып жатқан саяси,
әлеуметтік, мәдени жаңалықтар легін күнделікті
жеткізіп отыру – мерзімді басылымдар мен
электронды ақпарат құралдарының міндеті
болып табылады. Мұның ішінде телеарнада
берілетін ақпараттық бағдарламалардың орны
ерекше. Ол халыққа аудиалды, визуалды тұрғыда
әсер етеді. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы
275
теледидардың маңыздылығы жөнінде ғалымдардың өзіндік көзқарастары бар. Мысалы,
орыс ғалымы В.В. Егоров: «Теледидар дегеніміз – бұл тек бейне мен дыбыс жеткізудің
техникалық тәсілі ғана емес, ол сонымен қатар бағдарлама жасау барысындағы өзіндік
талаптары мен оларды адамның түйсінуіне қатысты психологиялық әсер етуінің
заңдылықтары бар ақпарат жеткізудің ерекше саласы», – десе [1, 190], А. Юровский:
«Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда
теледидар басым жағдайда адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен тыныс
алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы
туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген
өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық
қызметінен тыс өмір сүре алмайды», – деп жазды [2, 56].
Адам өміріне енген жаңа ұғымдар халық ұғымында толық ізін қалдырып, айқын
бейнеленіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда да ұғымға қойылатын ат
кездейсоқ болмайтыны белгілі. Көбінде тіпті бір ұғым бірнеше атпен де аталып жүреді.
Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дәуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені
қандай да болмасын жаңалық алдымен баспасөз, радио, теледидар арқылы жарияланады.
Мерзімді баспасөз сол қоғамдағы әлеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз
беттерімен жариялап тұратын ақпараттар ағыны. Осы мәселе тұрғысынан Б.Қ. Момынова:
«Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуалды)
мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды – радио), аудио-визуальды – теледидар,
деректі кино болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы
кейбір айырмашылықтар болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас», – дейді [3, 15].
Ақпараттық мақала, сыни мақала, саяси-сараптамалық мақала, бас мақала, жеке
авторлық мақала сынды мақалалар мерзімді басылым беттерінде жарық көрсе, радио мен
теледидар арналарында да белгілі осы оқиғаларға байланысты бір мезетте мағыналас
мақалалар жарық көретіні заңды. Мемлекеттің ақпарат құралдарының өзі ішінде
мемлекеттік және жеке басылым, тәуелсіз басылым болғандықтан тіршіліктегі
өзгерістерге берілетін бағаның да әрқалай екендігі орынды және бұл табиғи шынайы
құбылыс. Осындай мазмұны мен салмағы әртүрлі мақалалар мен телебағдарламаларда,
радиохабарларда ортақ қолданылатын сөздер қоғамдық-саяси лексикалар тобы болып
табылады. Себебі қоғамдық-саяси лексика қоғам өміріндегі оқиғамен, ондағы басқару
жүйесімен, сол жерде болып жатқан өзгерістерден жат емес, керісінше солардың өзінен
туындаған сөздер болып табылады. Оған ғылыми әдебиеттерде қоғамдық-саяси лексика
ұғымына берілген анықтамалар мен қоғамдық-саяси лексиканың ерекшеліктеріне
байланысты айтылған ғылыми пікірлер куә.
Газет тілін жан-жақты зерттеген ғалым Б. Момынова тіл білімінде қоғамдық-саяси
лексика туралы ғалым А. Ысқақовтың еңбегінде, А. Қалыбаеваның еңбектерінде
қарастырылатынын айта келе, қоғамдық-саяси лексиканы толық зерттеген ғалым ретінде
Р. Барлыбаевты атап көрсетеді, және қоғамдық-саяси лексиканың газет беттеріндегі ең
көлемді топтарды құрайтындығы жөнінде: "газет атаулының басты қасиеті – ақпарат
жеткізу мен үгіт насихат жұмыстарының негізінен қоғамдық-саяси лексикаға жататын
сөздер тобы арқылы іске асатындықтан, ол газеттің төл лексикасы саналады" – дейді
Б. Момынова [3, 92].
Біздіңше, ақпараттық құралдар тілінде көлемі жағынан барлық сөздерден басым көп
қолданылатын қоғамдық-саяси лексика қоғамдағы басқару жүйесі, идеология, cаяси
оқиғалар, оларға мемлекет тарапынан беріліп отырған бағаға қатысты шұғыл түрде
болмаса да өзгеріске түсіп отырады. Олардың баспасөз беттеріндегі жиі қолданылуы да,
немесе уақыт өте келе бұрын белсенді қолданылған лексикалар тобынан кейін
ығыстырылуы да, қоғамдағы ойдың тілде көрініс табуы да осы ойымыздың айқын дәлелі.
Бағалауыштық пен құндылықтар тұрғысынан зерттеу қазақ тіл білімінде көп
таралмаған. Әлеуметтік бағалауыштық құбылысы сөз мағынасында болатын
276
компоненттердің бірі. Дегенмен бүгінгі таңда сөздің семантикалық құрылымындағы
бағалауыштықтың орны толық анықталмай отыр деп Б. Момынова өз еңбектерінде
көрсетеді. Баға – адам баласына тән логикалық категория. Тіршілік иелері арасындағы
басқа жанды-жансыз заттар ондай қасиеттен алыс. Бағалауыштық тек әлеуметтік
категория ғана емес, бағалауыштық адам санасымен бірге пайда болатын психикалық
құбылыстардың қатарынан орын алады. Сол себепті бағалау дегеніміз = тіл + ойлау +
шындық немесе ақиқат (реальды өмір) трихотомиясының нәтижесі болса, ал бағалаудың
семантикалық категориясына бағалауыштық жатады. Сондықтан да баға – адам санасында
үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс және ол адамның ойлау қабілеті арқылы іске
асатын интеллектуалды-психикалық акт болып табылатындығы туралы еңбектерде
айтылып жүр.
Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіріп өтейік. 90-жылдары Кеңес үкіметі
тараған соң, қоғам жаппай дінге бетбұрыс жасай бастады. Бұрынғы кеңестік
идеологияның орнына халықты тәрбиелеу құралы дін болды. Елбасы елімізде тұратын
ұлтттар мен ұлыстардың дініне еркіндік берді. Осы уақыттарда: Иманжүзді, сәждеге бас
ұрған, ислами тұрғыдан, иманын сақтаған адам, діни сауатты, дін еркіндігі т.б. сөздер
мен сөз тіркестері белсенді қолданылатын лексикалар тобына жатты. Мұндағы діни
көзқарасқа қатысты сөздер тек оң бағалау сипатында қолданылды. Ал қазіргі кезде дінге
қатысты жазылған мәтіндерде теріс бағалау сипаты да байқалады. Оған қазіргі қоғамдағы
дін саласында әлемде болып отырған келеңсіздік әсер еткен болуы керек. Қазір керісінше
діни экстремизм, ислам діні өкілдерінің атын жамылғандар, діни қауымдар т.б.
жаһидтер, ваххабисттер, әсіредіншілер, дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар
радикализм, экстремизм және терроризм сынды кері бағалауыштық мәні бар сөздермен
тіркесіп айтылып жүр. Бұл да табиғи құбылыс. Себебі аталған қоғамдағы кері әрекеттер,
кері ой туғызды, ол діни көзқарасқа байланысты қоғамдық-саяси лексика теріс
бағалауыштық сөздермен қолданылатын болды.
Мемлекет экономикасына байланысты сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы
жылдардың бас кезінде нарықтық экономика, бүгінгі нарық заманы, ақшаның
құнсыздануы, пәй, купон, акция т.б. сөздер қоғамдағы экономикалық өмірден сурет беріп
тұратын сөздер ретінде көп қолданылса, қазіргі кезде біздіңше бұл сөздер белсенді
қолданылатын сөздер қатарына емес, кейінгі ығыстырылып қалған сөздер қатарынан орын
алып келеді. Әрине, бұл сөздер қазір мүлдем қолданылмай қалған жоқ, бірақ олардың
қолданысы пассивтенді деп айтуға болады. Бүгінгі күні Егеменді ел болып отырған
Қазақстан елінің ақпарат құралдары тіліндегі белсенді қолданылатын қоғамдық-саяси
лексикалар тобы қайсылар деген сауалға жауап іздесек, мұндағы сөздердің белсенділігі
бүгінгі мемлекет өмірінің саяси, экономикалық өзгерістеріне, ішкі сыртқы саясатына
тәуелді деп айтуға болады. Әрине, қоғам бір орнында қатып қалған құбылыс
болмағандықтан, ондағы ой да, көзқарас та түрлі көзқарастан туындағын саяси бағыт та,
саясат та бір орнында тұрақтап қалмақ емес, олардың салмағы да, белсенділігі де, жиілігі
де әртүрлі. Сөзіміз дәлелді болу үшін бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін
қоғамдық-саяси лексикалар тобының түрлеріне саяси өмірімізбен байланыстыра отырып
талдау жасап көрейік. Өзімізге белгілі кең байтақ жері бар қазақ елінде бүгінгі күні
жүзден аса ұлттың өкілі тіршілік етіп келеді. Тілі басқа, мәдениеті әртүрлі ұлттарды бір
бағытқа бағыттап сүттей ұйытып ұстау үшін кемел саясат қажет екені белгілі. Ол
саясаттың басты ұстанымы ұлтттар мен ұлыстар арасында өзара түсінушілікті
қалыптастырып, саяси қайшылықтар мен ұлттаралық араздықты туғызбау. Бұл
Елбасымыздың саясатының негізгі мазмұны. Осы тұрғыдан келгенде, ақпарат
құралдарында бірлік пен достық тақырыбына қатысты қоғамдық-саяси лексикалар бүгінгі
ел баспасөзінде алдыңғы қатардағы сөздер тобынан көрінеді деп айтуға болады. Ол
Елбасымыздың баспасөз беттерінде берілген: «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса –
жұдырық» екенін көкейге берік түйе отырып, ұлы мақсаттарға бірге сапар шегейік,
277
қымбатты отандастар! Бірлігіміз – берік, тірлігіміз – серік болсын! Еліміз жарқырап,
жайнай берсін! – деген мазмұнды сөздерінде көптеп кездеседі:
Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті, этникалық теңдік, тұрақтылық пен
келісім, Қазақстан халқының теңдігі, Қазақстан халқының әр басқа әрі тең балалары,
достық шаңырағы, саяси тұрақтылық, ортақ Отан, мызғымас бірлік, тұрақты
тыныштық, бірлік пен бірауыздылық, біртұтастық, ортақ Отанымыздың гүлденуі,
көпэтносты халқымыз, этностардың мәдени қабаттарының ықпалдастығы, тату
көрші, одақтас, ортақ патриоттық платформада топтастыру, бірлік, рухани келісім
қағидаттары, мемлекеттің зайырлылығы, Қазақстан халқының әр басқа әрі тең
балалары, көпұлтты мәдениетіміздің көркемдігі, ішкі тұтастық, зайырлы ел, толе-
ранттылық, халқымыздың көпэтностылығы, бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен
келісім, этносаралық келісім (Мысалдар Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының
ХХ сессиясындағы баяндамасынан алынды).
Бұған қоса еліміз қазіргі кезде "Қазақстан-2030" стратегиясын жеделдете аяқтап,
"Мәңгілік ел-2050" жобасын орындауға кірісіп кетті. Қазіргі кездегі баспасөз беттеріндегі
белсенді қоғамдық-саяси лексикалар тобында аталған жоба мазмұнына қатысты сөздер
қолданылады, әрине ол заңды, себебі бұл қазіргі кездегі мемлекетте жүзеге асуды қолдап
отырған бірден-бір жоба. Осы жобаларға қатысты мәтіндерде қоғамдық-саяси лексика
үнемі бағалауыштық сипатта беріледі. Мақсат аталған жобаның халық арасында оң
бағалауыш арқылы оң көзқараста таныстырылуы деп білеміз. Мысалы: Елбасы, Нұр
Отан, Жас Отан, Нұр Отаншылар, "Нұр Отан" партиясының белсенділері, мәңгілік ел
идеясы, Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі, Мәңгілік Ел, Нұрлы
жол, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, Мәңгілік елдің қақпасы – деген
қоғамдық-саяси лексикалармен бірге мызғымас мәңгілік ел, жасампаз ел, бірден-бір
халықшыл партия, ұлт партиясы, белсенді партия бәсекеге қабілетті ел, қолжетімді
баспана, қолжетімді баға, макроэкономикалық саясат сынды бағалауыштық мәндегі
сөздер мен сөз тіркестерінің астарында халықты осы партияны, осы саясатты жақтаушы
болуға шақыру идеясы тұр. Бұл да қоғамдық-саяси лексиканың бағалауыштық сипатын
білдіреді.
Аталған стратегиялардың әрбір бөлімінде айтылған мәселелер бойынша
қолданылатын қоғамдық-саяси лексикалар тобын көрсетіп отыруға болады, соңғы
жылдардағы ғылым, білім, экономиканы дамытуға қатысты жобарларға қатысты
қоғамдық-саяси лексика қатары жаңарып барады. Оларға: "Жасыл экономика"
бағдарламасы, "Балапан" бағдарламасы, "Қолжетімді баспана" бағдарламасы,
"Дипломмен ауылға", "Айналаңды нұрландыр", Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені, "2020
жылға дейін аймақты дамыту" бағдарламасы. Аталған бастамаларға қатысты: 2017
Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. «Жасампаздық
белесі – 2050» – деген ұрандарда оларға берілген оң бағалау көрінеді.
Бұған қоса ел ішіндегі жағдай мен әлемдік өмір байланысына қатысты: ғылым мен
білім саласын әртараптандыру, Орталық Азияны тұрақтандыру, аймақішілік бірігу,
жаһандық қауіпсіздік, үштұғырлы тіл саясаты, Қазақстан патриотизмі сынды
стратегиялардың әр тарауында қолданылатын қоғам мен саясатқа қатысты сөздер
жатады. Олар бүгінгі күні ақпараттық хабарлар мен мерзімді басылымдар санында
белсенді түрде қолданылып келеді. Олар үнемі оң бағалауыштық мәнде: Елбасының
сардарлы саясаты, елбасының көрегенділігі, кемелденген саясат, жарқын болашақ
саясаты, біртұтас болып ұйысуға бағытталған саясат т.б. сипатта болып келеді.
Сондай-ақ қоғамдағы қысқа мерзімде қолданылатын бірақ бірнеше жылдарда
қолданылуы белсенді түрде қайталанып отыратын қоғамдық-саяси лексикалар туралы да
айта кетуге болады. Мұнда сайлауға қатысты лексикалар, әрине, тұрақты, бірақ көрсетіліп
отырған лексикалар тобында бағалауыштық оң, теріс бағалау реңкі көрінбейді.
278
Ел ішіндегі саяси оқиғалар, айталық осы 2015 жылдың елеулі оқиғасы кезектен тыс
Президент сайлауының өтуіне қатысты лексикалар тобы: Президент сайлауы, сайлау
науқаны, үгіт насихат жұмыстары, үміткерлер, үметкерлікке тіркеу, сайлау комиссиясы
өкілдері, кезектен тыс президент сайлауы, сайлау учаскесі, сайлауалды бағдарламасы,
сайлауалды штабы.
Олар БАҚ-та төмендегіде мәтіндерде кездеседі:
1. Жалпы кезектен тыс президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр (31
арна, Информбюро, 02.04.2015).
2. Өйткені, елдегі 9 мың 700 сайлау учаскесінің басым бөлігі мектептер мен жоғары
оқу орындары (31 арна, Информбюро, 02.04.2015).
3. 26 сәуір – Президент сайлауы күні таң атпай ерте, сайлауға ең бірінші келген
адамға Астаналық сайлау комиссиясы керемет сыйлық дайындап отыр екен (31 арна,
Информбюро, 02.04.2015).
4. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экология
саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен
таныстырды (Астана. 6 сәуір. Baq.kz).
5. ҚР Президенттігіне үміткер Т. Сыздықов сайлауалды штабының жиынын
өткізді (Астана. 6 сәуір. Baq.kz).
Сонымен, қорыта айтқанда, қоғамдық БАҚ тіліндегі негізгі лексикалар, олардың
қатары қоғамдағы-саяси, экономикалық проблемалардың жаңаруына қатысты толығып,
белсенді түрлері пассивтеніп отырады, ол құбылыстың жиі өзгеруі мен көп жылдар бойы
тұрақты болуы қоғамдағы саяси көзқарастардың тұрақтылығына тікелей байланысты.
Қоғамдық-саяси лексикалардың бағалауыштық сипаты қабылдаушыға оң, теріс бағалау
беріп қоғамдағы белгілі бір құбылысқа қатысты оң, теріс көзқарастардың, қоғамдық
идеяның қалыптасуына тікелей әсер ететін бірден-бір тілдік бірліктер деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |