ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Әлімбекова Г.Т. Қазаңстандағы көші-қон жүрісіндегі әйелдер құқының мәселелері.
туралы. // Саясат. - 2010. - № 3. - 50 б.
2
Смелзер Н. Социология: пер.с англ. – М: Феникс. – 1994. - 688 с.
3
Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на V Астанинском
экономическом форуме 03.05.2011.
4
Султанов Б.К. Мониторинг межэтнических отношений в Казахстане. Материалы
международной конф. «Этнические проблемы социально-политического развития РК».
(2001, А), 11 декабря. - 2002. - С. 5.
5
Янг А.М. Политическая теория: общие проблемы и направления // Политическая
наука: новые направления / Под ред. Р. Гудина, Х.-Д. Клингеманна. - М., 1999.
6
Zimmerman, D. and Wieder D. 1970. Ethnomethodology and the Problem of Order:
Comment on Denzin // Understanding Everyday Life / Ed. by N. Denzin. Hawthorne (NY):
Aldine. P. 287-295.
7
Lorber J. 1984. Women Physicians: Careers, Status and Power. - New York.
8
Дж. Скотт // Введение в гендерные исследования. Ч.II. - С. 405-436.
9
Усачева Н.А.
Женщина: ее статус, судьба и образ в мировой культуре.
10
Шакирова С.М.
Женское предпринимательство в Казахстане: очерк развития и
текущего состояния. г.Алматы.
11
Сарсембаева Р.Б. Гендерные аспекты системных социально-экономических реформ в
Казахстане: социологический анализ. Автореферат дисс.… д. социол. н. - А., 2004. -
С.33.
12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1190 Қаулысы.
Электрондық ресурс Б. 2 ден 15.
13
Стратегия гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006-2016 годы.
Электронный ресурс. С. 2 из 28.
РЕЗЮМЕ
В статье дается анализ истории развития гендерной политики в Республике Казахстан в
условиях демократии. Автор рассматривает проблемы формирования и развития гендерной
политики.
RESUME
The article analyzes the history of the gender policy development in the Republic of Kazakhstan in
democracy conditions. The author considers the problems of the gender policy formation and
development.
79
ӘОЖ 372.(072)
Қ.М. Байтанасова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
Оқу үдерісіндегі
дәрістің маңызы
Аннотация
Мақалада жоғары оқу орнында жүргізілетін
дәріс
формалары
талданып,
мән-маңызы
ашылады.
Түйін сөздер: дәріс, ғылыми, проблема,
талдау, тұжырым.
Қазіргі қоғамда білім беру жүйесін
жаңартуға негіз болып отырған әлденеше
қоғамдық-әлеуметтік
факторлар
бар.
Білім
берудегі басты принцип - білімнің ізгілендірілуі,
әлемдік кеңістікте жаһандық, технократтық
жүйелердің тығыз байланыстылығы. Осының
аясында жас ұрпақ ұлтының құндылықтарын,
мәдени мұрасын сақтаумен қатар, оны жаңа
жүйеде кешенді дамытуға тиіс. Дәріс - жоғары
оқу орындарындағы оқыту үдерісінде қолданатын
оқыту формасының бірі. Дәріс мақсатына қарай –
оқу, үгіт, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық
деп жіктеледі. Әрине, бұл жіктеулер бір-бірімен
сабақтас. Себебі, жалпы дәрістің мақсатының өзі
жаңа материалды игерту арқылы белгілі ғылым
саласынан негізді, кешенді ақпарат беру. Осының
ішіне оқу, жаңа ғылыми ақпаратты танып-игеру,
білім қорын дамыту сипаттары да енеді. Ғылыми
деңгейіне қарай дәріс академиялық және көпшілік
деп
екі
түрге
бөлінеді.
Соның
ішінде
академиялық дәрістің ерекшелігіне кеңірек
тоқталып көрейік.
Академиялық дәріс ғылыми баяндама,
ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми-
көпшілік баяндау түрінде болады. Бұл дәрісте
жаңа немесе тыңдаушылар үшін енді белгілі бола
бастаған ақпараттар, жүргізілген зерттеулер,
ізденіс нәтижелері, эксперименттер, жаңаша
зерттеу бағыттары жайлы баяндалады. Жалпы,
Ресейде академиялық дәріс XVIII ғасырда пайда
болған. Ресей Академиясының Президенті (оның
құрамына Академиялық университет енген)
Е.Р.Дашкова дәріс оқуды енгізіп, тіпті Екатерина
екіншіден барлық ғылым саласы бойынша ерікті
түрдегі тыңдаушылар үшін курстар ашуға рұқсат
та алған екен. Бұл ағарту ісін өркендетуге жол
ашқан. Төрт ай бойы күн сайын танымал
ғалымдар әр ғылым саласы бойынша көпшілікке
дәрістер
оқыған.
Ресейде
академиялық
шешендіктің өрістеуі XIX ғасырға тұспа-тұс
келіп, елдің қоғамдық-саяси өмірімен байланысты
80
болады. Негізінен жоғары оқу орнындағы дәрістер белсенді түрде дамып, бірте-бірте
көпшілік дәріске ұласады. Яғни дәрісті тыңдауға басқа факультеттің студенттері келіп,
одан кейін жалпы көпшілік те дәрісті тыңдауға жиналған. Басында көпшілік дәрісті
тыңдауға жоғары әлеуметтік тап өкілдері келсе, біршама уақыттан соң басқа да топтар, әр
түрлі сала қызметкерлері келе бастаған.
Дәуірдің орта тұсында мұндай көпшілік дәрістер ірі қалаларда ғана емес, аймақтық
қалаларда да өте бастайды. Ең алғаш өзінің университеттегі дәрісіне студенттерден басқа,
көпшілік топ болып қатыса бастаған лектор Мәскеу университетінің профессоры, орта
ғасыр тарихының маманы Тимофей Николаевич Грановский болған. Оның есімі дәстүрлі
орыс лекторлар мектебінің дамуымен байланысты. Грановскийді «40-жылдардағы мінсіз
профессор» деп атаған. Ол тумысынан шешен болған. Ғалым «Шешендік дегеніміз не? Ол
менде байқалады, себебі менде жылы сезім мен сендіру бар» деген. Т.Н.Грановский
қайтыс болған соң, оның дәрістері аудио жазбалар арқылы тыңдалған. Т.Н.Грановский
қалыптастырған лекторлық шеберлікті әрі қарай көптеген ғалымдар жемісті
жалғастырған. Мәскеу университетінде бұл дәстүрді табысты сабақтастырған ірі орыс
филологі Федор Иванович Буслаев болды. Көпшілік аудиторияны жинай білген тамаша
ғалым-тарихшы Василий Осипович Ключевский Мәскеу университетінде XIX ғасырдың
екінші жартысы мен XX ғасырдың басында дәріс оқыған. Ғалымның дәрістері бірнеше рет
қайталап басылған көптомдық «Орыс тарихы курсына» негіз болды. Осы кезеңде жоғары
оқу орындарында және ғылыми-көпшілік дәрістер оқыған физиолог Иван Михайлович
Сеченов, химик Дмитрий Иванович Менделеев, биолог Илья Ильич Мечников, анатом
Петр Францевич Лесгафт, ботаник Климент Аркадьевич Тимирязевтер есімі белгілі-тін.
Өткен дәуірде академиялық дәрістің тамаша үлгісін көрсеткен көрнекті ғалым-
академиктер - геохимик Владимир Иванович Вернадский, минералог Александр
Евгеньевич Ферсман, биолог Николай Иванович Вавиловтар болды [1]. Міне, осындай
дәріс тарихы жоғары оқу орындарында, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, сөйлеу
шешендігін қалыптастырды.
Қазақ сөз өнері тарихында айтулы би-шешендер тыңдаушыны сөзбен, кесімді
билігімен ұйытып, елдің іргелі мәселелерін шешкен. Ақын-жыраулар ақыл-ғибрат, бірлік-
ынтымақ пен өмірдің мәні жайлы жыр-толғауларымен сөз мұрасының тарихында
маңызды орын иеленді. Шешендік, сөз киесін таныған зерделілік - қазақ ұлтына тән
айырықша қасиет. Қазақ сөз өнері тарихында ұлттық мақсаттағы ой бағдарын терең түсіне
білген, ұлттық мүдде тұрғысынан ғылыми зерттеулер жүргізіп, іргелі еңбектер жазумен
қатар, сөйлеудегі алғырлығы, ғылыми ой-тұжырым жасаудағы қабілет-қарымы, сұңғыла-
көрегендігі ерекше тұлғалар болған. Олар энциклопедиялық білімдерімен, лектор ретінде
шешендігімен, қисынды қағида, орамды сөз саптауларымен аудиторияны меңгере алған.
Ендеше дәрістің бастауы халық танымымен, сөз өнері үлгілерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде тыңдаушылардың қызығушылығын арттыру үшін дәріс материалдарын
берудің белсенді формалары оқу үрдісіне енгізілуде [2].
Дәріс дидактикалық мақсатына қарай – кіріспе, ағымдық, қорытынды-жалпылама,
шолу, дәріс-кеңес, дәріс-көрнекілік деп жіктелсе, материалды жеткізу тәсілі жағынан –
бинарлық, дәріс-пікірталас, проблемалық, дәріс-конференцияға бөлінеді.
Кіріспе дәріс. Бұл дәріс студенттерді оқылатын пәнмен тұтас таныстырып, осы курс
бойынша жалпы бағыт-бағдар береді. Лектор студенттерге курстың мақсаты, оқу пәндері
жүйесіндегі орны, мамандарды дайындаудағы маңызы туралы ақпарат береді. Курс
жөнінде қысқаша шолу жасалып, ғылыми дамуындағы негізгі кезеңдермен, осы саланы
зерттеген жетекші ғалымдармен, зерттеу бағытының жетістіктермен таныстырады. Курс
аясында орындалатын жұмыстың әдістемелік және ұйымдастырушылық жағы анықталып,
оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалады, студенттер орындайтын жұмыстардың
мерзімі, тапсыру формасы анықталады.
81
Ақпараттық дәріс. Бұл дәріс студенттерге ғылыми ақпараттарды түсініп, есте
сақтауға бағыт беретін дәріс түрі. Ақпараттық дәріс жоғары оқу орындарында жүргізілетін
дәрістің ең кең таралған дәстүрлі түрі. Жалпы, дәрістің негізгі мақсатының өзі жаңа
білімді теориялық тұрғыда меңгерту, таныстыру, талдау болатын болса, ақпараттық дәріс
жалпы дәріске тән сипатты жинақтайды.
Шолу дәрісі. Бұл ғылыми мәселені көптеген ғылым салаларымен үйлестіре отырып,
жүйелі түрде беретін жоғары деңгейдегі дәріс түрі. Яғни дәрісте пәнішілік ірі бөлімдер,
пәнаралық байланыс, теориялық қағидалар, курстың ірі концептуалдық ғылыми
тұжырымы кең түрде шолу жасала отырып негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында
М.Әуезов, З.Ахметов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, З.Қабдолов, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали тағы
басқа ғалымдардың фольклор мен әдебиеттанудың өзекті проблемаларын, дәуір
әдебиетінің басты ерекшеліктерін терең ашып, әлем әдебиетінің ғылыми әдіснамасымен
өзектестіре талдап, танытқан академиялық дәрістері белгілі. Шолу дәрісінің басты
ерекшелігі – кешенділігі. Бұл дәрісте берілетін кең арналы ақпараттар жинақталып,
маңызды тұстарына басымдық беріле отырып сараланады.
Проблемалық дәріс. Мұнда берілетін жаңа білім белгілі бір мәселенің, тақырыптың
проблемасы арқылы танытылады. Студенттер дәрісті тыңдау арқылы оқытушымен
бірлесе, белгілі бір зерттеушілік әрекетке бағыт алады. Проблеманың мәні оны шешу
жолдарын іздеу, ғылыми ізденістің, көзқарастың жаңа және дәстүрлі әдіснамасын таңдау
арқылы айқындалады. Бұл дәрістің құндылығы жалпы тыңдалған ақпараттан негізгі
мәселені айқындап алу, тақырыптың басты проблемасын ұғыну болып табылады. Дәріс
тыңдаушыға ой салады, оның әрі қарай ғылыми ізденіске қызығушылығын тудырады. Бұл
кейде бағыттас немесе қайшылықты көзқарастағы пікірталасқа да айналып жатады. Сол
арқылы зерттеудің жаңа тәсілдері, жаңа ұстанымдары да айқындалады.
Көрнекілік дәріс материалды техникалық құралдар көмегімен, тыңдау-көру
техникалық жабдықтар арқылы, сызба, фото, слайд, графика, модель, символдық бейнелер
тағы басқаларын көрсету, тыңдату арқылы жүргізіледі. Мұндай дәріс көрнекілік түрлеріне
толық немесе қысқаша шолу жасап, түсінік беру, салыстыру, қорыту арқылы жүреді.
Көрнекілік дәрістің қазіргі күні оңтайлы әрі кең таралған дәріске айналып отырғаны
белгілі. Себебі, көрнекілік ең алдымен лекторға тірек қызметін атқарады. Яғни, ауызша
баяндалған мәселені жинақтап, тиянақтау кезінде көрнекіліктің мәні ерекше. Әрі уақытты
ұтымды пайдалануға, студенттердің дәрісті түсініп, есте сақтауына да ықпал етеді.
Бинарлық дәріс – бұл екі лектордың (екі ғылыми мектеп өкілі, ғалым мен практик)
диалог формасы түрінде өтетін дәрісі. Бұл дәріс пікір алысу, өздерінің ғылымдағы
ұстанымдарын қорғау, дәлелдеу немесе екі лектордың бір-бірін толықтыруы, әр проблема
бойынша өздерінің зерттеу, іздену деңгейлерін таныту мақсатын да көздейді. Кейде екі
лектордың белгілі бір проблеманың зерттелу жағдайын (отандық және шетелдік) таныту,
тәжірибе алмасу, ғылыми тағылымдама, біліктілікті көтеру мақсатында шетелдік іссапар
кезіндегі зерттеулерін дәлелдеп, қорытуы да осы дәрісте көрініс береді. Бұл дәрістің
студенттер үшін маңызы сол, оларға тақырыптың зерттелу ауқымын, оның айналасындағы
ғылыми дискуссия бағытын, жетекші зерттеуші-ғалымдарды танып-білулеріне
жәрдемдеседі.
Дәріс-конференция ғылыми-практикалық дәріс түрінде күн ілгері анықталған
проблема бойынша өтеді. Алдын ала дәріс проблемасы айқындалып, оқытушы құрған
бағдарлама аясында 5-8 минутқа созылатын баяндамалар жүйесі тыңдалады. Тыңдалған
баяндамалар талдауға алынған проблеманы жан-жақты қарастырып, логикалық тұрғыда
аяқталған, белгілі бір нәтижені ұсынатын түрде болуға тиіс. Дәріс соңында оқытушы
қорытындылап, студенттердің өздігімен орындап келген баяндамаларын қорытып,
толықтырулар жасап, нақтылайды. Негізгі тұжырымдарды анықтайды, қойылған
проблеманы қорытады.
82
Кеңес түріндегі дәріс екі түрде өтуі мүмкін: «сұрақ-жауап» және «сұрақ-жауап-
пікірталас» (дискуссия). Біріншісінде лектор дәріс уақыты ішінде студенттердің белгілі
бір тарау, тақырып немесе курс бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.
Екіншісінде лектор түсіндірген жаңа оқу ақпараты, қойылған мәселе пікірталас тудырып,
жаңа жауап, көзқарас, тұжырым жасауға әкеледі. Дәрісте кейбір мәселелер бойынша
көмескі қалған тұстарға кеңес ретінде толықтырулар жасалып, қосымша ақпарат беріледі.
Жоғары оқу орнындағы дәрісте нақты ғылыми пәннің айналасында қазіргі ғылыми
талаптарға сай нақты ақпараттың болуы, сенімді дәйектеулердің жасалуы, түсінікті де
айқын баяндау, логикалық қисындылық, ғылыми дәлелдер, тұжырымдардың болуы тиіс.
Жоғары оқу орны оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметінде дәрістің орны
ерекше. Әрбір дәріс белгілі пән курсының құрылымын, пәннің оқу үдерісіндегі орнын,
мамандыққа кәсіби дайындаудағы маңызын ашады. Ең бастысы, білім алушының
қызығушылығын, ізденісін тудырады. Әрбір студент дәріс тыңдау арқылы өзінің кәсіби
мамандығының ерекшелігін, мәнін ұғады, ғылыми бағыттағы ізденісіне жол ашады.
Оқу үдерісі – студент пен оқытушының көпқырлы, көп факторлы функциясы.
Жоғары оқу орнындағы дәрістің оқу-тәрбие саласындағы орны ерекше. Өйткені дәріс
білім алушының ізденуші, маман, тұлға ретіндегі болмысын қалыптастырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Вульфов Б.З., Иванов В.Д. Основы педагогики в лекциях, ситуациях,
первоисточниках: Учебное пособие. - М., 2007.
2
Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. – СПб.: «Питер», 2006.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются виды лекций и их значениe.
RESUME
The author of the article considers types of lectures and their significance.
83
ӘОЖ 37.013.46:371.14 (045)
Г.К. Қалтаева
С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті
пед. ғыл. канд., аға оқытушы
A.Ж. Бекмaғaмбетов
«Өрлеу» «Біліктілікті aрттыру
ұлттық ортaлығы» AҚ,
пед. ғыл. канд., доцент
Педагогтердің
біліктілігін арттыру
үдерісін әдістемелік
тұрғыдан
қамтамасыз ету
мәселесі
Аннотация
Мaқaлaдa техникaлық және кәсіптік білім
беру
ұйымдaрындaғы
психологиялық-
педaгогикaлық дaярлығы жоқ педaгогтердің
біліктілігін арттыру жүйесін әдістемелік тұрғыдан
жетілдіру
мәселесінің
көкейкестілігі
aшып
көрсетіледі.
Біліктілікті
арттыру
жүйесін
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету техникaлық
және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагог
мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту
міндеттерін
шешу
жолдарын
іздестіруге
бағытталды. Осы мақсатпен модульдық қағидаға
құрылған «Техникалық және кәсіптік білім беру
педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі» курсы
жасалынып, тәжірибеге ендірілді.
Түйін
сөздер:
біліктілікті
арттыру,
техникалық және кәсіптік білім, әдістемелік
қамтамасыз ету, кәсіби құзыреттілік, модульдік
оқыту.
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім
беру жүйесі нарықтық өзгерістермен тығыз
байланыста дамып отыр. Білімнің барлық
саласының ғылыми-техникалық тұрғыдан үдемелі
дамуы
және
өндірістегі
мамандардың
технологиялық-кәсіптік сауаттылығына қойылып
отырған талаптар кәсіптік-техникалық білім беру
жүйесі педагогтерінің кәсіптік деңгейін үнемі
жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сондықтан осы
саладағы педагогтердің біліктілігін арттыру
қызметі өндірістің, нарықтық қатынастардың,
ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі
және келешектегі сұранысын қанағаттандыруға
бағытталуы тиіс.
Техникалық және кәсіптік білім беру
саласында қызмет ететін педагогтардың басым
бөлігі техникалық арнайы мамандыққа ие болып,
психологиялық-педагогикалық
даярлықтан
өтпейді. Әйтсе де, бұл мамандар оқытушылықпен
айналысып жүргендіктен, үнемі психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан кәсіби біліктіліктерін
жетілдіріп отыру керек.
Психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан
кәсіби біліктілікті арттыру оқытушыларды
педагогика,
психология,
этнопедагогика,
этнопсихология,
дербес
пәндердi
оқыту
әдiстемесi бойынша заманауи білім, білік,
дағдымен қамтамасыз етіп, оны тәжірибеде
84
қолдануға бағыт беруі тиіс. Сондықтан осы іс-әрекет аумағында педагогтердің кәсіби
біліктілігін арттыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мынадай мәселелердi
қамтиды:
- педагогика, психология, этнопедагогика, этнопсихология, жалпытехникалық және
арнайы пәндерді оқыту әдiстемесі ғылымының теориялық-әдіснамалық негiздерi мен
ұғымдық-терминологиялық аппараты;
- тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары;
- заманауи талаптарға сай білім берудің басты мақсаты мен міндеттері, арнайы оқыту
әдістері, формалары, технологиялары;
- әр халықтың мәдениетi, тарихы, тiлi, дiнi, салт-дәстүрлерi туралы бiлiмдер жүйесi;
- тұлғаның психикалық даму заңдылықтары, әртүрлi жас кезеңдеріндегi тұлғаға тән
дербес ұлттық психологиялық ерекшелiктер;
- оқу пәндерiнiң мазмұны және оларды оқыту әдiстемесi;
- педагогикалық инновацияны ендіру механизмдері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігі.
Осы бiлiмдердiң негiзiнде кәсіптік білім беру педагогі мынадай құзыреттіліктерге ие
болуы тиіс:
- алған
бiлiмдерiн педагогикалық, оқу-тәрбиелiк және ғылыми-әдiстемелiк
мiндеттердiң шешiмiн табу кезiнде білім алушылардың тұлғалық даму ерекшелiктерiне
сәйкес нақты педагогикалық жағдаяттарда қолдана алуы;
- колледж білім алушыларының бағдарламалық оқу материалын меңгеру деңгейi мен
көлемiн анықтау, олардың өз бетiмен бiлiмi алуға үйрету;
- оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелерiн талдау, ол үшiн психологиялық-
педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi тиiмдi пайдалана алу және ақпаратты жинақтау,
өңдеу әдiс-тәсiлдерiн меңгеру;
- кәсіптік-техникалық білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік негiзде құра бiлу;
нәтижелерді дер кезiнде алу; заманауи оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алу;
- колледж білім алушыларының тұлғасының рухани, кәсіби және жан-жақты
қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасау, өз білімін өмір бойы жетілдіруге және өзін-өзі
табысты көрсетуіне деген қажеттілігін қалыптастыру;
- озық педагогикалық тәжiрибені талдай алу, оқыту мен тәрбиелеудiң тиiмдi
формаларын, әдiс-тәсiлдерiн жүйелеп, қолдана бiлу; педагогикалық эксперименттi жасау
және модельдеу;
- жағдаяттарды модельдеу және шешiмiн табу үшiн педагогикалық үдерістің жай-
күйi туралы ақпаратты оқып үйрену және пайдалану.
Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесінің теориялық негіздерін оқып-үйрену
мақсатымен ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талдап, зерттеліп отырған нысанның
негізгі ұғымдары мен мазмұнын анықтадық. С.К.Ахметбекова [1] зерттеуінде «біліктілікті
арттыру» алға қойылған міндеттерді шешу үшін теориялық білімді, әдістемелік,
технологиялық және тәжірибелік білік, дағдыларды жаңарту ретінде анықталады, ал
«үдеріс» адамның ақпараттық-әрекеттілік аймағының дамуына мақсатты түрде ықпал ету
деп көрсетіледі, осыдан шығатын қорытынды біліктілікті арттыру үдерісі әрбір адамның
өз қызметін саналы түрде түсініп, зерттей, жобалай және басқара алуы, мұның өзі оның
кәсіби шеберлігін жетілдіру тәсілі болып табылады.
Р.К.Ержанова [2] біліктілікті арттыру жүйесінде табыстылықты қамтамасыз етіп,
жетістікке жету үшін кәсіптік оқыту педагогтерінің кәсіби-педагогикалық әлеуетін
синергетикалық жүйе негізінде қалыптастыру қажеттілігін негіздей отырып, кәсіби-
педагогикалық әлеуетті педагогтың кәсіби іс-әрекетте өзінің ішкі мүмкіндіктерін іске
асыра алу қабілеті деп анықтайды, мұның өзі биологиялық, психикалық, әлеуметтік және
кәсіптік мүмкіндіктердің синергиясы болып табылады. Педагогтің кәсіби-педагогикалық
әлеуеті бұл тұлғалық және кәсіптік әлеуеттің синергиясын білдіреді және оған мынадай
85
компоненттерді жатқызады: мотивациялық, коммуникативтік, шығармашылық және
ұйымдастырушылық.
Бүгінгі күнде ғалымдар педагогтердің біліктілігін арттыру үдерісінің тиімділігін
арттыру жолдарын іздестіріп, оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге мән беруде.
Солардың ішінде белгілі бір біліктілікті тағайындауға қажетті құзыреттіліктерді иеленуге
бағытталған модульдердің жиынтығы мен реттілігі болып табылатын модульдік білім
беру бағдарламаларының алатын орны ерекше. В.М. Гареев [3], М.Т. Громкова [4],
О.Н. Олейникова [5], Т.И. Шамова [6], П.А. Юцавичене [7] зерттеулерінде модульдік
оқытудың негізгі қағидалары айқындалған: оқыту мазмұнын құрылымдау; оқытудың
өзгеріске бейімділігі; білімнің әрекеттілігі мен тездігі; оқытудың ыңғайлы болуы.
Модульдік білім беру бағдарламалары арқылы қысқа мерзімді курстар өткізіп,
педагогтардың
біліктілігін
шыңдауға
болады
және
курсты
ұйымдастыруда
тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлу керек. Helen Bounda [8], Annette
Salter [9] мақалаларында формальды сессиялық сабақтардан гөрі тыңдаушылармен
интерактивті оқыту әдістерін (мысалы, кейс-стади әдісін) және ақпараттық
коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі ашып көрсетіледі. Сонымен
бірге зерттеушілер біліктілікті артырудың инновациялық түрі ретінде қашықтықтан
оқытуды ұсынады. Шетелдік ғалымдар Dr Mark Waters & David Wall [10] өз
зерттеулерінде сауалнамаға қатысқан кәсіби біліктілікті арттыру тренерлерінің уақытты
үнемдеу мақсатында қашықтықтан оқытудың тиімді екендігін атап өткенін жазады.
Н.А.Гаврилов [11] зерттеуінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінде
қашықтықтан білім беру ортасының құрылымдық–қызметтік моделі жасалынды. Бұл
модель бір-бірімен тығыз байланысты құрылымдық элементтер мен байланыстардан,
жүйе құраушы және мақсатты қызметтен тұратын тұтас жүйе болып табылады.
Зерттеушінің ұсынуы бойынша, қашықтықтан білім беру ортасының құрылымдық
байланыстарына оқытудың технологиялық үдерістері, оқытудың әдістемелік тәсілдері,
үдерісті ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық байланыстар, педагогикалық
технологиялар, басқару байланыстары, жүйенің сыртқы байланыстары жатады. Жүйенің
негізгі элементтері қашықтықтан оқыту технологиясы, оны бағдарламалық тұрғыдан
қамтамасыз ету, қолдау жүйесі, техникалық ресурстар, дидактикалық ресурстар,
әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету болып
табылады.
Жоғарыда аталған зерттеулерге сүйене отырып, біз педагогтердің кәсіби біліктілігін
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім беру
педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі» атты модульдік білім беру бағдарламасын жасадық.
Бұл бағдарламаны табысты меңгеруге септігін тигізетін қағидалар айқындалды.
Оқытуға тұтастық тұғыр қағидасы бойынша тыңдаушылар өздерінің тәжірибесіне
сүйене отырып, жаңа білімді игереді. Бұл қағидаға негізделген сабақтарда теориялық
мәселелер тәжірибемен байланыста талқылау арқылы қарастырылады, пікір алмасу, кейс-
стади әдістері кеңінен қолданылады, тыңдаушылар соның негізінде тірек-конспектілерін
жасайды. Кейбір сабақтар тренинг түрінде ұйымдастырылады. Тыңдаушыларға арналған
арнайы әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Белсенді қарым-қатынас қағидасы топтағы тыңдаушылардың белсенділігін
ынталандыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін құрауды көздейді. Осы мақсатпен біз
тыңдаушыларға арналған іскерлік ойындарының, педагогикалық сайыстардың және
мультимедиялық көрсетілімдердің сценарийлерін жасадық.
Педагогикалық әрекеттердің бөлінуі қағидасы тыңдаушылар психологиялық-
педагогикалық тренинг барысында жекеленген тәсілдерді біртіндеп меңгертуді көздейді.
Бұл қағидаға сәйкес тыңдаушылар игеруге тиісті білім, білік, дағдылардың көлемі нақты
анықталуы тиіс. Сондықтан біз бағдарламаны оқудың алдында және оқығаннан кейін
тыңдаушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін анықтауға арналаған тест
86
тапсырмаларының кешенін жасадық және терминологиялық-ұғымдық аппаратты
меңгертуді көздейтін дәрістердің тезистерін ұсындық.
Сәйкестілік қағидасы бойынша педагогикалық техниканы дамытуға арналған оқыту
әдістемесін шығармашылықпен меңгеруге арналған педагогикалық есептер мен
жаттығулар жүйесі жасалынды.
Білім мен дағдының тәжірибелік сабақтармен байланысы қағидасына сәйкес
тыңдаушылар арнайы шағын сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын жасап, оны
көпшіліктің назарына ұсынды және өзара талдаулар жүргізді. Тыңдаушыларға әдістемелік
көмек ретінде қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері, шығармашылық
сабақтардың жобалары және сабақты талдау жоспары ұсынылды.
Курстың модульдік білім бағдарламасы ҚР МЖМБС-ына, Ы.Алтынсарин атындағы
ҰБА нұсқаулық-әдістемелік хатына, «Өрлеу» БАҰО АҚ әдістемелік нұсқауларына,
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешен
жасауға қойылатын жалпы талаптарына сай жасалынды және білім беру мазмұнын
жаңарту және кәсіптік-техникалық білім беруді модернизациялау мәселелерін ашып
көрсететін ғылыми-әдістемелік материалдар негізге алынды.
Ұсынылып отырған курс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру үшін олардың
кәсіби құзыреттілігін дамытудың заманауи тұғырлары қарастырылды, сонымен бірге
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқытудың тұлғалық-бағдарлы және
құзыреттілік тұғырларын іске асыруға бағытталаған интерактивті оқыту әдістерін
пайдаланудың тиімді жақтары ашып көрсетілді.
Білім беру бағдарламасының көкейкестілігі кәсіптік оқыту педагогтерінің
психологиялық-педагогикалық білімдерін жаңарту қажеттіліктерін қамтамасыз етумен,
білім беру жүйесіндегі өзгерістерді дер кезінде оқып-үйренудегі маңыздылығымен және
стандартты сападан бәсекеге қабілетті сапаға өту тұжырымдамасына өту жағдайында
және заманауи әлеуметтік-мәдени даму кезеңінде оқыту әдістемесін үнемі жетілдіріп
отыру қажеттілігімен айқындалды.
Осы бағдарлама бойынша ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешеннің құрамына
дәріс сабақтарының тезистері, тәжірибелік сабақтардың мазмұны, іскерлік ойындарының,
педагогикалық сайыстардың және мультимедиялық көрсетілімдердің сценарийлері, тест
тапсырмаларының жиынтығы, педагогикалық есептер мен жаттығулар жүйесі, қысқа
мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері, шығармашылық сабақтардың жобалары және
сабақты талдау жоспары, тыңдаушыларға арналған арнайы әдістемелік нұсқаулар енді.
Курсты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуде біз оның басты мынадай қызметтерін
негізге алдық:
1.
Диагностикалау – тыңдаушылардың қабілеттері мен икемділіктерін анықтау,
олардың дайындық деңгейі мен дербес психологиялық ерекшеліктерін айқындау –
біліктілікті арттырудың әрекеттілігін қамтамасыз ету мақсатында.
2.
Теңгеру - базалық кәсіптік білім бойынша жалпытехникалық және аранйы пәндер
оқытушыларының,
кәсіптік
оқыту
шеберлерінің
психологиялық-педагогикалық
даярлықтан өтпеуімен, бұрын алған білімнің ескіруімен, пәндік-кәсіптік және
педагогикалық білім, білік, дағдыны терең меңгерумен байланысты білім берудегі
ақтаңдақтарды жою;
3.
Бейімдеу – ақпараттық мәдениетті дамыту, өздігінен білім алуға, педагогикалық
басқару мен әмбебап педагогикалық технологиялар мен жүйелерді жобалауға үйрету – оқу
орнының мәртебесін, дайындық бейінін, қызметін, жұмыс орнын өзгерткен жағдайда
қызметін бағдарлай алу мақсатында.
4.
Танып-білу – тұлғаның ақпараттық, кәсіби және зияткерлік қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
5.
Болжау – тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың мүмкіндіктері
мен кәсіптік-педагогикалық қызметке даярлығын айқындау [12].
87
Курс мазмұны колледждегі оқытудың тиімділігі оқытушылар мен кәсіптік оқыту
шеберлерінің біліктілік деңгейі мен олардың құндылық бағдарымен анықталады деген
тұжырымға сәйкес жобаланды. Педагогикалық қызметтің ерекшелігіне сәйкес олар тек
оқу-танымдық, оқу-өндірістік және этикалық ақпараттың көздері ғана емес, сонымен бірге
білім алушылармен қарым-қатынасты ұйымдастырушы, мәдениетті жеткізуші болып
табылады.
Курстың білім беру бағдарламасы және оқу-тақырыптық жоспары блоктық-модульдік
қағида бойынша құрылды, мұның өзі тыңдаушылардың сұраныстарына, олардың
дайындық деңгейі мен дербес кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мазмұнын және оқу
материалдарын таңдап алуға мүмкіндік берді. Курсты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
ету мақсатында жасалынған оқу-әдістемелік материалдардың мазмұны педагог
мамандардың санасын заманауи білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы
тұрғысынан қайта құруға, олардың жаңа кәсіби ойлауларын қалыптастыруға,
педагогикалық шеберліктерін шыңдауға және шығармашылықпен жұмыс істеуді үйретуге
бағытталды. Нақтылай айтатын болсақ, мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
- пәнаралық және ғылымаралық байланыстарды іске асыру, осы мақсатпен әрбір оқу
пәніне қатысты жоспардың толық сұлбасы жасалып, оны біртіндеп жүзеге асыру кезеңдері
көрсетілді;
- теориялық мәселелерді тәжірибемен тығыз байланыста оқып-үйрену, бұл мақсатта
әрбір теориялық мәселелерді тыңдаушылар өз тәжірибесімен байланыстыру үшін
пікірсайысқа, талқылауға арналған сұрақтар даярланды;
- стратегиялық оқыту, оның мәні тыңдаушылардың маңызды тақырыптарды
талқылауына қажетті кезеңдер бойынша нақты міндеттерді қою және кәсіби кең
мағынадағы ақпаратты өңдеу үшін стратегияларды анықтауға әдістемелік тұрғыдан
кеңестер ұсынылды;
- оқытудағы жүйелі ойлауды дамыту, оқытудың бұл түрі проблемалық жағдаяттардың
элементтерін, бөліктерін, жекеленген фактілерді, оқиғаларды қарастыру барысында
байланыстар мен қатынастарды орнатуға тыңдаушылардың қабілеттілігін қалыптастыруға
бағытталаған дидактикалық тәсілдерді қолданумен қамтамасыз етілді;
- тәжірибелік іс-әрекетті ойын түрінде жоспарлау, бұл тыңдаушылардың топта
жұмыс істеуін және дербес іс-әрекетін ынталандыруды көздейді, сондықтан іскерлік және
рольдік ойындардың мазмұны беріліп, оларға әдістемелік нұсқаулар жасалды;
- жағдаяттық әдіс бойынша эксперименттік оқу, яғни теорияны тәжірибеде қолдануға
бағдарланған жағдаяттар, бұл мақсатта тыңдаушыларға қатесі бар өндірістік
(педагогикалық) жағдаяттар ұсынылады, олар осы қатені тауып, оны жоюдың жолын
топта талқылауды көздейді;
- жобалау әдісін іске асыру, ол үшін курс бойынша тыңдаушыларға арналған жоба
тақырыптары жасалды, оны орындауға қойылатын талаптар анықталды, орындау
кезеңдері бойынша түсініктеме берілді, нақты әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағдарланған әдістемелік
тұғырларға жасалынған шолу олардың әрқайсысының белгілі бір деңгейде өндірістік
жағдаяттардың
үлгісі
ретінде
тыңдаушылардың
психологиялық-педагогикалық
даярлығын жетілдірудің көзі екендігін дәлелдейді.
Ақпарат шеңберінің күннен-күнге артуы, техникалық және арнайы кәсіптік пәндерді
меңгеру деңгейіне қойылатын талаптардың күшеюі, талдау-жинақтау біліктерін
қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулардың енгізілуі кәсіптік-техникалық білім
беру мекемелерінің педагогтарына әдістемелік технологиялардан хабардар болып, оларды
дұрыс таңдай білу және тиімді пайдалана алу талабын қояды. Әдістеме қолданбалы
ғылым ретінде басқа ғылымдардың – психологияның, педагогиканың, лингвистиканың,
математиканың, биологияның және т.б. теориясын пайдаланатыны белгілі. Сондықтан
әрбір оқытылатын курсты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету тыңдаушыларға
88
әдістемелік даярлық беру тәсілін анықтауды көздейді. Педагогтердің әдістемелік
біліктілігінің негізгі мазмұнын ең қарапайымнан күрделіге дейін болатын әдістемелік
әрекеттер құрайды деп санауға болады. Әдістемелік әрекеттің мұндай сипаты жалпыдан
нақтыға және керісінше көше білу; әртүрлі көзқарас тұрғысынан (психологиялық,
педагогикалық, т.с.с.) оқу іс-әрекетінің кез келген түрін ұйымдастыру сәтін қарастыра
білу; білім алушыларды оқыту барысында кездесетін сипаты әртүрлі проблемалардың
(психологиялық, педагогикалық, математикалық, т.с.с.) түрін айқындай және нақтылай
білуді айқындайды.
Қорыта айтқанда, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі педагогтердің
біліктілігін арттыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің нәтижелілігі әрбір
курс бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешеннің сапасымен анықталады. Зерттеу
бойынша жасалынған қорытындылар кәсіби оқыту педагогтарының кәсіби–педагогикалық
құзыреттілігінің қалыптасуының тиімділігін арттыруға, әдістемелік жұмыстың түрлері
мен әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |