Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#7761
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Сәтсіз іс-әрекетерді  
Түзету жолдарын анықтау  
Қателіксіз  
        талдау    
 
 
 
 
 
          орындау 

 
143 
тақырыбын таңдап, ақырғы нәтижесін бағалауға, дербес жұмыс істеуіне, шығармашылық 
жағынан үлес қосуына мүмкіндік береді. 
Жобаны келесі өлшемдермен бағалауды ұсынамыз:  
-
 
мазмұны  (шешімдердің  дұрыстылығы,  жиынтықтағы  жаттығулар  саны,  спорт 
терминдерінің қолдануы); 
-
 
тақырыптың ашылуы (шешімдердің дәләлдемелері); 
-
 
әлеуметтің маңызы; 
-
 
ұсыныстың көрінісі (безендіру эстетикасы, музыкамен сүйемелдеу); 
-
 
шығармашылық. 
Интерактивті  әдіс  қолданылатын  жағдайда,  мұғалім  жалпы  ұйымдастырумен 
айналысып,  алдынала  керекті  тапсырмалар  мен  сұрақтар  немесе  топта  талқыланатын 
тақырыптар дайындайды. Осылайша, жоғары оқу орындарында студенттің дербес жұмыс 
жасауының басты мақсаты белсенділікті арттыру және аудитория ішінде ғана емес, басқа 
да оқу әрекеттерінде дербестілік пен жауапкершілікке жағдай жасау болып табылады.  
Дене  шынықтыру  тәрбиесінің  басты  мақсаты  студентті  салауатты  өмір  салтына 
дағдыландырумен  қатар,  физикалық  қасиеттерін  жетілдіру  болса,  жобамен  жұмыс  істеу 
жаңа  инновациялық  әдістердің  өзектілігін  анықтап,  алдағы  уақытта  маман  ретінде 
қолдану  болып  табылады.  Сондықтан  заманауи  технологияларды  көмек  беруші  құрал 
ретінде қарастыру қажет. 
Оқытушыларға  таңдалған  тақырып  бойынша  жобаның  негізгі  деңгейлері 
қалыптасып, әдістемелік қосымша ұсынылады: 
1. Студенттердің СӨС мәселелерін айқындау. Жобаның міндеттерін құрастыру.  
2. Студенттерді топтарға бөлу. 
3. Берілген мерзім ішінде СӨЖ аясында студенттер «Стретчинг» әр түрлі шетелдік 
және отандық авторлардың әдістерін оқиды.  
4.  Алынған  білімге  сүйене  отырып,  таңдалған  мамандықтың  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, «Стретчинг» жаттығуларын жеке құрастырады.  
5.  Әр  түрлі  мекемелердің  қызметкерлеріне  комплексті  презентациялар  (таңдалған 
мамандық бойынша).  
6.  Берілген  комплексті  енгізу  мәселелері  және  оның  маңыздылығы  туралы 
талқылаулар.  
7. Жобаның нәтижелерін бағалау. 
Жоба нәтижелерін келесі критерийлер бойынша бағалауды ұсынамыз: 
-
 
негізгі  бөлім  (  мазмұндау  толықтығы,  шешімдердің  дұрыстығы,  комплекстегі 
жаттығулар саны, спорттық терминдерді қолдану); 
-
 
тақырыпты ашу (таңдалған мамандық сәйкестігі, нәтиже аргументациясы); 
-
 
әлеуметтік 
маңыздылығы 
(азаматтардың 
денсаулығы 
үшін 
жобаның 
маңыздылығын дәлелдеу);  
-
 
презентацияның 
көрсетілімі 
(шынайылығы, 
безендіру 
эстетикасы, 
эмоционалдылық, музыкалық қостау);  
-
 
шығармашылық  көзқарас  (жаңашылығы,  мазмұндау  логиккасы,  шешімдердің 
креатитілігі). 
Интерактивті  әдістерді  қолдану  кезінде  мұғалімдердің  рөлі  тез  өзгереді,  орталық 
болуды  тоқтатады,ол  тек  процессті  қалпына  келтіреді  және  оның  жалпы 
ұйымдастыруымен  айналысады,  алдын  ала  керекті  тапсырмаларды  дайындайды  және 
сұрақтар  немесе  талқылауға  арналған  тақырыптарды  құрастырады,  консультациялар 
береді, уақытты бекітеді және берілген жобаның жасалу кезегін қарастырады [3, 49 б.]. 
Осыған сәйкес, ЖОО-да студенттің өздік жұмыстарының стратегиялық жолында ең 
негізгісі  оның  бөлек  түрлерінің  оптимизациясында  емес,  жоғарғы  белсенділігін, 
жауаптылығын барлық аудиторияларда және олардан тыс оқытушылық қызмет түрлерінде 
қалыптастыру.  Ал  жаңа  интерактивті  технологияларды  жаңа  оқыту  парадигманың 

 
144 
көмегімен шынайы практикаға айналу құралы ретінде қарастыру қажет. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Гордеева  В.В.  Активные  и  интерактивные  формы  организации  и  педагогического 
сопровождения  самостоятельной  работы  студентов  //  Известия  ПГПУ  им.  В.Г. 
Белинского. - 2012. - № 28. - С. 736-738. 
2
 
Мусина  С.В.  Поиск  путей  повышения  эффективности  учебного  процесса  по 
физической культуре в вузах / С.В. Мусина, Е.В. Егорычева // Физическая культура и 
спорт в 21 веке: сб. науч. тр. - Волжский, 2006. - С. 238-240. 
3
 
Карпенко М. Новая парадигма образования XXI века // Высшее образование в России. 
- 2007. - № 4. - С. 93-97. 
 
 
  
РЕЗЮМЕ 
 
В рамках реформы высшего образования показана роль самостоятельной работы студентов, 
как  важнейшей  составляющей  и  основы  образовательного  процесса.  В  статье  рассмотрены 
интерактивные формы  организации  самостоятельной  работы  студентов  по  физической  культуре, 
предложены варианты заданий для такой работы и критерии ее оценивания. Сделан вывод, что в 
условиях  перехода  на  новые  государственные  стандарты  данный  вопрос  является  наиболее 
актуальным и требующим дальнейшей разработки и совершенствования. 
 
RESUME 
 
Within  the  higher  educational  reform  the  role  of  the  student’s  individual  work  is  shown  as  the 
essential complement and basis of the educational process. The article describes the interactive forms of 
organization of the student’s individual work in physical education and suggests the variants of the tasks 
for  this  type  of  work  and  criteria  of  its  estimation.  It  is  concluded  that  in  the  transition  to  the  new 
governmental standards, this issue becomes the most relevant and it requires its further development as 
well as improvement.  

 
145 
ӘОЖ 378.091.3:811.111 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Е. Мыңбосынова
  
«Тұран-Астана» университеті, 
магистрант 
 
Тілдік емес жоғары 
оқу орындарында 
ағылшын тілін 
оқытудағы ойын 
ситуацияларын 
қолдану 
 
Аннотация 
Мақала 
тілдік 
емес 
жоғары 
оқу 
орындарындағы студенттерге арналған ағылшын 
тілін  оқытудағы  ойынның  әртүрлі  әдістерін 
қолдана  отырып,  студенттердің  тілдік  дағдысын 
дамыту 
және 
олардың 
қызығушылығын 
арттырудың әдіс-тәсілдерін сипаттаған. 
Түйін сөздер: оқыту, ойын, таным, ойын іс-
әрекеті,  дағды,  тілдік  шеберлік,  ойын  түрлері, 
дидактикалық  ойындар,  имитациялық  ойындар, 
проблемалық  ойындар,  сюжеттік  ойындар, 
ситуациялық  ойындар,  рөлдік  ойындар,  іскерлік 
ойындар. 
 
 
Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  «Жаңа 
әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Халқына 
Жолдауында: 
«Тілдердің 
үштұғырлылығы 
мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға 
алуды  ұсынамын.  Қазақстан  бүкіл  әлемге  халқы 
үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде 
танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, 
орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 
тілі  -  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кіру 
тілі»  [1]  деген  салиқалы  ойлар  айтқанындай, 
ағылшын  тілі  арқылы  әлемдік  экономикаға, 
халықаралық  аренаға  шығу  мүмкіндігінің  мол 
екендігін көруге болады.  
Мемлекетімізде  ағылшын  тілін  үйрету 
балабақшадағы 
тәрбиеленушілерден 
бастап, 
жоғарғы 
оқу 
орындарының 
барлық 
деңгейлерінде  (бакалавриатура,  магистратура, 
PhD)  тереңдетіліп  оқытылуда.  Қазіргі  таңда 
елімізде  шет  мемлекеттермен  сыртқы  сауда-
экономикалық 
байланыстардың 
артуына 
байланысты,  еңбек  нарығында  ағылшын  тілін 
еркін  меңгерген  мамандарға  сұраныс  жоғары. 
Сәйкесінше,  жоғары  оқу  орындары  өздерінің 
шәкірттеріне  шет  тілдерін  еркін  меңгеруге 
барлық мүмкіндіктерді жасауда. 
Тілдік  емес  ортада  шет  тілін  оқытуға 
студенттердің  қызығушылығын  ояту  -  күрделі 
мәселе.  Тәлім  алушыларда  қызығушылықты 
тудыру  үшін  мотивациялық  фактор  қажет. 
Заманауи  оқыту  кезеңінде  ағылшын  тілін  тілдік 
емес  жоғары  оқу  орындарында  ойын  әдісі 
арқылы  оқытудың  маңызы  зор.  А.С.  Выготский, 
А.Н. Леонтьевтің       психологиялық       іс-әрекет 

 
146 
теориясында  адам  іс-әрекетінің  негізгі  үш  түрі  көрсетілген:  еңбек,  ойын  және  оқу  [3]. 
Әртүрлі  оқыту  ойындарын  қолдану  шет  тілдік  орта  мен  тіл  үйренуші  арасында  өзара 
жағымды қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.  
Ойын  дегеніміз  –  жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл  күйін  көтеретін, 
ойландыратын үрдіс.  
Сабақта  ойын  тәсілдерін  қолдану  арқылы  түрлі  педагогикалық  мақсаттарға  қол 
жеткізуге  болады.  Ойын  іс-әрекетінің  шет  тілін  оқытудағы  маңыздылығы  көптеген 
мамандар тарапынан қарастырылды. 
Д.Б. Эльконин ойынның мынадай маңызды қызметтерін көрсетті: 
- мотивациялық және қажеттілік деңгейін дамытудың құралы; 
- таным құралы; 
- тәлім алушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту құралы; 
- еркін мінез-құлқын дамыту құралы [6]. 
Белгілі  әдіскер  Е.И.  Пассов  оқытудың  құралы  ретінде  ойын  іс-әрекетінің  мынадай 
қасиеттері бар деп қарастырған:  
- мотивацияны тудыру; 
- оқуға деген өзін-өзі мәжбүрлеудің жоқтығы; 
- индивидуалды жеке іс әрекет
- топтағы оқыту, топ арқылы тәрбиелеу; 
- тәлім алушының психикалық қызметтерін және қабілеттерін дамыту; 
- қызығушылықпен оқыту [4]. 
Ағылшын тілін оқытуда ойын әдісін қолданудың негізгі мақсаттары мыналар:  
1.
 
Дағдыны қалыптастыру; 
2.
 
Тілдік шеберлікті дамыту; 
3.
 
Коммуникативтік процесті игеруге уйрету; 
4.
 
Қажетті қабілеттер мен психикалық қызметтерді дамыту; 
5.
 
Тілдік таным; 
6.
 
Сөздік материалды есте сақтауға үйрету. 
Ойын  іс-әрекеті  есті,  зейінді,ойлау,  елестету  қабілеттерін  және  тағы  басқа 
когнитивтік процестерді дамытады. 
Әдістемелік  әдебиеттерде  ойын  іс-әрекетінің  көптеген  түрлері  бар.  Мысалы,  А.А. 
Деркач шет тіліндегі әрбір ойын былайша сипатталады деп көрсеткен: 
- оқу мақсаты мен міндеттерін анықтау арқылы; 
- оқыту түріне қарай; 
- оқытудың ұзақтығына байланысты; 
- ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты; 
- күрделілік деңгейіне байланысты; 
- қатысушылар құрамының санына байланысты [2]. 
Тілді  үйренушілердің  санына  байланысты,  ойын  түрлерін  –  жеке,  жұптық,  топтық 
және фронтальды деп бөлуге болады. 
Сюжеттің 
күрделілігіне 
байланысты, 
ойын 
түрлерін 

жай, 
күрделі, 
моноситуациялық және полиситуациялық деп бөледі.  
Ұйымдастыру  тәсіліне  байланысты,  компьютерлік,  жазу  және  тақтадағы  ойындар 
деп бөлінеді. 
Оқу  ұзақтығына  байланысты,  ойындар  –  ұзақ  және  қысқа  ойындар  деп 
топтастырылады. 
Сипатына, тәсіліне, оқытудың түріне байланысты, ойындар – жазба, ауызша, пәндік, 
қозғалмалы,  сюжеттік  немесе  ситуациялық,  рөлдік,  жарыс  ойындар,  интеллектуалдық 
(жұмбақтар,  тесттер,  ребустар,  кроссвордтар),  өзара  қарым-қатынас  ойындары 
(коммуникативтік), кешенді және т.б. ойындар болып бөлінеді. 

 
147 
Оқытудың  мақсаты  мен  мазмұнына  байланысты,  тілдік,  сөздік  ойындары  болып 
топтастырылады. 
Тілдік ойындар: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық. 
Ал  оқыту  тәжірибесінде  дидактикалық,  имитациялық,  проблемалық,  сюжеттік, 
ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар деп қарастырылады.  
Жоғарыда  аталғандардың  ішінде  ролдік  ойындар  тілдік  емес  жогарғы  оқу 
орындарында жиі қолданылады. Олар өзіндік әрекет етуге, ұйымшылдыққа талпынуға мол 
ықпалын тигізеді. Рөлдік ойындарға қойылатын негізгі талаптар: 
1.  Ойын  тілді  үйренушіде  қызығушылық  тудырып,  оны  тапсырманы  жақсы 
орындауына ынталандыруы; 
2. Рөлдік ойынды мұқият ұйымдастыру; 
3. Рөлдік ойындар ыңғайлы шығармашылық ортада өтуі
4. Рөлдік ойындарда материалдар жоғары тиімділік алып келуі; 
5. Рөлдік ойындар топтың барлық мүшесі тарапынан қабылдануы; 
6.  Ойын  кезінде  жақсы  оқитындар  үлгерімі  нашарларға  көмектесуі  және  оқытушы 
жалпы процесті бақылауы қажет. 
Кез  келген  жағдай  -  ойынды  ұйымдастырудың  тәсілі  ретінде  жүзеге  асады. 
Жағдайлар  табиғи-сөздік  және  оқу-сөздік  болуы  мүмкін.  Рөлдік  әрекеттер  -  тілді 
үйренушілердің  белгілі  бір  ролді  ойнау  арқылы  орындайтын  әрекеті.Сабақты  өткізу 
барысында аудиторияның жабдықталуы да ескеріледі. Столдарды үлкен дөңгелек түрінде 
орналастырған  жөн.  Дөңгелектің  ортасы  рөлдік  ойынды  көрсету  алаңы  ретінде 
қолданылады.  Әрбір  қатысушы  кеудесіне  өз  рөлінің  атауы  жазылған  бейджик  таққаны 
жөн.  Ойын  барысында  бақылау  болуы  керек.  Оқытушы,  ойынға  қатысушылардың 
қателерін оларды сөзден бөлмей, жазып отырады. Ойын соңында анализ жасап, алдымен, 
қатысушылардың сәтті кездерін, соңынан қателіктеріне тоқталуы қажет. 
Рөлдік  ойындарға  арналған  тақырыптар  көп.  Өмірдегі  кез  келген  жағдай  ролдік 
ойынды  тудырады.  Мысалы,  «Сіздің  сүйікті  жазушыңыз  кім?  (Who  is  your  favourite 
writer?)».  Тапсырма:  Англиядан  келген  қонаққа  қай  жазушының  кітаптары  ұнайтынын 
сұрап  біліңіз.  «Кітап  не  туралы?  (What  is  the book  about?)».  Бұл  -  жергілікті  тұрғын  мен 
қонақтың арасындағы ролдік ойын. 
Төмендегідей ситуациялық жағдайларды құрастыруға болады: 
You are going to buy a new house, get them to list off their priorities. For example, I got 
the following:  
-
 
It must face North; 
-
 
It must be naturally light
-
 
It must be near the school; 
-
 
It must be located in the city center. 
Сіз  бұл  сілтемелерді  өз  оқушыларыңызға  алдын  ала  бере  аласыз.  Тапсырманы 
орындаған соң, екінші ситуациялық жағдай тудыруға болады. Мүнда сіз тақырыпты үйдің 
сыртынан ішкі жабдықталуына қарай бағыттайсыз: 
-
 
Inside the house, the most important thing for me is… 
  Some answers I got: 
-
 
A balcony (Why?) 
-
 
A big TV 
-
 
A big bed 
-
 
Book shelves 
-
 
An enormous bath 
-
 
A chimney place 
-
 
Distribution of the house, i.e. having the bedroom far from the kitchen (Why?)  
Жоғарыдағы  ролдік  ойын  сатушы  мен  сатып  алушы  арасындағы  диалогтардан 
құралған. 

 
148 
Төменде ситуациялық немесе ролдік ойындарға мысалдар келтірілген: 
1.
 
A mechanic asks a co-worker how to obtain a certain tool. 
2.
 
An agent describes to a supervisor the appearance, colour and size of brochures ordered. 
3.
 
A laboratory technician explains the stages of an experiment to a co-worker. 
4.
 
A  manager  advises  another  on  the  best  method  of  handling  a  difficult  situation  or 
project. 
Рөлдік  немесе  ситуациялық  ойындар  тек  екі  адамның  қатысуымен  емес,  бірнеше 
адамның қатысуымен де ойналатын қойылымдық ойындармен де көрсетілуі мүмкін. 
Осылай  кез  келген  мамандыққа  қатысты  тақырыптарды  таңдап,  рөлдік  ойындарды 
ұйымдастыруға болады.  
Қорыта  айтқанда,тілдік  емес  жоғарғы  оқу  орындарында  ағылшын  тілін  ойындар 
арқылы  үйрету,  тілді  үйренушілердің  қызығушылығын  ғана  арттырып  қоймай,  олардың 
танымдық көзқарастарын дамытып, кез келген ортада еркін тілдік қарым-қатынасқа түсу 
қабілетін шыңдайды. Бәсекелестік дамыған өмірде әр адамның басқалармен тез тіл табыса 
білуі маңызды. 
Елбасымыз:  «Ақпараттық  технология  дамыған  қазіргі  дәуірде  күн  сайын  дерлік 
ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл 
ену  үстінде.  Бұл  үдерістен  біз  де  тыс  қалмауымыз  керек»,  -  деп  атап  айтқанындай  [1], 
бүгінгі  күн  талаптарының  негізгілерінің  бірі  –  жастарымыздың  өз  ана  тілдеріне  қоса, 
ағылшын  тілін  еркін  меңгеріп  халықаралық  деңгейде  жұмыс  жүргізе  білуі.  Өз  тілімізді 
құрметтей отырып, өзге тілдерді меңгеру біздің дүниетанымызды да нығайтары сөзсіз.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  (Қазақстан  Халқына  Жолдауы).  Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан.  – 
Астана, 2007. 
2
 
Деркач  А.А.  Педагогическая  эвристика  (искусство  обучения  иностранному  языку).  - 
М., 1991. 
3
 
Леонтьев А.А. Основы теории речевой деятельности. – М.: Наука, 1974. – 368 с. 
4
 
Пассов Е.И. Урок иностранного языка. – Ростов н/Д.: Феникс, 2010. – 640 с. 
5
 
Тумаков Н.А., Ткаченко Ю.А. К вопросу о роли мотивации в обучении иностранному 
языку в вузе // Молодой ученый. – 2015. - № 6. 
6
 
Эльконин Д.Б. Психология игры. – 2-е изд. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. 
– 360 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  описаны  методы  формирования  языковых  навыков  студентов  и  повышение  их 
заинтересованности  в  обучении  английскому  языку  в  неязыковых  высших  учебных  заведениях, 
посредством использования разных видов игр. 
 
RESUME 
 
In this article the author describes the methods of forming language skills of the students and the 
increase of their interests through the use of different types of games in teaching English in non-linguistic 
higher educational establishments. 
 
   
 

 
149 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
150 
ӘОЖ 811.512.1.81.04
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.Р. Боранбаев  
Аймақтық әлеуметтік-
инновациялық университет, 
филол. ғыл. д-ры
, доцент
 
 
С. Дүйсен  
Нұр-Мүбарак Египет ислам 
мәдениеті университеті,  
PhD докторы  
 
 
Әскери әдебиет 
үлгісінде жазылған  
ортағасырлық 
қолжазба  
 
Аннотация 
Бұл 
мақалада 
орта 
ғасырда 
мәмлүк 
қыпшақтар  әскери  тақырыпқа  арнап  жазған 
«Муниетул-ғузат»әдеби 
ескерткіші 
қарастырылады. 
Түйін сөздер: тарихи-салғастырмалы зерттеу, 
әскери  тақырыпқа  арналған,  Түркі  халықтар, 
грамматикалық ерекшеліктер,дыбыс жүйесі. 
 
 
Орта Азия далалары оның табиғи бір аумағы 
болған  оңтүстік-шығыс  Еуропа  далаларында, 
тарихтың  ең  көне  дәуірлерінен  бері  қарай 
түркілердің  тіршілік  еткені  белгілі.  Сондай-ақ  ІV 
ғасырдың  орта  кезеңдерінде  Ғұндар  Һазар  теңізі 
аймағына  келе  бастады  [1,  713].  Мұнан  соңырақ 
бұл  өлкеге  бір  топ  түркі  тайпалары  көшіп  қонды; 
олардың  кейбірі  өзара  етене  араласып  кетті.  Олар 
тайпаларының  үлкендігіне  байланысты  қуатты 
саяси  одақтар  құра  бастады  және  кейінірек  үлкен 
ұлыстық бірлестіктер құрамында тіршілік етті. 
Қара  теңіздің  солтүстігінде  далаларға  көшіп 
қонған  бұл  түркі  тайпаларының  бірі  болған 
құмандардың  жерлерінен  айырылу  себепті,  916 
жылдар  шамасында  Чиннің  солтүстігінде  Қытай 
мемлекеті  құрылды  [2,  72;  137].  Қытайлардың 
күшеюіне орай, өзгедей кейбір түркі ру-тайпалары 
сияқты құмандар да батысқа қарай қозғалды. 1017 
жылдары  батысқа  қарай  қозғалған  құмандар  1050 
жылдардан  өте  шығыс  Еуропаға  келді.  Орыс 
жылнамаларында алғаш рет 1055 жылы «половцы» 
атымен аталынды [3, 73]. 
Құмандардың  (тайпалық)  атауларын  өң-
түстеріне байланысты берілгендігі болжам ретінде 
ұсынылған,  сірә,  түрлі  тайпалар  оларды  «сары,  ақ 
сары, 
ашық 
сары» 
сияқты 
мағыналарда 
қолданылатын  сөздермен  атаған.  Бұл  түркі 
тайпасына  орыстар  «половцы»,  Византиялықтар 
«құман»,  мажарлар  «кун,  куман»,  немістер 
«falben»,  армяндар  «khartes»  деп  атаған  [4, 
166;70;713]. 
1060  жылдан  кейін  Уздарды  ығыстыра 
отырып,  Туна  бойында  соғыса  жүріп,  қозғалыста 
болған  құмандар  ХІ  ғасырдың  соңына  қарай  Қара 
теңіздің  солтүстігіндегі  далаларға  толығымен 
үстемдік 
орнатты. 
Құмандар 
уақыт 
өте 
маңайындағы  орыстардың  үстемдігіне,  кейде 
Византияның  арандатуына  байланысты  түркі 
тайпасының  бірі  болған  печенегтермен  де  әлсін- 

 
151 
әлсін соғысып отырды. 
Бірнеше  рет  орыс  одақтастығын  талқандаған  құмандар,  соңында,  1103  жылы 
орыстар тарапынан ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл соғыста кейбір ұлы қолбасшыларынан 
айырылған  құмандар,  жерлерін  түркілік  жаңа  толқын  болып  келген  қыпшақтарға  берді. 
Осы  кезеңдерде  дүниеге  келген  мәмлүк  қыпшақ  түркішесінің  әскери  әдебиетке 
байланысты  көрнекті  жәдігерліктерінің  бірі  –  «Муниетул-ғузат».  Мұның  аудармасы  - 
«Жеңімпаздардың өтініші бойынша орындалған іс» мағынасына жуықтайды. Қолжазбада 
ат  жарату, оқ ату, қылыш қолдану сияқты әскерге байланысты іс-әрекеттердің орындалу 
жолдары  үйретіледі.  Біздердің  тарапымыздан  мәтіні  мен  грамматикалық  индексі 
дайындалып  жатқан  «Муниетул-ғузат»  жәдігерлігі  негізі  қыпшақ  сөйленісін  көрсететін 
жазбалардың бірі болғандықтан және «харакаты» (дауысты дыбыстардың диакритикалық 
белгісі)  «насих (үлгі) жазуымен жазуы тұрғысынан түркі тілін зерттеу үшін маңызы зор. 
Әсіресе соғыс өнеріне байланысты түркіше жазылған дереккөздердің ең көнелерінің бірі 
болуына байланысты, қолжазбаның мәдениет тарихы жөнінен де, мұрағаттық деректері де 
бар ескерткіштердің бірі.  
Әскери  тәлім  үшін  жазылған  түрлі  нұсқаларының  болмауы  ақылға  онша  қона 
бермейді, қолжазбаның жалғыз нұсқасы Топқапы сарайы мұражайының кітапханасындағы 
ІІІ Аһмед бөлімінде №3468 ретті санмен сақталуда.  
Қолжазбаның  биіктігі  265  мм,  ені  178  мм,  қоңырқой  күн  түстес  былғары  терімен 
қапталған. Қолжазба мәтіні көне, қалың, бұдырлы қағазға жазылған 115 парақтан тұрады. 
Әр бетте ұзындығы 113 мм болатын 9 жол жазылған. Араб тілінде орындалған алғашқы 
екі бетіндегі жазу жолдары жетеу. Мұқабасы және титулы алтын өрнекті, түзу сызықтары 
қызыл. 
Мұқабаға  басылған  мөрдегі  жазуға  қарағанда,  қолымыздағы  нұсқа  Гази  Алтунбоға 
атына арнап дайындалған. Дайындау уақыты хижраның 850 (1446) жылы. 
Муниетул-ғузат  араб  тілінен  аударылған.  Қолжазбада  аудармашы  өзінің  аты-
жөнімен  қоса,  негізгі  қолжазбаның  атын  және  авторын  да  атап  өткен.  Аудармашы 
мәртебелілердің  мәртебесі  Тимур  Бектің  бұйрығымен  қолжазбаны  аударғаны  туралы 
мәлімет берген: 
«Білгін,  бұл  рисалені  түркіше  жазылуына  Тәңірінің  ізгілігімен  Мысырда  дүниеге 
келген, даңқы зор, мәртебелілердің мәртебелісі Тимур Бек себеп болды. Бұл патша маған 
«Біздің  жанымызда  бір  арабша  әскери  өсиет  бар.  Мұны  мен  түркішеге  аударсам,  мұны 
жеңімпаз түркілер пайдаланса және саған да сауап болса» деді. Мен де «Басым мен көзім 
алдында»  айтылған  бұйрықтарына  мойынсұндым.  Тәңірінің  жәрдемімен  ол  кітапты 
түркішеге аударып, «Муниету-л-ғузат» атын бердім». 
Алдарыңызға қойып отырған мәтінде бұл  екі  жазбаның көптеген ерекшеліктері бір 
жүйеде салыстырылғаннан кейін, бірнеше көсемді шешім болды. Аудармашы қолжазбаны 
алты  пән  ыңғайында  реттеуіне  байланысты,  қолымыздағы  нұсқада  «қалқан  тосу»  бөлімі 
болмағандығы  сияқты  «оқ  ату»  бөлімі  де  тақырыпсыз  берілген.  Бұл  бөлімде  де  бір 
кемшіліктің болуы мүмкін.  
Мәтінін және грамматикалық индексін әзірлеу барысында «Муниет-л-ғузат» мәмлүк 
қыпшақ түрікше жадыгерліктерінің материалдары кеңінен пайдаланылды. Бұл жәдігерлік 
қыпшақ  сөздерінің  дыбысталуын  (şikesini  -  айтылуы)  айқындайтын  жазбалардың  бірі. 
Өйткені, дауысты дыбыстардың диакритикалық белгімен берілуі түркі тілінің тарихи даму 
жолын  айқындауда  зерттеушілер  үшін  көмегі  үлкен,  берері  мол.  Әсіресе,  соғыс  өнеріне 
байланысты  түркіше  жазылған  дереккөздердің  ең  көнелерінің  бірі  болуы  себепті 
ескерткіштің мәдениет тарихы тұрғысынан да маңызды орны бар екендігін көрсетеді. 
Кіріспе  бөлімінде  де  көрсетілген  сияқты,  ескерткіш  осы  уақытқа  дейін  толығымен 
зерттелінбеді. Бұл тұрғыдан алғанда, осы жазбаны толығымен зерттеп, айналымға түсіруді 
мақсат етіп отырмыз.  

 
152 
Әскери  тәрбие  үшін  жазылған  бір  топ  нұсқасы  болғанымен,  олардың  жоғалуына 
байланысты, 
ескерткіштің 
жалғыз 
нұсқасы 
Топқапы 
сарайындағы 
мұражай 
кітапханасының  ІІІ  Ахмед  бөлімінде  3468  санымен  сақталған.  Ескерткіштің  жалғыз 
нұсқасының болуы анық емес және жаңылыс жазылған базбыр сөздер дәлелдемелер мен 
анықтамалар  беруді  қажет  етеді.  Біз  мәтінді  аударғанда  жекелеген  сөздерге, 
мүмкіндігінше  анықтамалар  жазылғандығын  да  көрсеттік.  Мәтінді  анықтағаннан  кейін 
әрбір  сөзді  бір-бірлеп  жайма  қағаздарға  тіздік  және  бұл  сөздерді  грамматикалық 
көрсеткіш түрінде тізіп, жүйеге келтірдік. Осы тұрғыда дайындалған сөздік және индексін 
қолымыздан келгенінше кемшіліксіз орындалуына көңіл бөлдік.  
K.Gronbech-тің  “Komanisches  Wörterbuch”-ін  және  Али  Феһми  Karamanlıoğlı 
“Gulistan Tercümesi”-ін үлгі ретінде қол астымызда ұстадық. Сілтемелерден байқалатыны 
сияқты, аз да болса кейбір сөздердің мағыналары мен оқылуы нақтыланды. Осы тұрғыда 
және аталған ескерткіш  негізінде баян етілген ізденістеріміз және зерттеулеріміздегі  бұл 
қиыншылықтарды мүмкіндігінше келешекте анықтаймыз.  
Қолжазбаның  өзгедей  нұсқалары  табылса,  ол  жұмыстың  да  назарға  алына  жатары 
анық.  Бұл  зерттеуде  қатесіз  мәтін  және  индекс  дайындау  идеясын  ұстандық.  Бар 
мүмкіндігімізді пайдаланып еңбек еткенімізге қарамастан, назардан тыс қалған қателіктер 
болуы мүмкін (6 б.). 
Жәдігерлікті  аударған  автор  қолжазбаның  бөлімдерін  былайша  атағанды  жөн 
санаған: 1. Атқа міну. 2. Сүңгі ұстау. 3. Қылышқа байланысты амалдар. 4. Қалқан ұстау. 5. 
Оқ ату. 6. Доп ұру.  
І. Атқа міну. Бұл бөлімде ат үстінде құламай тұра білу, ерсіз атқа мінуді үйрену, ері 
мен тоқымының және үзеңгінің қалай болу керектігі түсіндіріледі. Әсіресе атты жүргізу, 
шаптыру,  кері  жүргізу  және  тынықтырып-тыңайту  сияқты  атсайысқа  байланысты 
ерекшеліктер баян етіледі. 
ІІ. Найза (сүңгі) ұстау. Бұл бөлімде Муһдис-и Сагри, Шам, Хорасан, Дейлеми сияқты 
найза ұстау және қолдану үлгілелері, қажеттілігіне қарай бұл үлгілердің бірінен екіншісіне 
қалай  өтуге  болатындығы,  жекпе-жек  найзаласуға  қалай  дайындалу  керектігін  және  бұл 
үшін дайындалу және амал-әрекеттерді, сүңгі түрлерін білуді, сүңгінің жақсы және жаман 
қасиеттері баяндалады.  
ІІІ.  Қылыш  қолдану.  Бұл  бөлімде  қылыштың  түрлері,  иемендік,  нанди  (үнді), 
франктық, мысырлық сияқты қылыш түрлері және олардың ерекшеліктері, қылышты алып 
жүру және қылыш қою тәртіптері, қылышты дұрыс қолдану үшін қандай тәлім-тәрбие алу 
керектігі баян етіледі. 
ІV. Қалқан ұстау. Бұл бөлім қолымыздағы нұсқада жоқ. 
V.  Оқ  ату.  Тақырыпсыз  берілген  бұл  бөлімде,  оқты  дұрыс  ата  білу  үшін  алдымен 
жұмсан  (серіппелі)  жай  (садақ)  пен  көп  тәлім  алынуы  қажеттілігін,  садақты  дайындау 
тәсілдері биік жерлерге және биіктен алыс жерлерге қалай оқ атылатындығын, сондай-ақ 
ат  үстінен  оқ  ату  әдістері  баян  етіледі.  Әсіресе,  садақ  және  оқ  түрлері,  оқ  жасалатын 
ағаштар да сөз етілді. 
VІ. Доп ұру. Бұл бөлімде чевген ойынының кісілерді соғыс үшін дайындық қалпына 
келтіретінін,  бұл  ойында  чевгенмен  допты  ұру  тәсілдері,  чевген  санынан  және  ойын 
болатын алаңның аумағы мен түрлері, бұл ойынның қанша кісімен ойналғандығы дұрыс 
болатынын  баян  етеді.  Әсіресе,  бұл  бөлімнің  соңында  доптың  қалай  созылатыны 
айтылады. 
Сөз  болып  отырған  жәдігерліктің  материалдары  әлі  күнге  дейін  қазақ  ғалымдары 
тарапынан  зерттеле  қоймаған  еңбектердің  бірі.  Бұл  жазба  ескерткіштің  тілін  зерттеу 
барысында  тіл  білімі,  тарих,  қазақ  мәдениеттану  ғылымы  жалпы  түркология  тың 
деректермен толығатындығы анық. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет