Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

LIST OF REFERENCES 
 
1
 
Bocharov S., Special Economic Zones in the Arab States: Trends Moscow, 2005 – 326 p. 
2
 
Muller B. Resolve the dilemma of security in the Gulf region. - M., 1998. – 521 p. 

 
37 
3
 
ES Melkumian. GCC in global and regional processes / Melkumian ES. - Moscow, "IIIiBV" 
1999. – 197 p. 
4
 
Majid  Al-Khalili,  Oman's  Foreign  Policy:  Foundations  and  Practice,  Doctoral  Dissertation, 
International Relations, Florida, Florida International University, 2005. 
5
 
GCC in the XXI-st century / edited. Jamal S. Al Suwaidi. - Abu Dhabi: Emirates Center for 
Strategic Studies, 1999. // http://www.aljazeera.net 
6
 
Oman: A Unique Foreign Policy // http://www.rand.org 
7
 
Marc  J.  O'Reilly.  Oil  Monarchies  without  Oil:  Omani  and  Bahraini  Security  in  a  Post-Oil 
Era. - Middle East Policy, 1999. - № 6 (3). - P. 78-92. 
8
 
Kenneth Katzman. Oman: Reform, Security, and US Policy // http://www.fas.org/sgp/cr 
9
 
Sultanate  of  Oman.  Ministry  of  Information.  Years  of  Endeavour  and  Archievement,  2005 
//http://www.omanet.om 
10
 
Kechichian  J.  Oman  and  the  World,  Rand,  Oman  and  the  World.  The  Emergence  of  an 
Independent Foreign Policy. Rand Corporation. 1995. – 409 p. 
11
 
John E. Peterson. Oman in the Twentieth Century. - London: Croom Helm, 1978. – 644 p. 
12
 
Isaev VA, Filonik SA The Sultanate of Oman (Essay socio - political and socio - economic 
development). – M., 2001. - 240 p. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Ғылыми  мақалада  Оман  сұлтандығының  сыртқы  саяси  іс-әрекеттерінің  негізгі  аспектілері, 
Парсы  шығанағындағы  араб  мемлекеттері  ынтымақтастық  Қеңесі  мен  аймақ  елдерімен  өзара 
қарым-қатынас мәселесі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  научной  статье  рассматриваются  основные  аспекты  внешнеполитической  деятельности 
Омана,  взаимоотношения  со  странами  региона  и  Совета  сотрудничества  арабских  государств 
Персидского залива. 
 
 

 
38 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Юриспруденция 

 
39 
ӘОЖ 346 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ.М. Мұқажанов 
Еуразия гуманитарлық 
институты, а-ш.ғ.к., профессор 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясындағы 
экология мәселесі
 
 
Аннотация 
Мақалада  Ата  заңымызда  қоршаған 
ортаны  қорғау,  табиғи  ресурстарды  тиімді 
пайдалану  мәселесі  нақты  көрініс  тапқаны 
және  сол  арқылы  нормативтік  құқықтық 
актілерді  дайындауда,  қолдануда,  ішкі, 
сыртқы  қатынастарды  құқықтық  реттеуде 
басшылыққа 
алынатыны 
сөз 
болады. 
Еліміздегі бұл мәселелерді шешу мақсатында 
жүргізіліп 
жатқан 
жұмыстар 
мен 
болашақтағы міндеттер талқыланады. 
Түйін  сөздер:  Конституция,  қоршаған 
орта,  табиғи  ресурстар,  құқық,  заң,  заңнама, 
жер,  жануарлар  дүниесі,  өсімдіктер  дүниесі, 
энергия көздері.  
 
 
Жиырма жылдығын атап өткелі отырған 
Ата  заңымызда  қоршаған  ортаны  қорғау, 
табиғи 
ресурстарды 
тиімді 
пайдалану 
мәселесі 
нақты 
көрініс 
тапқан. 
Ол 
Конституциямыздың  бірнеше  баптарында 
тікелей көрсетілсе,  бірнеше  баптарда  жанама 
түрде  ескертіліп  елімізде  нормативтік-
құқықтық  актілерді  дайындауда,  оларды 
қолдануда,  ішкі,  сыртқы  қатынастарды 
құқықтық  реттеуде  басшылыққа  алынып 
отырады. 
Ата  заңымыздың  6-бабында  «Жер  және 
оның  қойнауы,  су  көздері,  өсімдіктер  мен 
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар 
мемлекет  меншігінде  болады»,  -  деп  атап 
көрсетілген  [1].  Бұл  ата-бабаларымыздың 
білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған 
ұлан байтақ жеріміз, алтын мен мысқа, темір 
мен  көмірге,  мұнайға,  газға,  уран  мен 
қорғасынға  тағы  басқа  байлықтарға  толы 
оның  қойнауы,  өзендеріміз,  көлдеріміз  бен 
теңіздеріміз, 
ормандарымыз 
және 
тек 
азықтық  ғана  емес  дәрілік  те  қасиеті  мол 
шөптеріміз,  аспанымызда  қалықтаған  қыран 
бүркіттерімізден  бастап,  арқарларымыз  бен 
барыстарымыз 
тағы 
да 
басқа 
құнды 
байлықтарымыздың  бәрі-бәрі  мемлекеттің 
меншігінде 
деген 
ұғымды 
білдіреді. 
Мемлекетіміз  оларды  қорғайды,  еліміздің 
игілігі 
үшін 
тиімді 
пайдалануды 
ұйымдастыра  отырып,  бақылайды.  Осы 
мақсатта  экологиялық,  жер,  орман,  су 
кодекстері,  жер  қойнауы және жер қойнауын  

 
40 
пайдалану  туралы,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы  заңдар,  тағы  басқа 
нормативтік-құқықтық актілер қабылдануда, қолданылуда. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының нышаны әрі кепілі, 
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  Жолдауларында,  кітаптарында,  сөйлеген  сөздерінде, 
күнделікті  әрекеттерінде  қоршаған  ортаны  қорғау,  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану 
мәселесі  әрқашан  лайықты  орнын  табуда.  Семей  полигоны  мен  Арал  теңізі  мәселелері, 
«Жасыл  ел»  және  «Жасыл  экономика»  бағдарламалары,  Астана  қаласының,  өңірлердің 
дамуы  туралы  ойлары,  әрекеттері  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншіліктің,  қамқорлықтың 
үздік үлгісі емес пе? 
Конституцияның жоғарыда келтірілген 6-бабында «Жер, сондай-ақ заңда белгіленген 
негіздерде,  шарттар  мен  шектерде  жеке  меншікте  де  болуы  мүмкін»,  -  деп  көрсетілген. 
Осының негізінде елімізде Кеңес дәуірінде болмаған жерге жеке меншік құқығы енгізілді. 
Бұл  нарықтық  экономикаға  өтудің  алғы  шарттарының  бірі  еді.  Бірақ  та,  жерге  жеке 
меншік  құқығы  жаппай  емес,  тек  заңда  белгіленген  негіздерде,  яғни  Қазақстан 
Республикасының  жер  қорын  құрайтын  жеті  жер  санатының  тек  кейбіреулерінде  ғана 
енгізілді.  Жер  заңнамасында  қандай  жер  кімге,  қандай  мақсатқа,  қаншама  мөлшерде 
берілетіні анық көрсетілді [2,50-бап]. Екіншіден, жерді зат, байлық деп қарайтын болсақ, 
азаматтық  кодексте  байлықтың  мөлшеріне  шек  қойылмайды,  оны  пайдалануға 
байланысты  иесінің  құқығы  шектелмейді  [3,191-бап].  Ата  заңымызда  көрсетілгендіктен 
жер заңнамасы бойынша жер әр жеке тұлғаға белгілі бір мөлшерде ғана беріледі және оны 
пайдалану  тұрақты  түрде  қадағаланып  отырады.  Ұзақ  уақыт  пайдаланылмаған,  заң 
талаптарын  бұза  пайдаланылған  жағдайларда  меншік  құқығын  тоқтатуға  дейін  шара 
қолданылады [2,81-бап]. 
Конституциямыздың  38-бабында  «Қазақстан  Республикасының  азаматтары 
табиғатты  сақтауға  және  табиғат  байлықтарына  ұқыпты  қарауға  міндетті»  екендігі 
айтылған.  Бұл әр азаматтың табиғат  байлықтарын қорғауға, арттыруға, болашақ ұрпаққа 
жақсы жағдайда қалдыруға міндетті екендігін көрсетеді. Елімізде қарасаң көз тоймайтын 
әсем жерлер, табиғи ескерткіштер, аңдардың, құстардың, өсімдіктердің түрлері жеткілікті. 
Оларды  мақтан  тұтуымыз  да  заңды.  Десек  те,  кейбір  әрекеттеріміз  Ата  заңымыздың 
талаптарына  сай  келмей  жатады.  Кейбір  азаматтарымыздың  табиғатты  пайдалану 
мәдениетінің  төмендігі,  «табиғатты  сүю,  одан  тек  алу»  деп  түсінулері  қынжылтады. 
Заңсыз аң аулау киіктерімізді қырып салса, Каспийдегі бағалы балықтар да күннен күнге 
азаюда. Күнде көріп жүрген, бос құтылар мен қағаздарды, қалдықтарды көшеге лақтыра 
салу  да  мәдениеттілігімізге  сын  деп  ойлаймын.  Мыңдаған  көлі  бар  Финляндияның  әр 
көлінінің  суынан  ішуге  болады  екен  [4,  8].  Ал  біздің  «табиғатты  сүйетін»  кейбір 
азаматтарымыз  дем  алғаннан  кейін  сол  өзен,  көлдерден  су  ішпек  түгілі  жағасына 
жақындау қауіпті. 
Ата заңымыздың 37-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және 
мәдени  мұралардың  сақталуына  қамқорлық  жасауға,  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерін 
қорғауға  міндетті»,  -  деп  көрсетілген.  Бізде  әдейі  іздеп  барып  көретін,  басқаларға 
көрсететін,  мақтан  тұтатын,  сақтайтын  дүниелер  өте  көп.  Тек  аңсап  барғанда,  кейбір 
азаматтарымыздың  болғаны  туралы  белгілерді  көргенде  қынжыласың,  жаныңдағы 
адамдардан ұяласың. 
Жоғарыдағы  екі  бапта  да  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  деп  көрсетілген. 
Бұдан  оның  басқаларға  қатысы  жоқ  деген  ой  тумайды.  Ата  заңымыздың  12-бабында 
«Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер 
мен  азаматтығы  жоқ  адамдар  республикада  азаматтар  үшін  белгіленген  құқықтар  мен 
бостандықтарды  пайдаланады,  сондай-ақ  міндеттер  атқарады»  -  деп  айтылғандықтан 
жоғарыдағы  міндеттер  шетел  азаматтары  мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға  да  қатысты 
болып табылады [1]. 

 
41 
Конституцияның  31-бабында:  «Мемлекет  адамның  өмір  сүруі  мен  денсауығына 
қолайлы  айналадағы  ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды»,  -  делінген.  Бұл  бағытта 
елімізде  көптеген  ізгі  шаралар  атқарылуда.  Қорықтардың,  ұлттық  парктердің,  туристік 
объектілердің  ашылуы,  ормандарды  шабуды  шектеу,  мұнай  өндіруде  ілеспе  газдарды 
атмосферада жағуды тоқтату т.б.  
Германияда  2025  жылы  қолданылмақ  электр  қуатының  25%-ы  экологиялық  таза 
жолмен - жел, су, күн қуатын пайдаланып өндірілмек. Тек желдің күшімен ғана бірнеше 
атом  станциялары  беретін  қуатты  өндіруге  болады  екен  [4,  25].  Түркияда  әр  үйдің 
төбесінде  дерлік  күн  батереялары  орналасқан.  Табиғи  ресурстарымыз  ұшан  теңіз  біздің 
бұл бағыттағы атқарар жұмыстарымыздың да ауқымы өте жоғары.  
Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2050 жылға қарай елде пайдаланылатын 
энергиядағы  баламалы  және  жаңартылатын  түрлерінің  үлесі  жартысынан  кем  болмауы 
керек», - деп атап көрсетті [5]. Бұл бағытта күннің қуатын, желдің күшін, жер қойнауының 
жылуын,  теңіз  толқындары  мен  шағын  су  электростанцияларының  энергиясын,  тағы 
басқаларды  пайдалану  жұмыстары  қолға  алынған.  Сонымен  қатар,  «Жасыл  экономика» 
бағдарламасының  ауқымын,  табиғи  газды  пайдалануды  кеңейту,  биогаз,  биоотын, 
биожағармай, биогумус т.б. өндірісін өркендету қолға алынуда. «Болашақтың энергиясы» 
тақырыбындағы  ЭКСПО-2017  көрмесінің  Астана  қаласында  өткізілуі  де  бұл  бағыттағы 
жұмыстарға үлкен серпіліс бермек.  
Конституциямыздың  2-бабында:  «Мемлекет  өз  аумағының  тұтастығын,  қол 
сұғылмауын  және  бөлінбеуін  қамтамасыз  етеді»,  -  делінген.  Ол  Қазақстан 
Республикасының жер заңдарының негізгі принциптерінің бірі ретінде қабылданған [2,4-
бап].  Оның  басты  қадамы  ретінде  Елбасымыздың  тікелей  басшылығымен  жүргізілген 
еліміздің  шекарасының  белгіленуін  атауға  болады.  Барлық  көршілеріміз  бен  шекарамыз 
заңдастырылған.  Бұны  еліміздің  тарихындағы  елеулі  оқиға  деп  айтуға  толық  негіз  бар. 
Барлық  кезеңдерде,  барлық  елдерде  дауларға,  қақтығыстарға,  соғыстарға  әкелетін  «Жер 
дауы» біздің еліміз үшін түпкілікті шешілген. Мұны да Ата заңымыздың жеңістерінің бірі 
деп түсінеміз. 
Жоғарыдағыларды  саралай  келе,  Конституциямыз  тәуелсіз  еліміздің  өркендеп 
өсуінде  басшылыққа  алатын  негізгі  құжатымыз  және  болашақта  да  сол  міндетін  атқара 
береді деп сеніммен айта аламыз. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. 
2
 
Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 20 маусым 2003 жыл. №442-II 
3
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27 желтоқсан 1994ж. 
№ 269 - ХIII  
4
 
Экологические  новости.  //  Экологическое  образование  в  Казахстане.  -  2008.  -  №2.  -      
С. 8, 25. 
5
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауы. 14 желтоқсан 2012 жыл. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В Конституции Республики Казахстан важное место занимают вопросы охраны окружающей 
среды и рационального использования природных ресурсов. Они учитываются при подготовке и 

 
42 
применении  нормативно-правовых  актов,  правовом  регулировании  внутренних  и  внешних 
взаимоотношений. 
 
RESUME 
 
The  issues  of  the  environmental  protection  and  rationaly  usage  of  natural  resources  have  been 
indicated in the Constitution of the Republic of Kazakhstan. 
They  are  taken  into  consideration  when  making  and  implementing  legal  regulation  orders  to 
regulate internal and external relations. 
 

 
43 
ӘОЖ 321.018 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан 
Республикасы банк 
жүйесінің құқықтық 
реттелуінің кейбір 
аспектілері 
 
Аннотация 
Мақалада  Қазақстан  Республикасының 
банк жүйесіндегі болып жатқан реформалар және 
бүгінгі  күні  банктердің  дамуындағы  кездесетін 
өзекті  мәселелер  қарастырылған.  Мемлекеттің 
банк  жүйесіндегі  іріктіру  процестері  мен 
құқықтық 
реттелуінің 
кейбір 
аспектілері 
зерттелді.  Шетелдік  банктердің  тәжірибесі 
негізінде  Қазақстан  Республикасының  банк 
жүйесіндегі түзету бағыттары жүргізуде.  
Түйін  сөздер:  банк,  банктік  жүйе,  шетел 
банктері,  ислам  банкі,  мемлекетаралық  банк, 
Ұлттық банк, коммерциялық банк. 
 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстанның  банк  секторы 
маңызды  орын  алатын  демократияның  дамуы 
жағдайында  экономикалық  және  құқықтық 
жүйелердің  қарқынды  өркендеуі  кезеңін  бастап 
кешуде. 
Қазақстан  Республикасының  банк  жүйесі 
Ұлттық банктен және коммерциялық банктерден 
тұрады.  Банк  есеп  айырысу  міндеттемелердің 
субъектісі ретінде азаматтық қатынастардың дәл 
осы  қатысушысына  ғана  тән  ерекше  міндет-
терден көрінетін бірқатар ерекшеліктерге ие. 
Әрбір  мемлекеттің  экономикасында  ірі 
кәсіпорындар,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікпен 
қатар  мемлекеттің  дамуының  негізі  –  банк 
жүйесінің  қалыпты  жұмыс  істеуі  екенін  әлемдік 
практика көрсетуде [1]. 
Қазақстан  Республикасында  «Қазақстан 
Республикасы  банктер  және  банк  қызметі 
туралы»  ҚР  Президентінің  1995  жылғы  31 
тамыздағы 
заң 
күші 
бар 
жарлығында 
«Қазақстанның  екі  денгейлі  банк  жүйесі  бар 
бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал 
басқа  банктердің  барлығы  екінші  деңгейлі,  яғни 
коммерциялық банктер» делінген.  
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкiнiң 
(уәкілетті 
орган) 
мiндеттерi, 
қызмет 
қағидаттары, 
құқықтық 
мәртебесi 
және 
өкiлеттiктері 
«Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
Банкі 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының  заңымен  және  Қазақстан 
Республикасының 
басқа 
да 
заңдарымен 
айқындалады.  
Уәкілетті  орган  өз  құзыретi  шегiнде  банк 
қызметiнiң 
мәселелерi 
бойынша 
реттеудi, 
сондай-ақ өзінің ведомствосымен  қатар  бақылау  
И.С. Сактаганова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, з.ғ.к., доцент 
 
А. Рысбекова 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті 
 

 
44 
мен  қадағалауды  жүзеге  асырады  және    банктер  мен  банк  операцияларының  жекелеген 
түрлерiн  жүзеге  асыратын  ұйымдардың  жұмыс  iстеуi  үшiн  жалпы  жағдайлар  жасауға 
ықпал етеді. 
Уәкілетті  органның  банктерге  және  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерiн 
жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының 
ақша-кредит  жүйесiнiң  тұрақтылығын  ұстап  тұруға,  банк  кредиторларының,  олардың 
салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. 
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі 
бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi 
(екiншi) деңгейiне жатады. 
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: 
а)  Қазақстан  Республикасының  резиденттерi  еместердiң;  б)  орналастырылған 
акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы 
Қазақстан  Республикасының  резиденттерi  еместердiң  не  соларға  ұқсас  Қазақстан 
Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе 
басқаруында  болатын  Қазақстан  Республикасы  резиденттерiнiң  -  заңды  тұлғаларының; 
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында 
көрсетiлген  заңды  тұлғалардың  қаражаттарына  билiк  етушiлер  (сенiм  бiлдiрiлген 
адамдар)  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасы  резиденттерiнiң  иелiгiнде, 
меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 
Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында 
көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк. 
Ислам  банкі  депозиттерге  міндетті  кепілдік  беру  жүйесінің  қатысушысы  болып 
табылмайды  және  депозиттерге  міндетті  кепілдік  беру  жүйесімен  ислам  банкіндегі 
депозиттерге кепілдік берілмейді. 
Ислам  банкін  құрудың  және  оның  қызметінің  ерекшеліктері  осы  Заңның  4-1-
тарауында белгіленген. 
Мемлекетаралық  банк  -  халықаралық  шарт  (келiсiм)  негiзiнде  құрылып,  жұмыс 
iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк 
берген  мемлекеттiк  орган)  мен  сол  шартқа  (келiсiмге)  қол  қойған  мемлекеттердiң 
үкiметтерi болып табылатын банк. 
Қазақстан  Республикасында  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі» 
акционерлік  қоғамын  қоспағанда,  мемлекет  қатысатын  мамандандырылған  салалық 
банктерді құруға жол берілмейді [2]. 
Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік екі денгейлі 
банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде. 
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас 
жүреді  және  өзара  тығыз  байланыста  болады.  Банктік  шаруашылық  өмірдің  орталығы 
барлық экономиканың негізгі түйіні болып табылады. 
Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республкасының  экономикалық  ахуалының  дамуына 
қарамастан,  ҚР  дамушы  мемлекеттердің  белгілерімен  сипатталады.  Бұл  белгілер  ұлттық 
валютаның  әрекет  етумен  шектелмейді  және  ол  мемлекет  тарапынан  тыс  еркін 
конвертацияланбайды,  бағалы  қағаздар  нарығының  төмен  денгейіндегі  өтімділігімен 
сипатталуда. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жалпы  экономикалық  тұрақтылық  және 
инвесторлар  сенімін  өсіруді  қамтамасыз  ету  үшін  бірқатар  шараларды  қолдануда.  Бірақ, 
Қазақстандағы  болашақ  экономикалық  тұрақтылықтың  перспективалары  мәнді  түрде 
Үкіметпен,  Қаржы  Министрлігімен,  Ұлттық  Банкпен  және  басқа  да  мекемелердің 
қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді. 
Қазақстан  Республикасында  «Қазақстан  Респубикасы  банктер  және  банк  қызметі 
туралы» ҚР Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Банктер 

 
45 
мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың 
мiндеттемелерi  бойынша  жауап  бермейдi,  бұған  осы  баптың  2-тармағында  көрсетiлген 
реттер, сондай-ақ банктер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар 
кiрмейдi. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банктер 
қабылдаған  депозиттердің  сақталуына  кепілдік  береді  және  олардың  міндеттемелері 
бойынша  осындай  банктердің  (немесе  олар  уәкiлеттiк  берген  мемлекеттiк  органның) 
жарғылық  капиталындағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  үлесіне  тепе-тең 
мөлшерде  жауап  береді.  Қазақстан Республикасының  заңдарында тiкелей көзделгеннен 
басқа  реттерде  мемлекеттiк  органдардың  және  олардың  лауазымды  адамдарының  кез 
келген  түрде  банктердiң  қызметiне  араласуына  тыйым  салынады.  Банк  несие 
берушiлерiнiң  мүдделерiн  қорғау  және  Республиканың  банк  жүйесiнiң  тұрақтылығын 
қамтамасыз  ету  мақсатында  уәкiлеттi  орган  Қазақстан  Республикасының  Үкiметiмен 
келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес 
капиталының  терiс  мөлшерi  бар  банктер  акционерлерiнiң  құқықтары  мен  мiндеттерiн, 
оларға  заңдарда  белгiленген  санкцияларды  қолдану  арқылы  мәжбүрлеп  шектеу  туралы 
шешiмдер қабылдауға құқылы» [2]. 
Нарықтық  экономика  ерекшеліктері  банктік  емес  мекемелермен  үйлестіре  отырып 
көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары 
мен  түрлері  бойынша  көп  түрлілігінің,  Орталық  (бірінші  деңгей)  және  басқа  банктер 
(екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады. 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкі  Қазақстан  Республикасының  орталық 
банкі  болып  табылады  және  Қазақстан  Республикасы  банк  жүйесінің  жоғары  деңгейін 
құрайды. 
Банк  ісінің  әлемдік  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай,  барлық  елдердегі  несиелік 
институттардың  ішінен  елдің  бүкіл  несиелік  жүйесін  басқаруда  басты  рөл  атқаратын 
орталық  банктер  бөлініп  шығатын  болды.  Ал  олардың  басшылық  рөлі  мемлекет  берген 
кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша  – несие 
эмиссиясын  жүзеге  асыруына  байланысты  орталық  банктер  коммерциялық  банктердің, 
яғни  екінші  деңгейлі  банктердің  қызметіне  әкімшілік  бақылау  мен  нақты  экономикалық 
ықпал  ету  құқығы  несиелік  мекемелер  міндетті  түрде  қолдануы  тиіс  норма  шығару 
құқығы  бар.  Коммерциялық  банктер  несиелік  саясат  жүргізуде  және  өз  клиенттеріне 
толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде. 
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез 
келген  елдің  несие  жүйесі  аяқталмай  қалады.  Халық  салымдарын  толығымен  тарту 
мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл 
институттардың  құрылуын  талап  етеді,  ал  олар  несие  жүйесін  толықтырып,  байытады, 
экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі. 
Мемлекет,  экономикаға  жетекшілік  жасай  отырып,  Ұлттық  банк  арқылы  бірегей 
ақша  –  несие  саясатын  жүргізеді.  Бұл  принцип  айналыстағы  ақша  массасының  көлемін 
реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, 
ақша-несие  саясатын  жалпы  экономикалық  саясатты  жүзеге  асыру  және  оны  әлемдік 
экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет. 
Әлемдік  тәжірибеде,  нарықтық  экономика  жағдайында  Орталық  банктің  жұмысын 
ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар: 
• оның  капиталының  қалыптасуы  100%  мемлекеттің  қаражаты  есебінен  болатын 
унитарлық банк; 
• акцияларының  бөлігі  мемлекетке  тиесілі  (немесе  мемлекеттің  қатысуынсыз) 
акционерлік қоғам; 
• бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз); 
• Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі. 

 
46 
АҚШ-та  орталық  банктердің  капиталына  мемлекет  қатыспайды,  олардың  капиталы 
Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады. 
Негізі  Ұлттық  банк  унитарлық  орган  болып  табылады.  Мемлекет  –  жарғылық 
қордың  жалғыз  иесі.  Негізгі  қор  –  ғимараттардан,  құрылғылардан,  көлік  және  басқа  да 
құндылықтардан  тұрады,  ал  айналым  қаражаты  –  банкке  тиесілі  ақша  қаражаттарынан 
тұрады.  Ұлттық  банк  резервтік  және  басқа  қорлар  құрады.  Резервтік  қор  жарғылық 
көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты 
нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінің  негізгі  міндеті  –  Қазақстан 
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету 
болып табылады[3].  
Коммерциялық  банктердің  басқа  қаржы  институттарынан  айырмашылығы  және 
ерекше  бір  қабілеті  ол  ақшаны  жасауы  мен  жоюында  болып  табылады.  Бұл  жерде  ақша 
деп,  тек  қолма  –  қол  ақшалар  ғана  емес,  сондай-ақ  талап  етуге  дейінгі  салымдар 
түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді 
несие  жүйесін  іске  асыра  отырып,  экономиканың  өсуіне  қажетті  жағдай  туғызады.  Банк 
несиелерінің  жетіспеушілігі  және  өте  жоғары  пайыз  мөлшерлемесі  тұсында  өндірісті 
кеңейту  мүмкін  емес.  Халық  шаруашылығындағы  осы  сияқты  іс  –  тәжірибелер  тиімсіз, 
себебі,  бір  жағынан,  мынадай  ірі  ақша  сомасы  белгісіз  уақытқа  қозғалыссыз  жататын 
болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 
жылғы  11  қарашада  Парламенттің  жалпы  мәжілісінде  жариялаған  «Нұрлы  жол  – 
болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолдауында  Банк  секторын  сауықтыру  және  «жаман» 
несиелерді  сатып  алу  үшін  2015  жылы  Проблемалы  несиелер  қорын  қосымша  250 
миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырған [4]. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Омурчиева  Э.М.,  Осипов  Е.Б.  Қазақстан  Республикасының  банк  құқығы.  -  Алматы, 
2009. – 187 с. 
2
 
«Қазақстан  Респубикасы  банктері  және  банк  қызметі  туралы»  республика 
Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Жарлығы. 
3
 
http://otherreferats.allbest.ru/bank/00029438_0.html 
4
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2014  жылғы  11  қарашада 
Парламенттің  жалпы  мәжілісінде  жариялаған  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В данной статье изучена банковская система Республики Казахстан, а также анализируются 
проводимые  реформы  в  банковском  секторе  и  направления  совершенствования  механизмов 
правового  регулирования  в  данной  сфере.  Рассматриваются  различные  аспекты  по 
реанимированию банковской системы государства с учетом опыта зарубежных банков
 
RESUME 
 
The banking system of the Republic of Kazakhstan has been studied in the given article and there 
was made the analysis of the conducted reforms in the banking sector and directions of  improvement of 
tools for legal regulations in the studied field. Different aspects of the state banking system revival taking 
into account the experience of the foreign banks have been considered in the article. 

 
47 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Экономика
 

 
48 
УДК 330(574)(091) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Д. Байжанова 
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы 
институты, э.ғ.к. 
 
Қазақстанның 
инвестициялық 
саясаты 
 
Аннотация 
Мақалада
 
тәуелсіздіктің 
алғашқы 
жылдарында  қолға  алынған  мемлекеттік 
реформалар,  соның  ішінде  экономиканы 
көтеруге бағытталған мемлекеттің инвестиция-
лық  саясаты  және  оның  негізгі  бағыттары 
баяндалады.  Сонымен  қатар  республикамызға 
тартылған шетелдік
 
инвестицияларға сипаттама 
беріледі.  
Түйін  сөздер:  мемлекеттік  саясат,  эконо-
мика,  шетел  инвестициясы,  теңге,  шетелдік 
инвесторлар кеңесі, нарық капиталы. 
 
 
Мемлекеттің  инвестициялық  саясатының 
қолданыстағы  негізгі  тетіктері  Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
жанындағы 
Шетелдік  инвесторлар  кеңесі  мен  Кәсіпкерлер 
кеңесі  болып  табылады.  Бұл  Кеңестер 
кедергілердің 
алдын 
алу, 
импортты 
алмастыруға  және  жұмыс  күшін  тартуға, 
құқықтық заңнамаларды жетілдіруге, сондай-ақ 
мамандандырылған  экономикалық  соттардың 
қолдану  аясын  кеңейту  мен  сот  жүйесін 
жетілдіруге ықпал етеді. 
Инвестиция  –  табыс  алу,  меншіктің 
капиталын 
молайту, 
елдің 
материалдық 
байлығы  мен  материалдық  емес  құндылық-
тарын 
еселей 
түсу 
үшін 
шаруашылық 
жүргізетін  субъектілерді  салатын  инвестиция-
лық  қаражат.  Кез  келген  инвестицияның 
қайтарымы болуы шарт [1, 355]. 
90-шы жылдардың басында Қазақстанның 
нарықтық  қатынастарға  көшкені  белгілі. 
Алайда,  ол  кездегі  бірыңғай  ақша  жүйесі 
тұрақсыз  болған  еді.  Бұрынғы  одақтас 
республикалар  бірінен  соң  бірі  ұлттық 
валюталарын  немесе  уақытша  ақша  белгілерін 
айналымға енгізе бастады. 1992 жылы ресейлік 
рубль  аймағында  тек  Қазақстан,  Өзбекстан, 
Ресей 
және 
Тәжікстан 
қалады. 
Біздің 
республикамызға 
рубльдің 
көптеп 
келуі 
инфляцияның  шарықтауына  әкелді.  Қазақстан 
да өзінің ұлттық валютасы – теңгені шығарды. 
Өйткені  біз  рубль  аймағында  қалсақ,  Ресейдің 
қаржы  институттарына  тәуелді  болатын  едік, 
дербес монетарлық, экономикалық саясатымыз 
ақсап қалушы еді.  
Нарыққа  көшу  арқылы,  біз  шаруашылық 
дағдарысты жоюмен бірге экономиканы құры- 

 
49 
лымдық  жағынан  қайта  құрып,  қорғаныс  кәсіпорындарын  конверсиялауды  және 
технологиялық  жағынан  артта  қалушылықты  еңсеріп,  экологиялық  таза  өндірісті 
индустриялды  елге  айналуымыз  қажет.  Республикамыздың  халықаралық  экономикалық 
және  қаржылық  мекемелермен  белсенді  араласып,  шетелдік  банктер  жүйесін  ашудың 
маңызы өте зор [2, 7]. 
1990 жылдың 7 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымында 
«Қазақ КСР-дағы шетелдік инвестициялар туралы» Заң қабылданады [3, 95]. 
Үкімет  сыртқы  қарыздардан  гөрі  тікелей  инвестицияларға  басымдық  береді. 
Мысалы,  1993  және  2002  жылдар  аралығында  республикамызға  түскен  шетелдік 
инвестицияның жалпы көлемі 17,7 миллиард АҚШ долларын құраған. Сөйтіп инвестиция 
өсімі  26,4  %-ға  жеткен.  Қазақстанның  әлемдік  экономикалық  дағдарыс  жылдарындағы 
негізгі  көрсеткіштері  жақсы  болған.  Қазақстан  экономикалық  қайта  құрулар  мен 
халықтың  жан  басына  шаққандағы  инвестицияның  көлемі  жағынан  Орталық,  Шығыс 
Еуропа және ТМД елдерінің арасында көшбасшы үштікке кіреді [4, 56].  
Бұдан  кейінгі  нарықтық  өзгерістер  шетелдік  инвестицияны  елімізге  одан  әрі  құюға 
жол  ашты.  Осы  кезде  тікелей  шетелдік  инвестицияның  көрсеткіші  2760  млн.  АҚШ 
долларын  құраған.  Бұл  алдыңғы  жылдарға  қарағанда,  жоғары  көрсеткіш  еді.  Жалпы 
республикалық инвестицияның тең жартысы мұнай мен газды өндіретін кәсіпорындардың 
үлесіне тиесілі болды және оны Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары қамтамасыз етті 
[4, 57]. 
Қазақстан  Республикасының  Инвестиция  жөніндегі  комитеті  1997  жылдан  2001 
жылға  дейінгі  инвестициялық  жобаларды  жүзеге  асыру  мақсатында  салықтық  жеңілдік 
пен  артықшылықтарға  қатысты  345  шартқа  қол  қойды.  Осы  шарттар  бойынша  негізгі 
капиталды құрайтын инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мыңға жуық 
жаңа  жұмыс  орындары  пайда  болады.  Аталған  келісім  шарттардың  244-і  отандық 
инвесторлармен, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалады [5, 65]. 
Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және инвестор - 
мемлекет.  Сондықтан  инвесторлар  үнемі  табыс  түсіруге,  күрделі  қаржысының  қауіпсіз 
болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі болады.  
Шетелдік  компаниялардың  Қазақстанмен  жасаған  ұзақ  мерзімді  инвестициялық 
келісім  шарттары  60  миллиардтан  астам  АҚШ  долларына  бағаланды.  Егер  1996  жылы 
шетелдіктердің  қатысуымен  төленген  кәсіпорындардың  салығы  қазыналық  алымның  9,5 
%-ын құраса, 2001 жылы – 36 %-ға жетті. Сондай-ақ, заңды тұлғалардың кіріс салығы 30 
%-ға, 2001 жылы 61%-ға ұлғайтылды. 1993-2003 жылдары ұлттық экономикаға құйылған 
23,4  миллиард  доллар  мемлекеттің  салмақты  саясатын  және  инвестициялық  қолайлы 
климатты  қалыптастыруының  айқын  дәлелі.  Таяудағы  25  жылға  алыс  шетелдік 
әріптестермен 100 миллиард доллар сомаға келісім жасалды. Әрбір  Қазақстан азаматына 
соның 165 доллары түсіп отырады. Бұл көрсеткіш Ресейге қарағанда 5 есе жоғары болды. 
Республика тікелей инвестиция көлемі бойынша халықтың жан басына шаққанда ТМД-да 
бірінші, ал бұрынғы социалистік елдер бойынша екінші орынды (Венгрия) иеленеді. 1994 
жылы  2  мамырда  «Нью-Йорк  Таймс»  басылымы:  «Батыстық,  әсіресе  американдық 
инвестицияны тартуда Қазақстан сияқты ешбір ел мұндай қадамға бара алған жоқ», - деп 
атап өтті [6, 238-239]. 
Инвестициялық  саясаттың  арқасында  Қазақстанға  шетелден  түскен  тікелей 
инвестицияның  көлемі  35  млрд.  АҚШ  долларын  құрады.  Мұның  40%  -ы  ЕО  елдеріне 
тиесілі болды. Ірі инвесторлар қатарында АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және 
Германия  сияқты  мемлекеттер  тұрды.  Елімізде  қалыптасқан  осындай  қолайлы 
инвестициялық  ахуалды  пайдаланып,  Қазақстан  ТМД  елдері  арасынан  ілгері  шықты. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тікелей  қолдауымен  іске  асырылған 
шетелдік  капитал  еліміздің  нормативтік-құқықтық  және  институттық  базасын 

 
50 
тұрақтандыруға  ықпал  етті.  Қазақстан  Грузияға  және  көршілес  Қырғызстанға  бірінші 
инвестор-мемлекет болды.  
Қазақстанның  экономикалық  саясатының  негізгі  басымдықтары,  біріншіден 
экономиканы  әртараптандыру,  оның  мұнай  мен  газға  тәуелділігін  жою  және  құндылығы 
жоғары  бағалы  өнімдерді  өндіруге  жәрдемдесу  болса,  екіншіден  Қазақстанның  бәсекеге 
қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына ену, ал үшіншіден Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру 
арқылы әлемдік экономикада интеграциялану болды.  
Бұл межелерді бағындыру үшін Үкіметтің алдында ірі – ірі міндеттерді жүзеге асыру 
керек  болатын.  Соған  орай  әртүрлі  жеңілдік  түрлері  қарастырылады.  Экономиканы 
әртараптандыруда,  яғни  мұнайхимиялық  саланы,  құрылысты,  туризм  мен  көлік  саласын 
дамытуда жеті кластер белгіледі [7, 21]. 
Мемлекеттің  инвестициялық  саясаты  экономикадағы  тепе-теңдікті  сақтауға, 
белгіленген  салаларға  тікелей  инвестициялар  тартуға  бағытталды.  Мысалы,  ауыл 
шаруашылығы,  өңдеу  кәсіпорны,  өндірістік  инфрақұрылым,  әлеуметтік,  мәдениет  және 
туризм  салалары  мен  Астана  қаласының  нысандары  басым  салаларға  жатқызылды. 
Солардың  ішінде  шетелдік  кәсіпорындарға  өңдеу  кәсіпорындары  (64,3  пайыз)  мен 
өндірістік инфрақұрылымдар тартылды (26,6%) [5, 65]. 
Инвестицияларды қолдау шараларын одан әрі дамыту және инвестициялық шарттар 
тәртібін  сақтау  мониторингі  шетелдік  инвестицияларды  тарту  аясындағы  заңнаманы 
жетілдірумен  тығыз  байланысты  болды.  Сондықтан  бұлар  «Инвестициялар  туралы» 
заңның жаңа жобасын дайындауға және оны енгізуге негіз болды. 
Қазақстанның  инвестициялық  саясатын  ұлттық  экономикалық  идея  ретінде  де 
түсіндіруге  болады.  Өйткені  бұл  саясаттың  мақсаты,  шетелдік  инвестицияларды  тарту 
арқылы  елімізді  тығырықтан  шығару,  өндіріс  орындарының  өнімін  арттыру  болып 
табылады.  Күрделі  қаржы  көздері,  негізінен  басқада  ірі  салаларды  дамытуға  септігін 
тигізеді.  
Инвестиция тартуда біз шетелдердің тәжірибесіне сүйенеміз. Бұл бағыттағы отандық 
ғалымдар  мен  сарапшылардың  пікірлері  әртүрлі  болып  келеді.  Мысалы,  жапондықтар 
1994  жылғы  үлгіде,  Жапон  Премьер-министрінің  басқаруымен  Шетелдік  инвестициялар 
жөніндегі  кеңестің  құрылуын  маңызды  санайды.  Оның  құрамына  шетелдік  инвестиция 
мәселелерін  реттейтін  министрліктер  мен  ведомстволардың  басшылары  енгізілген. 
Кеңестің  мүшелері  Жапониядағы  шетелдік  инвесторлардың  қызметі  туралы  ақпараттар 
жинақтап,  шетелдік  инвестиция  нарығындағы  негізі  бағыттар  мен  ахуалды  талдайды, 
белгілі  бір  шешім  қабылдау  үшін  оның  материалдарын  үкіметке  ұсынады.  Аталған  осы 
кеңестің  жанынан  сараптамалық  комиссия  құрылып,  оның  құрамына  АҚШ  сауда-
өнеркәсіп  палатасының  басшылары,  Еуропа  мен  Азия  елдеріндегі  компаниялардың 
өкілдері  және  көшбасшы  экономикалық  ұйымдардың  жетекшілері  арнайы  шетелдік 
өкілдер есебінен енгізілген [8, 4]. 
1993  жылдың  15  қарашасында  Ұлттық  валюта  -  теңгенің  айналымға  енуі  жаңа 
тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы 
түбегейлі  әлеуметтік-экономикалық  реформалардың  үлкен  нәтижесі  болатын.  Төл 
теңгемізден бері қарайғы мемлекеттің қаржылық саясатымен елімізде бірқатар нарықтық 
институттар  тұрақтанды,  макроэкономикаға  негіздер  жасалды.  Орталық  Азия 
аймағындағы  басқа  елдерге  қарағанда,  Қазақстанның  өзіндік  ерекшелігі  болды.  90-шы 
жылдардың  екінші  жартысында  іске  асырылған  әлеуметтік-экономикалық  реформалар, 
елдің  әлеуетін  қалпына  келтіруге  мүмкіндік  берді.  Дегенмен  Орталық  Азиядағы 
Қазақстанның  көшбасшылық  рөлін  орнықтыру  үшін  өңірлік  интеграцияны  қарқынды 
дамыту қажет болды.  
Қолайлы  инвестициялық  климатты  қалыптастырумен  бірге,  Қазақстан  аумағында 
әртүрлі  жобаларды  іске  асыру  жөніндегі  трансұлттық  компанияларға  эксклюзивті 
жағдайлар  жасалды.  Ол  үшін  шетелдік  инвесторлармен  жұмыс  істеуді  ынталандыратын 

 
51 
іскерлік  кешенді,  сол  сияқты  институционалдық  тетіктерді  біріктіретін  бір  тұтас  жүйе 
құрылады.  Инвестицияларды  ынталандыру  бойынша  шаралар  пакетін  қолданудың  үш 
деңгейі  қолданысқа  енгізілді.  Экономиканың  басым  салаларындағы  инвестициялық 
жобаларды  іске  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  «Инвестициялар  туралы» 
заңында  инвестициялық  артықшылықтар;  шетелдік  мамандар  үшін  шұғыл  және  өтеусіз 
негізде кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді. 
Арнайы  экономикалық  аймақтарға  инвестициялық  жобалар  үшін  әлемдік  озық 
тәжірибелер  ескерілді,  яғни  салық  салудың  ерекше  тәртібі  орнатылды.  Бағдарламаның 
басымдықтарына сәйкес жеңілдіктер Қазақстан Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша тек 
іріктелген кәсіпорындарға берілді. Осыған орай, шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты 
ерекше  тетіктер  іске  қосылды.  Сөйтіп  трансұлттық компаниялардың  қатысуымен  белгілі 
шетелдік  инвесторлар  ірі  инвестициялық  жобалар  бойынша  мемлекеттік  қолдауды 
көздейтін  жекелеген  инвестициялық  келісімдер  жасайды.  Жоғарыда  аталған  салықтық 
жеңілдіктер  мен  артықшылықтар,  гранттық  негіздегі  инвестициялардың  өтемақысы,  оны 
кейіннен  өңдеу  немесе  шикізаттың  осы  түрін  өндірушілерден  жеткізу  мақсатында  оның 
шығу  көздерін  ұсынып  көрсетеді.  Одан  кейін  ұзақ  мерзімді  мемлекеттік  тапсырысты 
орнықтыру мен оны ынталандырудың басқа қаржылық және қаржылық емес іс-шаралары 
ойластырылды. 
Мемлекеттік  қолдаудың  бұл  өлшемдері  бойынша  шешімді  Инвестициялық 
келісімдер шеңберінде Үкімет қабылдайды. Әрбір әлеуетті инвестормен жеке келіссөздер 
жүргізілді.  Тікелей  шетелдік  инвестицияларды  тартуда  жеке  тәсілдер  қолданылды, 
көптеген  маңызды  іс-шаралар  қамтылды.  Соның  ішінде,  трансұлттық  компаниялардың 
арасынан мақсатты әрі әлеуетті инвесторларды айқындау қажет болды. Бұл орайда әрбір 
инвестормен  «Жол картасы»  бойынша іс-шараларды әзірлеу және оларды іске асырумен 
бірге, бизнес ашу және оның жұмыстарына жәрдемдесу, саяси көшбасшылармен, жетекші 
компаниялармен  кездесулер  ұйымдастыру  және  Инвестициялық  жобаны  әзірлеу  және 
оған кеңес беру қызметтерін көрсету қажет еді. Жеке идеяларды іске асыру үшін шетелдік 
инвесторлармен  өзара  іс-қимыл  жасаудың  институционалдық  тетіктерін  жетілдіру  қажет 
болды.  
Осы  орайда  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  сауда  министрлігінің 
Инвестициялар  комитетін  үйлестіруші  орган  ретінде  шетелдік  инвесторлар  үшін 
«алғашқы  өтініш  жасау  терезесі»  қағидасы  бойынша  күшейту  қолға  алынды.  Аталған 
министрлік  «Қазақстанның  инвесторларға  көмек  көрсету  орталығы»  Жауапкершілігі 
шектеулі серіктестікке (ЖШС) беру мүмкіндігін қарастырып, халықаралық желіні құруға 
шетелдер  мен  олардың  елшіліктеріне  дипломатиялық  өкілдіктерді,  сауда  өкілдерін, 
құрметті консулдар институтын, сондай-ақ инвестиция, сауда және технология мәселелері 
бойынша  өкілдер  институтын  құруға  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  сауда 
министрлігінің  ұсынысымен  тағайындалатын  Кеңесші  –  елші  және  Қазақстан 
елшілігіндегі атташенің дипломатиялық құрамындағы штаттық бірлікті айқындау есебінен 
қамтамасыз етілді. Ал олардың қызметін рейтингтік жүйемен бағалау көзделді. 
Қазақстанға  шетелдік  инвестицияларды  тарту  және  шетелдік  инвесторлардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық 
холдингтердің  қызметін  үйлестіру  және  бақылау  мақсатында  Премьер-министрдің 
басшылығымен  шетелдік  инвестициялар  арқылы  тұрақты  жұмыс  істейтін  комиссия 
құрылады. Бұл комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқарады. 
Жобаларды осы комиссия қарап, әрбір инвестормен жекелеген жағдайда жеңілдіктер 
пакеті  мен  артықшылық  беруді  айқындап  берді.  Соның  ішінде  инвестициялардың  бір 
бөлігін  өтейтін  арнайы  экономикалық  аймақтардан  тыс  жобаларды  іске  асыру  үшін 
инвестициялық келісімдер жасалатын болды. Ірі инвестициялық жобаларды іріктеу және 
шешім шығару Үкіметке жүктелді. Инвесторлық имиджді одан әрі жетілдіру жұмыстары 

 
52 
атқарылды.  Алдымен  лайықты  серіктестерді  іздестіру,  іскерлік  байланыстар  орнату, 
инвесторларға қажетті ақпаратты беру сияқты мәселелер күн тәртібінен түспеді. 
Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  саясаты  Орталық  Азиядағы  ахуалмен 
байланысты.  Өйткені  Орталық  Азия  аймағына  қатысты  іс-қимылдар  стратегиясын 
қалыптастырған  әлемдік  державалар  мен  халықаралық  ұйымдардың  белсенділігі 
жоғарылады.  Оған  американдық  «Үлкен  Орталық  Азия»  тұжырымдамасы,  Еуроодақтың 
аймақтық  стратегиялық  әзірлемесі,  «Жапония+Орталық  Азия»  және  «Корея+Орталық 
Азия»  сұхбат  алаңдары  дәлел  болады.  Сондықтан  көлік  дәліздерінің  қиылысында 
орналасқан Орталық Азия мемлекеттері орасан зор шикізат қорларын, ауқымды көліктік-
коммуникациялық желіні және инвестицияларды иемденеді. 
Осы мемлекеттік органдардың жекелеген басшыларының деңгейіндегі тұрақты саяси 
сұхбаттарды көбейтіп, аймақтың көршілес мемлекеттермен екі жақты экономикалық өзара 
ықпалдастығын  орнату  қажет  болды.  Өйткені  аймақтық  экономиканы  қайта  жаңғырту, 
бәсекеге  қабілетті  жұмыс  жасау  және  экономиканың  әртараптарын  ескере  отырып, 
инвестициялық  белсенділікті  арттыру  көзделді.  Сонымен  қатар  әлемдік  экономикалық 
үрдістер  мен  сыртқы  нарық  конъюктурасына  тұрақты  мониторинг  жасауға,  жеке  бизнес 
пен  мемлекеттің  күш-қуатын  біріктіруге,  стратегиялық  инфрақұрылымдар  мен  ғылыми-
техникалық үрдістерді дамыту біздің мүддемізге сәйкес келеді. 
Стратегиялық  инвестициялау  бағдарламасына  сәйкес  Орталық  Азия  елдерінен 
отандық  инвесторлар  маңызды  нысандар  сатып  алуы  және  сол  аймақта  жекешелендіру 
үдерісіне қатысуы инвестициялық саясаттың бір тармағына кіреді. Мысалы, Қырғызстан, 
Тәжікстан,  Өзбекстан  және  Түрікменстанмен  бірлескен  экономикалық  жобаларға 
қатысуда отандық капиталды ынталандыру өте маңызды болды. Осы орайда үкіметаралық 
комиссиялардың  қызметі  мен  ұйымдастырылған  бизнес-форумдардың  нәтижесінде  қол 
жеткізілген  келісімдердің  орындалуын  қамтамасыз  етудің  де  маңызы  зор  екенін  айтқан 
жөн. 
Инвестицияға  қатысты  елімізде  АҚШ,  Жапония,  Швейцария,  Италия,  Франция, 
Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. шетелдік компаниялардың қатысуымен іске асырылатын 
ірі жобалар жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттер миллиардтаған АҚШ доллары көлемінде 
бірлескен  жобаларды  іске  асыру  үшін  ортақ  келісімдерге  келді.  Соның  арқасында 
Қазақстанның инвестициялық саясатында ілгерілеушілік байқалды, тіпті, біз өзге елдерге 
үлгі  болатындай  мол  тәжірибе  жинақтадық.  Әрине,  бұл  тәжірибенің  пайдасы  еліміздің 
болашағына, халқымыздың әлем елдерімен қатар құқылы өмір сүруіне қызмет етері сөзсіз. 
Ішкі  тұрақтылықты  сақтаудың  кепілі,  ең  алдымен,  көршілес  елдердегі  саяси-
экономикалық тұрақтылық болып табылады. Аймақтық елдердің күш-қуаты мен олардың 
инвестициялық ресурстарын біріктіру, әлемдік саясатта мемлекетаралық жаңа бірлестікке 
сүбелі үлес қосады. Аймақтың қарқынды дамушы елі ретінде Қазақстанның аталған жаңа 
инвестициялық  бірлестіктегі  орны  салмақты,  өйткені  Қазақстан  инвестициялық  саясаты 
дұрыс  жолға  қойылған.  Қорыта  келгенде,  Қазақстанның  инвестициялық  саясатындағы 
батыл  қадамдар  -  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін  көтеруімен  қатар,  әлемдік 
экономиканың дамуына ықпал ету мүмкіндігін ашты. 
  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 б. 
2
 
Назарбаев  Н.  Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының 
стратегиясы. Алма-Ата: РГЖИ «Дәуір», 1992. - 56 б.  
3
 
Первый  Президент  Республики  Казахстан  Нурсултан  Назарбаев.  Хроники 
деятельности. 1990-1991 годы. – Астана: Деловой мир Астана, 2011. – 514 с. 

 
53 
4
 
Национальный  Архив  Республики  Казахстан.  Ф.136.  Переписка  с  Администрацией 
Президента  Республики  Казахстан,  Аппаратом  Парламента  Республики  Казахстан  и 
Канцелярией  Премьер-Министра  Республики  Казахстан  по  основной  деятельности. 
Инвестиционный климат в Казахстане. Оп.1. Д.6.  
5
 
НА РК. Ф.136. Инвестиционная политика в Республики Казахстан. Оп.1. Д.7. 
6
 
 Сааданбеков  Ж.  Нурсултан  Назарбаев.  Законы  лидерства.  Научно-популярное 
издание. – Астана: Күлтегін, 2005 – 608 с. 
7
 
НА  РК.  Ф.136.  Приложение  13.  Заявление  г-жи  А.  Берденевой  (п.  10:  Торговля  и 
инвестиции). Оп.1. Д.722.  
8
 
НА  РК.  Ф.136.  О  японском  опыте  привлечения  иностранных  инвестиций 
(информационно-справочный материал). Оп.1. Д.502. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  проведeн  анализ  инвестиционной  политики  Республики  Казахстан  и  было 
отмечено, что основной целью государства является достижение благоприятного инвестиционного 
климата  в  стране  и  дальнейшее  стимулирование
 
притока  прямых  иностранных  инвестиций  в 
экономику.  Казахстан  сегодня  занимает  лидирующее  положение  по  объему  привлекаемых 
иностранных инвестиций на душу населения среди стран СНГ. 
 
RESUME 
 
The author of the article has made the analysis of investment policy of the Republic of Kazakhstan 
and  noted  that  the  main  purpose  of  the  state  is  to  achieve  prosperous  investment  climate  and  further 
stimulate the inflows of foreign investment in the state. Today Kazakhstan holds a leader’s position in 
terms of attracting the foreign investment per capita among the CIS member countries.  
 
 

 
54 
УДК 334.012.1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
И.В. Порядина 
Евразийский гуманитарный 
институт, к.э.н., доцент 
 
История создания 
единого 
экономического 
пространства 
 
Аннотация  
Статья 
посвящена 
истории 
создания 
единого  экономического  пространства  (ЕЭП). 
Автор  рассматривает  цель  формирования  ЕЭП, 
принципы  его  функционирования,  основные 
приоритеты,  а  также  главные  направления 
развития. 
Создание 
ЕЭП 
предусматривает 
экономическое  сотрудничество  и  гармонизацию 
норм  и  правил  хозяйственного  регулирования  в 
целях  обеспечения  свободного  перемещения 
товаров, услуг, капитала и рабочей силы. 
Ключевые  слова:  единое  экономическое 
пространство, 
принципы, 
приоритеты, 
интеграция, союз, соглашение.  
 
 
Единое  экономическое  пространство  (ЕЭП) 
проект 
экономической 
интеграции 
трёх 
государств 
СНГ: 
России, 
Казахстана 
и 
Белоруссии.  Президенты  России,  Казахстана, 
Белоруссии  и  Украины  23  февраля  2003  года 
заявили  о  намерении  сформировать  Единое 
экономическое пространство [1]. 
19  сентября  2003  года  на  саммите  в  Ялте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет