СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. - М.: ЭТС, 2002. – 424 с.
2
Алексеева Л.М. Введение в переводоведение. – М.: Академия, 2004. – 352 с.
ТҮЙІН
Мақалада автор студенттерді аудармашылық дағдыға үйретудің түрлі жолдарын
қарастырады.
RESUME
In this article the author considers different approaches to the ways of teaching students translation
skills.
99
ӘОЖ 37:091.3:811.512.122
Д.Д. Бисмильдина
Қазақ инженерлік-техникалық
академиясы, ф.ғ.к., доцент
«Қазақ тілі» пәнінен
аудиториялық
сабақтарды өткізу
теориясы мен
әдістемесі
Аннотация
Мақала жоғары оқу орындарының орыс
бөлімі студенттеріне «Қазақ тілі» пәнінен
аудиториялық
сабақтарды
(практикалық,
студенттің оқытушымен бірге жұмысы) өткізу
теориясы мен әдістемесі мәселесіне арналған.
Ұсынылған мақалада автор практикалық қазақ
тілін және СОБЖ өткізудің теориялық
аспектілерін ашып, ал әдістемесі ретінде өз
педагогикалық
тәжірибесінде
жүзеге
асырылған сабақ құрылымын баяндайды және
сабақ үлгілері жинақталып берілген авторлық
оқу құралына сілтеме жасайды.
Автор оқырман қауыммен жоғары оқу
орындарының орыс бөлімі студенттеріне
«Қазақ тілі» пәнінен аудиториялық сабақтарды
өткізу тәжірибесімен бөліседі.
Түйін сөздер: қазақ тілі, оқыту теориясы
мен әдістемесі, практикалық сабақ, СОБЖ,
педагогкалық тәжірибе.
Жоғары оқу орындарында қазақ тілі өз
алдына
пән
болып,
ғылымның
басқа
салаларынан жалпы білім беретін негізгі
пәндердің қатарында тиісті орын алады.
Оқытушы қазақ тілін оқыту арқылы білім
алушылардың
сана-сезімін
адамгершілік
негізде
тәрбиелеп,
ақыл-ой
қабілетін
жетілдіреді.
Өмір
талабына
лайықты
практикалық
білім
беріп,
оларды
шығармашылық іске баулиды. Мұндай күрделі
әрі жауапты міндетті ойдағыдай жүзеге асыру
үшін,
оқытушы
қазақ
тілін
оқытудың
әдістемесін жетік меңгеріп, өз ісінің шынайы
шебері болуы керек.
Педагогикалық
тәжірибеде
оқыту
әдістемесі ұғымының астарында білім беру
және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу
қызметтерін реттеу жолдары түсінігі жатыр.
Мұндайда оқытушының білім беру қызметінің
тәсілдері (оқыту) және білім алушының білімді
меңгеру қызметінің тәсілдері (үйрену) бір-
бірімен өзара тығыз байланысты болатынын
ұмытпау қажет. Оқыту әдістемесі оқыту
мақсаты, меңгеру жолдары және білім беру
субъектілерінің
өзара
әрекеті
сияқты
белгілермен сипатталады.
100
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы
білімді білім алушыларға үйрету жолдары мен әдістерін зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ол қазақ тілін оқыту тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің
жиынтығы туралы ғылыми пән. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме
жетіліп, дамып отырады. Бала оқытуын жақсы меңгергісі келетін адам ең алдымен білім
алушыларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы біліп алуы керек, содан соң оны меңгерту,
үйрету әдіс-тәсілдерін игеруі қажет. Осыған орай, «орыс данасы Л. Толстой (бала оқытып,
тәжірибе жинаған адам): «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың
белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу; керек орында жоқ
әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек; оларды өзіне
сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», – десе, ғалым А. Байтұрсынов: «Әдіс –
керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек
қылуына қарай», – деп түйіндейді [1].
Оқыту әдісі студенттерге білім берудің, оларды тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына;
пән мазмұнының ерекшеліктеріне; сабақтың мақсат-міндеттеріне және ұсынылған
материал мазмұнына; нақты материалды меңгеруге берілген уақытқа; білім алушылардың
жас ерекшелігіне, олардың шынайы танымдық мүмкіндігі деңгейіне; білім алушылардың
дайындық деңгейіне байланысты болады.
Мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары оқу орындарында, соның ішінде
Қазақ инженерлік-техникалық академиясында «Қазақ тілі» пәнін оқытуда жоғары оқу
орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған Типтік оқу бағдарламасы басшылыққа
алынды [2]. Сол бағдарлама негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды және
оқытудың жаңашыл әдістемелік-теориялық негіздемелеріне сай студенттердің тілді
меңгеруінің В1 – негізгі жеткілікті және В2 – негізгі стандартты деңгейлеріне, сонымен
қатар С1 – негізгі стандарттан жоғары деңгейлеріне арналған «Қазақ тілі» атты оқу
құралы әзірленді [3]. Аталған пәнді кредиттік жүйе бойынша оқытуға алты кредит
бөлінген. Тілді тереңірек үйрену семинар сабақтарымен бірге студенттің оқытушымен
бірге жұмысы (СОБЖ) сағаттарында меңгертіледі. Семинар сабақтары мен СОБЖ
материалдары бір-бірімен сабақтастырылып қарастырылады.
Аудиториялық
(практикалық
сабақтар,
СОБЖ)
сабақтардың
лексикалық
тақырыптары ретінде қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби
салалары бойынша пәннің типтік оқу бағдарламасында берілген тақырыптар алынды. Бұл
тақырыптар төңірегінде қазіргі заманның өзекті мәселелері қозғалады, соған сәйкес
студенттердің қызықты тақырыпты меңгеруге, сол арқылы тілді меңгеруге деген
қызығушылығы арта түседі. Ұсынылған тақырыптар бойынша бұқаралық ақпарат
құралдары материалдарынан, көркем әдебиеттен мәтіндер іріктеліп алынып, оқу
құралында жинақталып берілді [3]. Бұл мәтіндер оқытудың идеялық-адамгершілік
бағытын жүзеге асыру, шынайы және ғылыми тұрғыдан дәлелденген дәйектерге сүйену,
көтерілген мәселенің дұрыстығын әр түрлі мысалдармен дәлелдеу, баяндаудың логикалық
нақтылығы, эмоционалдық бояудың болуы, жеке-дара бағалау элементтерінің болуы
сияқты педагогикалық талаптарға жауап береді.
Кредиттік технология бойынша оқытуда сабақ уақытқа тәуелді құбылыс
болғандықтан, оқытушы белгіленген аз ғана уақыттың ішінде білім алушыларға көлемді
ақпаратты ұсынады, өзекті мәселені көтеріп, оларды шешудің жолдарын көрсетеді.
Оқытушы өзектелген мәселенің мәні мен міндеттерін дәл нақтылайды, дәлелді мысалдар
келтіре отырып, салыстырады, салғастырады. Оқытушы кіріспе сөзінде алдыңғы сабақта
меңгерілген білімнің маңызын ескере отырып, білім алушылардың назарын, олардың
зияткерлік, әлеуетті, шынайы мүмкіндіктерін сабақ соңында өз шешімін табуға тиіс оқу-
танымдық қызметке жұмылдырады.
101
Студентке қойылатын бірінші талап – берілген мәтінді қазақ тілінің орфоэпиялық
нормаларын сақтай отыра мәнерлеп оқып, әсіресе қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс
дыбыстап, қажет болған жағдайда мәтінді мазмұндау.
Себебі қазақ тілінің төл дыбыстары қатардағы көп дыбыстар емес, қазақ тілін
әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап тұратын, өзіндік сипатын
көрсететін ерекше дыбыстар болып саналады. Тіл тек қана заттарды, ұғымдарды,
құбылыстарды атап қана қоймайды, оның толып жатқан астары бар. Әр сөз әр ұлттың
өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты айтылады. Дыбыстардың ішінде әр ұлттың өзіне
ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан психикалық, дүниетанымдық ерекшеліктері
бар.
Коммуникативтік әдіс бойынша сабақтың білім беру мақсаты – дайын материалды
меңгеру. Мұнда оқытушы жаңа материалды баяндайды, берілген тақырып бойынша
әңгіме құрылады, қызу пікірталас орнатылады, кітаппен жұмыс жасалады. Студенттер
жаңа білімді қабылдайды, ой елегінен өткізеді, есте сақтауға тырысады, талдау жасайды
және жалпылап, қорытындылауға әрі баға беруге үйренеді. Осыған орай, мәтін соңында
берілген пікір алмасу сұрақтары бұл қойылған сұрақтарға жауап беру ғана емес, сонымен
қатар өз ойыңызды талқылауға ұсыну, берілген тақырып аясында пікір алмасу дегенді
білдіреді. Пікір алысу барысында топтағы барлық студенттерге де, жеке студенттерге де
сұрақ қойылады, сұрақтың қате жауабы немесе дұрыс емес ой-пікірлер басқа
студенттердің ойында жатталып қалмасы үшін, бірден сол мезетте өзге студенттер мен
оқытушының көмегімен түзетіледі.
Оқытушы жаңа білімді өзі ғана айтып түсіндірмей, сұрақ-жауап тәсілдері арқылы
әңгімелесе, пікір алыса отырып, білім алушылардың өзін іздендіреді, сол арқылы білім
алуға баулиды. Әңгімелесу, пікірлесу әдісінің мән-маңызы: студенттердің білім алу
талабын арттырады; олардың белсенділігін күшейтеді; сұраққа жауап беруге, көтерілген
мәселеге қатысты өз пікірін білдіруге қызықтырады; бірінің қатесін бірі түзетеді; толық
жауап берудің, жауапты толықтырып отырудың жолдарын үйренеді, тілін дамытады;
тапсырманы өз бетінше орындауға, ойлануға мүмкіндік туғызады; оқығанын, өмірде
көргенін әңгімелеп беруге, сол болжамынан қорытынды шығаруға үйретеді. Әдіскер-
ғалым С. Жиенбаев қазақ тілінен өтілетін жаңа материалдарды түсіндіру үстінде
әңгімелесу әдісін қолданып отырудың маңызы жоғары екенін айта келіп: «Мұғалім үнемі
өзі айтып түсіндіргеннен де жетекші сұраулар арқылы ойландырып, өзіне тексерте
отырғаны артығырақ», – дейді [4]. Сабақ барысында оқытушы сыпайы, мәдениетті сөйлеп,
өз тарапынан білім алушыларға деген қамқорлығын таныта білуі керек. Сонда олар да
зейін қойып, ынталанып, белсенділігі артады. Ізденіп жауап беруге, мысалдармен
дәлелдеуге тырысады. Қазақ халқының белгілі педагогтерінің бірі С. Көбеев баланы
сөйлеуге үйретуге ерекше мән бере келіп: «Баланың сөйлеген сөзі мағыналы, түсінікті,
тұжырымды болуына өте зер салып отыру жөн. Мұғалімнің сұрауына толық жауап беруге
бала дайындалып отыратындай етіп дағдыландыру керек», – дейді. Қандай да болмасын
дағдыға білім алушы басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді.
Білім алушылардың дұрыс жауап беруіне қойылатын талаптар: тақырып ерекшелігін
талдап, толық жауап беру; берілген жауапты дәлелдейтіндей мысалдар келтіру; қысқа әрі
нұсқа жауап беру; өз сөзімен жеткізе жауап беру; ойланып жауап беру; әдеби тіл
нормаларын сақтау; өз болжамынан қорытынды шығара білу және т.б. Өйткені жеке
адамның сөйлеуі, оның білімі мен сауатының, мәдениетінің, жалпы рухани дәрежесінің
негізгі көрсеткіштерінің бірі оның сөйлеуінен байқалады.
Әрине, мәтінмен жұмыс істеу, тақырып бойынша әңгімелесу, пікір алмасу сабақ
құрылымының көп бөлігін алады, оған көп уақыт жұмсалады. Бірақ соның нәтижесінде
білім алушылардың оқу қызметінің келесі жаңа түрлерін түсіну дәрежесі анықталады
және оларды меңгеруге дайындығы жақсарады.
102
Сабағымыздың келесі кезегінде мәтін бойынша сөздер мен сөз тіркестері берілген.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мұқият меңгеріп, есте сақтаған жөн. Себебі осы
сабақта берілген сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасы келесі сабақта айтылмайды.
Мәтінге қатысты сөздер мен сөз тіркестері білім алушының тақырып бойынша сөздік
қорын байытады, қазақ тілін жылдам меңгеруге септігін тигізеді.
Сабағымыздың келесі құрылымында В1-В2, С1 деңгейлері бойынша грамматиканың
әр саласынан берілген тапсырмалар білім алушының мектеп қабырғасында алған
теориялық білімдерін практика жүзінде бекітеді. Студенттер өздері оқыған жалпы білім
беретін орта мектебінде, орта білім беру колледждерінде алған білім қорының арқасында
берілген грамматикалық тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Ал қажет болған
жағдайда оқытушының көмегіне жүгінеді. Мұнда қазақ тілінің грамматикалық ережесі
берілмейді, бірақ ереже бойынша білімді тексеретін тапсырмалар құрастырылған. Егер
студентке белгілі бір тапсырманы орындау қиындық тудырса, онда ол оқытушының
көмегімен ережені еске түсіре алады. Тақырып бойынша құрастырылған грамматикалық
тапсырмалар кешені пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген оқу құралында
берілген [3].
Практикалық қазақ тілі пәнінің ерекшеліктеріне орай, берілген жаттығулардың
сипаты мен әдістемесі де әр түрлі болып келеді. Ауызша орындалатын жаттығулар
студенттердің логикалық ойлау жүйесін, есте сақтау қабілетін, тілін дамытуға мүмкіндік
береді. Ауызша орындауды қажет ететін жаттығулар динамикалылығымен ерекшеленіп,
жазба жұмыстарды орындауға жұмсалатындай көп уақытты талап етпейді. Кейбір
студентер жазуға ерініп, мұндай жаттығуларды ауызша орындауды өтінеді. Бірақ жазбаша
орындалатын жаттығулар студенттердің логикалық ойлау жүйесін дамытып қана қоймай,
жазба тіл мәдениетін дамытуға, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыруға мүмкіндік
туғызатындықтан, рұқсат етілмейді. Практикалық қазақ тілі сабақтарында жазбаша
жаттығуларды орындату студенттердің алған білімін бекітуге және білік-дағдыларын
қалыптастыруға көмектеседі. Дағдыланған сайын жұмыстың сапасы артады. Дағдыланған
сайын жазу әрекетінде ұшырасатын қателер азаяды.
Білім алушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру үшін, оларды үнемі жаттықтырып
отыру керек. Орыс тілін оқыту әдістемесін зерттеген көрнекті әдіскер, академик
А.В.Текучев жаттығу әдісінің тілді оқытудағы ғылыми-практикалық маңызын бағалай
келіп: «Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалдарды түсіндіруді ғана
сипаттайтын метод деп қарауға болмайды, ол – тілдер ұйымдастыратын сабақтың өте
қажетті бөлігі және бөліп қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды
қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, практикадан, нақты тілдік материалдардан қол
үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді», – дейді [5]. Ал ғалым Б. Кәтенбаева
былай жазады: «Әр ұлттың әдет-ғұрпы, мәдениеті, өсу тарихы, өмір айнасы, ауызекі
сөйлеу, жазу ерекшеліктері, әдеби тіл нормалары сол тілдің грамматикалық заңдылықтары
арқылы танылып, сол тілдің жазуы арқылы сақталады» [6].
Білім алушыларды біркелкі, бір сарынды жаттығулар жалықтырып жібереді.
Сондықтан сабақта өтілетін тақырыптардың мазмұнына байланысты жазба жұмыстарды
шығармашылық түрде таңдай білгенде ғана білім алушылардың ынтасы артып, жұмысты
орындау үстінде өзіне деген сенімі күшее түседі. «Сауаттылық негізі – жазу. Сауаттау
әдісі дегеніміз – соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы», – дейді
А.Байтұрсынов [1].
Білім алушыларға сауатты жазуға үйретуде ескерілетін жайттарды топтап көрсететін
болсақ, олар: 1) Оқытушы жеке сөздің және сөйлемнің мағынасын түсіндіруі тиіс, себебі
көп жағдайда білім алушы сөздің мағынасын жеткілікті дәрежеде түсінбегендіктен қате
жібереді. 2) Сөзді, сөйлемді талдау жұмыстарын үздіксіз жүргізу: түбірлес сөздер табу,
сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, олардың ұқсастығы мен айырмашылқтарын
салыстыру, дыбыстық талдау, сөз құрамына қарай талдау, синтаксистік талдаулар жасау.
103
3) Орфографиялық жаттығулар (көшіру, жатжазу), тіл дамыту жаттығулары
(шығармашылық жұмыстар). 4) Сөздік жұмысы және т.б.
Білім алушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық талап тұрғысынан
сауатты, стилистикалық талап тұрғысынан дұрыс, орынды болуы керек. Білім алушылар
оқытушының сөзіне еліктейді. Сондықтан оқытушының өзі сауатты жазып, әдеби тіл
нормасына сай сөйлеуі керек, студенттің жұмыс дәптеріне жазған ескертуі әдемі әрі
қатесіз болуы қажет.
Сонымен, грамматиканы оқыту және жаттықтыру білім алушының сөйлеу, жазу тілі
дағдысын, мәнерлі оқуын, орфографиялық, пунктуациялық және стильдік білім
дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кепілі болып табылады.
Кредиттік технология бойынша оқытуда студенттің білім деңгейін бағалауда балдық
жүйе маңызды рөл атқарады. Осыған орай, аудиториялық сабақта студент біліміне
объективті түрде қойылатын қорытынды баға білімді бағалаудың жалпы шкаласымен
(әріптік баға – А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-, D+, D, D-, F; балдың сандық баламасы – 4.0,
3.67, 3.33, 3.0, 2.67, 2.33, 2.0, 1.67, 1.33, 1.0, 0; пәнді меңгерудің %-дық мазмұны – 95-100,
90-94, 85-89, 80-84, 75-79, 70-74, 65-69, 60-64, 55-59, 50-54, 0-49; дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау – өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) өлшенеді.
Кредиттік
технология
бойынша
оқыту
жүйесінде
студенттер
СӨЖ
орындайтындықтан, өз тәжірибемде аудиториялық (практикалық сабақтар, СОБЖ
(студенттің оқытушымен бірге жұмысы) сабақтардың соңында студентке дәстүрлі білім
беру жүйесінде жүзеге асырылатын үй тапсырмасы, үйге орындауға тапсырма берілмейді.
Кредиттік технология бойынша оқыту жүйесіндегі СӨЖ дәстүрлі білім беру жүйесіндегі
үй тапсырмасын алмастырып отыр. Егер студентке үй тапсырмасы берілсе, оған қоса ол
апта соңында СӨЖ қорғау керек болса, мұның бәріне білім алушының уақыты жетпей,
соның нәтижесінде студенттің жұмыс қабілеті төмендеп, пәнге деген қызығушылығы
бірте-бірте жоғалуы мүмкін. Бұл мәселені өз уақытында әдіскер-ғалым Қ. Бітібаева да
кезек күттірмейтін мәселе ретінде көтеріп, ғалымдарды бұл мәселені жете зерттеуге
шақырған. Оның пікірінше, «Үй оқу жұмысы – бұл жұмыста оқушының дербес қасиеті
және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді,
қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы – сабақ кезеңдерінің бірі, білімді,
іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. Бірақ үй жұмысын орындаудан
балаларға шамадан тыс күш түседі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4-5
сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушының мектептегі күнделікті оқитын 5-
6 сабағын қоссақ, оның жұмыс күні кем дегенде 9-11 сағатқа созылады. Бұл балалар үшін
өте ауыр» [7]. Жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері үшін де солай болады.
Сабақ – білім беру мекемесінде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
Сабақтың құрылымын дұрыс анықтау керек. Ол оқу материалының мазмұнына, сабақты
өткізу мақсатына, білім алушылардың жас ерекшелігіне және зияткерлік мүмкіндігіне
байланысты болады. Білім беру жұмыстары тәрбие жұмыстарынан бөлінбей жүргізілуі
керек.
Сонымен, сабақ барысында студенттің оқытушымен бірге жұмысының нәтижесінде,
білім алушылар белгілі дәрежеде күш жұмсай отырып, жаңа білімді меңгереді. Білім
алушының дүниетанымының кеңеюіне, ақыл-ойының артуына оқу орнында оқытылатын
басқа пәндердің де үлесі зор, дегенмен ана тілінің алатын орны, рөлі ерекше. Өйткені
білім мен ұлттық тәрбие тіл арқылы беріледі, дүниетану тіл арқылы жүзеге асады, ендеше
ана тілін оқытудың міндеттері әр халықтың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тарихын танытудың
негізгі құралы болып табылады.
104
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Байтұрсынов А. Қай әдіс жақсы? / Тіл тағлымы. – А., 1992. – 350 б.
2
Салқынбай А.Б., Иманқұлова С.М. Типтік оқу бағдарламасы. «Қазақ тілі»: жоғары оқу
орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған. – Алматы: Қазақ университеті,
2012. – 22 б.
3
Бисмильдина Д.Д. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне
арналған оқу құралы. – Астана, 2014. – 157 б.
4
Жиенбаев С. Қазақ тілінің синтаксисін оқыту. – Алматы, 1941.
5
Текучев А.В. Методика русского языка в средней школе. – М., 1970.
6
Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша бойынша методикалық нұсқаулар. –
Алматы, 1991. – 300 б.
7
Бітібаева Қ. Жоғарғы мектептердегі сабақ түрлері. / Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А.,
1997. – 271 б.
РЕЗЮМЕ
В данной статье автор дает анализ проблемы теории и методики проведения аудиторных
занятий по предмету «Казахский язык» для студентов, обучающихся на русском языке, в высших
учебных заведениях. Автор анализирует структуру организации практического урока и
предоставляет возможность широкому кругу читателей ознакомиться со своей педагогической
практикой по проведению аудиторных занятий по практическому казахскому языку.
RESUME
In this article an author gives an analysis to the problem of theory and methodology of realization
of audience employments on "Kazakh language" for the students of the Russian department in higher
educational establishments. The author analyses the structure of organizing a practical lesson and gives
possibility to a wide circle of readers to become familiar with the pedagogical practice in conducting
practical classes in the Kazakh language.
105
УДК 37013.46
С.В. Осипова
Павлодарский государственный
педагогический институт,
к.п.н., профессор
О стратегиях
педагогического
взаимодействия
преподавателей и
студентов в вузе
Достарыңызбен бөлісу: |