Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#1676
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Казанцев  А.А.  «Большая  игра»  с  неизвестными  правилами:  мировая  политика  и 
Центральная Азия. - М.: Фонд «Наследие Евразии», 2008. – 248 б. 
2
 
Berman  I.  The  New  Battleground:  Central  Asia  and  the  Caucasus  //  The  Washington 
Quarterly. – Vol. 28., Issue 1. – Winter 2004-2005. – P. 59-60. 
3
 
Istanbul 
Summit 
Communique, 
Press 
Release 
(2004)096 
// 
http://www.nato.int/docu/pr/2004/p04-096e.htm. 
4
 
Земсков В.Н. Стратегия США в Центральной Азии // Вестник МГИМО Университета. 
– Вып. 2(29). – М., 2013. – С. 28-32. 
5
 
Старр  Ф.  Партнерство  для  Центральной  Азии  //  Россия  в  глобальной  политике. 
http://www.globalaffairs.ru/number/n_5459. 
6
 
Тулепбергенова Г. Проект Большой Центральной Азии: анализ состояния и эволюция 
// Центральная Азия и Кавказ. – Вып. 1(61). – CA&CCPress., 2009. – С. 85-9. 
7
 
Лаумулин М.Т. Большие планы // http://www.continent.kz/2005/22/10.htm. 
8
 
Мухаммадулы С. Политический анализ проектов по возрождению Великого Шелкого 
Пути // Известия КазУМОиМЯ им. Абылай хана. – Вып. 2(20). – Алматы, 2015. – С. 
48-55. 
9
 
Starr  F.  A  ‘Greater  Central  Asia  Partnership’  for  Afghanistan  and  its  Neighbors  / 
Washington: Central Asia-Caucasus Institute & Silk Road Studies Program, 2005. – 38 б. 
10
 
Цель  проекта  CASA-1000  –  разумное  использование  природных  ресурсов  // 
http://www.casa-1000.org/MainPages/CASAAboutr.php#Долгосрочный_план 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья  посвящена  исследованию  проекта  Большая  Центральная  Азия  в  политике  США  по 
отношению  к  Центральной  Азии.  Проведен  анализ  политики  США  в  отношении  стран 
Центральной Азии в период с 1990-х гг. по 2005 г. Автор рассматривает первоначальные цели и 
основные направления данного проекта. Проведен анализ позиции других авторов по отношению 
к данному проекту. 

 
70 
 
RESUME 
 
The article is devoted to the research of the Greater Central Asia project in the U.S. policy toward 
Central Asia. The analysis of the U.S. policy toward Central Asian countries since the 1990s till 2005 was 
conducted. The author considers the initial objectives and main directions of the project. The analysis of 
the position of the other actors of international relations with respect to this project was carried out. 

 
71 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Экономика
 

 
72 
УДК 330.322 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Ж. Тажигулова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, аға оқытушы 
 
Б.К. Исаева  
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті
PhD 
 
 
Аймақтың 
инвестициялық 
әлеуетін бағалау 
 
Аннотация  
Мақалада 
Қазақстан 
аймақтарының 
инвестициялық  тартымдылығы  және  өндірістік 
әлеует  көрсеткіштерінің  өсу  темпі  қарасты-
рылады.  
Түйін  сөздер:  аймақтардың  инвестициялық 
қызметі,  инвестициялық  тартымдылық,  инвести-
циялық әлеует.  
 
 
Қазақстан  аймақтарының  инвестициялық 
тартымдылығы қазіргі таңда ел экономикасының 
тұрақты  болуының  басты  факторы  болып 
саналады.  Оған  дәлел,  аймақтық  инвестфорум-
дардың  санының  көбеюі,  сондай  ақ  жергілікті 
атқарушы  органдар  мен  квазимемлекеттік 
ұйымдардан  аймақтық  экономиканың  жекелеген 
секторларын  терең  зерттеуге  сұраныстардың 
жоғарылауы болып табылады. 
RAEX 
(«Эксперт 
РА 
Казахстан») 
Рейтингтік  агенттік  жыл  сайын  Қазақстан 
аймақтарының 
инвестициялық 
климатына 
бағалау  жүргізеді.  Олар  бұл  рейтингпен 
инвестордың  көзқарасы  бойынша  аймақтардың 
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өзгеру 
динамикасын объективті көрсетеді [1]. 
Бұл 
рейтингтің 
ерекшелігі 
және 
артықшылығы,  150-ден  астам  көрсеткіштермен 
анықтайтын  94  факторлар  бойынша  талдау 
жүргізеді.  Сондай-ақ  олар  инвесторға  ең 
маңызды  болып  табылатын  инвестициялық 
әлеует  пен  инвестициялық  ахуалды  зерттеуге 
бағытталған.  
Сонымен, 
2013 
жылы 
аймақтарда 
тәуекелдердің  төмендеуі  мен  әлеуеттерінің 
жоғарылағаны  көрінеді.  2013  және  2014 
жылдарда зерттеу нәтижелері бойынша мыналар 
анықталған:  рейтинг  көрсеткіштерінің  динами-
касы  қолайсыз  өзгерістерді  көрсете  бастады. 
Тенденцияларда  қаржылық  тәуекелдердің  өсімі 
мен өндірістік әлеуеттің төмендеуі анықталған. 
Өндірістік  әлеует  көрсеткіштерінің  өсу 
қарқынының  төмендеуі  аймақтар  әлеуетінің 
интеграциялық 
көрсеткіштерінің 
теріс 
динамикасын  негіздейді.  2013  жылы  жалпы 
аймақтық  өнімде  Ақтөбе  облысы,  Батыс 
Қазақстан,  Атырау  және  Қарағанды  облыста-
рының үлесі азайды.  
 

 
73 
Астық  нарығында  проблемаларға  жолыққан  ауылшаруашылық  аймақтардың  нақты 
көлем  өсімі  қарқынының  жақсы  нәтиже  көрсеткені  көрінеді,  алайда  мұнда  төмен 
базасының  тиімділігі  де  байқалады.  Тау  кен  өнеркәсібінде  мамандандырылған 
аймақтардың бірнеше жыл тоқырауға ұшаруы көрінеді, ал 2014 жылы барлығы мұнай газ 
саласының  конъюнктурасын  бақылауда.  Жалпы  өндірістік  әлеуеттің  көрінісінде  сыртқы 
конъюнктура нашарлауда. 
Басқа  жағынан,  2013  жылы  он  үш  аймақ  қаржылық  тәуекелдің  өсімін  көрсетті. 
Мұнда бюжетке түсімдердің салымы нашар жағдайда: тоғыз аймақта жергілікті бюджетке 
2012  жылмен  салыстырғанда  екі  есе  төмендеген,  он  үш  аймақта  балансталған  бюджет 
көрсеткіштері  айтарлықтай  нашарлаған  –  профицит  сақталып,  тапшылық  жоғарылаған. 
Бұдан  басқа,  қаржылық  тәуекелдің  өсіміне  он  бір  аймақта  байқалған  кәсіпорындардың 
мерзімінен өтіп кеткен кредиторлық қарыздары деңгейінің өсімі әсерін тигізген.  
Интегралды  тәуекелдердің  өсіміне  экономикалық  қылмыстардың  өсімі  әсерін 
тигізді,  ол  өз  кезегінде  криминалдық  тәуекел  көрсеткіштерінің  жоғарылауына  әкеліп 
соқты.  Бұл  көрсеткіш  Алматы  облысы  мен  Астана  қаласын  қоспағанда,  барлық 
аймақтарда байқалды. Әрине, бұл мәселе мұқият талдауды талап етеді, алайда көрсеткіш 
сақталып отыр және ол соңғы көрсеткіштерге әсерін тигізеді [2]. 
Біздің  ойымызша,  бұл  жағдайда  қаржылық  тәуекелдер  және  өндірістік  әлеует 
аймақтардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  болашағын  бағалау  үшін  анықтаушы 
болып  табылады.  Олардың  жиынтығы  әлеуметтік  және  криминалдық  тәуекелдер 
деңгейіне тәуелді болатын қайта өндіру үдерісін, сондай-ақ басқарушылық тәуекелдердің 
деңгейін  де  анықтайды.  Отандық  экономикада  болып  жатқандарды,  әлемдік  нарықтағы 
коъюнктураның  даму  бағыттары  мен  жағдайын,  сондай-ақ  геосаяси  жағдайларды  ескере 
отырып, осы екі  көрсеткіштер алдағы  уақытта да  жағымсыз жақтарымен инвестициялық 
тартымдылық рейтингісіне өзгерістер алып келеді. 
2014  жылы  инвестициялық  әлеуеттің  жоғарғы  деңгейінде  орналасқан  аймақтар 
тобына  Алматы  қ-сы,  Астана  қ-сы,  Атырау  облысы,  Қарағанды  және  Шығыс  Қазақстан 
облыстары жатқызылды. 2013 жылдың нәтижесі бойынша бұл аймақтар елдің ЖІӨ 53,7% 
құраған  және  ағымды  жылы  инвестициялық  тартымдылық  рейтингісінде  барлық 
инвестициялық әлеуеттің 50,9%-ын көрсетті. 
Инвестициялық  әлеует  бойынша  көшбасшы  Алматы  қаласы  болып  табылады,  ол 
жалпы республикалық әлеуеттің 18,6%-ын құрап отыр және басқа аймақтардан әлде қайда 
алда келе жатқаны анықталды. Алматы қаласы табиғи ресурстық әлеуеттен басқа әлеует 
түрлері  бойынша  бірінші  орынға  ие  болып  келеді,  сонымен  ол  елдің  экономикалық, 
қаржылық, инновациялық және туристік орталығы екенін дәлелдеп келеді. 
Екінші  орын  Астана  қаласына  тиесілі.  Мұнда  да  Алматы  қаласы  сияқты  табиғи 
ресурстық  әлеует  төмен  болып  келеді.  Ал  басқа  көрсеткіштерді  айтатын  болсақ,  олар 
балансталған жоғары көрсеткіштерге ие және тұтыну сұранысы, дамыған инфрақұрылым, 
халықтың жоғары табыстылығымен сипатталады. 
Үшінші орында Атырау облысы. Облыстың ағымды позициясы өнеркәсіптік өндіріс 
деңгейі бойынша оның өндірістік әлеуетінің жоғарылығын қамтамасыз етіп отыр. Атырау 
облысында  мұнай-газ  компанияларының  шоғырлануы  салық  салу  табысының  жоғарғы 
көрсеткішіне алып келді, 2013 жылы жалпы республикалық көрсеткіштің 30%-ы аса осы 
саладан  түскен.  Осындай  салық  төлемдері  мен  халықтың  табыс  деңгейінің  жоғары 
көрсеткіштері  нәтижесінде  қаржылық  әлеует  деңгейі  бойынша  бұл  аймақтың  бірінші 
орынға  ие  болуына  мүмкіндігі  бар.  Алайда  екі  жыл  қатарынан  бұл  аймақ  Алматы  және 
Астана  қалаларымен  салыстырғанда,  интегралданған  инвестициялық  әлеует  бойынша  өз 
позициясын жоғалтып отыр. Алдағы уақытта да бұл көрсеткіштердің тенденциясы мұнай 
газ  секторындағы  динамиканың төмендеуіне  байланысты  төмендеуі  мүмкін,  өз  кезегінде 
кәсіпорындардың  позициялары  әлсіреп  нәтижесінде  бюджетке  түсімі  қысқаруы  мүмкін 
[3]. 

 
74 
Келесі  инвестициялық  әлеуеті  жоғары  аймақтар  тобына  Қарағанды  облысы 
жатқызылып  отыр.  Оның  айтарлықтай  артықшылығы,  бұл  аймақ  пайдалы  қазбалармен 
бай  болғандықтан,  табиғи  ресурстық  әлеуеті  бойынша  бірінші  орынға  ие  болып  отыр. 
Аймақтың келесі  артықшылығы тұтынудың жоғары деңгейі  болып табылады. Халықтың 
көп  болуы  және  табыстың  бәсекелік  деңгейі  бұл  аймақ  халықтың  жиынтық  ақшалай 
табыстары деңгейі  бойынша Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі  үшінші  орынға ие 
бола алады, сондай ақ халыққа несие беру көлемі бойынша да үшінші орынға ие. Сонымен 
қатар Қарағанды облысы бөлшек сауда көлемі бойынша да Астана қаласынан алда, ол өз 
кезегінде тұтыну әлеуеті бойынша екінші орынды иеленіп отыр.  
Жалпы,  Қарағанды  облысының  көрсеткіштері  шоғырланған  болып  табылады, 
экономика  құрылымы  әр  тараптандырылған,  еңбек  әлеуетінен  басқа  интегралды 
әлеуеттерді  анықтағанда,  талдау  кезінде  ешқандай  айтарлықтай  кемшіліктері 
болмағандығын атап кетуге болады. 
Келесі  жоғары  әлеуетті  аймақ  Шығыс  Қазақстан  облысы  болып  табылады.  Табиғи 
ресурстық  әлеуеті  деңгейі  бойынша  екінші  орынға  ие,  сонымен  қатар  тұтыну, 
институционалды  және  инновациялық  әлеует  бойынша  жоғары  көрсеткіштерге  ие,  бұл 
аймақ инвестициялық әлеует бойынша жоғары орындарға ие болып отыр. 
Орташа инвестициялық әлеует бойынша экономикасы ұқсас батыс аймақтары кіреді: 
Жалпы  аймақтық  өнім  (ЖАӨ)  құрылымында  кен  қазу  секторындағы  жоғары  үлесі  бар 
Ақтөбе, 
Маңғыстау, 
Батыс 
Қазақстан 
облыстары; 
металлургия 
саласында 
мамандандырылған  Павлодар  облысы;  ауыл  шаруашылығы  және  өңдеу  өнеркәсібімен 
дамыған  аймақтар:  Алматы,  Қостанай,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары.  Қостанай 
облысында  сонымен  қатар  логистикалық  және  тау-кен  өнеркәсібінің  экономика 
құрылымында  айтарлықтай  үлесі  де  бар.  Бұл  аймақтар  жиынтықта  республикалық 
әлеуеттің 30,8%-ын құрап отыр. 
Төмен  инвестциялық  әлеуетті  аймақтарға  ауылшаруашылығы  дамыған  Ақмола, 
Солтүстік  Қазақстан,  тау-кен  өнеркәсібмен  танылған  Қызылорда  облысы  және  қызмет 
көрсету  саласы  басым  Жамбыл  облысы  жатады.  Аталған  аймақтар  болар-болмас 
экономикалық  масштабта  әлеуеттердің  негізгі  түрлері  бойынша  тізімнің  екінші 
жартысында  орналасқан.  Олардың  ішінде  Ақмола  және  Солтүстік  Қазақстан  облыстары 
ерекшеленеді. Аймақтарда темір  жол және көлік жолдарының тығыздығы байқалады, ол 
инфрақұрылымдық  әлеует  бойынша  алдағы  орынға  ие  болуына  мүмкіндік  береді. 
Жиынтығында бұл аймақтарға жалпы ел әлеуетінің 17,9%-ы тиесілі. 
Жалпы  инвестициялық  әлеует  тікелей  жеке  ивестициялар  жағынан  аймақтың 
сыйымдылығын сипаттайды. Ол аймақтың жалпы республикалық нарықта қандай үлесін 
алып  отырғанын  көрсетеді.  Инвестциялық  әлеует  деңгейі  бойынша  аймақтар  дәрежесі 
ЖАӨ көлемі бойынша аймақтардың арақатынасын орнатады.  
Аймақтың  инвестициялық  тартымдылығының  екінші  құраушысы  –  аймақтағы 
мәселелердің  ауқымын  сипаттайтын  инвестициялық  тәуекел  көрсеткіші.  Инвестициялық 
әлеуеттен  оның  айырмашылығы,  тәуекел  аймақ  экономикасының  мөлшерінен  тікелей 
тәуелді  емес,  ол  капитал  салымының  сенімділігін  бейнелейді.  Инвестициялық  тәуекел 
құбылмалы көрсеткіш болып табылады, интегралдық тәуекел дәрежесінің бір жылда бір-
екі позицияға өзгеруі қалыпты құбылыс болып табылады.  
Инвестициялық  тәуекелділіктің  ең  төменгі  деңгейіндегі  рейтинг  көшбасшысы 
Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары болып табылады [4].  
Атырау  облысы  осы  жылы  бұрынғы  көшбасшыларды  ығыстырып,  интегралды 
инвестициялық тәуекелділік бойынша ең тартымды болып отыр.  
Аймақта  дәстүрлі  болғандай,  ең  төменгі  деңгейдегі  қаржылық  және  әлеуметтік 
тәуекелдер орын алып отыр.  
Аймақтың  жергілікті  бюджеттері,  сондай-ақ  компанияларының  қаржылық 
көрсеткіштер  еліміздегі  ең  үздіктерінің  бірі  болып  табылады.  Әлеуметтік  салада  аймақ 

 
75 
2013  жылдың  қорытындысы  бойынша  жұмыссыздық  мәндерінің  ең  төменгісін  (5%), 
сондай-ақ  өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған  халықтың  аз  үлесін  (республикалық  көрсеткіш 
ішінен 6%) алып отыр (кесте 1). 
 
Кесте 1 2014 жылы Қазақстан аймақтарындағы инвестициялық тәуекелділік 
Әлеует рангы 
Әлеует 
рангы-
ның 
өзгеруі 
2014/ 
2013 
Аймақ 
Тәуекел-
дің 
орташа 
салмақ 
индексі 
Әлеует-
те тәуе-
келдің 
өзгеруі, 
2014 / 
2013, 
п.п 
2013 жылы инвестициялық тәуекелдерді құрайтын 
рангысы 
2014 
2013 
Эконо-
мика-
лық 
Қар-
жы-
лық 
Әлеу-
меттік 
Эко
-ло-
гия-
лық 
Қыл
мыс
-тық 
Басқа
рушы
-лық 



Атырау 
облысы 
0,270 
-0,100 
10 


13 





Алматы 
облысы 
0,322 
0,013 



11 
12 



-2 
Ақтөбе 
облысы 
0,333 
0,054 








-1 
Астана қ. 
0,344 
0,012 


12 

14 


11 

Маңғыстау 
облысы 
0,347 
-0,065 
11 




12 

10 

Алматы қ. 
0,364 
-0,041 


10 
10 
13 
11 



Қызылорда 
облысы 
0,405 
0,016 

10 

12 

15 

12 

Батыс 
Қазақстан 
облысы 
0,426 
0,013 
16 
14 






-2 
Шығыс 
Қазақстан 
облысы 
0,427 
0,048 

13 

14 


10 

-5 
Қостанай 
облысы 
0,430 
0,067 
12 

14 

10 

11 

-2 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысы 
0,434 
0,031 

15 
13 


14 
12 
14 

Ақмола 
облысы 
0,439 
0,015 
15 

16 



13 
13 

Карағанды 
облысы 
0,462 
0,041 
14 

11 
16 

10 
14 
15 

Жамбыл 
облысы 
0,473 
0,017 

16 


11 
13 
15 
16 

Солтүстік 
Қазақстан  
0,478 
-0,022 
13 
11 
15 

15 

16 

-12 
Павлодар 
облысы 
0,513 
0,173 

12 

15 
16 
16 
Ескерту: "Эксперт РА Казахстан" Рейтингтік агенттік
 
 
Инвестициялық  тәуекелдің  интегралдық  көрсеткіші  бойынша,  аймақтың  бірінші 
орынға ауысуында, басқарушылық тәуекелділігінің төмендеуі негізгі үлесті енгізді. 
Инвестициялық  тәуекел  деңгейі  бойынша,  2013  жылдың  қорытындысы  бойынша 
Ақтөбе облысынан озып шыққан, Алматы облысы иемденіп отыр. Аймақ тұрақты жоғары 
және балансталған көрсеткіштерді беріп отыр. Басқарушылық тәуекелділік ерекшеленетін, 
жоғары  тұрақты  әкімшілік,  негізгі  құралға  салынған  инвестициялардың  жоғары 
көрсеткіштері,  сонымен  қатар,  нәрестелердің  өлім-жітімінің  төмен  деңгейі  Алматы 
облысына бұл құрамада көшбасшы орынды иемденуіне мүмкіндік береді [5]. 
Экономикалық 
тәуекелділік 
деңгейі 
бойынша 
аймақ, 
экономиканы 
әртараптандырудың  жоғары  деңгейі,  негізгі  құралдар  тозуының  төменділігі  және 
экономиканың өсу қарқынының ең жоғарғыларының бірі болуының арқасында 3-орынды 

 
76 
алып отыр. 2013 жылы нақты көлем индексі (НКИ) ЖАӨ 2000 жылға қарағанда, Алматы 
облысында  288%-ды  құрады,  бұл  көрсеткіш  тек  Алматы,  Астана  және  Атырау 
облыстарында ғана жоғары болып табылады.  
Аймақтың әлсіз жері 2014 жыл бойынша қылмыстық тәуекел болып табылады, 2013 
жылы  бұл  көрсеткіш  бойынша  аймақ  5-орынды  иемденген,  ал  2014  жылы  11-орынды 
алған. Бұл 22%-ды құраған, экономикалық қылмыс санының өсуі салдарынан болып отыр. 
Сондай-ақ  Алматы  облысында  экологиялық  тәуекел  жоғары,  ол  бойынша  аймақ  өткен 
жылмен салыстырғанда бір позициясын жоғалтып, 10- орын алды.  
Ақтөбе  облысы  бойынша  барлық  облыстар  арасында  жұмыссыздық  ең  төменгі 
көрсеткіштердің бірін көрсетеді (2013 жылы 4,9%), ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 
табыс  алатын  халықтың  аз  шамасы  (2013  жылғы  2,9%  республикалық  көрсеткіште  2%), 
бұл  басқа  көрсеткіштермен  бірге  қарастырғанда,  әлеуметтік  тәуекел  деңгейі  бойынша 
екінші орынды иемденуге мүмкіндік береді.  
Басқарушылық  тәуекел  бойынша  аймақ  көшбасшы  болып  табылады,  бұған  5 
жылдағы  аймақтың  ЖАӨ-ге  қатысты  инвестиция  көлемінің  жалпы  жақсы 
көрсеткіштерінің,  сонымен  қатар  аймақ  әкімшілігінің  тұрақтылығы  арқасында  қол 
жеткізілген.  Осыларды  ескере  отырып,  сонымен  қатар  аймақтың  басқа  да  жекелеген 
тәуекелдер  бойынша  тізімнің  бірінші  жартысында  орналасқанына  байланысты,  Ақтөбе 
облысы интегралды инвестициялық тәуекел деңгейі бойынша үшінші орынды иемденеді. 
Аймақтың  рейтингте  екі  позицияға  төмен  түсуі,  тек  Атырау  және  Алматы 
облыстарындағы  жағымды  өзгерістер  есебінен  емес,  бұл  жағдайға  бірінші  кезекте 
қаржылық  тәуекелдердің  өсуі  әсер  етті.  Жергілікті  бюджетке  салықтар  мен  міндетті 
төлемдерді  төлеу  көлемінің  өсу  қарқынының  төмендеуінен,  жергілікті  бюджеттің 
кредиторлық берешектерінің өсуі мен кәсіпорындардың мерзімі өтіп кеткен кредиторлық 
берешектері пайда болды. 
Тәуекелділігі бірқалыпты болатын аймақтар тобына, осы жылы құбылмалы және өте 
қарама-қарсы аймақтар енді: бір жағынан, үлкен әлеуеті бар және неғұрлым дамыған жеке 
секторымен  ерекшеленетін,  республикалық  маңызы  бар  Алматы  мен  Астана  қалалары. 
Екінші  жағынан,  мұнай-газ  және  мемлекеттік  секторларға  жоғары  тәуелді  болып 
табылатын аймақ ретінде көрінетін Маңғыстау және Қызылорда облысы [6].  
Тәуекелділігі  жоғары  болып  табылатын  топқа  бұл  жолы  түрлі  себептер  бойынша 
төрт  аймақ:  Қостанай,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс-Қазақстан  және  Павлодар  облысы 
қосылды.  
Қостанай  облысы  бойынша  біз  қаржылық  тәуекелділіктің  жоғарылағанын  байқай 
аламыз.  Алдыңғы  жылға  қарағанда,  ЖАӨ  НКИ-дің  оң  өсуі  көрінгенде,  орташа  аймақ 
бойынша және 2013 жылға қарағанда, жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті 
төлемдердің  түсім  көлемінің  төмендегенін  байқайтын  жағдай  қалыптасқан.  Сонымен 
қатар  кәсіпорындардың  мерзімі  өтіп  кеткен  кредиторлық  берешектері  мен  банктік 
қарыздарды  уақытында  төлемеу  орын  алып  отыр.  Аймақтың  экономикалық  көрінісін 
ескере  отырып,  біз  бүкіл  2013  жыл  бойы  жалғасқан  астық  нарығындағы  бағаның 
құлдырауы, қаржылық тәуекелдің өсуіне әсерін тигізді деп ойлаймыз.  
Келесі  жылы,  тұтастай  алғанда,  аймақтардың  рейтингінде  теріс  өзгерістерді,  ал 
жекелеген аймақтар бойынша айтарлықтай төмендеуді күтуге болады. Тәуекел аймағында 
металлургияға  маманданған  –  Қарағанды,  Шығыс-Қазақстан  және  Павлодар  облыстары 
сияқты  ағымдағы  тәуекел  аймақтар  орналасқан.  Бидай  егетін  аймақтар  барлық  жерде, 
әрине,  нашар  емес  және  қазір  өсуі  байқалатын  бағаға  тәуелді,  бірақ  өткен  жылы 
борыштық қарыздары бар ірі холдингтер жүйелік мәселелер тудырды және бұл мәселелер 
қаржы  деңгейінде  сақталады.  Ең  бастысы,  олардың  қатарына  Қазақстанның  батыстағы 
мұнай өндіруші аймақтары да қосылады.  
Аймақтардың  қызмет  етуі  мен  даму  жетістіктері  аймақтың  инвестициялық 
стратегиясымен  анықталады.  Оның  сапасы  аймақтық  экономикалық  жүйенің  зияткерлік, 

 
77 
өндірістік,  инновациялық,  инвеcтициялық  әлеуеттерін  мүмкін  болғанша  пайдаланумен 
негізделеді. Инвестициялық әлеует оның қалыптасуы жағынан көптеген құрылымдардың 
нәтижесі болып табылады. 
Осылайша,  біздің  мемлекетіміздің  ірі  аймақ  ретінде  шетелдік  инвестициялар  үшін 
неғұрлым  либералды  режимін  талап  етеді.  Бұл  бізге  қажетті  қаржы  және  білім  ағынын 
тартуға,  өз  мүмкіндіктерімізді  дамытуға  және  шетелдермен  тұрақты  сауда  алмасу 
мүмкіндік  береді.  Анық,  тиімді  және  қатаң  сақталған  заңдармен,  ашық  және  либералды 
инвестициялық  шетелдік  инвестицияларды  тартуда  неғұрлым  қуатты  болып  табылады. 
Мұндай  саясатты  талдау,  жасау  біздің  негізгі  міндеттеріміздің  бірі  болуы  тиіс,  өйткені 
Қазақстан  жылдам  экономикалық  өсу  және  жаңғыртуға  шетелдік  капитал,  технология 
және тәжірибесіз қалай қол жеткізе алатынын елестету қиын.  
Экономикалық әлеуетті барынша толық іске асыру үшін және бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру  үшін  Қазақстанға  әлеуметтік-экономикалық  инфрақұрылымды  дамытуды 
жалғастыру қажет. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет