«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Есеп айырысу тәртібі 

161.  Банк  Клиентке  Шарттың  шеңберінде  берген  барлық  Карталары  бойынша  жасалған  және 

банктер  мен  Клиентке  қосымша  қызмет  көрсететін  ұйымдардың  ТЖ,  процессингілік  орталықтар 

арқылы төлемге  берген  және басқа да қаражаттарын,  Банк Тарифтерімен және банктік шот ашу 

туралы  Шарттарда қарастырылған Банкке комиссиялық  Сыйақыны және Операция    мен  шоттың 

валюталары ерекшеленген жағдайдағы Банктің айырбастау бағамы бойынша Операция сомаларына 

балама ақшаны қаржылық растау алған күні тікелей дебеттеу арқылы  есептен шығарады.                   

162.  Банк  Операция  сомасын  Шот  валютасына  ТЖ  және/немесе  Банк  белгілеген  айырбастау 

бағамына сәйкес айырбастайды. Клиенттің айырбастау бағамына дауласуға құқығы жоқ.  

163.  Картадағы  және  Слиптегі    қол  қоюда  немесе  Авторландырудың  тиісті  жауабын  алуда 

айырмашылық  болған жағдайда, алдын ала ескертусіз кассир немесе Карталарға қызмет көрсету 

орнындағы  қондырғы  Картаны  алып  алуға  сөзсіз  құқылы  болады.  Карталарға  қызмет  көрсету 

орнында кассир  Карта ұстаушының Картадағы және Слиптегі қол қоюын салыстырмай жүргізген  

Операциялар үшін Банк жауапкершілікте болмайды. 

164.  Банкке  Карта/Қосымша  Карта  ұстаушының  кінәсынан  Банктің  шеккен  шығындарын  Клиент 

төлейді.  Банк  белгілеген  жағдайларда,  Шарт  бойынша  Карта  /Қосымша  Карта  ұстаушыдан 

жекелеген міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы. Карта /Қосымша Карта ұстаушы бұл 

талаппен келіседі және қабылдайды. 

165. Банк міндеттемелердің барлық сомалары және Картаны/Қосымша Картаны/Шотты беру және 

пайдалану  нәтижесінде  немесе  Клиент  (Карта/Қосымша  Карта  ұстаушы)  Шартты  және/немесе 

Ережелерді  және/немесе  банктің  басқа  да  нормативтік  актілерін  және/немесе  ҚР  заңнамасын 

және/немесе  ТЖ  ережелерін  сақтамауы  нәтижесінде    туындаған  шығындар  бойынша  Шотты 

дебеттеуге құқылы. 

166.


 

Банк Шотты Клиенттің немесе үшінші тұлғаның жүргізген төлемдеріне сәйкес  немесе Шотқа 

Ережелерде  көрсетілген  тәртіпте  Рұқсат  етілмеген  овердрафт  бере  отырып,  Кредит  береді. 

Комиссиялар мен басқа да төлемдерді Банк Шоттан, оның ішінде Шот бойынша дебеттік қалдық 

қалдыра отырып, ұстап қалуы мүмкін. 

167.


 

Банк  ақша  жоқтығына  қарамастан  (шығыстар  Лимиті  артып  кеткен),  Шоттан  төлемдерді 

(Операцияларды)  жүзеге  асыруға  рұқсат  еткен  жағдайда,  Банк  Клиентке  осындай  Кредит  беру 

күнінде Банкте қолданыстағы Банк тарифтеріне сәйкес талаптарда осындай төлемді жүзеге асырған 

күннен бастап тиісті сомаға Кредит берген деп есептелінеді.   

168.


 

Банк  тарапынан  Авторландыру  расталған  жағдайда,  Авторландыру  сомасы  Шотта  аталған 

сомаға  Шотты  дебеттеу  сәтіне  дейін  немесе  Авторландыру  сомасын  болдырмағанға  дейін 

оқшауланады.  Шығыстар Лимиті Банк растаған Авторландыру сомасына азаяды. Егер Операция 

Авторландырусыз  жүргізілген  болса,    Шығыстар  Лимитінің  мөлшері  тиісті  соманы  төлемге 

шығарған күні азаяды.  



169.

 

Клиент  (Карта/Қосымша  карта  ұстаушы)  Шотты  қолма-қол  ақша  немесе  аудару  арқылы 



толықтырып  отыруға  құқылы.  Төлем,  егер  ол  Ережелерде  көрсетілген  деректемелерге  сәйкес 

жүргізілсе, онда ол нақты деп есептелінеді. 

170.

 

Кредит үшін Сыйақыны  Банк Есеп айырысу кезеңдегі күн сайын Шоттағы дебет қалдығының 



мөлшеріне сүйене отырып, есептейді. 

171.


 

Банк  Рұқсат  етілмеген  овердрафт  (шығыстар  Лимитінің  артып  кетуі)  үшін  Сыйақыны  Есеп 

айырысу  кезеңдегі  күн  сайын  Шоттағы  дебет  қалдығының  және  белгіленген  Кредит  мөлшерінің 

(Рұқсат етілмеген овердрафт) арасындағы айырма мөлшерінен ұстайды.  

172.

 

Шотқа салынған (есепке алынған) сомалар (оның ішінде Шот бойынша есептелген Сыйақы, 



Қайтару) төлем құжатында көрсетілген төлем  мақсатына байланыссыз жіберіледі. 

173.


 

Банк біржақты тәртіпте есептелген айыппұлдарды (өсімпұлдарды) төлетуден бас тартуға және 

Клиенттен оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындауын талап етпеуге  құқылы. 

174.


 

Осы  арқылы  Клиент  Қарыз  алушы  мемлекеттік  бюджеттен  және  (немесе)  Мемлекеттiк 

әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақы, ҚР «Тұрғын үй 

қатынастары  туралы»  заңымен  қарастырылған  тұрғын  үй  төлемақысы  түрінде  алатын  ақшаны, 

нотариусқа депозит талаптарында берілген ақшаны және ҚР «Мемлекеттік білім берудің жинақтау 

жүйесі туралы» Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік 

шоттардағы  ақшаны  қоспағанда  Клиенттің  ҚР  аумағында,  сондай-ақ  одан  тыс  жерлерде  Банкте, 

басқа  банктер  мен  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдарда 

ашылған  кез  келген  банктік  шоттарынан  Банктің  Жалпы  берешек  сомасын  акцептсіз  тәртіппен 

(даусыз)тікелей дебеттеу арқылы өндіруіне өзінің келісімін береді.  

175.

 

Рұқсат  етілмеген  овердрафт  туындаған  немесе  Есеп  айырысу  кезеңінде  міндеттемелерін 



орындамау туындаған жағдайда, Банк Клиентке берген барлық Карталарының әрекетін  уақытша 

тоқтатады  және  Шоттағы  аударылған  барлық  соманы  туындаған  берешекті  даусыз  (акцептісіз) 

тәртіпте жібереді. Банк Клиенттің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттiк әлеуметтiк 

сақтандыру  қорынан  төленетін  жәрдемақылар  мен  әлеуметтік  төлемақы,  ҚР  «Тұрғын  үй 

қатынастары  туралы»  заңымен  қарастырылған  тұрғын  үй  төлемақысы  түрінде  алатын  ақшаны, 

нотариусқа депозит талаптарында берілген ақшаны және ҚР «Мемлекеттік білім берудің жинақтау 

жүйесі туралы» Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік 

шоттардағы ақшаны қоспағанда  Клиенттің Банктегі кез  келген  шотта  орналастырылған    ақшаны 

(қажет  болған жағдайда, операция  жасау  күніндегі  Банк бағамы  бойынша  айырбастау  жүргізеді) 

даусыз (акцептісіз) тәртіпте туындаған берешекті өтеуге жібереді. Шоттағы ақша Кредит сомасы, 

Кредит  үшін  Сыйақылары  және  Банктің  өзге  төлемдері  мен  шығыстары  кіретін  Клиенттің  Банк 

алдындағы  берешегін  өтеуге  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  Банк  Шотты,  сондай-ақ  Клиенттің 

Банктегі басқа да шоттарын оқшаулауға және бар ақшаны және түсетін ақшаны жоғарыда аталған 

шығыстар мен берешекті акцептісіз тәртіпте өтеуге жіберуге құқылы.  

Клиенттің  мемлекеттік  бюджеттен  және  (немесе)  Мемлекеттiк  әлеуметтiк  сақтандыру  қорынан 

төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңымен 

қарастырылған тұрғын үй төлемақысы түрінде алатын ақшаны, нотариусқа депозит талаптарында 

берілген  ақшаны  және  ҚР  «Мемлекеттік  білім  берудің  жинақтау  жүйесі  туралы»  Заңына  сәйкес 

жасалған  білім  беру  жинақтау  салымы  туралы  шарт  бойынша  банктік  шоттардағы  ақшаны 

қоспағанда, Банк сондай-ақ Кредит сомасы, Кредит үшін Сыйақылары және Банктің өзге төлемдері 

мен  шығыстары  кіретін  Клиенттің  Банк  алдындағы  берешегін  өтеуге  Клиенттің  ҚР  кез  келген 

Банкіндегі кез келген шотына талап қоюға құқылы.   

176.

 

Картаны    Шоттағы  валютадан  өзге  валютада    пайдалану  Шот  валютасындағы  Операциялар 



сияқты талаптарда және сондай мерзімде жүзеге асырылады. Бұл ретте Шот валютасын Операция 

валютасына  айырбастау  Банк  ережелеріне  сәйкес  және  ТЖ  бағамы  бойынша  және/немесе 

Карталармен операциялар үшін Операция сомасын Шоттан есептен шығару күні белгілеген Банктің 

бағамы бойынша жүзеге асырылады.   

177.

 

Клиент  шотты  жүргізу  валютасында  шетелде  төлеген  кезде  Банк  айырбастауды  төлем 



карточкалары жүйесінің қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес ТЖ және/немесе Банк 

белгілеген айырбастау бағамы бойынша жүргізеді.   

178.

 

Кредит лимиті немесе Шот бойынша Кредит қалдығы үшін пайыз есептеген кезде, Банк мына 



негізге сүйенеді: нақты күндер саны бір айда 30 күн, бір жылда 360 күнге теңеледі.  

179.


 

Банк Клиенттің жазбаша өтінішін қарастыруға және 15 күнтізбелік күн ішінде жазбаша жауап 

дайындауға міндеттенеді.  

6. Дауыстық меню жүйесі 


180. Дауыстық меню қызметі (IVR - Interactive Voice Response) –Клиент дауыстық  меню қызметінің 

көмегімен ДСН-кодын орнату, қолжетімді лимит сұрату және тағы басқалар сияқты Банк қызметін 

ала  алады.    Банктің  Дауыстық  меню  жүйесі  арқылы  ұсынған  қызмет  көрсетулер  тізбесі  Банктің 

қарастыруымен кеңейтілуі/өзгертілуі мүмкін. 

181. Банк өз қарастыруымен Клиентке Дауыстық меню қызметі арқылы  ДСН-кодын орнату, Шот 

бойынша  қаржылық  ақпарат  алу,  сондай-ақ  Банктің  қалауы  бойынша  басқа  да  әрекеттер  жүзеге 

асыру мүмкіндігін беруге құқылы. Банк кез келген уақытта   Дауыстық меню қызметінің жұмысын 

уақытша тоқтатуға және/немесе толық тоқтатып тастауға құқылы. Дауыстық меню қызметі, сондай-

ақ техникалық қызмет көрсету немесе техникалық ақаулықтар кезінде уақытша қолжетімсіз болуы 

мүмкін.  

182. 

Дауыстық  меню  қызметтері  Банк  Клиентті  верификациялау  коды  негізінде  



түпнұсқаландырғанда беріледі. 

183. Клиентке Верификациялау коды Клиенттің Өтініште көрсеткен ұялы телефонының тіркелген 

нөміріне СМС жіберу арқылы беріледі. 

184.  Дауыстық  меню  қызметін  үшінші  тұлғалардың    санкцияланбаған  пайдалануын  болдырмау 

мақсатында,  Клиент  құпиялылықты  және  өзінің  Карта  нөмірлеріне,  верификациялау  кодына 

қатысты  құпияны  сақтауға  және  оларды  ешбір  жағдайда,  верификациялау  кодының    Дауыстық 

меню қызметі (IVR) жүйесіне қолжетімділікті қорғаудың маңызды құрал екендігін ескеріп, ешкімге 

хабарламауға міндеттенеді. Клиентті автоматтандырылған жүйеге қолжетімділікті жүзеге асыратын 

құралдар мен мәліметтердің үшінші тұлғаларға белгілі/қолжетімді болуы мүмкін екендігі туралы 

күдіктенген жағдайда, Клиент тез арада оларды өзгерту мақсатында Банкпен хабарласуы керек. 

185.

 

Еңсерілмес күш жағдайлары, оның ішінде  апаттар, жабдықтардың, электр энергиясын беру 



жүйелерінің  және/немесе  желілердің  немесе  үшінші  тұлғалардың  қамтамасыз  ететін,  беретін 

пайдаланатын және/немесе қызмет көрсететін байланыс жүйелерінің  жаңылысы мен іркілісі  орын 

алған  жағдайда,    Банк  мұндай  апаттар,  Дауыстық  меню  қызметіне  (IVR)  қызмет  көрсетудегі 

жаңылыс және іркілістер үшін жауапкершілікте болмайды.  

 

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 

186.


 

Банктің құқықтары

1)

 



Банк 

белгілеген 

уақыт 

кезеңі 


ішінде 

Операциялар 

Лимитінің 

және/немесе  

Операциялардың/Авторландырулардың ең жоғарғы санын белгілеу; 

2)

 



Клиенттің  (Карта/Қосымша  Карта  ұстаушы)  Шартты  және/немесе  Ережелерді  және/немесе 

Банктің  басқа  да  нормативтік  актілерін  және/немесе  ҚР  заңнамасын  сақтамаған  немесе 

сақтамағандығы  туралы Банк күмәнданған жағдайда,  сондай-ақ ТЖ ұсыныс бойынша алдын ала 

хабарламастан,  Картаны/Қосымша Карталарды және Шотты пайдалану  құқығын ішінара немесе 

толық шектеу; 

3)

 



ҚР заңнамасына және осы Стандартты талаптарда қарастырылған жағдайларда  Клиенттің Шот 

бойынша операциялар жасауына қарсы болу; 

4)

 

Клиенттің  Шотқа  орындалмаған  талаптары  болған  кезде  Клиенттің  Шотын  жабуға  нұсқауын, 



Клиенттің Шотында бұл нұсқауды орындауға ақша сомасы жеткіліксіз болған жағдайда Клиенттің 

нұсқауын  қабылдаудан бас тарту; 

5)

 

Клиенттен  төлем  жүргізудің  және  валюталық  операциялар  жүзеге  асырудың  негізділігін 



растаушы құжаттарды сұрау; 

6)

 



 Клиентке оның сұранысы бойынша банктік операциялар жүргізудің жалпы талаптары, сондай-

ақ Банк Тарифтері, Тарифтік жоспарлар туралы ақпарат беру; 

7)

 

 ҚР  заңнамасына  сәйкес  ақпараттың  құпиялылығын  қамтамасыз  ету  және  Клиенттің  Шот 



бойынша жүргізген операциялары туралы банктік құпияны сақтау; 

8)

 



 Клиентке  Кредит  лимитін,  Клиент  офертасын  акцептілеу  арқылы,  Клиентке  Өтінішке    сәйкес 

Кредит лимитінің мөлшері туралы хабарлау немесе Клиентпен Шартқа қол қою арқылы  беру; 

9)

 

  Кредит лимитін осы Стандартты талаптарда және/немесе Клиенттің өтінішінде қарастырылған 



тәртіпте және жағдайларда өзгерту; 

10)


 

Карта беру үшін Сақтандыру депозитін немесе Қамтамасыз етуді жүргізу талаптарын реттейтін  

жеке шарт жасаумен банктік шот ашып, басқа Қамтамасыз етуді салуды  талап ретінде белгілеу. Бұл 

ретте  Шарттың  әрекет  ету  уақытына    Клиент  аудару,  шоттан  ақшаны  алу  бойынша  активті 

операциялар жүргізуден бас тартуға келісімін беруі мүмкін, кепілге басқа міндеттемелер бойынша 

Картаны Қамтамасыз етуге берілген шоттың қалдығын  беру; 



11)

 

Картаны  Қамтамасыз  ету  бойынша  шартты  мерзімінен  бұрын  бұзудан  немесе  талаптарын 



өзгертуден бас тарту; 

12)


 

Картаны Қамтамасыз етуге кепіл құқығын Клиенттің Шарт бойынша барлық міндеттемелерін 

толық орындағанға дейін сақтау және Клиент Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісті 

орындамаған немесе Ережелерді сақтамаған жағдайда Кепіл мәнінен құн өндіру; 

13)

 

Карталар/Қосымша  Карталар  бойынша  шығыстар  Лимитін  белгілеу,  сондай-ақ  Клиентпен 



келіспей Кредит және/немесе шығыстар Лимиті  мөлшерін өзгерту; 

14)


 

Карталарды  белгілі  бір  Қызмет  көрсету  пункттерінде  және/немесе  елдерде  пайдалануға 

біржақты тәртіпте тыйым салу; 

15)


 

Клиент  Картаны  алуға  Клиент  Банкке  Картаны  алуға  өтініш  берген  күннен  бастап  3  (үш) 

күнтізбелік  айдан  артық  мерзімде    келмесе  немесе  Картаны  Банктің  банкоматы  ұстап  қалған 

жағдайда  Банк  Клиенттен  Картаны  қайтару  туралы  жазбаша  өтініш  алмаса,  Картаны  алып алған 

күннен бастап үш ай өткен соң Картаны жою;  

16)


 

 Карта  шығарған  үшін  төленген  (сондай-ақ  Шоттан  есептен  шығарылған)  комиссияны  және 

Клиент  жаңғыртылған  Картаны    алуға  ниет  білдірмеуіне  байланысты  және  Клиенттің  осы 

Стандартты талаптарды бұзған жағдайдағы басқа төлемдерді  қайтармау;    

17)

 

Клиенттің алдын ала келісімінсіз Шоттан келесідей сомаларды алып алу (есептен шығару): 





 

Операция  сомасы,  ол  бойынша  Банк  ТЖ-дан,  басқа  банктерден  немесе  процессингілік 

орталықтардан растау алған; 



 

Кредиттер бойынша  (негізгі борыштың, Кредит үшін Сыйақының мөлшерін, оның ішінде Рұқсат 

етілмеген  овердрафт,  Кредитті  уақытында  қайтармағаны  үшін  Сыйақыны,  тұрақсыздық  айыбын 

және т.б. қоса) берешектер сомасы; 



 

кез келген қате есептелген ақша, оған Қайтаруды, өзге жеке және заңды тұлғалардан есептеулерді, 

Шот бойынша Сыйақыны қоса, бірақ шектелмей;  



 

Клиенттің Банк алдындағы кез келген берешек сомасы; 



 

операция  жүргізу  күні  қолданыстағы  Тарифтерге  сәйкес  Шоттан  есептен  шығарылған  Банктің 

комиссиялық Сыйақысы; 

18)


 

 Шот  бойынша  1  (бір)  күнтізбелік  күн  ішінде  Операциялар  (қозғалыстар)  болмаған  жағдайда 

Клиенттің Шотын жабу және 500 теңгеге дейінгі соманы Банктің кірісіне есепке алу; 

19)


 

  өз қарастыруымен  Банктің  Кредитті талап ету сәтін белгілеу және Қорытынды  Шот-үзінді-

көшірмесін  жасап  және  Клиентке  жіберіп,  оның  ішінде  Клиент  Талаптарда  қарастырылған 

міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сондай-ақ Картаның әрекеті тоқтатылған кезде Клиенттің 

Берешекті толық көлемде өтеуін талап ету; 

20)


 

Клиент  Берешекті  өтеу  мерзімін  бұзған  жағдайда  және  Шотта  оны  өтеуге  жеткілікті  ақша 

болмағанда, Клиенттің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру 

қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» 

заңымен  қарастырылған  тұрғын  үй  төлемақысы  түрінде  алатын  ақшаны,  нотариусқа  депозит 

талаптарында  берілген  ақшаны  және  ҚР  «Мемлекеттік  білім  берудің  жинақтау  жүйесі  туралы» 

Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы 

ақшаны қоспағанда, Клиенттің Банкте және ҚР басқа да банктерінде ашылған басқа шоттарынан 

Берешекті өтеуге жеткілікті мөлшердегі ақшаны Клиенттің өкімінсіз есептен шығару және оларды 

Берешекті  өтеуге  жіберу.  Егер  есептен  шығаруды    жүргізген  шоттар  Шот  ашылған  валютадан 

өзгеше  валютада  ашылса,  мұндай  ақшаны  есептен  шығару  күнгі  Банктің  бағамы  бойынша  Шот 

валютасына  айырбастау; 

21)

 

Шоттан соманы Клиенттің бұрын жасаған Операцияларынан 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн 



ішінде есептен шығару, оның ішінде бас тартқан жағдайда Картаны Банкке қайтару күнінен әрекет 

ету мерзімі өтіп кеткенде немесе оның әрекет ету мерзімі біткенде Картаны оқшаулау; 

22)

 

қызмет  көрсету  сапасын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  Клиенттің    Төлем  карталарын 



ұстаушыларды қолдау қызметіне немесе Банктің басқа бөлімшелеріне хабарласқан кезінде онымен  

телефонмен сөйлесудің  жазбасын жүргізу, сондай-ақ жазбаны осындай жүгіну фактісін дәлелдеу 

ретінде пайдалану; 

23)


 

Шотқа  Кредит лимитін Банк рәсімдеріне және ережелеріне сәйкес беру; 

24)

 

Клиент сенімсіз ақпарат бергені анықталған және/немесе оның қаржылық жай-күйі нашарлаған 



және/немесе  Клиент  пайдаланған  Кредитті  немесе  оның  бөлігін  өтеу  бойынша  міндеттемелерін 

орындамаған  жағдайда,  өтеу  мерзімін    1  (бір)  күнтізбелік  күннен  артық  кезеңге  кешіктірген 

жағдайда  Кредит  лимитінің  сомасын    жою    және  Картаны  оқшаулау  және  Клиенттен  берешегін 

мерзімінен бұрын өндіру; 



25)

 

Клиенттің  пайдаланған  Кредитті  немесе  оның  бөлігін  өтеу  бойынша  міндеттемелерін 



орындамау  жағдайлары  анықталған  кезде,  өтеу  мерзімі  40  (қырық)  күнтізбелік  күннен  артық 

кешіктірілген жағдайда,  Клиенттің берешегін мерзімінен бұрын өндіру; 

26)

 

Клиенттің ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Кредит бюросына ол туралы ақпаратты беруге 



және  кредит  есебін  алуға  келісімін,  сондай-ақ  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік 

корпорациясы» коммерциялық емес АҚ беретін жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын 

міндетті зейнетақы  жарналары туралы ақпаратты алуға келісімін шектелмеген мәрте пайдалану; 

27)


 

ҚР  валюта  заңнамасына  сәйкес  Клиенттен  Шот  бойынша  операциялар  жүргізуге  қажетті 

құжаттарды талап ету және талап етілген құжаттарды бергенге дейін Шот бойынша Операциялар 

жүргізбеу;   

28)

 

Клиент  пайдаланылған  Кредитті  немесе  оның  бөлігін  өтеу  міндеттемелерін  орындамаған 



жағдайда, 1 (бір) күнтізбелік күннен артық кезеңге өтеу  мерзімін кешіктірген жағдайда, есептеу 

сәтіне шотты жапқан жағдайда, Клиенттің Шотына Қайтаруды жүргізбеу.   

29)

 

Сыйақыны Клиенттің теңгеде ашылған Шоттағы ақша қалдығына Тарифтерге сәйкес есептеу 



(кредит лимиті, техникалық овердрафт сомасын есепке алмастан). Сыйақыны есептеу кезінде жыл 

360 күнге тең деп алынады. Есептелген сыйақы сомасы Клиенттің Шотына ай сайын соңғы банктік 

күні есептеледі.  

30)


 

Клиентке  қашықтықтан  байланыс  арналары  (Банк  белгілеген  тәртіпте  және  талаптарда 

қолданылатын  электронды  почта  (e-mail),  почталық  байланыс,  «SMARTBANK»  ҚБҚКЖ,  SMS-

хабарлама,  телефон,  факс,  банкомат,  АТТ,  USSD  –  код  арқылы  Клиент  пен  Банк  арасындағы 

ақпараттарды  беру  құралдары)  арқылы  хабарлап  және  келісімін  алып  Шартқа  қосымша  келісім 

жасамастан Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту.  

187.

 

Банктің міндеттері



1)

 

Клиентке Шот ашу және Карта беру; 



2)

 

Картаға осы Шартқа және Ережелерге сәйкес қызмет көрсету; 



3)

 

Өтініш  негізінде    Банк  Өтінішті  мақұлдаған  және  растаған    және  Клиенттің  Картаны 



берген/қызмет көрсеткені үшін Сыйақы төлеген күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде  Картаны 

Карта  ұстаушыға  немесе  Карта  ұстаушының  берген  сенімхаты  (нотариалды  куәландырылған) 

негізінде  әрекет  ететін  оның  сенім  көрсетілген  тұлғасына,  алдын  ала  Шарттың  Стандартты 

талаптарымен  және  Ережелермен  таныстырып    беру.  Карта  беру  туралы  өтінішті    Банк  5  (бес) 

банктік күн ішінде қарастырады; 

4)

 



Клиентке  Шот бойынша,  Тарифтерде  белгіленген  Сыйақы  үшін жазбаша сұрату  алған  күннен 

бастап 3 (үш) банктік күн ішінде үзінді-көшірме беру; 

5)

 

Клиентке Картаның Жоғалғаны немесе ұрлатқаны туралы хабарламаны  тәулік бойы қабылдау 



мүмкіндігін қамтамасыз ету, ал оны алған жағдайда – Картаны ары қарай пайдалануды болдырмас 

үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету; 

6)

 

Клиенттің өтініші бойынша өтеусіз айына бір реттен жиі емес  жазбаша түрде үш банктік күннен 



артық  емес  мерзімге  кезекті  түсетін  ақшаны  Шарт  бойынша  берешекті  өтеу  есебіне  (негізгі 

борышқа,  Сыйақыға,  комиссияларға,  тұрақсыздық  айыптарына,  айыппұлдарға  және  басқа  да 

төленуі тиіс сомаларды төлем мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсетумен) бөлу туралы ақпарат 

беріп отыру; 

7)

 

тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарын алған күннен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде Шотқа 



Клиенттің пайдасына түскен ақшаны аудару; 

8)

 



Клиенттің  Шарт  бойынша  берілген  ақшаны  Банкке  мерзімінен  бұрын  ішінара  немесе    толық 

қайтару  туралы  өтініші  бойынша  –үш  банктік  күннен  аспайтын  мерзімде  негізгі  борышқа,  

Сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыптарына, айыппұлдарға және басқа да төленуі тиіс сомаға 

бөлінген  қайтарылуы  тиіс  соманың  мөлшері  туралы  мерзімі  кешіктірілген  төлемдерді  көрсете 

отырып, ақысыз хабарлау; 

9)

 



Клиентке  міндеттемелерін  орындау  мерзімі  кешіктірілгені  және  Кредит  лимитін  беру  туралы 

шарт  бойынша  төлемдерді  енгізу  қажеттігі  туралы,  осы  Шартқа  сәйкес  ай  сайынғы  үзінді-

көшірмелерді беру арқылы хабарлау;  

10)


 

егер шарт жасаған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Клиент Қарызды қайтарса, Банк 

мұндай  жағдайда  Қарызды  қайтарғаны  үшін  тұрақсыздық  айыбын  немесе  айыппұл  санкциялары 

басқа түрлерін, Қарыз берген күннен бастап есептелген Сыйақыны қоспағанда, есептемейді;  

11)

 

Шарт бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаларға  берген кезде (егер құқығын беру Шартта 



қарастырылса) бұл туралы үш банктік күн ішінде борышкерге  (оның уәкілетті етілген тұлғасына) 

талап  қою  құқығының  толық  көлемін,  негізгі  борышқа,  Сыйақыға,  комиссияға,  тұрақсыздық 



айыбына  және  басқа  төленуі  тиіс  сомалардың  басқа  түрлеріне  бөлінген  ағымдағы  және  мерзімі 

кешіктірілген берешектің қалдығын көрсете отырып, сондай-ақ  Банкке немесе талап қою құқығы 

берілген тұлғаға - Қарызды өтеу бойынша бұдан арғы төлемдерді  тағайындау туралы хабардар ету; 

12)


 

Интернеттегі  Банктің  ресми  сайтында    (www.eubank.kz)  және  Банк  үй-жайларында  осы 

Шарттағы, Тарифтердегі және Ережелердегі өзгерістер туралы олар күшіне енген күнге дейін кем 

дегенде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын  хабарландырулар жариялау;  

13)

 

Клиенттің  ҚР  және  одан  тыс  басқа банктердегі (банктік  операциялардың жекелеген  түрлерін 



жүзеге асыратын ұйымдардағы) шоттарынан ақшаны есептен шығарған жағдайда, Клиент Банктің 

шотты тікелей дебеттеумен байланысты барлық шығындарын өтейді. 

14)   Шарттың, Кредит лимитін беру туралы шарт талаптарының жақсару жағына қарай өзгергені 

туралы Клиентті осындай өзгерістер күшіне енген күнге дейін кемінде 14 (он төрт) күнтізбелік күн 

бұрын  өзінің  қарастыруы  бойынша  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  немесе  филиалдарда 

және/немесе Банктің сайтында хабарландыру орналастыру не пошта бойынша хабарламалар жолдау 

арқылы хабардар ету. 

Дополнить:  

 

187-1.


 

Банкке мынадай тыйымдар  салынады: 

 ●   Клиентпен Кредит лимитін беру туралы шартты жасаған күнде белгіленген Кредит лимитін беру 

туралы шарттың талаптарын, оларды Клиент үшін жақсартатын жағдайларды қоспағанда, біржақты 

тәртіпте өзгерту. 

Клиент үшін талаптарды жақсарту дегеніміз: 

-  тұрақсыздық  айыбын  (айыппұлды,  өсімпұлды)  азайту  жағына  қарай  өзгерту  немесе  толығымен 

күшін жою; 

- Кредит лимитін беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту; 

- Кредит лимитін беру туралы шарттың талаптарын жақсартатын басқа да өзгерістер. 

• 

   Кредит  лимитін  беру  туралы  шарт  аясында  жаңа  комиссия  түрлерін  біржақты  тәртіпте 



ендіру. 

• 

   Негізгі борышты немесе Сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне сәйкес келген және 



Сыйақыны не негізгі борышты төлеу одан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылатын жағдайда 

тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін алу. 

188.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет