«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

264-3. Банктің Клиентке ұсынатын «USSD-банкинг» қызметі аясындағы қолжетімділік мүмкіндігі 

мен шарттары, операцияларды, қызметтерді теру және олардың көлемін Банк дербес белгілейді.  

264-4. «USSD-банкинг» қызметін іске қосу мезеті Клиенттің осы Шарттың талаптарын қабылдағаны 

болып есептеледі.   

264-5.  «USSD-банкинг»  қызметін  ұсыну  кезінде  Банк  берілетін  ақпараттардың  қауіпсіздігі  мен 

құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялар қолданады.  

264-6.  Клиент  осы  арқылы  «USSD-банкинг»  қызметіне  қолжетімділік  беретін  ұялы  құрылғы  мен 

өзге  құралдар  Клиенттің  иелігіндегі,  пайдаланылатын  және  қарамағында  екендігімен,  «USSD-

банкинг»  қызметі  арқылы  берілетін  кез  келген  ақпаратқа  қатысты  қауіпті  және  жауапкершілік 

жүктейтінімен сөзсіз келіседі.  



3.

 

Қызмет көрсету талаптары 

264-7.  «USSD-банкинг»  қызметіне  қолжетімділік  клиенттің  ұялы  құрылғыдан  *979#  (шақыру 

қызметі) командасын теру арқылы Клиентке тегін көрсетіледі. 

264-8.  «USSD-банкинг»  қызметінің  көмегімен  банктік  шоттардың  (карточкалық,  ағымдағы, 

депозиттік)  жай-күйі,  берешектің  қалдығы  туралы  ақпаратты  алуға  және  Клиенттің  кредиттері 

бойынша  толығырақ  ақпаратты,  нақты  валюта  бағамдарын,  өзінің  банктік  шоттарынан 

транзакциялық  операцияларды  жүзеге  асыруға  болады.  Қызмет  мәзіріне  қолжетімділік    «*979#» 

USSD-сұратудың  көмегімен  жүзеге  асырылады  («Kcell»,  «Beeline»,  «TELE2»,  «Altel»  ұялы 

байланыс абоненттері үшін).  

264-9. Ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау үшін Клиентке мобильді құрылғыны үшінші тұлғаларға 

беруге тыйым салынады. «USSD-банкинг» қызметіне қосылу жүзеге асырылған мобильді құрылғы 

жоғалған жағдайда, қызметке қолжетіміділікті оқшаулау үшін Клиент дереу телефон арқылы Карта 

ұстаушыларға қолдау көрсету қызметіне осы жайлы хабарлау қажет.    Карта ұстаушыларға қолдау 

көрсету қызметіне қоңырау шалып «USSD-банкинг» қызметіне қолжетімділікті оқшаулаудан алуға 

болады.   

264-10. «USSD-банкинг» қызметіне аталған қызмет іске қосылған мобильді құрылғыдан тәулігіне 

24 сағат (профилактикалық, регламенттік және жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытын қоспағанда 

күнделікті, үзіліссіз) қолжетімді. 

264-11.  «USSD-банкинг»  қызметін  көрсету  кезінде  профилактикалық  және  регламенттік 

жұмыстарды  орындау  мақсатында  болатын  техникалық  үзілістер  Банктің  ресми  сайтында  тиісті 

ақпаратты жариялау арқылы Клиентке алдын ала хабарлаумен жүргізіледі.    

4.       Тараптардың құқықтары мен міндеттері 

264-12. Банктің құқықтары: 

1)

 

Шартпен  белгіленген  тәртіпте  «USSD-банкинг»  қызметінің  мәзірінде  ұсынылатын 



операцияларды,  қызметтер  мен  функцияларын  теруді  және  көлемін,  сондай-ақ  оларды  көрсету 

тәртібін,  сипаты  мен  тәсілін  кез  келген  мезетте  және  өз  қалауымен  өзгерту;  «USSD-банкинг» 

қызметін көрсету талаптарын және жекелеген операцияларды төлеу тәртібін өзгерту, оның ішінде 

Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу

2)

 

Клиент жасаған барлық операциялар туралы ақпаратты сақтау; 



3)

 

Келесі  жағдайларда  Клиентке  алдын  ала  хабарламастан  «USSD-банкинг»  қызметіне 



қолжетімділікті тоқтата тұру (оқшаулау): 

 

Клиенттің осы Шарт талаптарын бұзуы – орын алған бұзушылық жойылғанға дейінгі мерзімге; 



 

«USSD-банкинг» қызметін Клиент қолданбайды деп болжауға негіз беретін жайттар болғанда – 



осы жайттар анықталған мерзімге; 

 



«USSD-банкинг» қызметін көрсету кезінде техникалық жарамсыздықтар туындауы – олар 

жойылғанша; 

4)

 

«USSD-банкинг» қызметін көрсетуге жұмылдырылған бағдарламалық-техникалық құралдардың 



техникалық  сипаттамалары  мен  параметрлерін  жоспарлы  немесе  жоспардан  тыс  өзгерту,  оның 

ішінде аталған қызметті 72 сағаттан аспайтын мерзімге уақытша тоқтата тұрумен. 

264-13. Банктің міндеттері: 

1)

 



Клиентке «USSD-банкинг» қызметін осы Шартқа сәйкес сапалы және уақтылы көрсету; 

2)

 



Ақпараттарды беру аталған операцияны орындаудың міндетті талабы немесе осындай ақпаратты 

беру  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  міндетті  болып  табылатын 

жағдайларды  қоспағанда  «USSD-банкинг»  қызметі  арқылы  операцияларды  орындау  және 

қызметтерді басқару кезінде Клиент беретін жеке сипаттағы ақпараттардың құпиялылығын сақтау; 



3)

 

«USSD-банкинг» қызметін көрсету талаптарындағы өзгертулер туралы Клиентке олар 

бекітілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей хабарлау. 

264-14. Клиенттің құқықтары: 

1)

 



«USSD-банкинг» қызметі арқылы өз шоттары және валюта бағамдары бойынша ақпараттар алу; 

2) «USSD-банкинг» қызмет мәзірінде ұсынылатын транзакциялық операциялар жүргізу;  



264-15. Клиенттің міндеттері: 

1)

 



осы Шарттың талаптарымен танысу және орындау; 

2)

 



ұялы құрылғыға қолжетімділікті PIN-құпия сөзі арқылы немесе ол жабдықталған биометрикалық 

датчиктер  арқылы  оқшаулауды  қосқанда,  «USSD-банкинг»  қызметін  қолдану  кезінде  қажетті 

қауіпсіздік шараларын сақтау; 

3)

 



 «USSD-банкинг»  қызметін  қолдану  үшін  қажетті  өз  деректемелеріндегі  өзгерістер  туралы 

Банкке хабарлау; 

4)

 

мобильді  құрылғы  жоғалған  жағдайда  бұл  туралы  телефонмен  Карта  ұстаушыларға  қолдау 



көрсету қызметіне дереу хабарлау және «USSD-банкинг» қызметін оқшаулау

5)

 



құралдың  экранына  шыққан  ақпаратты  мұқият  оқу,  ұсынылатын  нұсқалар  ішінен  өз 

мақсаттарына сәйкесін таңдау және и енгізілетін ақпараттың дұрыстығын мұқият тексеру; 

6)

 

Интернеттегі сайттан (www.eubank.kz) немесе Банктің үй-жайларынан осы бөлімнің өзгерістері 



(толықтырулары) туралы ақпараттың бар-жоғын тексеру, осындай ақпарат болған жағдайда – оны 

мұқият оқу. 



5. Тараптардың жауапкершіліктері 

264-16.


 

Банктің  бақылауынан  тыс  салада,  оның  ішінде  мобильді  операторлардың  жұмысындағы 

іркілістер,  жеделділіктің  жеткіліксіздігі  себептері  бойынша  туындаған  кикілжің  жағдайлар  үшін  

Банк жауапкершілікте болмайды. 

264-17. «USSD-банкинг» қызметін көрсету бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті 

түрде орындамау техногенді сипаттағы, атап айтқанда: «USSD-банкинг» қызметінің жұмыс жасауы 

үшін  қолданылатын  күш  беруші  электрлік  немесе  компьютерлік  желілердегі  немесе  өзге  электр 

байланыс жүйелеріндегі  апаттар (жұмыстағы  іркілістер) салдарынан,  сондай-ақ  «USSD-банкинг» 

қызметінің  жұмыс  жасауын  бұзуға  бағытталған  үшінші  тұлғалардың  заңға  қарсы  қасақана 

әрекеттерінің нәтижесінен болса, Банк жауапкершіліктен толықтай босатылады.      

264-18.  Клиент  ақпаратының  толық  немесе  ішінара  жоғалту  Клиенттің  өзінің  әдейі  немесе 

байқаусыз әрекеттерінен орын алса, Банк жауапкершіліктен босатылады. «USSD-банкинг» қызметі 

қолданылатын  құралдағы  зиянды  бағдарламалардың  жұмыстары  нәтижесінде  Клиенттің  құпия 

ақпаратының  ұрланғаны,  бүлінгені  немесе  жоғалғаны  үшін  және  осының  салдарлары  үшін  Банк 

жауапкершілікте 

болмайды.   

264-19.  Клиент  «USSD-банкинг»  қызметінің  көмегімен  жасалған  барлық  операциялар  үшін,  осы 

деректердің сақталуы мен құпиялылығының қамтамасыздығына, осындай ақпараттың сақталуы мен 

құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмауы нәтижесінде туындауы мүмкін 

шығындар мен басқа салдарлар үшін жауапкершілікте болады.       

264-20.  Клиент  ұялы  телефондарды  жойылу,  ұрлату,  жоғалту  және  жоғалтудың  өзге  жағдайлары 

немесе оларды үшінші тұлғаларға берудің нәтижесінде Клиент операциялары туралы ақпараттың 

ашылу салдары үшін жауапкершілікте болады.   

 

 



VII БӨЛІМ. ТАРАПТАРДЫҢ СТАНДАРТТЫ ТАЛАПТАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ӨЗГЕ 

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

 

1-тарау. Банктың құқықтары мен міндеттері  

265. Банктің құқықтары: 

1)

 



Стандартты  талаптарды  Клиент  үшін  жақсару  жағына  қарай  біржақты  тәртіпте  өзгерту;  Банк 

осындай  түзетулердің  енгізілуі  жайлы  Клиентке  хабарлауға  міндетті,  сонымен  қатар  Клиент 

түзетулермен  келіспеген  жағдайда  ол  жазбаша  түрде  сол  жайлы  Банкке  хабарлауы  тиіс;  бөлшек 

кредит беру бойынша Клиент Банк ұсынған жақсартатын талаптардан бас тарта алады, бұл ретте ол 

Банк хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде Банкке хабарлауы тиіс. Бұл 

заңнамаға  қайшы  келмеген  және  Клиент  Банк  алдындағы  барлық  міндеттемелерді  орындаған 

жағдайда Клиент Шартты бұзуға құқылы; 

2)

 



ҚР заңнамасымен және осы Стандартты талаптармен қарастырылған жағдайларда Клиент Шоты 

бойынша операцияларды жүргізуден бас тарту. 

3)

 

Клиент  Шотында  тапсырманы  орындауға  қажетті  ақша  сомасы  жоқ  болған  жағдайда 



тапсырмасын  қабылдап  алудан  бас  тартуға,  сонымен  қатар  Клиент  Шотына  қойылатын 

орындалмаған талаптар бар болған жағдайда Клиент Шотын жабудан бас тарту. 

4)

 

Клиенттен Кредиттік досьені/досьені жасауға қажетті құжаттарды ұсынуды талап ету, сонымен 



қатар Клиенттен Банк қажет ететін кез келген ақпаратты Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде қалаған 

уақытта  талап ету. 

5)

 

Осы  Стандартты  талаптарда  қарастырылғаннан  басқа  ҚР  заңнамасына  сәйкес  Клиент  Шоты 



бойынша  жүргізілетін  операцияларға  қатысты  банктік  құпияны  сақтауға  және  ақпарат 

құпиялылығын қамтамасыз ету. 

6)

 

Клиенттің  банктік  шотында  ақша  болған  жағдайда  Клиенттің  Стандартты  талаптарға  қосылу 



кезінде білдірілген келісімін ескере отырып, Берешекті өтеу үшін шотты тікелей дебеттеу.  

7)

 



Клиенттен  Өтініш,  Стандартты  талаптармен  және/немесе  Тарифтермен  қарастырылған 

Қарызды/Кредитті  пайдалану  үшін  Сыйақыны,  төлемді,  комиссияны,  өсімпұлды,  сонымен  қатар 

өзге де төлемдерді өндіріп алу; кез келген уақытта Клиенттен Клиентке шот/талапты ұсыну арқылы 

пайда болған Берешекті/Мерзімі өткен берешекті  өтеуі талап ету; 

8)

 

Қызмет  көрсету  сапасын  бақылау  мақсатында  Клиенттің  Төлем  карталар  ұстаушыларын 



қолдау  қызметіне  жүгіну  кезіндегі  Клиентпен  телефон  арқылы  жүргізілген  келіссөздерді  жазу, 

сонымен қатар осындай жүгіну орын алғанын дәлелдеу мақсатында осы жазбаларды пайдалану; 

9)

 

берешек/мерзімі  өткен  берешек  пайда  болған  жағдай  жайлы  Өтініште  нөмірлері  көрсетілген 



телефондар бойынша хабарлау; 

10)


 

Шартта  және  Стандартты  талаптардың  шеңберіндегі  өзге  құжаттарда,  сонымен  қатар  ҚР 

заңнамасында белгіленген барлық құқықтарын пайдалануға құқылы. 

266.  Банк  төмендегі  жағдайлардың  қайсыбірі  орын  алған  жағдайда  Банктік  қарыз  шарты/ 

Кредиттік лимит беру туралы шарты (бұдан әрі бірге және жекелей «Кредит шарт» деп аталатын) 



бойынша  барлық  немесе  қайсыбір  міндеттеменің  тоқтатылуы  жайлы    біржақты  тәртіпте 

мәлімдеуге және/немесе Клиент Берешектерінің барлық сомаларын мерзімінен бұрын өтеуді талап 

етуге құқылы: 

1)

 

Клиент  тарапынан  Кредит  шартында  қарастырылған  валютамен  және  тәсілмен  төлем  күніне 



Кредит шарты талаптарының кез келген себеп бойынша орындалмауы; 

2)

 



Клиент немесе байланыстырылған тұлға (Қосарлас қарыз алушы, Кепіл беруші, Қосымша карта 

ұстаушысы және т.б.) қолданылатын заңнамалық нормаларды немесе Кредит шарт талаптарының 

қайсыбірін немесе онымен байланыстырылған құжаттарды бұзуы немесе орындамауы; 

3)

 



Банкте  Клиентпен  немесе  байланыстырылған  тұлғамен  осы  Стандартты  талаптарына,  Кредит 

шартқа  сәйкес  берілген  өтініштердің  немесе  кепілдіктердің  қайсыбірі  немесе  Шартқа  қатысты 

ақпарат аясында және/немесе құжаттарда көрсетілген деректері күмәнді, толымсыз болуына немесе 

заңдық күшін жоғалтқанына негіздің бар болуы;  

4)

 

Клиенттің толығымен немесе ішінара іс-әрекетке қабілеттілігін жоғалтуы; 



5)

 

Клиент  немесе  байланыстырылған  тұлғаның    Банк  пікірі  бойынша  талап  сомасы  Клиент 



тарапынан  Кредит  шарт  бойынша  қаржылық  міндеттемелердің  толығымен  және  уақытылы 

орындалуына қауіпі бар немесе қауіпті болуы мүмкін сот процесіне қатысуы; 

6)

 

Клиент  немесе байланыстырылған  тұлғаның  қайсыбір  Берешегінің  уақытылы  өтелмеуі  немесе 



Берешекті мерзімінен бұрын өтеуді талап ету қажеттілігінің бар болуы; 

7)

 



Клиент  немесе  байланыстырылған  тұлға  меншігінің  барлығының  немесе  қомақты  бөлігінің 

бағасының түсуі, зақымдануы, тәркіленуі немесе Банк пікірі бойынша осындай жағдайлардың орын 

алу мүмкіндігінің бар болуы;   

8)

 

Келесідей жағдайлар орын алған жағдайда: 



а) Клиент ҚР сыртқары жерге тұрақты тұрғылықты тұру үшін көшуі; 

б) Клиенттің отбасы жағдайының өзгеруі; 

в) Клиент иелігіндегі жұбайлардың кез келген бірлескен меншігінің бөлінуі; 

г) Мүлік тұтастай немесе ішінара Клиент қадағалауында болуы; 

д) Клиент мүлкіне немесе оның бөлігіне тыйым салынуы (немесе тыйым салу нақты қауіпінің төнуі) 

және таяудағы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тыйымның алынуының болжалмауы

е) Клиент меншігін толығымен немесе қомақты бөлігін үшінші тұлғаның немесе мемлекеттің сатып 

алуы, одан айырылуы, оның экспортталуы немесе мемлекет меншігіне айналдыру;  

9)

 

Клиент қандай да бір себепке қарамастан Кредит шарт бойынша міндеттемелерін орындай және 



өз құқықтарын пайдалана алмауы; 

10)


 

Уақыттың  кез  келген  сәтінде  Кредит  шарты  бойынша  қандай  болса  да  немесе  барлық 

міндеттемелерінің  орындалуы  заңға  қайшы  немесе  заңсыз,  жарамсыз,  орындалуға  міндетті  емес 

болуы және атқарыла алынбауы; 

11)

 

Клиент  немесе  байланыстырылған  тарап  одан  алынуға  тиесілі  сомаларды  өтеуге  қатысты 



құзырлы сот органының шешімін орындамауы; 

12)


 

Банк  Клиенттің  Кредит  шарт  бойынша  өзінің  міндеттемелерін  толығымен  және  уақытылы 

орындауына қатысты нақты қауіп бар деп ойлауы

13)


 

Клиент шектеусіз барлық Кредит шарттарды қосқанда, осы Шартқа қол қойғанға дейін немесе 

қол қойғаннан кейін жасалған өзге Шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы;  

14)


 

Қарыз/Кредит желісі/ овердрафт берілген мерзім аяғына дейін Клиент пен оның жұмыс берушісі 

арасындағы еңбек қарым-қатынастары аяқталуы;  

15)


 

Клиентке  Клиент  табысына  Банктің  негізгі/қомақты  үлесін  құрайтын  қызметтерді  көрсету 

қарым-қатынастарының тоқтатылуы. 

267. Кез келген Бұзушылық орын алған жағдайда Банк Клиенттен қосымша келісімін алмай оған 1 

(бір)  жұмыс  күн  бұрын    хабарлап,  Банк  мүдделерін  қорғауға  жеткілікті  және  қажет  кез  келген 

әрекеттерді (өз бетінше, сот тәртібінде немесе соттан тыс тәртіпте) қолдануға және Клиент өтеуі  

тиіс  Берешектің  толық  сомасын  алуға,  соның  ішінде  үшінші  тұлғаларға  (соның  ішінде  борыш 

агенттіктерге) тапсырмаларды беруге, Клиенттің Кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алуға 

және  осыған  байланысты  осындай  үшінші  тұлғаларға  кредиттік  досье  мен  мұндай  қызметтерді 

көрсетуге қажетті Клиентке қатысты Банктегі басқа ақпаратты ұсынуға құқылы. 

268. Банк бұзушылық орын алуына байланысты келтірілген кез келген және барлық шығыстарды 

Клиент есебіне жатқызуға құқылы. 

269.  Кредит  шарты  әрекет  етуін  Кредит  шартымен  және/немесе  қолданылатын  заңнамалық 

нормалармен қарастырылған тәртіпте және талаптарда тоқтатылады. 



270. Банктің міндеттері: 

1)

 



Клиентке міндеттемелерді орындаудың мерзімі кешіктірілгені және төлемдерді төлеу және Шарт 

бойынша өзге міндеттемелерді орындау қажеттілігі жайлы хабарлауға; 

2)

 

 «Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР заңымен бекітілген 



мерзім ішінде Клиентің жазбаша өтінішін қарастырып оған жазбаша жауап дайындау; 

3)

 



Клиентке  жазбаша  сұрату  алынған  күннен  бастап  3  (үш)  банктік  күн  ішінде  Тарифтерде 

бекітілген Сыйақыға Шот бойынша үзінді-көшірмелерді ұсыну; 

4)

 

Шартқа  және  өзге  құжаттарға,  сонымен  қатар  ҚР  заңнамасына  сәйкес  алынған  барлық  өзге 



міндеттемелерді орындауға міндетті. 

 

2-тарау. Клиенттің құқықтары мен міндеттері 

271. Клиенттің құқықтары: 

1)

 



Көрсетілетін  қызметтерге  қатысты  даулы  мәселелер  туындаған  жағдайда  Банкке  жазбаша 

хабарласуға  және  2007  жылғы  12  қаңтардағы  «Жеке  және  заңды  тұлғалардың  жүгінулерін 

қарастыру тәртібі туралы» ҚР заңымен бекітілген мерзімде жауап алу; 

2)

 



Шоттағы  ақшаға  өз  қалауынша  иелік  ету,  шот  бойынша  үзінді-көшірме  алу,  ҚР  заңнамасына, 

Банк ІНҚ-қа мен Шартқа сәйкес Шотты жабу;  

3)

 

Стандартты талаптар шеңберінде Шартта және өзге құжаттарда, сонымен қатар ҚР заңнамасында 



бекітілген барлық басқа құқықтарды пайдалануға құқылы. 

272. Клиенттің міндеттері

1)

 

Өтініште, шарттарда және басқа құжаттарда сенімді ақпаратты көрсету; 



2)

 

Шотты пайдалануды бақылау, айына 1 реттен кем емес үзінді-көшірме алу және оны тексеру



3)

 

Банк Тарифтерінде көрсетілген комиссиялық алымдарды, сонымен қатар Шарттың талаптарынан 



шығатын басқа төлемдерді уақытылы төлеу; 

4)

 



Банкке  Өтініште  және  басқа  құжаттарда  көрсетілген  ақпараттың  өзгеруі  жайлы  өзгертулер 

күшіне ену күнінен бастап 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей уақытылы хабарлау; 

5)

 

Банкке келтірілген шығындарды өтеу; 



6)

 

ҚР  заңнамасында  бекітілген  төлемдер/аударымдарды  жүзеге  асыру  мен  төлем  құжаттарды 



ресімдеу, валюталық операцияларды жүргізу ережелерін сақтау; 

7)

 



Клиент  Шотына  үшінші  тұлғалар  тарапынан  ұсынылған  Клиенттің  акцептілеуін  талап  ететін 

төлем тапсырмасын акцептілеуге немесе Клиенттен тапсырма алу күнінен бастап үш банктік күннен 

кешіктірмей оны акцептілеуден дәлелдеп бас тарту және оларды Банкке қайтару; 

8)

 



Банкке  кез  келген  өкім,    нұсқау,  ресми  талап,  рұқсат,  хабарлама  немесе  Қамтамасыз  етуге 

қатысты немесе қатысты бола алатын немесе Клиентке қандай болса да үшінші тұлға тарапынан 

ұсынылған кез келген құжат жайлы дереу хабарлау және оларды ұсыну; 

9)

 



Банкке Клиент жауапкер ретінде қатысатын барлық соттың істі қараушылықтары жайлы және 

Клиентке  үшінші  тұлғалар  тарапынан  қойылатын  барлық  наразылықтар  (талаптар)  жайлы  дереу 

хабарлау; 

10)


 

Шотқа Клиентке тиесілі немесе ақша қате түскен жағдайда Банкке дереу хабарлау және Банкке 

Шотқа қате түскен ақшаны 3 (үш) банктік күн ішінде қайтару; 

11)


 

ҚР салық органдарымен барлық есеп айырысуларды дербес жүргізу; 

12)

 

Банк сұранысы бойынша Банктен сұраныс  алынған күннен бастап 5 банктік күн ішінде өзінің 



қаржылық жағдайына қатысты мәліметтерді ұсыну; 

13)


 

Банк  ғимараттарында  немесе  Интернеттегі  ресми  сайттан  (

www.eubank.kz

)  Стандартты 

талаптардағы,  Шарттағы  және  Банк  Тарифтердегі  өзгертулермен  дербес  танысуға  міндетті.  Банк 

осы құжаттарға өзгертулерді енгізген жағдайда, Клиент осы өзгертулер күшіне ену күнінен 1 (бір) 

күн  ішінде  Банкке  Шартты  бұзу  және  Карталарды  немесе  Шотты  пайдалануды  тоқтату  немесе 

қосымша келісімді жасау ниеті жайлы жазбаша хабарлауға міндетті;  

14)

 

ҚР аумағындағы және аумағынан тыс орналасқан басқа банктердегі (банктік операциялардың 



жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы) Клиент шоттарынан ақша есептен шығарылған 

жағдайда  Клиент  шотты  тікелей  дебеттеумен  есептен  шығаруға  қатысты  Банктің  барлық 

шығыстарын өтеу; 

15)


 

Клиенттің  қаржылық  жағдайын  тексерулерін  өткізу  барысында  Банкке  жан-жақты  көмек 

көрсету; 

16)


 

Банкке Банктің бірінші талабы бойынша досьені құруға қажетті құжаттарды және Банк қажет 

ететін  кез  келген  құжаттаманы  және  ақпаратты  Шарттың  әрекет  ету  мерзімі  ішінде  кез  келген 

уақытта ұсыну;  

17)

 

Банкке басқа банктерде ашылған банктік шоттар жайлы, сонымен қатар Кредиттік берешегінің 



бар-жоғы және мөлшері жайлы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде хабарлау; 

18)


 

Шарт бойынша міндеттемелерді Клиенттің кез келген үшінші тұлғалар алдындағы барлық басқа 

міндеттемелеріне қарағанда бірінші кезекте орындау; 

19)


 

Өзінің  міндеттемелері  бойынша  қолданыстағы  ҚР  заңнамасына  сәйкес  өндіру  қолданылуы 

мүмкін барлық меншігімен (оның ішінде ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік 

құқықтар, құқықтар (талаптар), бағалы қағаздар, сонымен қатар Клиентке тиесілі кез келген басқа 

мүлік)  жауап  беруге  міндетті.  Міндеттемелер  орындалмаған  немесе  тиісті  орындалған  жағдайда 

тұрақсыздық  айыбын  төлеу  мен  шығыстарды  өтеу  Клиентті  Шартты  және  оның  ажыратылмас 

бөліктерін орындаудан босатпайды; 

20)


 

Шартқа және басқа құжаттарға, сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес алынған барлық басқа 

міндеттемелерін орындауға міндетті.  

 

VIII БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

273.  Шартқа  қосылған  Тарап  ҚР  АК-тың  389-бабының  2-тармағында  қарастырылған  негіздерге 



сәйкес  оны  бұзуды  талап  етуге  құқылы.  Осы  Шартты  бұзу  қосылған  Тарап  Банкпен  бекітілген 

нысанда  өтінішті  беру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Тараптар  толығымен  өзара  есеп  айырысқан 

жағдайда Шарт толығымен бұзылған болып саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет