сайтта және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, операциялық залдарында, бөлімшелерінде,
орналастыру арқылы енгізіледі.
275. Клиент Шарттың жаңа талаптарын толығымен қабылдайды; жаңа банктік өнімдер мен
қызметтерді тарту жалпы негізде осы Стандартты талаптармен белгіленген тәртіпте Өтініш-оферта
арқылы жүзеге асырылады.
276. Банк және Банкпен бұрын өнімдер/қызметтер бойынша шарттарды жасасқан Клиенттер
арасындағы өзара қарым-қатынастар бұрын жасасқан шарттар бойынша жалғасады. Осындай
Клиенттер жаңа өнімдерді тартқан жағдайда олар сайтта орналасқан Стандартты талаптарға жалпы
негізде қосылады.
277. Банкпен ҚР заңнамасымен шектеулер қойылмаған өнімдерге/қызметтерге қатысты ғана
Шартқа өзгертулер біржақты енгізіледі.
278. Клиент және кез келген қосылған Тарап Стандартты талаптарға енгізілген өзгертулермен
танысуға міндетті; Шартқа жаңа енгізілімдерді білмеу Клиентті немесе басқа қосылған Тарапты
Шартты орындауға қатысты міндеттемелер мен жауапкершіліктен босатпайды. Сонымен бірге Банк
ҚР заңнамасында және Шартта белгіленген барлық әдістермен (Байланыс құралдарымен) қосылған
Тарапқа өзгертулер, жаңа өнімдер және қызметтер жайлы хабарлауға бар ынтасын салады.
279. Осы Стандартты талаптардың басқа ережелеріне қарамастан, Банк Клиентке электронды
байланыс, СМС-хабарлар және/немесе факс бойынша (жоғарыда және бұдан әрі бірлесіп
«Байланыс құралдары» деп аталады): мынадай құжаттарды білдіреді.
Клиенттің Банктегі шоттары бойынша үзінді-көшірмелар;
Клиент атына жіберілетін Клиентпен Банкпен жүргізетін кез келген шоттар және/немесе
операциялар туралы мәліметтерден тұратын құжаттар, анықтамалар, хабарламалар, растаулар;
Банк Клиентке осы Стандарттық талаптардың ережелеріне сәйкес жіберетін басқа ақпарат.
280. Банк ақпаратты Клиентке Байланыс құралы арқылы берген жағдайда Клиент Стандартты
талаптарда анықталған тәртіпте және талаптарда жіберілетін, электронды және факсимиле
құралдары арқылы ақпарат беру Банктің Банктік қызмет көрсету туралы өтініш-оферта/шарттардың
және осы Стандартты талаптардың ережелеріне сәйкес Клиентке Ақпарат беру міндеттемелерін
орындауға жеткілікті екенін мойындайды.
281. Клиент Байланыс құралы арқылы алынған Ақпараттың заңдық тұрғыдан Банктің уәкілетті
тұлғалары қолдарымен және Банк мөрімен бекітілген қағаз жүзіндегі тиісті құжаттарды алумен тең
болатынына келіседі.
282. Осы арқылы Клиент Байланыс құралы арқылы Ақпарат беру Клиенттің Ақпаратты қауіпсіз
түрде алуын қамтамасыз етпейтінін және үшінші тұлғалардың Ақпаратқа қол жеткізу қауіп бар
екенін растайды. Осы арқылы Клиент ақпарат берудің мұндай нысандарын пайдаланумен, мұнымен
қатар Ақпаратты алмаумен немесе уақытында алмаумен, үшінші тұлғалар тарапынан
санкцияланбаған (рұқсат етілмеген) қол жеткізу мүмкіндігімен, оның ішінде алаяқтық әрекеттер,
Ақпаратты әдетте Клиенттің тапсырмасымен компьютерлік жабдықты, ұялы (мобильді) телефон
немесе Клиент офисінде/үйінде немесе басқа жерде орналасқан факс аппаратын пайдаланып
алатынына байланыссыз, Клиенттің және үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануымен және тиісті
түрде пайдаланбауымен байланысты бүкіл және кез келген тәуекелді өзіне қабылдайды.
283. Клиент Банктің Ақпарат беру процесінде, Ақпаратты беру, алу және/немесе растау үшін
пайдаланылатын компьютердің, факсимиле немесе басқа жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуінен
болған қандай да бір бұзушылық үшін жауапкершілікте болмайтынымен келіседі.
284. Клиент сондай-ақ Банктің осы Шарт бойынша міндеттемелерін аса ұқыпсыз орындауы немесе
қасақана орындамауы нәтижесінен болған шығын екені дәлелденбесе, Банктің осы Стандартты
талаптар бойынша міндеттемелерін орындауы және/немесе тиісті түрде орындамауы нәтижесінде
Клиент шегуі мүмкін шығындар үшін жауапкершілікте болмайтынымен келіседі.
285. Банк Ақпаратты электронды пошта және/немесе факс арқылы бергенде Клиент Банктің
Байланыс құралы бойынша Клиентке берген ақпаратына байланысты туындауы мүмкін кез келген
наразылықтар мен талаптардан Банкті сөзсіз босатады.
286. Банк пен Клиент арасында басқаша келісілмесе, Клиент Банктің көрсеткен қызметінің ақысын
төлеуге, сондай-ақ Клиенттің тапсырмаларын/нұсқаулықтарын Клиент нұсқаулығын орындау
валютасымен орындаумен байланысты Банктің барлық шығыстарының орнын Банктің
қолданыстағы Тарифтерінде қарастырылған мөлшерде және талаптармен өтеуге кепілдік береді.
Банк Тарифтерін ҚР заңнамасында рұқсат етілген шекте Банк біржақты өзгертуі мүмкін.
287. Банктің Клиент Шотынан ақшаны оның алдын ала келісімінсіз комиссия сомасының есебіне
тікелей есептен шығару арқылы өз қызмет ақысын (комиссияны) алып алуға құқығы бар. Шотта
есептен шығарылуы тиіс осы комиссия валютасында ақша жеткіліксіз болған жағдайда Банк
Шоттан комиссияның басқа валютадағы қажетті балама сомасын айырбастауға және комиссия
сомасын жабуға құқығы бар. Ақша айырбастау Банк есептен шығаратын күні белгілеген ағымдағы
бағам бойынша жүргізіледі.
288. Егер Шоттағы ақша Банк қызметін төлеуге жеткіліксіз болса, Банктің өз қарастыруы бойынша
ҚР заңнамасына сәйкес Клиент берешегін өтеуге құқығы бар.
289. Банктің Шот бойынша Үзінді-көшірмеге комиссиясын есептен шығаруды енгізуге және бұл
ақпарат Банктің тиісті қызметімен байланысты құжаттардан алынуы мүмкін емес болатын жағдайда
қосымша жазбаша есептер беруге құқығы бар.
290. Банк әрбір күнтізбелік айдың басында немесе Карточкалық операциялар үшін Шот/Ағымдағы
шот ашылатын күні Карточкалық операциялар үшін Шот/Ағымдағы шотқа қызмет көрсетілгені
үшін комиссия алады.
291. Осы арқылы Тараптар мынадай жағдайларда:
Шартты тоқтатуға, Карточкалық операциялар үшін Шот/Ағымдағы шотқа қызмет
көрсетілгені үшін Клиент төлеген комиссия қайтарылуы тиіс емес екенін;
Банктің ІНҚ қарастырылған кезең ішінде Клиенттің бастамасымен Шот бойынша
Операциялардың жоқ болған кезінде Банктің Клиентті қосымша хабарландырмай Шотқа қызмет
көрсетуді басқа Тарифке ауыстыруға құқығы бар .
292. Қосылу шарты шеңберінде жасалған шарттарды өзгерту, бұзу немесе ұзартуды Тараптар, осы
Шартта тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда Тараптардың уәкілетті өкілдері қол
қоятын қосымша келісімдер арқылы ресімдейді. Кейінгі күн қойылған өзгерістердің және/немесе
толықтырулардың басымдық күші бар.
293. Тараптар Шартқа байланысты туындайтын қандай да бір құқықтар мен міндеттерді екінші
Тараптың алдын ала жазбаша келісімін алмай бере алмайды немесе қайта бере алмайды.
294. Егер осы Стандарттық талаптардың/банктік қызмет көрсету шарттарының қандай да бір немесе
бірнеше ережелері жарамсыз немесе қандай да бір қатынаста заңсыз болып қалса, ешқандай шамада
осы құжатта келтірілген қалған ережелердің нақтылығына, заңдылығына немесе орындалу
мүмкіндігіне әсер етуге және нашарлатуға тиіс емес, бірақ бұл ретте мұндай жағдайларда Тараптар
жарамсыз ережені жаңа, заңдық күші бар ережемен ауыстыруға барлық күштерін салуға келісетіні
қабылданады.
295. Егер Клиент Стандартты талаптарға түзету енгізуге келіспесе, Банкті жазбаша түрде
хабарландыруға тиіс. Клиент Банк алдындағы міндеттемелерінің бәрін орындаған жағдайда егер
бұл заңнамаға қайшы келмейтін болса, Клиенттің Банктік қызмет көрсету шартын бұзуға құқығы
бар.
296. Банктің Клиент пен үшінші тұлға арасында Клиент соттық тергеуге тартылған жағдайда
шеккен кез келген соттық шығыстар Клиент шотына жатқызылады. Банк Клиентке шығыстар
сомасын көрсетіп, төлем талап етеді. Клиент шотты алғаннан кейін дереу төлеуге міндетті. Бұдан
басқа Банк шеккен, Банк Тарифтерінде көрсетілмеген, бірақ Банк пен Клиент арасындағы қатынас
салдары ретінде туындауы мүмкін кез келген басқа шығыстар да Клиент шотына жатқызылады.
Банк Клиентке Банк шеккен барлық шығыстарды толық көрсетіп, ақы төлеуге шот береді. Клиент
көрсетілген шотты алғаннан кейін оны дереу төлеуге міндетті.
297. Жалпы ережелерге және талаптарға/Банктік қызмет көрсету бойынша Шартқа қатысты барлық
құжаттар ағылшын, орыс және қазақ тілінде жасалған. Алшақтық болған кезде, түпнұсқа болып
табылатын орыс тіліндегі нұсқа басымдыққа ие болады.
298. Клиент осы арқылы Банктік қызмет көрсету бойынша Шартқа және банктік қызметтерге
қатысты басқа құжаттарға қол қою кезінде Банктің лауазымды тұлғаларының қол қоюларының
факс-көшірмелерін, мөрлерді пайдалануына, егер ҚР заңнамасымен басқаша белгіленбесе, Банкке
қарсылық білдірмейтінін растайды.
299. Банк Клиенттің Кредит алу үшін жалған немесе шынайы емес құжаттар және/немесе ақпарат
беру фактісін анықтаған жағдайда, Банк біржақты тәртіпте және Клиентке хабарламастан келесі
аталғандарға құқылы:
Шотты, Картаны немесе Қосымша картаны
оқшаулау;
Кредит лимитін жабу және/немесе
Клиент шотын жабу;
Шартты, БҚШ мен Тараптардың басқа келісімдерін бұзу және тез арада берешегін өтеуін
талап ету.
300.
Осы Шарттың 299-тармағында айтылған жағдайларда Банк сондай-ақ құқық қорғау
органдарына, Қаржы Полициясына, Кредит Бюросына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес АҚ және басқа да уәкілетті органдарға, ұйымдар мен
мекемелерге қолда бар растаушы құжаттарды қоса ұсына отырып, тиісті өтінімдермен жүгінуге
құқылы.