«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі 2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Клиенттің құқықтары

1)

 

Банкке  жазбаша  өтініш  беру/немесе  Клиенттерді  қолдау  қызметіне  телефон  бойынша 



хабарласып, Операциялардың Лимиттерін өзгерту. Бұл ретте Банк жүргізген телефонмен сөйлесу 

жазбалары Карта ұстаушыдан келіп түскен ауызша Талаптың мазмұнының жеткілікті дәлелі болып 

табылады.  Банк  Клиентке  Картаны  заңсыз  пайдаланған  жағдайда  Клиенттің  ықтимал  шығындар 

тәуекелінің  азаюы  Операциялардың  Лимитін  белгілеу  мақсаты  болып  табылатындығын 

хабарлайды.  Клиент  Картаны  үшінші  тұлғаның  заңсыз  пайдаланған  жағдайда  жүргізілген 

Операциялар үшін толық жауапкершілікте болады

2)

 

Банкті Картаның әрекетін тоқтатуға уәкілетті ету; 



3)

 

Банктің  филиалдары  мен  бөлімшелерінде  өзінің  банктік  шоттарындағы  ақшаның  бар  екендігі 



және қалдығы туралы ақпарат алу, төлем Картасын пайдаланып, банктік шоттар бойынша шығыс 

операцияларын жасау, бұл ретте кассалық құжаттардағы Клиенттің қолы  операциялардың растауы 

болып  табылады.  Осы  тармақша  Картаны  пайдаланып,  Шоттардан  қолма  –  қол  ақшаны  беру 

жөніндегі  Операцияларға қатысты емес;  

4)

 

Верификациялау  кодтарын,  жеке  өзі  Банкке  келіп  немесе  Банк  Клиенттерін  қолдау  қызметіне 



телефонмен хабарласып,  алу;  

5)

 



Банктен Кредит лимитін өзгерту мүмкіндігі туралы Банкке жазбаша өтініш бере отырып сұрау; 

6)

 



Банкке жазбаша өтініш беріп немесе Клиенттерді қолдау қызметіне (Банктің операторы толық 

сәйкестендірген жағдайда) телефонмен қоңырау шалып,  Картаны,  оның ішінде  өзінің нұсқауы 

бойынша  Банкте  шығарылған  кез  келген  Қосымша  картасын  оқшауландыру/оқшауландырудан 

ажырату  туралы    Банкке  хабарласу.  Қосымша  Картаны    ұстаушы,  сондай-ақ  Қосымша  Картаны  

оқшаулау туралы өтінішпен Банкке телефон шалып, жүгінуге құқылы; 

7)

 



Шартты осы Стандартты талаптарда қарастырылған талаптарда және тәртіпте бұзу

8)

 



Клиент өз қалауы бойынша Шоттағы ақшаға Талаптарда белгіленген талаптарды ескеріп иелік 

етуге, шот бойынша үзінді-көшірмелер алуға, қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына 

және  Талаптарға    сәйкес  Талаптар  бойынша  міндеттемелерін  тиісті  орындаған  жағдайда  төлем 

Картасы қолданылатын Шотты жабуға   құқылы. 

Толықтырылсын:  


9)

 

 Банкке жазбаша өтініш берумен «Карта / шот бойынша қозғалыстар туралы ақпараттарды SMS-



хабарлама арқылы беру» қызметінен бас тарту.  

189.


 

Клиенттің міндеттері

1)

 



Өтініште және Шартта сенімді ақпарат көрсету; 

2)

 



Картаға оны алған сәттен бастап қол қою; 

3)

 



Картаны ақшаға, чектерге және басқа бағалы қағаздарға тең бағалы етіп сақтау, Картаны үшінші 

тұлғаларға беруге (о.і. отбасы мүшелеріне немесе әріптестеріне) жол бермеу; 

4)

 

Картаны Жоғалтуды болдырмас үшін барлық мүмкін шараларды қолдану; 



5)

 

Картаны үшінші тұлғалардың Заңсыз пайдалануына жол бермеу



6)

 

Картаны жоғары/төмен температурадан, электр магниттік өрістің әсер етуінен және механикалық 



зақымданулардан сақтау; 

7)

 



Банкке Картаны жоғалтқаны туралы, сондай-ақ егер ДСН-коды, Құпия коды, Кодты сөз  немесе 

Верификациялау коды үшінші тұлғаға әйгілі болған жағдайда тез арада телефон бойынша хабарлау.  

Бұл ретте Карта ұстаушы Банктің Клиентті сәйкестендіру үшін  сұратқан мәліметтерін, мыналар 

сияқты,  бірақ бұлармен шектелмей, өз аты мен тегі, кодтық сөз, Клиенттің Өтініште/Шартта,  Шот 

бойынша  операцияларда  көрсеткен  басқа  ақпаратты  міндетті  түрде  хабарлауы  тиіс.      Егер  Банк 

Клиент  сәйкестендірілмеген  деп  шешсе,  Картаны  оқшауламауға  (СТОП-тізімге  орналастыру) 

құқылы.  Картаны  жоғалту  фактісін  ауызша  өтініш  түскен  соң  7  (жеті)  күнтізбелік  күн  ішінде 

жазбаша түрде ресімдеу қажет; 

8)

 

Қолжетімді лимитті асырмау; 



9)

 

Операция жасағанда,  Слипке (немесе POS-терминалдың сұратуы бойынша ДСН-кодын енгізу) 



қол қою. Слипте көрсетілген соманың және валютаның іс жүзіндегімен сәйкес келетіндігіне көзі 

жеткен  соң  құжатқа  қол  қою,  белгілі  бір  жағдайларда  жеке  куәлігін  көрсету.   Егер  құжатта 

көрсетілген сома және/немесе валюта іс жүзіндегі сомадан және/немесе валютадан өзгешеленетін 

болса немесе Слип толық толтырылмаса, Карта/Қосымша карта ұстаушы бұл құжатқа қол қоюға 

құқылы емес;  

10)


 

Слиптерді  кемінде 6 ай сақтау; 

11)

 

Картаны әрекет ету  мерзімі өткен соң пайдаланбау, сондай-ақ Картаны СТОП-тізімге қосқан 



жағдайда немесе Банктен Картаны пайдалануды тоқтату туралы нұсқау алған кезде пайдаланбау; 

12)


 

Банктің нұсқауы бойынша тез арада  Картаны Банкке қайтару; 

13)

 

Шотты  пайдалануды бақылау.  Кем  дегенде айына  бір  рет  Шот  бойынша  Үзінді-көшірме  алу 



және оны тексеру; 

14)


 

Банк Тарифтерінде көрсетілген комиссияларды, сондай-ақ осы Шарттан туындайтын басқа да 

төлемдерді уақытында төлеу; 

15)


 

Банкке  Өтініште  және  Шартта  көрсетілген  ақпараттарды  өзгерту  туралы,  уақытында  -  бұл 

өзгерістер күшіне енген күннен бастап  5 (бес) банктік күннен кешіктірмей  хабарлау; 

16)


 

Банкке  Клиенттің  (Карта/Қосымша  карта  ұстаушы)    кінәсінен    шеккен  шығындарын  өтеу. 

Клиент  Карта/Қосымша  карта  ұстаушының  Картамен  жүргізген  барлық  Операциялары  үшін 

жауапкершілікте болады; 

17)

 

Авторландырусыз жүргізілген  Операцияларды төлеу



18)

 

Шотты Төлем  мерзімі  ішінде  Клиенттің Банк алдындағы  міндеттемелерін орындауға қажетті 



мөлшерде толықтыру; 

19)


 

Банктің осы Стандартты талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын қызметтерін Банк тарифтеріне 

сәйкес төлеу; 

20)


 

төлем/аударымдар  төлем  құжаттарын  ресімдеу  жүргізу,  ҚР  заңнамасында  белгіленген 

валюталық операцияларды жүргізу ережелерін сақтау; 

21)


 

алынып тасталды; 

22) Егер Шоттағы және Шотқа болашақта түсетін ақша Картаның және Кредиттің Қамтамасыз етуі 

болып  табылса,  жалақының  және  Шотқа  басқа  кірістердің  түсуін  қамтамасыз  ету.  Бұл  ретте 

Шоттағы  бар  және  Шотқа  болашақта  түсетін  ақшаның  көлемі    Шарт  бойынша  туындаған  Банк 

талаптарын оларды қойған сәтінде қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемдегі Шоттағы бар және 

Шотқа болашақта түсетін ақша Қамтамасыз ету болып табылады;  

23) Егер Шоттағы және Шотқа болашақта түсетін ақша Картаның және Кредиттің Қамтамасыз етуі 

болып  табылған  жағдайда,    Шартты  жасағанға  дейін  және  бүкіл  әрекет  ету  мерзімі  ішінде 

Қамтамасыз етуді кез келген наразылықтан, ауыртпалықтан, талаптардан немесе үшінші тұлғалар 

тарапынан қандай да бір құқықтардан босату; 


24)Егер  Шоттағы  және  Шотқа  болашақта  түсетін  ақша  (жалақы  және  Шотқа  басқа  да  төлемдер) 

Картаның  және  Кредиттің  Қамтамасыз  етуі  болып  табылған  жағдайда,  Шотқа  түсім  аяқталғанға 

дейін кем дегенде 14 күнтізбелік күн бұрын Банкке жазбаша түрде Шотқа ақша аударуды  тоқтату 

ниеті туралы хабарлау; 

25)  Банкке  кез  келген  өкім,  нұсқау,  формалды  талап,    рұқсат,  хабарлама  немесе  Клиенттің  Банк 

алдындағы Қамтамасыз етуіне қатысты немесе қатысты болуы мүмкін және қандай да бір үшінші 

тұлғаның Клиентке берген кез келген құжаты туралы тез арада хабарлау және беру

26)  Банкке  Клиент  жауапкер  ретінде  қатысатын  барлық  сот  талқылаулары  туралы,  сондай-ақ 

Клиентке үшінші тұлғалар тарапынан қойылатын барлық наразылықтар (талаптар) туралы тез арада 

жазбаша хабарлау;  

27)  Өтініште  көрсетілген  дербес  деректер  өзгерген  жағдайда,  Банкке  деректер  өзгерген  күннен 

бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жазбаша хабарлау; 

28) Карта/Қосымша карта бойынша 500000 (бес жүз мың) теңгеден артық қолма-қол ақшаны алуға 

жазбаша өтінімді 1 (бір) банктік күннен кешіктірмей, 24 сағат ішінде беру;  

29) Шотқа Клиентке тиесілі емес ақша қате есепке алынған жағдайда, Банкке тез арада хабарлау 

және Шотқа қате есептелген ақшаны 3 (банктік) күн ішінде қайтару; 

30) ҚР салық органдарымен барлық есеп айырысуларды өздігінен жүргізу; 

31)  Шарт  шеңберінде  шығарылған  барлық  Карталарды  Шартты  бұзу  туралы  жазбаша  хабарлама 

алған күннен бастап Банкке  10 (он) банктік күн ішінде қайтару; 

32)  Банктің  сұратуы  бойынша  қаржылық  жағдайы  туралы  мәліметті  Банктен  осындай  сұратуды 

алған күннен бастап 5 банктік күн ішінде ұсыну; 

33)  Шотты  шетел  валютасында  немесе  Операцияларды  шетел  валютасында  жүргізу  кезінде  ҚР 

валюта заңнамасының талаптарын сақтау; 

34) Банкке Шартты бұзу ниеті туралы  хабарлау және Картаның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 

кем дегенде 1 (бір) ай бұрын Картаны пайдалануды жалғастырмау. Егер Клиент жоғарыда аталған 

міндеттемені орындамаса, Банк өз қалауы бойынша Картаның әрекет ету  мерзімін ұзартады (әрекет 

ету  жаңа  мерзімімен    Карта  шығару)  немесе  ұзартпайды,  Карта  шығарған  жағдайда  карта 

шығарғаны үшін төлемді және басқа да осымен байланысты төлемдерді есептен шығарады. Егер 

Клиент  әрекет  ету  мерзімі  ұзартылған  Картаны  алудан  бас  тартса,  ұсталған  Сыйақылар 

қайтарылмайды, Клиент бұл ретте оларды төлеуге міндеттенеді; 

35)  Банк  қызметтері  мен  өнімдерін  ҚР  заңнамаларына  немесе  Карталарға  қызмет  көрсету 

орындарына немесе ТЖ ережелеріне қайшы  мақсатта пайдаланбау

36) 

заңсыз/жасырын 



алынған 

ақшаларды 

заңдастыруға 

бағытталған 

ешқандай 

әрекеттер/Операциялар жүргізбеу; 

37)  заңсыз болып  табылатын  немесе  табылуы  мүмкін және/немесе  залал, шығын  келтіруге,  оның 

ішінде  Банкке/ТЖ/басқа  банктердің  беделіне  бағытталған  ешқандай  әрекеттер/Операциялар 

жүргізбеу; 

38) Картаны, үшінші тұлғалардың өздерін жасыру мақсатында тапсыруы бойынша емес,  өз мүддесі 

бойынша алу; 

39) көрсетілген сервистері бойынша үшінші тұлғалардың Банкке және/немесе бұдан әрі Клиентке 

наразылықтары туындаған жағдайда, Банкке немесе ТЖ-ға наразылықтар қоймау; 

40) Стандартты талаптардағы, Шарттағы, Ережелердегі және Банк тарифтеріндегі өзгерістер туралы 

Интернеттегі Банктің ресми сайтынан (www.eubank.kz) немесе үй-жайларында өз бетінше танысу.  

Аталған  құжаттарға  өзгерістер  енгізілген  жағдайда,  Клиент  олар  әрекетке  енгенге  дейін  1  (бір) 

күннен  кешіктірмей,  Шартты  бұзу  ниеті  туралы  хабарлау  және  Картаны  немесе  Шотты 

пайдалануды тоқтату немесе қосымша келісімге қол қою. 

190.

 

Банктің  және  Клиенттің  қосымша  құқықтары  мен  міндеттері  Тараптардың  Стандартты 



талаптарда  белгіленген  тиісті  құқықтары  мен  міндеттері  ұқсас;  Тараптар  олар  бойынша 

міндеттемелерін растайды. 

190-1.  Шот  ашу  үшін  Банкке  АҚШ-тың  «Шетелдік  шоттарға  салық  салу  туралы»  Заңында,  ҚР 

заңнамасында және Банктің ІНҚ қарастырылған құжаттар мен ақпаратты беру, сондай-ақ Банктің 

талабы бойынша Клиенттің құқықтық мәртебесін (резиденттік/азаматтық) растайтын құжаттар мен 

ақпаратты беру. 

191.

 

ҚР заңнамасында екінші деңгейлі банктер үшін қарыз операцияларына қатысты белгіленген 



шектеулер, Шарттың осы Бөлімі шеңберінде Тараптардың құқықтық қатынастарына қолданылады. 

192.


 

Тараптар Қосылу шартының барлық талаптарын орындауға міндеттенеді. 



 

V БӨЛІМ. БӨЛШЕК КРЕДИТ БЕРУ 

 

1-тарау. Негізгі талаптар 

193. Шарттың шеңберінде және Тараптар арасында Банк нысаны бойынша қағаз тасымалдағышта 

жасалған Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес (бұдан әрі  - БҚШ), Банк Клиентке Қарыз 

шартын (бұдан әрі   – Қарыз) оның төлемділік, мерзімділік, қайтарымдық; қамтамасыз етілгендік 

(кепілге);  кепілсіз  немесе  БҚШ  бойынша  міндеттемелерін  орындауын  қамтамасыз  етудің  басқа 

тәсілдері  талаптарында,  бірақ  Стандартты  талаптарда/БҚШ-да  айтылғандарды,  оның  ішінде  – 

тұрақсыздық  айыбына  және  Банк  құқықтарына  қатысты  Қарыз  бойынша  қамтамасыз  ету  беруді 

талап ету.  

194.  Қарыз  бойынша  Өтеу  кестесіне  сәйкес  белгіленген  кезекті  төлемнің  мерзімі  кешіктірілген 

жағдайда туындаған Берешекті мерзімі кешіктірілген Берешек есебіне ауыстыру былайша жүзеге 

асырылады: 

-  Credilogic жүйесінде қызмет көрсетілетін қарыздар Кестесі бойынша Берешекті жоспарлы өтеу 

күні; 

-  RS-bank  жүйесінде  қызмет  көрсетілетін  қарыздар  Кестесі  бойынша  Берешекті  жоспарлы  өтеу 



күнінен кейінгі келесі күні, егер БҚШ-да басқасы қарастырылмаса. 

195. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес Клиенттің кез келген 

азаматтық – құқықтық мәмілелері бойынша Банк алдындағы  барлық міндеттемелерін орындауын 

Қамтамасыз ету үшін Банктің заңды иеленуінде болып табылатын кез келген жылжымалы мүлікті 

(оның ішінде ақшаны) ұстап қалуға құқылы және онымен Клиент сөзсіз келіседі. 

196.  Банк  Клиенттің  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  кредит 

бюросына ол туралы ақпаратты беруге және кредит есебін алуға келісімін, сондай-ақ «Азаматтарға 

арналған  үкімет»  мемлекеттік  корпорациясы»  коммерциялық  емес  АҚ  беретін  жинақтаушы 

зейнетақы  қорларына  аударылатын  міндетті  зейнетақы    жарналары  туралы  ақпаратты  алуға 

келісімін шектелмеген мәрте пайдалануға құқылы.   

197.  Клиент  Қарыздың  тек  Кредит  қабілеттілігі  жоғары  және  Клиент  сенімді  болғанда  ғана 

берілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк Кредит қабілеттілігін және сенімділігін ҚР заңнамасына 

және Банктің ІНҚ-ға сәйкес анықтайды. 

198.


 

Қарызды пайдалану мерзімі Қарызды берген күннен басталады және Қарызды қайтару күнімен 

аяқталады.  Қарыз  алушының  Ағымдағы  шотына  ақша  аударылған  күн  Қарыз  берген  күн  болып 

табылады. Сыйақыны есептеу кезінде  Қарыз берген күн және Қарызды қайтарған күн бір күн деп 

қабылданады.  Бұл ретте жыл 360 күнтізбелік күнге тең, ай -30 (отыз) күнге немесе қарыз берілген 

жүйеге байланысты нақты күн сандарына тең деп есептелінеді. Сыйақыны есептеу мерзімі Банктің 

Қарыз алушының банктік шотына ақшаны (Қарызды) есепке алған  күннен кейінгі келесі күннен  

басталады.  

199.

 

Қарызды Өтеу кестесіне сәйкес өтелген жағдайда, Кесте бойынша белгіленген соңғы өтеу күні 



Қарызды  қайтару  күні  болып  табылады.  Толық  мерзімінен  бұрын  өтеген  жағдайда,  Клиенттің 

ағымдағы шотына барлық берешек сомасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілетін 

Қарыз алушының несиелік шотында қарыз бойынша берешекті толық өтеу жазылған күн Қарызды 

қайтару күні болып саналады.  

200.

 

Сыйақы  есептеу  Клиент  қарызды  қайтару  бойынша  міндеттемелерін  толық,  оның  ішінде 



мерзімінен бұрын орындаған  күннен кейінгі келесі күні тоқтатылады. Егер Клиенттің Төлем кестесі 

бойынша төлеуі тиіс кез келген төлемді төлеу мерзімі жұмыс күні емес күнге келсе, онда мұндай 

төлем  осындай  жұмыс  күні  емес  күннен  бұрын  немесе  осыдан  кейінгі  келесі  жұмыс  күнінде 

тұрақсыздық  айыбын  және  айыппұл  санкцияларының  басқа  түрлерін  төлеусіз    жүзеге асырылуы 

тиіс.  

201.


 

Алынып тасталды.  

202.

 

Клиент  БҚШ  бойынша    (кепілсіз  Қарыз  бойынша)  міндеттемелерін  орындамаған  жағдайда, 



Клиент  Банктің  бірінші  талап  етуімен  оның  ішкі  нормативтік  құжаттарына  сәйкес  10  (он) 

күнтізбелік күн ішінде келесілерге міндетті: 1) Банкке үшінші тұлғаның кепілдігін беру және/немесе 

Қарыз  бойынша  міндеттемелерін  орындауын  Қамтамасыз  ету  ретінде  жылжымалы  және/немесе 

жылжымайтын  мүлікті  ұсыну  және    Банкпен  тиісті  Кепіл  шартын,  БҚШ-ға  қосымша  келісімдер 

немесе  жаңа  БҚШ жасау;  2)  өз  есебінен  Банктің кепілге  құқығын  тіркеу  органында  мемлекеттік 

тіркеуден өткізуді қамтамасыз ету және Банкке тіркеу органының тиісті белгісімен Кепіл шартын 

ұсыну.  

203.


 

БҚШ  Тараптарының әрқайсысы  БҚШ талаптарына сәйкес екінші Тараптан алған қаржылық, 



коммерциялық және басқа ақпаратты қатаң құпия сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпаратты үшінші 

тұлғаларға беру, жариялау немесе тарату тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана, сонымен 

қатар, Шартта, БҚШ-да және ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана мүмкін болады. 

Осы тармақтың әрекеті құпия ақпаратты, банктік құпия мен   Банктің ҚР заңнамасымен қорғалатын 

өзге де құпияны БҚШ бойынша талап ету құқығы берілетін үшінші тұлғаларға беру жағдайларына 

қатысты емес. Клиент Стандартты талаптарға қосыла отырып, кез келген үшінші тұлғаларға БҚШ 

бойынша құпия ақпаратты, банктік құпия мен ҚР заңнамасымен қорғалатын осындай құқық беруге 

байланысты,  сондай-ақ  аталған  тұлғалардың  БҚШ-ға  қызмет  көрсетуге  байланысты  үшінші 

тұлғаларға өзге де құпияны берумен қоса,  БҚШ бойынша талап ету құқықтарын Банктің үшінші 

тұлғаларға беру құқығына өзінің сөзсіз келісімін береді.     

204.

 

 Клиент БҚШ бойынша төлем құжаттарында БҚШ-ның тіркеу нөмірін немесе Қарыз берілген 



жүйеге  және  өтеу  әдісіне  байланысты  Өтеу  Карточкасының/Шотының  нөмірін  көрсетуі  тиіс, 

сондай-ақ осы төлем құжаттарын БҚШ бойынша міндеттемелерін толық орындаған күннен бастап 

90 (тоқсан) күнтізбелік бойы сақтауға міндетті. 

205.


 

Банкке мынадай тыйымдар салынады: 



 

Қарыз  алушымен  БҚШ  жасау  күні  белгіленген  тарифтерді,  комиссиялық  Сыйақыларды  және 

Қарызға қызмет көрсету бойынша басқа шығыстардың мөлшері мен есеп айырысу тәртібін ұлғайту 

жағына қарай біржақты тәртіпте өзгерту. 

● Қарыз алушымен БҚШ жасаған күнде белгіленген БҚШ талаптарын, оларды Қарыз алушы үшін 

жақсартатын жағдайларды қоспағанда, біржақты тәртіпте өзгерту. 

Қарыз алушы үшін талаптарды жақсарту дегеніміз: 

-  банктік  қарызға  қызмет  көрсетуге  байланысты  қызметтер  көрсетілгені  үшін  комиссиялар  мен 

басқа да төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толығымен күшін жою; 

-  тұрақсыздық  айыбын  (айыппұлды,  өсімпұлды)  азайту  жағына  қарай  өзгерту  немесе  толығымен 

күшін жою; 

- БҚШ бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту; 

- БҚШ бойынша төлемдер мерзімін ұзарту және (немесе) бөліп төлеу; 

- БҚШ талаптарын жақсартатын басқа да өзгерістер. 

 

БҚШ шеңберінде комиссияның жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізу. 





 

Қарыз алушының, кепіл берушінің сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауына 

шектеу қою, сондай-ақ Қарыз алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыруды жүктеу. 



 

 Қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының 

басқа түрлерін алу, БҚШ жасаған күннен 15 (он бесінші) күнтізбелік күннен  бастап және  1 (бір) 

жылға дейінгі мерзімге берілген Қарызды алған күннен бастап 6 (алты) айға дейін немесе 1 (бір) 

жылдан асатын мерзімге берілген Қарызды алған күннен бастап 1 (бір) жылға дейін негізгі борышты 

ішінара мерзімінен бұрын немесе мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайларды қоспағанда; 



 

Егер  негізгі борышты немесе Сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне  сәйкес  келсе 

және Сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі келесі  жұмыс күні жүзеге асырылса, 

тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін  алу. 

 

2-тарау. Қосымша талаптар 

 

206. Клиент  Шартқа қосылуымен  мерзімі кешіктірілген Берешекті  сатып алу  жөніндегі қызметті 

жүзеге  асыратын  заңды  және  жеке  тұлғаларға,  атқарушы  өндіріс  органдарына,  салық,  кеден 

органдарына,  соттарға,  прокурорларға,  алдын  ала  тергеу  және  алдын  ала  тексеру  органдарына, 

сондай-ақ  Клиент БҚШ бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда мерзімі кешіктірілген 

Берешекті    өндіру  мақсатындағы  өзге  үшінші  тұлғаларға,  сонымен  бірге  банктің  қоймаларында 

осындай  мәліметтерді  сақтауға  көмек  көрсететін  ұйымдарға    Клиентке  қатысты  және  банктік 

құпияны құрайтын мәліметтерді  Банкке беруіне өзінің келісімін білдіреді. 

207.  Клиент    Қарыз  бойынша  Берешектердің  бөлігін  не  олардың  барлығын  өтеу  кезінде  

заңнамаларда  және  Кредит  бюросы  мен  Банк  арасындағы  келісімде  бекітілген  мерзімде  тиісті  

хабарламаның Кредиттік бюроға жіберілетіні  хабарландырылғанын және онымен сөзсіз келісетінін 

растайды.   

208.  Клиент    Шартқа  қосылуымен  Шарт/БҚШ  бойынша  өзінің  міндеттемелерін  орындамаған 

және/немесе тиісті орындамаған  жағдайда, Банк  Қарыз туралы және Клиент туралы ақпаратты, 



оның ішінде  Клиенттің атын  жағымсыз тарихымен бірге адал ниетті емес қарызгерлердің тізіміне  

енгізу  үшін үшінші тұлғаларға беруге  құқылы екендігіне Банкке өзінің келісімін білдіреді.   

209.  Клиенттің  ағымдағы  шотына  ақша  түскен  күн  мерзімі  өткен  Қарыз  бойынша  кезекті  төлем 

жасау және Сыйақыны төлеу күні болып есептеледі. Тараптар осы талаптардың мерзімдерді есептеу 

мәселелерін  реттейтін  азаматтық  заңнаманың  нормаларына  сәйкес  келетінін  түсінеді  (ҚР 

Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі). 

210.  Тараптардың    Шарттың/БҚШ      тиісті    орындалмауымен,  жасалуымен  немесе  оның 

жарамсыздығына  байланысты/туындаған  кез  келген  дауды,  талаптарды  Тараптар      ҚР 

заңнамаларында  қарастырылған  тәртіпте,    Банктің  немесе  оның  филиалының    орналасқан  орны 

бойынша – Банктің қарастыруы бойынша сотта  шешеді. 

211.  БҚШ-ға    барлық  өзгертулер  мен  толықтырулар,  егер  олар  жазбаша  нысанда  жасалып, 

Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылғанда  жарамды болып табылады.  

212.  Шартқа  өзгертулер  мен  толықтыруларды  Банк    біржақты  тәртіпте  жүргізеді,  бірақ  олардың               

кері әрекеті болмайды және  тек жаңа Клиенттерге  және  көрсетілген өзгерістер енгізілгеннен кейін 

ғана туындаған, ертеректе жасалған Шарттар мен БҚШ  құқықтық қатынастарына  ғана таратылады 

Шартқа/БҚШ-ға  өзгерістер  енгізу,  егер  тікелей  басқасы    қарастырылмаса,  олардың  қалған 

талаптарының  әрекетсіздігіне алып келмейді.    

213.  Клиент    мерзімінен  бұрын  толық  өтегенде  Банкке  Қарызды  пайдаланғаны  үшін  Қарыздың 

пайдаланылған нақты күндерінің  санына қарай Сыйақы төлейді. 

214.  БҚШ-ға  қол  қоя  отырып,    Клиент    Банк  өзінің  қызметкерлері  немесе  үшінші  тұлғалар  – 

серіктестері арқылы Клиентке (Берешекті өтеу мәселелері бойынша қоса алғанда) ауызша/жазбаша 

нысанда,  телефон бойынша  немесе   GSM-технология мен  электрондық поштаны  қоса алғанда, 

басқа  байланыс  құралдары    арқылы  хабарласуына  келісім  береді    және  Кредит  берудің  жаңа 

бағдарламасы  (оның  ішінде  төлем  Карталарына  қатысты)  және  Банктің  қызметтері,  жүргізілетін 

маркетингтік  зерттеулер  және  жекеленген  өнімдер  туралы    ақпараттандырылған.  Бұл  ретте, 

Клиентке, сондай-ақ кепілдік берушіге, кепіл берушіге, кепілгерге және қарызды қамтамасыз ету 

туралы шарттың тарабы болып табылатын басқа тұлғаға  жергілікті уақыт бойынша 21 сағаттан 9 

сағатқа дейін БҚШ

 

бойынша қызмет көрсетумен байланысты еске салуларды (телефон бойынша 



қоңырау соғу) жүзеге асыруға және хабарламаларды қолына беруге рұқсат етілмейді.  

215. Клиент қайтыс болған жағдайда, мұрагерлікпен алу тәртібінде осындай мүліктің мұрагерлерге 

өткен құнының шегінде Банк Клиенттің мұрагерлерінен  Берешекті төлеуді  талап етуге құқылы.  

216.  Банк  өзінің  таңдауы  бойынша,  кез  келген  Қамтамасыз  етуді  сатуға  және/немесе  осы  Шарт 

бойынша/ Қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдік беру бойынша талаптар қоюға, және/немесе 

Қолданылатын заңнамаға сәйкес, кез келген Қарыз алушы/ кепіл беруші/ кепілдік  беруші  Шарт/ 

Қамтамасыз  ету  Шарттары  бойынша  кез  келген  міндеттемені  орындамаған  немесе  тиісті  түрде 

орындамаған жағдайда, Банкке берілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.   

217.  Қарыз  алушы  осы арқылы  Банк    Қарызды  беретін күні жасалатын және  Қарыз алушыға  қол 

қоюға берілетін Өтеу кестесімен, сондай-ақ Қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда немесе өзге 

себептер  бойынша  (мөлшерлеменің,  мерзімінің  өзгеруі  және  т.б.)  болашақта  Банк  беретін  Өтеу 

кестесімен өзінің сөзсіз келісетінін білдіреді. 

218.  Тараптар    БҚШ-да

 

көрсетілген  мекенжайлар  бойынша  Шартқа  қатысты  бір-біріне 



хабарламалар  мен  ескертпелер  жібереді.  Егер  хабарламалар  мен  ескертпелер  осы    БҚШ-да 

көрсетілген алушының мекенжайына тапсырысты, курьерлік поштамен  жіберілген болса не жеке 

қолына тапсырылса, тиісті түрде жасалды және алынды деп есептеледі.  Мекенжайы өзгерсе және 

бұл туралы келесі Тарапқа  хабарламалар мен ескертпелер жіберілмесе, белгілі мекенжай бойынша 

жіберілген хабарламалар мен ескертпелер тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.  Хабарламалар мен 

ескертпелер  жіберілуінің  жеткілікті  растау  фактісі    жіберушінің    пошта  қызметінен  (ұйымынан) 

алған    түбіртегі  болып  табылады.    Жіберуші,  егер    жіберушінің  ұқыпсыздығы  немесе  қатесі 

дәлелденбесе,  түбіртек алғаннан кейін хабарламалар немесе ескертпелер жоғалуына және/немесе 

ұрлануы тәуекеліне жауапкершілікте болмайды.  Жіберуші хат-хабарлардың пошта қызметі арқылы 

жеткізілуінің  жылдамдығы  үшін  жауапкершілікте  болмайды.  Бұл  ретте  хат-хабарлар,  егер  оның 

ертерек мерзімде жеткізілгеніне растау жоқ  болса, оны жөнелткен сәттен бастап күнтізбелік  3 (үш)   

күннің  аяқталуы  бойынша  жіберушінің  мекенжайына  жеткізілді  деп  есептеледі.  Хат-хабарлар/ 

ақпараттар    тапсырысты  хатпен  не  телеграммамен  жіберілген  жағдайда,  осындай    хат-хабарлар/ 

ақпараттар оларды жіберушіге тапсырылған күні алынды деп есептеледі.  

219. Банк осы БҚШ бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін ҚР қолданыстағы заңнамаларына 

сәйкес  үшінші  тұлғаларға беруге құқылы. Қарыз алушы  БҚШ бойынша өзінің құқықтары  мен 



міндеттерін   Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші  тұлғаларға беруге құқығы жоқ. 

219-1.Қарыз алушының өмірін, денсаулығын, мүлкін және/немесе мүліктік құқықтарын сақтандыру 

туралы  талаптар/деректер  болған  жағдайда, Тараптар  осы Шарттың  келесі  ерекше  талаптарымен 

сөзсіз келіседі:    

1)

 

Сақтандыру сыйлықақы сомалары Қарыз сомасына енгізілген жағдайда, Банктің ақшаны тікелей 



сақтандыру  ұйымдарының  пайдасына  аударуын  назарға  ала  отырып,  онымен  Қарыз  алушы 

қайтарымсыз келіседі,  Шарт кез келген себептер бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда 

(Қарыз қайтарылған жағдайда), Қарыз алушы Банкке сақтандыру ұйымдарына аударылған соманы 

төлеуге (қайтаруға) міндетті;    

2)

 

Шарт кез келген себептер бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (Қарыз қайтарылған 



жағдайда),  сақтандыру  сыйлықақы  сомасын  Қарыз  алушыға  қайтару  сақтандыру  шарттарының 

/сақтандыру полистерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;  

3)

 

Қарыз  бойынша  артық  төлем  пайда  болған  жағдайда,  Банк  артық  төленген  соманы  Қарыз 



алушының  Шартта  немесе  Қарыз  алушының  өтінішінде  көрсетілген  деректемелері  бойынша 

қайтарады.  

219-2.  Қарыз  алушы  Банктік  қарыз  шарттары/осы  Қосылу  шарты  бойынша  берешектерді  өтеу 

мерзімдерін  бұзған  жағдайда  Банк  Қарыз  алушының  Банкте  ашылған  барлық  шоттарындағы 

ақшаны  оқшаулауға;  және/немесе  Қарыз  алушының  Банкте  ашылған  барлық  шоттарынан 

берешектер  сомасын,  соның  ішінде  мерзімі  кешіктірілмеген  берешек  сомасын  оларды  тікелей 

дебеттеу арқылы және/немесе Қарыз алушының басқа банктерде немесе өзге қаржы ұйымдарында 

(институттарында) ашылған барлық банктік шоттарына қойылатын, акцепті талап етпейтін төлем 

талаптары  мен  төлем  тапсырмалары  негізінде  өндіріп  алуға    құқылы.  Борыш  сомалары  есептен 

шығарылған соң, егер өтеу сомасы БҚШ бойынша борыш қалдығының сомасына тең келетін болса, 

онда Қарыз алушының БҚШ бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауына байланысты 

БҚШ  өзінің  әрекетін  автоматты  түрде  тоқтатады.  БҚШ  бойынша  берешектер  ішінара  өтелген 

жағдайда Өтеу кестесі өзгертіледі; Банк ол туралы Қарыз алушыны кез келген қолжетімді тәсілмен 

хабарландырады.  Қарыз  алушы  Стандартты  талаптардың  осы  тармағымен  белгіленген  банктік 

шоттардан ақшаны өндіріп алу тәртібімен сөзсіз, қайтарымсыз келіседі және Банктің жай жазбаша 

немесе ауызша талабы бойынша Банк өзгерткен Өтеу кестесіне қол қоюға міндеттенеді, бұл ретте 

Банк  Өтеу  кестесін  Қарыз  алушының  мекенжайына  БҚШ  көрсетілген  деректемелер  бойынша 

тапсырыс хатпен жіберген жағдайда Қарыз алушы Банкке Банктің қол қойылған данасын аталған 

Кестелерді  Банк  жіберген  күннен  бастап 5  (бес) жұмыс  күнінен кешіктірмей  қайтаруға  міндетті. 

Қарыз  алушы  осы  талапты  орындамаған жағдайда  берешектерді  одан  әрі  өтеуді  Банк  автоматты 

тәртіпте – жаңа Өтеу кестесін ескерумен есепке алады және борыш қалдығын одан әрі өтеуді Қарыз 

алушы осы Өтеу кестесі бойынша жоспарлы тәртіпте жүргізуі тиіс, осымен Стандартты талаптарға 

қосылатын Қарыз алушы сөзсіз және қайтарымсыз келіседі.         

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет