Бекітілді:
«Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесі
2015 ж. «15» желтоқсандағы №135 хаттама
«ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ
БАНКТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ
КӨРСЕТУДІҢ СТАНДАРТТЫ ТАЛАПТАРЫ
(Қосылу шарты)
Алматы қаласы
МАЗМҰНЫ
I БӨЛІМ. КІРІСПЕ
1-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. Жалпы ережелер
II БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1-тарау. Банк Бөлімшелерінде қызмет көрсету
2-тарау. Конверсиялық операциялар (валюта айырбастау)
III БӨЛІМ. АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТЫ АШУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ
1-тарау. Шот ашу
2-тарау. Кіріс және шығыс ақша аударымдары
IV БӨЛІМ. САЛЫМДАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ ШОТЫН АШУ ЖӘНЕ
ЖҮРГІЗУ
V БӨЛІМ. КАРТОЧКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
1-тарау. Терминдер глоссарийі
2-тарау. Картаны қолдану ережесі
3-тарау. Карта бойынша Кредит лимитін беру
1. Рұқсат етілген овердрафт беру тәртібі
2. Жаңартпалы кредит беру тәртібі
3. Үзінді-көшірмелер
4. Даулы операциялар
5. Есеп айырысу тәртібі
6. Дауыстық меню жүйесі
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
VI БӨЛІМ. БӨЛШЕК КРЕДИТ БЕРУ
1-тарау. Негізгі талаптар
2-тарау. Қосымша талаптар
3-тарау. Тараптардың құқықтары
4-тарау. Тараптардың міндеттері
VII БӨЛІМ. SMARTBANK ҚАШЫҚТЫҚТАН БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ
1. Жалпы ережелер
2. Терминдер мен анықтамалар
3. ҚБҚ Жүйесінде банктік қызмет көрсету талаптары
4. ҚБҚ Жүйесінде операциялар жүргізу тәртібі
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6. Тараптардың жауапкершілігі
VI-I-БӨЛІМ. USSD-БАНКИНГ ҚЫЗМЕТІ
1. Терминдер мен анықтамалар
2. Жалпы ережелер
3. Қызмет көрсету талаптары
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Тараптардың жауапкершіліктері
VIII БӨЛІМ. СТАНДАРТТЫ ТАЛАПТАР ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗГЕ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1-тарау. Банктің құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Клиенттің құқықтары мен міндеттері
IX БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I БӨЛІМ. КІРІСПЕ
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы «Еуразиялық банк» АҚ-та банктік және өзге қызметтер көрсетудің стандартты талаптары
(Қосылу шарты) (бұдан әрі – Стандартты талаптар / Шарт / Қосылу шарты) Қазақстан Республикасы
(бұдан әрі – ҚР) Азаматтық кодексінің 389-б. шеңберінде әзірленген және олардың әрекеті
«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) пен 3-т. сәйкес Стандартты талаптарға қосылған жеке
тұлғалардың (бұдан әрі мұндай тұлғалар мәтін мәніне байланысты «Клиент», «Карта ұстаушы»,
«Қарыз алушы», «Борышкер», «Салушы» және басқалары) құқықтық қатынастарына қатысты
қолданылады.
2. Стандартты талаптарды Банк белгілеп, Банктің Интернеттегі www.eubank.kz мекенжайындағы
WEB-сайтында жарияланған, мерзімді баспасөз басылымында жарияланған және Банктің барлық
Филиалдары мен Бөлімшелерінде (Операциялық залдарында) орналастырылған.
3. Стандартты талаптар Банктің барлық Клиенттері үшін бірдей және оларды Клиент Стандартты
талаптарға жалпы, толық көлемде қосылу арқылы ғана қабылдай алады, онымен Клиент сөзсіз
келіседі. Клиенттің Стандартты талаптарды қабылдауы (Шартқа қосылу) Клиент тартатын банктік
өнім/қызмет түрлері бойынша Банк белгілеген нысандар бойынша Клиенттің тиісті Өтініш-
оферталарды (бұдан әрі – Өтініш, Өтініш-офера) беруін және оны Банктің қабылдауын білдіреді;
және/немесе Банктік қарыз шартына, Банктік салым шартына, Стандартты талаптар шеңберінде
Банкпен жасалатын өзге де шарттарға қол қоюды білдіреді, - бұдан кейін осы Қосылу шарты Банк
пен Клиент арасында сөзсіз жасалған болып саналады. Шартқа қосылу, сондай-ақ Клиентті ҚБҚК
жүйесінің сайтында тіркеу арқылы да немесе осы Стандартты талаптардың VI бөлімінде
анықталғандай, Банктің банкоматымен операция жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қандай да бір
мәмілелердің (Салым шарттары, Қарыз шарттары және басқалары) күшіне ену тәртібі осы
Стандартты талаптармен анықталады.
4. Өтініште Клиенттің Өтінішті толтырған күні Банк ұсынатын банктік қызметтер мен өнімдердің
барлық түрлері көрсетіледі. Клиент өзіне қажетті қызметтер мен өнімдерді таңдайды; Банкке
осындай қызметтер мен өнімдерді ұсыну бойынша мәміле жасауды ұсынады (Өтініште сәйкес
белгілермен белгілеу арқылы оферта жолдайды), ал Банк клиент офертасын құптайды, бұл бұдан
әрі – әрекеттермен және/немесе Банктің Клиентпен бірлесіп Банк белгілеген нысан бойынша сәйкес
құжаттарға (шарттарға) қол қоюымен расталады.
5. Банк Өтініште көрсетілген Клиенттің оферталарын Банк акцептегенше қызмет көрсетуге және
Клиенттің алдында міндеттеме алуға міндетті емес; осылайша, Банк Клиенттің оферталарының
акцептін өз таңдауы бойынша оның ішкі нормативтік құжаттарының (ІНҚ) талаптарына және
Шартты жасау күніне қолданыстағы «Еуразиялық банк» АҚ Тарифтеріне (бұдан әрі – Тарифтер)
сәйкес жүзеге асырады және осы акцептпен Банк Клиентке тиісті банктік қызметтерді және/немесе
өнімдерді беруге өзінің келісімін білдіреді.
6.
Стандартты талаптар, сондай-ақ ондағы атап өтілген қосымшалар, өтініштер,
нысандар/шаблондар, шарттар, келісімдер мен өзге құжаттар – біртұтас құқықтық құжатты
білдіреді; бір-бірінің ажырамас бөліктері болып табылады. Банктің Шарт шеңберінде қызметтер
мен банктік өнімдерді ерікті түрде, ҚР заңнамасына, Банк ІНҚ мен Тарифтерге сәйкес; Тараптардың
Банк белгілеген нысандары бойынша қағаз және/немесе электронды тасымалдағыштағы құжаттарға
қол қою кезінде Стандартты талаптарды сақтай отырып ұсынатындығымен Банк пен Клиент сөзсіз
келіседі.
7. Банк Клиент офертасын (оферталарын) құптаған жағдайда Банк пен Клиенттің (бұдан әрі бірлесіп
«Тараптар» деп, әрқайсысы бөлек – сәйкесінше «Тарап» немесе «Банк» және «Клиент» деп аталады)
қол қоятын, соның ішінде электрондық тасымалдағыш арқылы жолданған барлық құжаттары ҚР
Азаматтық кодексінің 152-б. шеңберінде, яғни жазбаша нысанда ресімделген болып есептелінеді.
Осы Шарт жасалғаннан кейін Шарттың осы Тарауының ережелеріне сәйкес Тараптар құқықтарға
ие болады, өздеріне барлық сәйкес міндеттемелер қабылдайды, сондай-ақ Тараптар қол қоятын
Стандартты талаптарға және өзге құжаттарға сәйкес, сондай-ақ көрсетілген міндеттемелерді
орындамағандары үшін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жауапкершілікте болады.
8. Клиент Стандартты талаптарға қосыла отырып, қылмыстық әрекеттер мен ақша жылыстату
механизміне, келесілерді қосқанда, бірақ олармен шектелмейтін қылмыстық жолмен алынған
ақшаны заңдастыру, лаңкестікті, алаяқтықты, жемқорлықты және т.б. қаржыландыруға Банк пен
Клиенттің қатысу жағдайларын алдын алу үшін Банктің белсенді түрде жұмыс жасайтындығын
мойындайды және келіседі. Банк қызметінің стандарттары Банк беделін сақтауға және қорғауға,
сонымен бірге Клиенттер сенімінен айрылуының алдын алуға және Банк адалдығына бағытталған.
Осыған байланысты Банк өз таңдауымен Банк Клиенттері мен олар жүзеге асыратын мәмілелер/
Операциялар/ақша төлемдері/аударымдарына қатысты дүркін-дүркін өзгертілуі мүмкін нақты
талаптар белгілейді. Егер осы мәмілелер/ Операциялар/ақша төлемдері/аударымдары ІНҚ
және/немесе ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болмаса, Банк өз қызметтерін/өнімдерін
ұсынудан және/немесе қол қойылған шарттарды орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға,
шарттарды бұзуға құқылы. Осыған байланысты Клиент Стандартты талаптарға қосыла отырып,
Банктің Клиентке қызметтерді көрсетуге/өнімдерді ұсынуға бас тарту құқығын, осындай бас
тартумен байланысты Банкке наразылық білдірмейтіндігін сөзсіз растайды.
2-тарау. Жалпы ережелер
9. Шарт Банктің Клиенттерге келесі қызметтерді көрсетудің жалпы (стандартты) тәртібі мен
талаптарын белгілейді:
ағымдағы банктік шоттарды ашу және жүргізу;
салымдарды сақтауға арналған жинақ шотын ашу және жүргізу;
Картаны қолданумен банктік шоттарды ашу және жүргізу;
Дебет және Кредит карталарын шығару және қызмет көрсету;
Карта бойынша Кредит лимиттерін беру;
«Smart bank» жүйесі бойынша қашықтан банктік қызмет көрсету;
банктік Қарыздардың барлық түрлері бойынша бөлшек кредит беру;
сондай-ақ Банк Клиенттеріне өзге банктік қызметтерді/өнімдерді ұсыну.
9-1. Осы Стандартты талаптардың ағымдағы банктік Шоттарға қатысты барлық ережелері, егер
Карточкалық операциялар IV бөлімінде басқасы қарастырылмаса, Карталар қолданылатын Банктік
Шоттарға қатысты да қолданылады.
10. Банк Шарт шеңберіндегі барлық Операцияларды қолма-қол ақша беру орындарын пайдалануға
байланысты Операцияларды және осы Шартта немесе Банктің ІНҚ-да (Банкоматтар мен өзге де
жабдықтарды пайдалану ережелері және т.б.) және/немесе өзге, соның ішінде Тараптар қол қоятын
өзге құжаттарда тікелей келісілген өзге Операцияларды қоспағанда, Операциялық күндерде (Банк
Клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі. Банктік күннің ұзақтығы: демалыс
және ҚР жұмыс емес мейрам күндерін қоспағанда, күнделікті Алматы уақытымен сағат 09.00-ден
17.00-ге дейін) жүзеге асырады. Осы Стандартты талаптар шарттарда/келісімдерде/өтініштерде
және Тараптар қол қоятын өзге құжаттарда реттелмеген Операцияларды жүргізу мәселелерін
реттейді, өйткені Тараптар Банктің Қосылу шарты шеңберінде Клиент офертасын акцептілеу
негізінде жасалатын мәмілелердің нақты талаптарын айқындайды.
11. ҚР заңнамасымен және/немесе Банк ІНҚ талап етілсе, Банк Клиенттің қосымша келісімінсіз Банк
қызметтерін көрсету/ өнімдерін ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесіне өзгертулер енгізуге құқылы.
Клиент осы Шартқа қосыла отырып, Банк талап ететін құжаттарды мерзімінде және Банк белгілеген
тізбеге сәйкес ұсынуға өз келісімін білдіреді.
12. Клиент көрсетілген қызметтер/ ұсынылған банктік өнімдер үшін Банк пайдасына ақы төлеуді
Тарифтерге сәйкес – қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз, ІНҚ/ шарттарында
және/немесе Банк Тарифтерінде белгіленген тәртіпте, оның ішінде (а) аударылатын сомадан
(шығыс және/немесе кіріс төлем), (б) төленетін сомадан, (в) аванстық төлеммен, (г) постфактум, (д)
кассаға қолма-қол ақшамен (е) Карта арқылы және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге
асырудың өзге тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
13. Банк «Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қоры» АҚ-тың қатысушысы және 2004 ж. «24»
желтоқсандағы № 015 куәлік негізінде әрекет етеді. Банк мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда
Банктің Клиент Шотынан (Картаны қолданумен ағымдағы / жинақ / банктік шоттан) ақша қалдығын
қайтару бойынша міндеттемесі ҚР заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың Салымдарын
(Салымдарын) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылады.
14. Осы Стандартты талаптарда келісілмеген, құндылықтарды сейфтік сақтау, сейфтерді
(ұяшықтарды) жалға беру бойынша қызмет көрсету және басқа банктік операцияларды Банк
Тараптар ҚР заңнамасына, ІНҚ мен Банк Тарифтеріне сәйкес жасайтын жеке шарттар мен
келісімдер негізінде жүзеге асырады.
15. Банк көрсететін қызмет түрлерін өздігінен кеңейтуге құқылы. Осындай қызметтер туралы
ақпараттар Банк сайтында жарияланады және/немесе Клиентке мәлімет үшін кез келген электронды
байланыс құралдары арқылы (Интернет пен ұялы байланыс арқылы SMS-хабарламаны қосқанда)
және/немесе қағаз тасымалдағыш арқылы хабарланады. Осындай түрде берілген ақпарат осы
Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады және Клиент, қажеттілік туындаса, Банк
анықтайтын Банкке акцептеу үшін сәйкес Өтініш-офертаны жолдай отырып, жаңа қызметтер мен
өнімдерді қабылдағандай жаңа талапты қабылдауға құқылы.
16. Тараптар осы арқылы Стандартты талаптарда жазылған Кредит беру талаптары Банк пен Клиент
арасында
жасалып,
Клиент
Стандартты
талаптарды
қабылдағаннан
кейін
қағаз
тасымалдағыштағысына қол қоятын Банктік қарыз шарттарының және Кредит лимитін беру туралы
шарттардың ажыратылмас бөлігі болып табылатындығын растайды және сөзсіз келіседі.
16-1. ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына және ҚР өзге де заңнамалық
актілеріне сәйкес (бұдан әрі бірге «Заң» деп аталады) осы Стандартты талаптарға қосылған
(қосылатын) Клиент Банктің банктік және өзге де қызметтер көрсетуі Клиенттің дербес деректерін
жинау және өңдеу қажеттілігімен байланысты болғандықтан, Клиент осындай дербес деректерді,
яғни Клиентке қатысты және электрондық, қағаз және (немесе) басқа да материалдық
тасымалдағышта тіркелген, Банкке оның қызметі және/немесе Тараптардың арасында Қосылу
шарты шеңберінде туындаған (туындайтын) азаматтық-құқықтық және өзге де қарым-қатынастары
барысында мәлім болатын немесе болған барлық мәліметтерді жинауға және өңдеуге Банкке сөзсіз
келісімін беретіндігімен келіседі. Банк дербес деректерді Заңның және/немесе Тараптар арасында
жасалған/жасалатын шарттардың шеңберінде және сәйкес қана жинауға және өңдеуге құқылы.
Бұл ретте, егер келісімді кері қайтару Заңға қайшы келетін болса немесе Клиенттің Банктің алдында
орындалмаған міндеттемелері бар болса, Клиенттің Заңға сәйкес осы Шартта білдірген келісімін
кері қайтаруға құқығы жоқ екені оған мәлім.
Банк Заң талаптарын және/немесе Тараптар қол жеткізген уағдаластықтарды сақтаған жағдайда
Клиент дербес деректерді жинауға және өңдеуге қатысты Банкке қандай да бір наразылығы
болмайтынын растайды.
II БӨЛІМ. АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТЫ АШУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ
1-тарау. Ағымдағы шот ашу
17. Клиент нысаны бойынша және мазмұны бойынша ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды
қанағаттандыратын Банк белгілеген барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Банк Клиентке
Ағымдағы шот ашуға өтініш негізінде Ағымдағы шотты ашады. Клиент осы Шартта және ҚР
заңнамасында белгіленгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, Ағымдағы шотты кез келген
мөлшерде ашуға құқылы.
18. Банк Ағымдағы шоттарды теңгеде, АҚШ долларында, еурода, Ресей рублінде, ағылшын фунт
стерлингінде, қытай юанінде, швейцар франкінде ашады. Ағымдағы шотты жүргізу валютасы
Клиенттің Ағымдағы шотты ашуға берген Өтінішінде көрсетіледі.
Кепілсіз қарыз бойынша кредит қаражатын алу үшін Ағымдағы шотты ашу кезіндегі Шот валютасы
– теңге.
19. Банк осы Стандартты талаптарға және Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері мен
ҚР Салық кодексіне (бұдан әрі – ҚРСК) сәйкес, соның ішінде ҚРСК 581-б. сәйкес Ағымдағы шотты
ашудан бас тартуға құқылы.
20. Ағымдағы шотты Клиент ақшаны енгізу, алу және аудару үшін қолдануы мүмкін. Ақша
Клиенттің басқа Шоттарына да, басқа бенефициардың (ақшаны алушылар) пайдасына да
аударылады.
Кепілсіз қарыздың кредит қаражатын алуға арналған Ағымдағы шот бойынша тек екі операция ғана
жүргізіледі:
- кредиттік ақша қаражатын есептеу;
- касса арқылы қолма-қол ақша нысанында шоттың толық сомасына шығыс.
Ақшаны жария етуге арналған ағымдағы шотты «Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті
жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30
маусымдағы № 231-V заңына сәйкес ақшаны жария етумен байланысты ақшамен ғана толықтыруға
(қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз нысанда) болады.
21. Ағымдағы шоттан қолма-қол ақша Банк Филиалдары мен Бөлімшелерінің кассаларында
Операциялық уақыт ішінде беріледі.
22. Клиент кепілсіз қарыз бойынша кредит қаражатын алуға арналған Ағымдағы шот пен Ақшаны
жария етуге арналған шотты қоспағанда, Банктің Шотқа қашықтықтан қызмет көрсету бойынша
қызметін (оның ішінде осы Бөлімнің 2-тарауында келісілген операцияларды жасау) қолдануға
құқылы. Аталған қызметті көрсетудің тәртібі мен талабы осы Стандартты талаптардың VI бөлімінде
келісіледі.
23. Үшінші тұлғалардың Клиенттің атына Ағымдағы Шот ашуы және/немесе жүргізуі/жабуы
үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат пен Клиенттің осы үшінші тұлғаның атына
берген нотариалды расталған сенімхаты негізінде жүргізіледі. Клиент үшінші тұлғалардың
Клиенттің Шоттарына санкциясыз қол жеткізуін болдырмау мақсатында Банктің сенімхаттардың
түпнұсқаларын өзінде қалдыруға және Банктің ІНҚ сәйкес өзге де құжаттарды сұратуға құқылы
екендігімен сөзсіз келіседі. Кепілсіз қарыз бойынша кредит қаражатын алуға арналған Ағымдағы
шот бойынша нотариалды куәландырылған сенімхатпен қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Сенімхатты Банктің филиалында/бөлімшесінде тіркеу үшін Клиенттен келесі талап етіледі:
- клиент пен сенім жүктелген тұлғаның өздерінің болуы;
- Банк қызметкеріне сенімхаттың түпнұсқасын беру;
- алынып тасталған;
- телефон арқылы өзінің шоты бойынша ақпарат алу үшін Банкке ("Contact Center") келген кезде
клиенттің карточкасына сәйкестендіруге қажетті код сөзін белгілеу;
- шот бойынша шығыс операциясын растауға қажетті шотқа қолжетімділік кодын орнату (клиент
сенім жүктелген тұлғаға шот бойынша шығыс операциясын жүргізу үшін хабарлайды);
23-1.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттар ашуға уәкілетті тұлғаларға – ата-
анасына немесе өзге заңды өкілдеріне – сенімхат беру талап етілмейді;
23-2. Клиент/сенім жүктелген тұлға Банк белгілеген нысан бойынша ақша алуға өтініш білдірген
соң ағымдағы шот бойынша 50 000 USD (немесе басқа валютадағы баламасы) артық сомаға шығыс
операциясын жүргізген кезде 2 күн ішінде қызмет көрсетіледі (соның ішінде Сенімхат бойынша).
23-3. Шот ашқан кезде Клиентке келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
- телефон арқылы өзінің шоты бойынша ақпарат алу үшін Банкке ("Contact Center") келген кезде
клиенттің карточкасына сәйкестендіруге қажетті код сөзін белгілеу;
- Шот бойынша шығыс операцияларын жүргізген кезде Клиенттің шоттарын қосымша қорғауға
қажетті Шотқа қолжетімділік кодын белгілеу (шығыс операциясын сенім жүктелген тұлға жүргізген
кезде Клиент сенім жүктелген тұлғаға қолжетімділік кодын хабарлайды);
- СМС-хабарландыруға қосу – Шот бойынша шығыс операцияларын орындағанда, сондай-ақ
қаражат Шотқа түскенде Клиенттің ұялы телефонға хабарлама алуы үшін қажет.
23-4. Клиент Шот ашқан кезде Шотқа қолжетімділік кодын, СМС-хабарландыруды орнатудан бас
тартуға, сондай-ақ Банк бекіткен нысан бойынша өтініш беру арқылы осы қызметтерді алып
тастауға құқылы. Клиенттік карточкаға код сөзін орнату міндетті параметр болып табылады.
24.
Кепілсіз қарыз бойынша кредит қаражатын алуға арналған Ағымдағы шотты қоспағанда,
Клиенттің кез келген Ағымдағы шотында орналастырылған ақшаны Банк – Кредитор, ал Клиент
немесе көрсетілген үшінші тұлға ақшалай болсын кез келген өзге міндеттемелер бойынша Банк
алдында борышкер болып табылатын Қарыз шарттары, Кредит лимитін беру шарттары мен өзге
шарттар бойынша Клиенттің және/немесе үшінші тұлғаның Банк алдындағы міндеттемелерін
орындаудың қамтамасыз етуі ретінде Клиент Банкке кепілге бере алады.
25. Банктік Ағымдағы шоттарды ашу және жабу туралы Банк салық органдарына ҚР заңнамасында
белгіленген тәртіпте хабарлайды.
25-1. Клиент Шот ашу үшін Банкке АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Заңымен,
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ІНҚ қарастырылған құжаттар мен
ақпаратты ұсынуға, сондай-ақ Банктің талабы бойынша Клиенттің құқықтық мәртебесін
(резиденттік/азаматтық) растайтын құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
25-2. Банк осы Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға (операция жүргізуден бас тартуға)
келесі жағдайларда құқылы:
-
Клиент Банктің Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының және
АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында
Клиентті сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты немесе құжаттарды бермеген жағдайда;
-
клиенттің ақшасымен және (немесе) өзге мүліктерімен жүргізілетін операциялары Қазақстан
Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес заңсыз жолмен алған кірістерді
заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп
пайымдауға Банктің негіздемесі болған жағдайда.
Бұл ретте Банк Шартты бұзу күнінен кемінде бір ай бұрын Клиентке жазбаша нысанда алдын ала
хабарлаумен Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы.
25-3. Клиент Банкке өзі туралы ақпаратты АҚШ-тың Салық Қызметіне жария етуге сөзсіз келісімін
береді, соның ішінде нәтижесінде Клиент АҚШ персонасы/резиденті (грин-карта иесі) болып
табылатындай пайымдауға негіздеме беретін бір немесе бірнеше белгі пайда болған жағдайлар
өзгергенде және егер Клиенттің Банкте ашқан Шотындағы ақша сомасы (қалдығы) күнтізбелік
жылдың соңғы күнінде АҚШ-тың «Шетелдік шоттарға салық алу туралы» Заңында анықталған
сомадан асатын болса.
25-4. Банктің қарыз бойынша орындалмаған талаптарын, Банктің қызмет көрсетуге қабылдаған
сыртқы экономикалық экспорт-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптарын,
сондай-ақ банктік шотқа қатысты орындалмаған талаптарын, соның ішінде банктік шот бойынша
шығыс операцияларын уақытша тоқтату құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін,
сондай-ақ ҚР валюталық заңнамасына сәйкес клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие
уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдерінің (қаулыларының) болуын
санамағанда, Клиенттің ағымдағы шотында бір жылдан артық ақша болмаған жағдайда Банк
Клиенттің Ағымдағы Шотын біржақты тәртіпте жабуға құқылы.
25-5. Ағымдағы шоттарды ашу, жүргізу және жабу үшін, сондай-ақ ағымдағы шоттар бойынша
операциялар жүргізуге байланысты өзге де қызметтер көрсеткені үшін ұсталатын Банк тарифтеріне
өзгерістер мен толықтырулар туралы Банк Клиенттерді алдын ала, осындай өзгерістер мен
толықтырулар қолданысқа енгізілгенге дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын оларды Банк
Филиалдары мен Бөлімшелерінде (Операциялық залдарында) көріп, танысуға қолжетімді жерде
және Банктің интернет-ресурсында (www.eubank.kz) орналастыру арқылы хабарландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |