Экологиялық сукцессиялар. Биоценоздар бір-бірінің орнын жер бетінің бір бөлігінде қандай-да бір заңдылықтар арқылы ауыстыра алады, мұны біз сукцессия деп атаймыз (латын тілінен successio – орынбасушылық (қабылдаушылық). Сукцесиялар біріншілік (лавада, шыңдарда, аллювальды ауытқуларда) және екіншілік, яғни биогеоценоз тіршілігін тоқтататын жағдайларда (өрттен соң, құрғақшылық, орманды оталау) болуы мүмкін. Егер қандай-да бір көмек көрсетілмесе, онда ең соңғы сукцесионды саты – климаксты қауымдастық орын алады, бұл сукцессионды саты алдыңғыларына қарағанда көбірек өмір сүретін климакс болып табылады.
Экологиялық сукцессилялар бірдей жылдамдықпен жүрмейді және әртүрлі компоненттердің әсерімен әр қауымдастықта өз бетінше өтетін болады. Сондай-ақ климаксты периодтар да әрқилы болады. Климакс кезінде экожүйенің өмірсүрушілігі оның биотикалық өніміне байланысты болады. Климаксты фитоценоздар төзімді және динамикалық жүйені құрайды. Климаксты қауымдастық биогеоценоз құрамының төзімділігімен, құрылысымен, қорегімен, маусымдық және флуктационды өзгергіштігімен, энергетикалық тепе-теңдігімен күндік энергия фототрофикцация санымен және оны түрдің жұту шығынынмен сипатталады. Органикалық өнімнің көтерілуі де климаксты жағдайға алып келіп, одан соң тоқтатады. Климакске дейін азот жинақтала бастайды.
Климаксқа жақындау барысында сапрофит қызметі жоғарылайды, фототрофтардың саңырауқұлақтармен симбиотикалық байланысқа түсу ролі артады, бұл ағзаның экожүйеде өмірсүрушілік қабілетін біртіндеп жоюға алып келеді. Бұдан біз экожүйенің бірқалыпты жұмыс жасауы оның әрбір бөлігінің популяциясына байланысты екендігін көреміз. Кенеттен климаттық өзгерістен, яғни қандай да бір катастрофалық факторлар болған кезде стбильді климаксты экожүйе пайда болуы мүмкін. Біріншілік сукцессия кезінен кейін климаксқа дейін бірнеше ғасыр өтеді.
Ғасырлық сукцессиялар. Сукцессиялар әртүрлі типте болатыны белгілі. Экожүйе эволюциясы көзқарасы бойынша бірнеше ондаған, мыңдаған жылдар бойы жатып биом түрін өзгертуші ғасырлық сукцессиялар маңызды болып табылды. В.Н.Сукачев мұны ғасырлық сукцессияларды филоценогенез деп атады. Филоценогенез процесі кезінде жаңадан фитоценоз түрлері, консорций пайда болды.
Филоценогеноз кейбір фитоценоз құрамында автотрофты өсімдіктердің және әртүрлі гетеротрофтарда консорцияның пайда болуымен байланысты. Ол жаңа түрдің құрылуымен және алдыңғы түрдің қасиеттерінің өзгергендігімен байланыстырылады. Масштабы және тізбектілігі бойынша филогеоценогенез экожүйеде эволюцияның жүру процесін көрсете алады. Мұндай процестің 4 жалпылама ерекшелігін айта кетуге болады: түрдің құрылымының күрделенуі; экожүйенің бірқалыптылығының жоғарылауы; тұйықталудың күшеюі және автономдықтың көтерілуі; абиотикалық ортаға компоненттердің тез бейімделу сатысының жоғарылауы.
Экожүйенің эволюциясы туралы айтқанда, берілген аймақта ценоз түрлерінің құрылу тізбегін де алуға болады.