Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Аралдық экожүйе эволюциясы. Экожүйенің түрлік құрамының динамикасы



бет129/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Аралдық экожүйе эволюциясы. Экожүйенің түрлік құрамының динамикасы
Экожүйенің өзгеруі оның бір түрінің өліп, екінші түрінің пайда болуымен байланысты. Мұндай тұжырымды дәлелдеу үшін Британ аралында, Жаңа Гвинея және Тринидада, таулы аймақтарда зерттеулер жүргізілді.
Экожүйенің динамикасы мен тұрақтылығын зерттеу барысында анықталған заңдылықтарға қарамастан, келешекте пайда болатын түрлер жиынтығын анықтау қиын мәселе болып табылады. Жаңадан пайда болатын түрдің құрамы экологиялық тарихқа да байланысты болып келеді. Түрлердің көбеюі экологиялық факторларға қарай орын алады. Осы арқылы көпкомпонентті түрлердің тұрақтылығы қалыптасады. Ал бұл түрлердің жойылу процесі де жүріп отырады, сондайақ процесс қайталануы да мүмкін.
Экожүйені жинақтау. Ішкі және аралық түрдің пайда болуы үшін жаратылыстық жинақтау бірінші шарт болып табылады деп Ч.Дарвин атап өтті. Қазіргі таңда біз экологиялық және генетикалық процестердің көптеген түрлерін білеміз. Бұлардың кейбіреуі әртүрлі ішкітүрлі полиморфизмге алып келеді. Жаратылыстық жинақтау экожүйенің сапасын сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Популяция кезеңінде әрбір түрге бірінші рет жаратылыстық жинақтау әсер ете отырып, биогеоценозда бір уақытта жүздеген және мыңдаған популяциялар арқылы әртүрлі жаңа, толық зерттелмеген түрлерге айнала алады. Сондай-ақ жаратылыстық жинақтау экожүйенің барлық кезеңінде жүріп отыруы тиіс. Бұл туралы сөз қозғаған зерттеушілердің еңбектері де бар. Олар А.Уолесс (1868) және американдық ғалым С.Эмерсон (1960). Бұл жаратылыстық жинақтаудың топтық жинақтаудан айырмашылығы экожүйені жинақтау процесі кезінде өзара байланысқан түрлер популяциясының мекен ететін жерлерінің құрылымдық комплексі таңдап алынады. Мұндай жинақтау жұмыстарын жүргізу экожүйенің биоқоректігін, энергия қорларының жоғарылау тиімділігін және утилизация дәрежесін, т.б. экожүйенің сипаттамасын бере алатындығын анықтау үшін қажет.
29. Биосфера эволюциясы.


Биосфера эволюциясы. Биосфера және оның шекаралары. Биосфера эволюциясының маңызды кезеңдері. Биосферадағы зат айналымы және энергияның өзгеруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет