Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М. В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, үрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды.
А.Н.Радищев табиғатты бір түтас деп тауып, оның дамуы қарапайымнан күрделі қүрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф.Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы мета-физикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай қайсысы болса да, айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса құнды эволюциялық идеяны А.Н.Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол қүрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.
4.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы.
1. Органикалық дүниені жүйелеуі
2.Түр туралы көзқарасы.
3. Ламарк іліміне берілген баға.
Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясының мәні. Алғашқы эволюциялық теория ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегі эволюция теориясы бағытындағы жолда ең маңызды баспалдақ болды. К.Линней сияқты Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ол Парижде «Жаратылыс тарихы» мұражайында омыртқасыз жануарлар кафедрасын 24 жыл бойы басқарғандықтан, оның зоология саласындағы ізденістері Линней еңбектерінен анағұрлым нақтырақ болды. Негізгі еңбектерінің бірі «Жәндіктердің табиғи тарихы» кітабында сол кезде белгілі омыртқасыздардың туыстары мен түрлерінің барлығы сипаттап жазылған. Ол омыртқасыздарды 10 класқа бөліп, қомекенділер мен жорғалаушыларды жеке кластарға бөлді. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалылардан – кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6-сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған (1кесте).
Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. Ламарк біртіндеп тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы көтерілу – градация деп түсінді. Демек, тірі табиғат әлемі өзгереді және күрделенеді деп тұжырымдады. Тірі ағзалардың өзгеруі ішкі ұмтылыс пен сыртқы орта жағдайларының әсерінен болатынын түсіндірді. Ол түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді.
Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға «биология» деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.