Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар



бет12/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

5. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар


XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғышаттар. XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дэрежесі. XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі. Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуынына көптеген ғылыми және қоғамдық экономикалық алғы шарттар себеп болды.


XIX ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар. Қогамдық - саяси алғы шарттарга XIX ғасырда Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Ғылымның дамуы негізінен саяси-тарихи прогрестің деңгейімен анықталды. Эволюциялық ілімнің отаны Англия. Өйткені XIX ғ. оратасында капиталистік саяси қатынастар тұрақталды. Англияда капитализмнің жаңғыруы, машина өндірісінің дамуы, Британия империясының колониялы жүйесінің артуы болды. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы, ауыл шаруашылығының шикі затына сұраныстың артуына себепкер болды.Сол кезде Англия өнеркөсіптік және ауыл шаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша да, басып алынған және меңгерілген отарлардың саны бойынша да дүние жүзінде көшбасшысы болды. Бұдан басқа, өсіп келе жатқан өнеркәсіптік өндіріс, әсіресе көмір өндіру және шойын мен болат қорыту геологияның дамуына желеу болды.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дәрежесі. Салыстырмалы морфология және анатомиядагы зерттеулер XVII ғ. алдында пайда болды. Оның негізін салушының бірі неміс ақыны В.Гете. Ол өсімдіктердің өзгеру құбылысының (метаморфоз) мысалында «өсімдіктердің әр түрлі мүшелері бір органнан дамиды және ол негізінде сол күйінде қалғанымен, өзгерістердің әсерінен прогрессивті жолмен дамиды» деп көретті. Бірқатар жануарлардың дене құрылысының ұқсас болатындығы дәлелденді, ал мұның өзі олардың шығу тегінің бір екенін дәлелдей түсті.

Клетка теориясының қалыптасуы. 1838 ж. Бүкіл тірі жасушалардың құрылысы мен шығу тегінің ортақтығын дәлелдеген Т. Шван мен М. Шлейденнің жасушалық теориясы ашылды, ал кейінірек Р.Вирхов толықтырған жасушалық теория өсімдіктер мен жануарлар жыныс жасушалары арқылы ұрықтанған жасушалардан дамитынын қосты, бұндай ұқсастықтар органикалық дүниенің бір тұтастығын көрсетті.

Эмбриологияныц пайда болуы. Салыстырмалы эмбриология ғылымдағы зерттеулер барлық ағзалардың дамуы ұрықтанған жұмыртқадан басталатын анықтады. Сондай-ақ алғашқы даму сатысында желілілер ұрықтарының және басқа да типтерге жататын жануарлар ұрықтарының бір-біріне ұқсас келетінін, ал мұның өзі олардың арасында туыстық қатынастың бар екенін көрсетті.

Геологияның пайда болуы. Геология саласындағы мәліметтер жер қыртысы әр түрлі шөгінді қабаттардан тұратынын ол қабаттар табиғи күштердің
әсерінен біртіндеп түзілгенін дәлелдеп бұл ұзаққа созылған тарихи дамуыдың нәтижесі деп таныды. 1883 ж. Ч. Лайельдің «Геология негіздері» еңбегі шықты. Онда геологиялық процестерді ұзақ тарихи құбылыс ретінде қарап, оны жер қыртысының осы заманғы күйін талдау арқылы табуға болады деп есептеді.


Химияның пайда болуы. Химиялық зерттеулер өлі және тірі табиғаттың бірдей химиялық элементтерден тұратынын көрсетті. Энергияның сақталу және түрлену заңы ашылды, бұдан табиғаттың бір тұтастығы айқын көрінді. 1841-1844 жж. Энергияның (қуаттың) сақталу заңы.Ю. Р. Майер, Г. Л. Гельмгольц, Дж. П. Джоульдар ашты.

Палентологияның пайда болуы. Палеонтологияның деректері жер бетінде жануарлар формаларының үнемі алмасып отырғанын, оны дәлелдейтін өтпелі формалардың тіршілік ететін тұжырымдады. Олай болса, түрлер тұрақты болмай, әр түрлі жағдайларға байланысты үнемі өзгеріп отырғаны дәлелденді. Эволюциялық теорияны қалыптастыруда белгілі рөл атқарған негізгі ғылыми жаңалықтарға мыналарды да жатқызуға болады:
1. 1828 ж. Ф. Велер ең алғаш ағзалық зат — мочевинаны қолдан синтездеді.
2. 1828 ж. Бүкіл омыртқалылар ұрықтарының эмбриондық дамудың ерте сатыларындағы ұқсастық заңын К. М. Бер ашты.
3. 1830-1834 жж. Әлемнің көптеген өңірлерінің, солардың ішінде Қазақстанның (1829) да флорасына саяхатының барысында сипаттап жазған А. Ф. Гумбольд негіздеген геоботаника дүниеге келген соң биогеография қалыптасып, дамыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет