Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет19/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131
Экологиялық зертеулер. Эволюция ілімі дамуында филогенетикалық зерттеулер қаншалықты маңызды болғанымен, олар тек эволюцияны дәлелдеуден ары бара алмайды. Ол зерттеулер Дарвин ілімінің ең басты қағидасы- табиғи сұрыптауды көрсете алмайды. Бұл бағытта бейімделудің табиғи сұрыптау нәтижесі екенін көрсететін зерттеулердің маңызы болды. Бұл міндеттер дарвинизм негізінде калыптаса бастаған жаңа ғылым саласы- эволюциялық экологияға негіз болды. Экологиялық бағыттың өзі экологиялық морфологияға, экологиялық физиологияға және экологиялық палеонтологияға бөлінеді. Ағылшын энтомологы Г.Бэтсон алғаш тропикалық көбелектердегі мимикрия құбылысын бакылады. Дарвин Г.Бэтсонның еңбектеріндегі қорғаныштық бейімділіктерді табиғи сұрыпталудың творчестволық рөлінің дәлелі ретінде қарап5 өте жоғары бағалады. Бэтсон бастаған жұмыстарды әрі қарай ағылшын ғалымы А.Уоллес, неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Г.Вейсмандар қарапайым қорғаныштық бейімділіктерді зерттеу арқылы одан әрі жалғастырды. Мұндай бейімділікке бүркеніш және сақтандырғыш түр-түстер, сауытты жабын, инелер, тікенектер сияқты сүйектен, мүйізден, хитиннен пайда болған қорғаныс қүрылымдардың пайда болуын жатқызуға болады.
Бастапқы эколог-дарвинистердің жасаған маңызды тұжырымы морфологиялық бейімдеушіліктердің тек баяу, біртіндеп болатындығын көрсетуі болды.


Экология-физиологиялық зерттеулер. Бұл бағыттың негізін қалаушылардың бірі Тимирязев болды. Ол Дарвин ілімін физиологиялық бейімдеушілерді зерттеудің бастапқы әдістемелік негізі деп есептеді. Тимирязевтің өсімдіктер жапырағының неліктен жасыл болатынын зерттеуіне дарвиндік бағытты үстауы себеп болды. Ол эксперимент түрінде фотосинтез бен өсімдік жапырағының түстері арасындағы байланыстың бар екенін дәлелдеді. Оны бүкіл планета үшін маңызды бейімделік -табиғи сұрыптау арқасында пайда болған, деп есептеді.

Экология-палеонтологиялық зерттеулер. Жоғарыда айтылған дарвиннен кейінгі палеонтологиялық зерттеулер эволюция принциптерінің нығая түсуіне айтарлықтай үлесін қосты. Палеонтологиялық мәліметтерді табиғи сұрыптау ілімімен байланыстыруға талпыныс жасаған Владимир Ковалевский болды. Демек, бейімдеушілік зерттеуде экология-палеонтологиялық бағыттың негізін салушы осы Ковалевский болып табылады.
Сонымен эволюция теориясының алғашқы даму кезеңінде мына екі бағытта жетістіктерге қол жетті. Біріншіден, эволюциялық биологияны-палеонтология, морфология, физиология, эмбриология салаларында жинақталған материалдарға сүйеніп эволюция принципі тыңғылықты дәлелденді. Екіншіден, эволюция әрекетінің бейімделу бағытында жүретіні анықталды. Бейімділік қалыптасуында сұрыптаудың рөлін зерттеу қарастырыла бастады. Эволюция теориясының нығаюында бұл зерттеулердің маңызы қаншама бағалы десекте, оның бәрі дарвиндік эволюция концепциясының дұрыстығын жанама түрде дәлелдеуден аса алған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет