Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Эволюцияның синтетикалық теорияның дамуы



бет155/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Эволюцияның синтетикалық теорияның дамуы.

1950- жылдардан бастап эволюцияның элементарлы бірлігі – популяция екені анықталды. Одан кейінгі кезеңде эволюционистердің көңілі популяцияның генетикалық- экологиялық құрылымын зерттеуге бұрылды. Ол зертеулердің нәтижесінде популяциядағы полиморфизм сипаты ашылды. Полиморфизм- популяциядағы бірнеше генотиптік және фенотиптік ұқсастықтары бар бір-бірінен өзгеше топтардың болуы. Популяцияны зерттеумен қатар ағзаның морфологиялық биохимиялық күрделі мәселелері де толық зерттеліне бастады. Онтогенез эволюциясы мәселесін шешу молекулярлы генетиканың дамуымен жалғасты. Геннің молекулярлы құрылымы қандай, гендер қалай жұмыс істейді, фенотиптік белгілер олардың қандай әрекеті арқылы қалыптасатыны биологияда үлкен жаңалыққа айналды. Бактерияға эксреримент жасай отырып, О.Эйверидің басшылығымен генетикалық рекомбинация – генетикалық материалдың бір бактериядан екіншісіне ауысуын анықтады. Ғалымдардың көңілі нәсілдік қасиетті тасуы мүмкін нуклеин қышқылына ауды. Бірнеше жылдан кейін Уотсон мен Крик ДНҚ-ның моекулалық құрылымын ашты. Қазіргі кезеңде эволюцияны зерттеу жоғарылап биогенетикалық деңгейге ауысуда. Эволюцияның элементарлы бірлігі болып табылатын популяция өз бетінше эволюциялана алмайды. Оның дамуы биогеоценоздағы басқа да популяциялармен бірге ғана жүретінін 30- жылдары биогеоценология ғылымының негізін қалаған  В.Н.Сукачевтің шәкірттері жалғастырды. Олар биогеоценоз эволюция аренасы екенін немесе тіршіліктің эволюция әрекеті жүретін құрылым екенін көрсетті. Оның ішіне өкілдер эволюциясы да, түр эволюциясы да, биогеноценоз эволюциясы да, биосфера эволюциясы да кіреді. Зерттеулердің биогеоценологиялық деңгейде көтерілуі бұрын эволюциялық әрекеттерді зертеуге мүмкіндік бермей келген әдістерге, мысалы математикалық және кибернетикалық әдістер қолдануға мүмкіндік берді. Математикалық-генетикалық зерттеулер эволюция әрекетінің хаос еместігін, өз ішінде бір ұйымдасқан құбылыс болып табылатынын көрсетті. Оның ұйымдасқан құбылыс екенін биогеоценоздағы өзін-өзі реттеу механизмінен көруге болады. Кибернетикалық қарастыру эволюция әрекеттерін үш: жеке, популяциялық және биогеоценоздық деңгейлерде де бір-бірімен байланыста зерттеуге мүмкіндік берді. 

Кейінгі жылдары Опариннің, Руттеннің, Фокстың еңбектері тіршіліктің ең бастапқы кезеңдерін – химиялық,биохимиялық эволюцияны түсінуге мүмкіндік берді. Эволюцялық ілім адамның пайда болу мәселесін шешуге батыл қадам жасады. Бастапқыда антропогенез морфофизиологиялық жағынан зерттелініп келсе, соңғы жылдары бұл мәселе эволюциялық-генетикалық,экологиялық тұрғыдан зерттеліне бастады. Антропогенез адамдардың тегі- гоминид популяциларынан басталады. Тұқым қуатын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптаулар адамдар дамуында да жүріп отырады.

Сонымен синтетикалық теория  - творчестволық терия. Ол басқа концепцияларды жоққа шығарып, оның орнына пайда болған жоқ. Ол концепциялардың ішіндегі мәнді жерлерін, негізгі қағидаларын өзіне қосып алды. Эволцияның синтетикалық теориясының аясында органикалық дүниенің негізгі формалары – ағза, түр, популяция,биогеоценоз, биосфера – ілімі жасалынды. Эволюция әрекеті тек өкілдерді алып қана қоймай осы формалардың барлығын қамтиды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет