Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


  Органикалық эволюция- обьективті процесс



бет156/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

9.  Органикалық эволюция- обьективті процесс.

 

Тіршілік туралы ұғым. Тіршіліктің пайда болуы немесе биогенез теориялары.Биохимиялық эволюция және тіршіліктің пайда болуы.

 

Тіршілік туралы ұғым. Тіршілік – бұл құрамында міндетті түрде өз белгілерінің тұрақтылығын, өсуді, көбеюдің есебінен дамуды және тарихи сақталуды жалғастыра алатын ағзалық биополимерлер, ақуыздар мен нуклеин қышқылдары енетін, айқын өздігінен реттелетін материалды жүйелердің өмір сүру жолы.

Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі немесе биогенез теориялары. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе — биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қайшы келетін бірқатар теориялардың шығуьша себеп болды. Ол теориялардың ішіндегі негізгілері мыналар:  1.Идеалистік теория. Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.

2. Материалистік теория. Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория. Мұндай пікірді ертедегі греция философы  Аристотель,   көрнекті   голландия   ғалымы   Ван   Гельмонт, ағылшын философы Ф. Бэкон, т. б. қолдады. Алайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайлы пікірге қарсы шыққан Ф. Реди (1688). Л. Спалланцани (1765) және Л. Пастер (1860) өте мұқият жасалған тәжірибелерінің нәтижесінде кез келген ағза тек өзіндей тірі ағзалардан ғана пайда болады деп дәлелдеді.  3. Тіршілік мәңгі бар деп есептейтін тұрақты жағдай теориясы. Бұл теория бойынша Жер еш уақытта да жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі — өзгермейді — деп түсіндірді. 4. Тіршілік жер бетіне басқа жақтан (ғарыштан) келіп түсті деген болжау ұсынған панспермия теориясы. Мұны жақтаушылар жер мен басқа ғаламшардың арасында үнемі    материя    алмасу   болып   тұрады.    Сондықтан   басқа ғаламшардан жерге  өсімдіктің  тозаңы,  споралары,  тіпті  ұсақ ағзалар да келіп түседі деген ойда болды.

 5. Тіршілік жер бетінде химиялық    және       физикалық   заңдылықтарға   сай   жүретін әрекеттер нәтижесінде қалыптасты деп тұжырымдайтын биохимиялық эволюция теориясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет