11. Микроэволюция ілімі. Микроэволюция ұғымы және оның қалыптасуы.
Микроэволюция ұғымы және оның қалыптасуы. Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Фенотиптік, генотиптік, паратиптік өзгергіштік. Мутациалық өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік. Гомологиялық өзгергіштік.
Микроэволюция ұғымы және оның қалыптасуы. Микроэволюция дегенiміз - популяциялардың iшiнде жүретiн, түрдiң әртүрлi дәрежеде түр iшiндегi топтарға бөлiнуiне себеп болатын, нәтижесінде түр түзілу жүретін эволюциялық қайтымсыз әрекет. Басқаша айтқанда микроэволюция - популяция дәрежесiнде жүретiн әрекет. Эволюциялық дамудың негізгі элементтері популяциядан басталады. Микроэволюция нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады. Түрдің пайда болуы микроэволюциялық әрекеттің шегі болып табылады. Микроэволюция бір-біріне қарама-қарсы екі әрекеттен тұрады. Бір жағынан популяция ішінде мутациялар мен жаңа үйлесімдер-комбинациялар генетикалық алуан түрлілілік тудырса, екінші жағынан сұрыптау жүріп, бейімділігі төмен өкілдер элиминацияға ұшырап, популяция біркелкілігіне әкеліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |