Түр туралы көзқарасы. Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде алғанда терең ойлы эволюциялық концепция болып табылады. Ол идеалистік көзқараста болды. Оның ойынша материя бірінші және қозғалыссыз болады, ал материяны қозғайтын сыртқы күш. Жаратушы құдірет өзі қалаған кезде кенеттен бар дүниені мәңгіге қозғалысқа енгізген деп сенді. Оның түр туралы ойы қарама-қайшылықта болды. Алғашында Линней сияқты түрдің тұрақтылығын мойындап, өсімдіктер жүйесін жасап шықса, кейіннен оның көзқарасы түрлердің тұрақсыздығымен өзгереді. Ламарк тірі табиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әр түрлілігін келесі себептермен байланыстырады:
Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әр ағзаның ішінде өзін күрделендіру үшін ұмтылыстары болады;