Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Тіршіліктің құрылым деңгейлері арасындағы байланыс



бет160/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Тіршіліктің құрылым деңгейлері арасындағы байланыс. Тіршіліктің өзі екі құрамды бөліктен тұрады: оның бірбөлігін сол аймақта бірлесіп тіршілік ететін тірі ағзалар құраса, ал екінші бөлігі сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерлерінің (топырақ,ылғалдылық, температура, жер бедері т.б.) жиынтығынан тұрады және олардың арасында тығыз байланыс түзіліп, тұрақты, әрі ашық табиғат жүйесін құрайды. Мұндай жүйені құрайтын әрбір құрамды бөліктер арасында үнемі зат пен энергия айналымы үздіксіз жүріп отырады. Өздігінен реттеу және тұрақтану (гомеостаз). Өздігінен реттеу дегеніміз - бұл тірі жүйелердің өз белгілерінің сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне тұрақтылығын сақтауға (гомеостаз) икемдігі. Ағза тұрақтылығы дегеніміз - бұл оның температурасы, қанның, цитоплазманың және т.б., тамырлардағы қысымы және өзге де дүниелері. Популяциялардағы тұрақтану дегеніміз — бұл оның даралары саны аралығындағы калыпты тұрақты арақатынас. Биоценоздың тұрақтылығы дегеніміз - тірі ағзалар мен ондағы тірі жүйелер - ресурстар арақатынасының тұрақты деңгейі. Тұрақтануды (гомеостаз) сақтау икемдігі дегеніміз - бұл өздігінен реттеу.  Адам ағзасында бұл қасиетке жүйке және ішкі секреция бездерінің жүйесі жауап беретіні белгілі. Экологиялык жүйелерде жыртқыш түрлерінің саны мен олардың олжасы арасында өзара тәуелділік тетігі бар.

Ағзаларда әрдайым және қайталама кездесетін қоршаған орта өзгерістері болады. Бұл — күн мен түннің, жыл маусымдарының, толған айдың және т.б. алмасуы. Ағзалардың өздігінен реттеуін жеңілдету үшін қоршаған орта жағдайларының міндетті қайталама өзгерістері кезінде биологиялық ырғақ пайда болады. Биологиялық ырғақ дегеніміз - қандай жағдайларда болса да уақыт біркелкі алмасатын тірлік қасиеті. Мәселен, адамда күндізгі белсенділік және түнгі салғырттық сағаттары алмасады. Түспе-жапырақты өсімдіктерде түспежапырақ және жапырақтардың пайда болуы алмасып тұрады. Ағзалардың көпшілігінде жылыс-тауға жиі байланысты көбею кезеңдері алмасады. Қайталама ырғақтар біздің ғаламшарда негізінде Күнге және оның тұтылуына (эклиптика) тәуелді. Сондықтан биологиялық ырғақты көбінесе фотопериодизм қамтамасыз етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет