Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі



бет162/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуаламайтын (айқын, топтық) және тұқым қуалайтын (айқын емес, жеке) өзгергіштік деп екі түрін ажыратып қараған. Ал қазіргі кезде бұлай бөлу жалпы мағынасында дұрыс болғанымен, генетика ғылымының көрсетуі бойынша табиғатта тұқым қуаламайтын белгілер жоқ және болуы мүмкін емес делінеді. Өйткені көбею барысында ұрпақтан ұрпаққа белгілер емес, сол белгілердің дамуын анықтайтын тұқым қуалау ақпаратының кодесі беріледі. Олай болса, белгілер тұқым қуаламайды, тек дамып келе жатқан ағзаның сыртқы орта әсеріне сай әрекетінің мөлшері тұқым қуалайды. Мысалы, су сарғалдағының үш түрлі жапырағы бар, олардың біреуі суда, екіншісі — су бетіңде, ал жапырақтарының үшінші түрі — судан шығып түрады. Кезінде Ламарк бұл өсімдікті ағзаның сыртқы орта жағдайларының әсеріне сәйкес өзгерістерге ие болуына мысал ретінде пайдаланған. Алайда, кейін келе су астындағы жапырақтардың пішінінің басқаша болуы сулы ортаның әсерінен емес, су астындағы жарықтың жеткіліксіздігінен екені белгілі болды. Егер сарғалдақты құрлықта жарығы көмескі жағдайда өсірсе, жапырақтарының дәл су астындағыдай пішінде болатыны тәжірибе жүзіңде анықталды. Көптеген өсімдіктердің түрліше пішінді "жарықтағы" және "қараңғыдағы" жапырақтары белгілі болса, сондай-ақ кейбір су шаяңдарында ортаның тұздылығына байланысты құрсақ бөліміндегі бунақтардың саны да өзгеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет