Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Рекапитуляция жайлы ілім  немесе биогенетикалық заңдылық



бет217/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Рекапитуляция жайлы ілім  немесе биогенетикалық заңдылық. Онтогенез – тек қана филогенетикалық дамудың алдын-ала сілтемесі емес, сондай-ақ оның нәтижесі. Қазіргі заманғы жануарлар мен өсімдіктердегі эволюциялық әрекет жолын осы себеп бойынша зерттеу орлардың ұрықтық дамуының ерекшеліктерін талдау жолы мүмкін болады.

Филогенездегі топтар өзгерісі онтогенездегі түзілім арқылы ғана туындайды. Негізінен жекелей дамудың бұл өзгерістері дамудың кеш сатыларына тиесілі. Ең ерте сатылар ұрпақтың және туыстық формалардың даму сатыларына сай едәуір ұқсастықты сақтайды деп К.М.Бэрдің ұрықтың ұқсастық заңын айтады. Жоғарыда аталып өтілгендей онтогенез процесі ата-тектік формалардың құрылысының көптеген белгілерін белгілі қайталау (рекапитуляция) түрінде болады. Дамудың ерте сатысындағы адам ұрығы балық ұрығына ұқсас болса, ең кеш даму сатысында – басқа да сүтқоректілер ұрықтарына, ал өте кеш сатыда – адмтектес маймыл ұрығына ұқсайды.  Бұл эмпирикалық заңдылық – рекапитуляция және биогенетикалық заң жайлы ілім негізі (Э.Геккель, 1866). Дегенмен онтогенезде биогенетикалық заңдағыдай тарихи даму сатыларының мұндай қатаң бірізді қайталануы байқалмайды. Адам ұрығы балықтың қосмекенділер мен бауырменжорғалаушылардың ересек сатыларын қайталамай, тек қана олардың ұрықтарына ұқсас болады (А.Н.Северцов). Эмбриогенездің ерте сатылары туыстық формалардың емес, филогенетикалық алыс ұрықтарының едәуір ұқсастығының сақталуын қамтамасыз ететін консервативтілігімен ерешеленеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет