17. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары.
Қозғаушы сұрыптау. Дизруптивті (бөлініп кетуші) сұрыптау. Тұрақтандырушы сұрыптау. Жыныстық сұрыптау
Эволюция негізнен қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау арқылы жүзеге асады. Эволюция процесіндегі қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптау ілімін қалыптастырған И.И. Шмальгаузен.
Қозғаушы сұрыптау және оның түрлері. Аты айтып тұрғандай эволюцияның творчестволық күші осы болып табылады. Қозғаушы сұрыптау кезінде қалыптасқан нормадан бейімділігі жоғары өкілдер қалып отырады. Қозғаушы сұрыптаудың генетикалық негізгі популяцияның тұқым қуатын өзгергіштігі. Оның экологиялық себептері қоршаған ортаның өзгеруі. Бұрынғы тіршіліке бейімделігі аз мутанттар жаңа өзгерген жағдайда селекциялық артықшылыққа ие болады, нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан норманы ығыстырып шығады. Осыған байланысты популяцияның генетикалық құрылымы да өзгереді. Себебі популяцияда жаңа мутанттар көюейе бастайды. Қозғаушы сұрыптау мына үш бағытта жүреді:
Достарыңызбен бөлісу: |