Эволюциялық идеялардың даму тарихы


Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар



бет5/7
Дата10.02.2023
өлшемі0,94 Mb.
#66658
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Эвол биол 1-лекция

Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар

Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХVІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары – астрономия, геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХVІ – ХVІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында «сипаттау кезеңі» болып есептеледі.

Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661 жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады. 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан – жақты зерттеді.

Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней (1707-1778) болды.

Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды.

Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды.

Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды.

К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды.

Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет