Эволюциялық идеялардың даму тарихы



бет7/7
Дата10.02.2023
өлшемі0,94 Mb.
#66658
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Эвол биол 1-лекция

Ш. Боннэ партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ «даму процесi алдын ала анықталған» деген ұғымды ұстанды.

Эволюциялық идеяның туылуы (трансформизм)

Биология саласында XVII – XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi түрлердiң өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген француз ғалымы Ж. Бюффон  болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi (күйiс қайтаратын жануарлардың күрделi асқазаны ), адам әрекетімен жабайы түрдi, үй жануарларына айналдыру т.б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi бағытта жүредi (прогрессивтi өзгерiстер және дегенерация). Бюффон эволюциялық түсiнiкке жаңа бағыт бердi.

Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы

Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, ұрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды.

Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, ұрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды.

А.Н.Радищев табиғатты бір тұтас деп тауып, оның дамуы қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф.Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай-қайсысы болса да, айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса құнды эволюциялық идеяны А.Н.Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол қүрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет