Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Тасты жалпы білім беретін мектебі КММ
«Республикалық мамандықтар әлемін ашамыз» байқауы
«“Әз-Алмас” шаруашылық қожалығы»
Аблахат Алмас Арманұлы
11-сынып оқушысы
Педагог куратор: Койгельдина Кызжибек Кайратовна
Жобаның мақсаты: Міндеттері: - Етті және сүтті бағыттағы мал түрлерін бөліп, көбейту;
- Сауын сиырды 50 басқа дейін көбейту;
- Ферма көлемін үлкейту;
- Аудан көлеміндегі тұрғындарды сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз ету;
- Ел экономикасының дамуына үлес қосу;
Атауы - “Әз-Алмас” шаруашылық қожалығы
Ұйымдық-құқықтық нысаны – Ферма, жеке кәсіпкерлік
Орналасқан жері – Тасты ауылы
Ұсынылатын қызметтер – бордақыланған ет өнімдері, сүт
Жұмыс уақыты – күнделікті: 8:00-18:00
Қызметкерлер – 2 (мал бағушы және сауыншы), 1 мал бағушы қазіргі таңда жұмыс атқаруда.
Қажетті бастапқы капитал – 65 бас сиыр мен 50 бас қой (өз қаражатым)
Жер телімі – 1800 гектар жайылым және 150 гектар шабындық
Бір айдағы шығындар – 773 326 тг
Айына жоспарланған табыс – 4 328 000 тг
Жоспарланған таза пайда – 3 554 674 тг
Жобаның сипаттамасы:
Жобаның өзектілігі:
Қазақстан – жерге бай мемлекет, аграрлық ел. Бүгін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды игеріп, мал өсіріп, арзан да сапалы, экологиялық жағынан таза мал өнімдерін өндіруі, оның ішінде ет өндіріп, сыртқа шығаруы қажет. Мысалы, 1 тонна ет өндіріп, шет елге сату 5 тонна бидай сатқанмен парапар екен. Малдың пайдасын жан-жақтан көруге болады. Сүті, терісі, еті. “Мал баққанға бітеді” деп дана халқымыз айтқандай, малды шын ниетпен баққан адам, оның мол пайдасын көретіні анық. Еліміздің экономикасының дамуына тигізер пайдамыз осы болмақ.
Жоба стратегиясы - 2021 жыл – шаруа қожалығының тіркеп, ашылуы; заңнамалық құжаттарды реттеу; мемлекеттен жер алу;
- 2022-2023 жыл – 50 бас етті және 30 бас сүтті сиырлардың санына жеткізу; сүт сауу аппаратын сатып алу;
- 2024-2025 жыл – бордақылау алаңын үлкейту;
- 2025 жыл – сүтті сиырлардың саның 50 бас сүтті сиырға жеткізу;
Маркетингтік жоспар - Өнімді өңір көлеміндегі ет-сүт өнімдерін сататын орындарға және тікелей аудан тұрғындарына сату арқылы пайда табу;
- Өнімді таныстар мен туыстарға сату арқылы жарнамаланады.
- Жеңілдіктер мен акциялар уақытмен болады, сауда келісімдер арқылы жүргізіледі.
- Сүтті сиырларды сатып алу үшін 50 бас қой сатылады. 1 бас қой – 50 000 тг, жалпы соммасы – 2 500 000 тг.
- Етті ірі-қараны сатудан айына түскен қаражатты жинау арқылы, біртіндеп сүтті сиыр сатып алынады.
- 2025 жылы бордақылау алаңы көлемі – 230 м кв. Таза табыстан түскен қаражатқа бордақылау алаңы салынады.
Өндірістік жоспар Ет орташа бағамен 1 кг 2200 тг сатылады. Айына 650 кг ет сату, жоспарланған айлық табыс – 1 430 000 тг. 30 сиырдан: орташа бағамен 1 л 230 тг сатылады. Айына 12 600 л сүт сату, жоспарланған айлық табыс – 2 898 000тг Жалпы соммасы: 4 328 000 тг Бір реттік шығындар: 1. 30 бас сүтті ірі-қара сатып алу – 13 500 000тг 2. Сүтті сауу аппараты – 1 дана х 113 581 тг 3. Сүтті сақтауға арналған жабдықтар (шелек, холодильник, контейнер) – 445 000 тг Жалпы соммасы: 14 058 581тг
Қаржылық жоспар
Ағымдағы шығындар:
1. Қызметкер – 400 000 тг
2. Жем-шөп – 200 000 тг
3. Салықтар мен төлемдер – 21 000 тг
4. Коммуналдық шығындар (свет) – 2326 тг
5. Жеткізуші көлікті жалдау – 100 000 тг
6. Тағы басқа шығындар – 50 000 тг
Жалпы соммасы: 773 326 тг
Бір айдағы табыс – 4 328 000 тг
Бір айдағы шығындар – 773 326 тг
Таза табыс – 3 554 674 тг
Қауіп-қатерді бағалауы: - Ірі-қараның аурудан немесе түрлі жарақаттан жойылуы;
- Жайылымдардан ұрлануы;
- Жайылымның дұрыс шықпауы немесе өрт жағдайларының болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |