Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.04.2017
өлшемі11,94 Mb.
#11211
1   2   3   4   5   6

Зиеда АРТУКМАТОВА, 

қазақ филологиясы және 

әлем тілдері факультетінің 

3­курс студенті

С первых дней независимости 

глава государства Нурсултан На-

зарбаев уделяет большое внимание 

сохранению мира на нашей земле. 

Благодаря чему сегодня Казахстан 

стал примером согласия и единства 

для многих стран. Во всех достиже-

ниях республики есть весомый вклад 

уникального общественного инсти-

тута – Ассамблеи народа Казахстана, 

а государством создаются все условия 

для сохранения и развития культуры, 

традиций представителей всех этно-

сов, проживающих в стране. Мирное 

небо над нашими головами позволит 

нам сегодня выйти на улицы родных 

городов и сел, чтобы всем вместе от-

праздновать День единства народов 

Казахстана.

На сегодняшний день я являюсь 

студенткой 2 курса Казахского госу-

дарственного женского педагогиче-

ского университета. В КазГосЖенПУ 

обучаются разные национальности, 

это позволяет нам быть не только 

дружными, но и узнать, изучить куль-

туру других народов. 

Вот буквально на днях в нашем 

университете прошло грандиозное 

открытие нового фонтана. Это пред-

ставление было одно из самых луч-

ших, прозвучали поздравительные 

слова, были посажены деревья, про-

шла концертная программа. Каждый 

праздник оставляет только положи-

тельные эмоции. Сплоченность на-

ших студентов это знак дружбы и мира 

нашей страны.

Сабина  ТЕЙФУРОВА,  

студентка 2 курса социально­

гуманитарного факультета 

Мақтан тұтам 

ұлыстардың 

бірлігін 

Дружба народов 

увеличивает их 

силу


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Т А Н Ы М

Химия – мәңгі жас ғылым

ҒАЛАМШАР БОЛАШАҒЫ – 

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАДА 

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан 

жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 

болашақ» атты халыққа Жолдауында: 

«Ғылыми қамтымды экономика құру – ең 

алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін 

арттыру» деп айқындай отырып, сапалы 

білім беруді және заманауи мамандықтар 

жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді 

тапсырды. Осыған орай 16 сәуір күні 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде «Сапалы білім, озық 

ғылым, жасыл экономика – ғаламшар 

болашағы» тақырыбында халықаралық 

ғылыми­практикалық конференция 

өткізілді.

К о н ф е р е н ц и я   ж ұ м ы с ы н а   э н е р г и я 

мәселелерімен айналысатын қазақстандық 

және шетелдік ғалымдар қатысты. Атап 

айтқанда, Қазақстан Республикасы Ауыл 

шаруашылық механизациялау және электрлеу 

ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, 

техника ғылымдарының докторы, профес-

сор, Ұлттық Ғылым академиясының корре-

спондент мүшесі Сейтқазы Кешуов, Украина 

Ұлттық Ғылым Академиясының корреспон-

дент мүшесі, техника ғылымдарының докторы

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты, Украина Ұлттық Ғылым 

Академиясының жанындағы Техникалық жылу 

физикасы институты директорының орынбаса-

ры Борис Басок, И.Раззаков атындағы Қырғыз 

мемлекеттік техникалық университетінің 

проректоры, техника ғылымдарының докто-

ры, профессор, академик Алайбек Обозов, 

Қырғыз-Өзбек мемлекеттік университетінің 

профессоры, техника ғылымдарының докторы 

Әнуаржан Исманжанов, ҚР Ауыл шаруашылық 

механизациялау және электрлеу ғылыми-

зерттеу институтының бас ғалым хатшысы, 

техника ғылымдарының докторы, профессор 

Рашит Омаров, Қазақстан Республикасы 

Ауыл шаруашылық механизациялау және 

электрлеу ғылыми-зерттеу институтының 

зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының 

докторы, профессор Виктор Барков, тех-

ника ғылымдарының докторы, профессор, 

Ғылым, білім және техника саласы бойын-

ша Мемлекеттiк сыйлығының иегері Марат 

Құлбек, техника ғылымдарының докторы, про-

фессор Темірхан Қойшиев және т.б. бас қосты.

Конференцияда сапалы білім, саналы 

тәрбие, озық ғылым – «Мәңгілік Ел» идеясының 

шешуші бағыттары ретінде жас ғалымдардың, 

жаратылыстану мамандықтарының бәсекеге 

қабілеттілігі мен қызмет сапасын арттыру жол-

дары, дәстүрлі емес, жаңарып тұратын энергия 



23­24 сәуір күндері Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінде 

ЖОО студенттері арасында Химия 

пәнінен VI республикалық пәндік олим­

пиада өткізілді.

Студенттердің химия ғылымына 

деген танымдық қызығушылығын 

арттыру, ғылыми­зерттеу дағдысын 

дамыту, химиялық білімді насихат­

тау мақсатында өткен білім додасына 

еліміздің 14 облыстары мен Астана, Ал­

маты қалаларының ЖОО­нан үш сту­

денттен тұратын 15 команда қатысты.

Химия мамандығы студенттері ара-

сында өткен республикалық олимпиада екі 

кезеңнен тұрды. Бірінші турда студенттер 

химиядан есептер шығару бойынша сынға 

түссе, екінші турда түрлі экспериментер жасап 

білімдерін сынады. Оларға химия саласының 

белгілі ғалымдары мен білікті мамандарынан 

құралған қазылар алқасы баға берді.

Олимпиада қорытындысы бойын-

ша Бас жүлдені Е.А.Бөкетов атындағы 

Қарағанды мемлекеттік университетінің 

командасы жеңіп алды. І орынға Қостанай 

мемлекеттік педагогикалық институтының 

студенттері ие болды. ІІ орынды Қыздар 

университеті мен М.Қозыбаев атындағы 

С о л т ү с т і к   Қ а з а қ с т а н   м е м л е к е т т і к 

университеті өзара бөлісті. Ал, ІІІ орынға 

тігілген екі жүлде І. Жансүгіров атындағы 

Жетісу мемлекеттік университеті мен 

Ы . А л т ы н с а р и н   а т ы н д а ғ ы   А р қ а л ы қ 

мемлекеттік педагогикалық институтынан 

келген командаларға бұйырды.

Бұдан өзге ерекше белсенділігімен көзге 

түскен озық қатысушы студенттер де мара-

патталды. Ондай марапатқа М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің студенті А.Б. Мырзабеков 

(1-орын), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 

мемлекеттік университетінің түлектері 

Ж.А.Асылбекова мен А.Ә.Акберген (2-

орын), Абай атындағы Қазақ Ұлттық 

педагогикалық университетінің студенті 

А . К . Т о й л е б а й   ( 3 - о р ы н ) ,   П а в л о д а р 

мемлекеттік педагогикалық институтының 

студенті А.Еркінғалиқызы ие болды. 

Жеңімпаздардың барлығы ноутбук сынды 

бағалы сыйлықтармен қатар, арнайы ди-

пломдармен марапатталады.

Дәстүр бойынша республикалық 

пәндік олимпиаданың эстафетасы І орын 

алған оқу орнына табысталды. Енді, 

келесі жылы осындай сайысты Қостанай 

мемлекеттік педагогикалық институты 

өткізетін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 

республикалық олимпиада студенттердің 

б і л і м д е р і н   ш ы ң д а п   қ а н а   қ о й м а й , 

республикамыздың ЖОО-дағы химиялық 

білім мониторингін жасауға мүмкіндік 

береді.

Н.ӘЖІБАЙ

көздерін енгізу мәселелері, альтернативті 

энергетикаға – биоэнергетикаға, күн, жел 

энергетикаларына көшу, әлемдегі экологиялық 

мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Со-

нымен қатар, ғалымдар жасыл экономиканың 

маңыздылығы мен қажеттілігі жайында, балама 

энергия көздерін дамытуға байланысты ой-

пікірлерін ортаға салды.

Халықаралық конференцияны ашқан оқу 

орынның Бірінші проректоры Б.Әлиев: «Бүгінгі 

конференция тақырыбына орай өзектілігімен 

және қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарын 

ғылым мен технологияның жаңа нысандарына 

бағыттауымен құнды болып табылады. Бүкіл 

әлем болып қолға алып отырған «жасыл энер-

гетика» мәселесі біздің ғалымдарымыздың 

да ізденістерінен көрініс тапты. Атап айтар 

болсақ, 2013 жылы техника ғылымдарының 

докторы Әжімұқан Жамаловтың жетекшілігімен 

«Автономды тұтынушылар үшін микроги-

дроэлектрстанциялар жасау» атты жобасы 38 

миллион теңге көлемінде мемлекеттік грантты 

ұтып алды. Бұл жоба осы бағыттағы екінші 

үздік жоба және елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» 

халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» 

саласына біздің ғалымдарымыздың елеулі үлес 

қосатындығының дәлелі болып отыр. XXI ғасыр 

ақпараттық-технологияның дамыған ғасыры, 

сапалы білім мен жаңаша ойлаудың заманы 

екендігі айқын. Сондықтан оқу базасының жыл 

сайын жаңарып отыруы болашақ мамандардың 

инновациялық технологияларды пайдалана ала-

тындай болуы үшін маңызы зор», – деп атап өтті.

Конференция барысында Украина Ұлттық 

Ғылым Академиясының корреспондент 

мүшесі, техника ғылымдарының докторы Борис 

Басок көпшілікпен дәстүрлі энергияны қажет 

етпейтін «Нөл энергиялық эксперименттік 

үй жасау» атты жобасымен бөліссе, ҚР Ауыл 

шаруашылық механизациялау және электрлеу 

ғылыми-зерттеу институтының бас директоры 

Сейтқазы Кешуов жаңарып тұратын энергия 

көздерінің күйі және оның Қазақстандағы ауыл 

шаруашылығына пайдаланудың болашағымен 

таныстырды. Ал, И.Раззаков атындағы Қырғыз 

мемлекеттік техникалық университетінің про-

ректоры, техника ғылымдарының докторы, 

профессор Алайбек Обозов жаңарып тұратын 

энергия көздерін Қырғыз Республикасында 

пайдаланудың кейбір ерекшеліктерін тілге тиек 

етсе, Қыздар университетінің профессоры, 

физика-математика ғылымдарының докто-

ры Айнагүл Ершина техника-экономикалық 

к ө р с е т к і ш і   ж о ғ а р ы   Д а р ь е   ж е л   э л е к т р 

қондырғысының жаңа үлгісінің таныстыры-

лымын жасап, жел турбинасының жұмыс істеу 

принциптерімен таныстырды.

Конференция аясында сондай-ақ уни-

верситет ғалымдарының «ЭКСПО-2017» 

көрмесіне дайындаған жобаларының үлгісі, фи-

зика кафедрасы жетістіктері мен физика, мате-

матика және информатика салаларындағы тың 

ғылыми зерттеулер қойылған көрме көпшілік 

назарына ұсынылды.

Нәзира ЕЛЕУХАН

Білім мен тәрбиенің 

айрықша орталығы

Биылғы жыл біздің еліміз үшін 

үлкен тойларға, арнаулы даталарға 

толы жыл. Бір ғана білім беру саласы 

бойынша жоғарғы оқу орындары ме-

рейтойларын атап өтпек. Жоғарғы 

оқу орындарының арасында ерек-

ше, бірегей оқу ордасы – Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті 70 жылдығын атап 

өткелі отыр. 

А л ғ а ш ы н д а   қ ы з   б а л а л а р ғ а 

педагогикалық білім беретін ин-

ститут ретінде құрылғаны белгілі. 

Арада жылдар өтті. Білім беру, оқу-

ағарту саласында, маман дайында-

уда біршама жетістіктерге жетіп, 

нәтижелі жұмыс атқарып келеді. 

Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанда 

ғана емес, ТМД елдері арасында қыз 

балаларға ғана арналған жалғыз оқу 

ордасы ретінде сақталып, еліміздің 

білім-ғылым саласына айрықша үлес 

қосып келеді. Республикамызда са-

палы білім мен ұлттық құндылықтар 

негізінде тәрбие берудің негізгі 

о р т а л ы ғ ы н а   а й н а л ғ а н   Қ ы з д а р 

университетінің орны ерекше. 

Осыншама жылдар бойы өзіндік 

орнын айшықтап, қыз балаларға 

сапалы білім, саналы тәрбие бе-

р у г е   ү л к е н   ү л е с   қ о с ы п   к е л е 

жатқан оқу орнының ұжымын 70 

жылдық мерейтойларымен шын 

жүректен құттықтаймын. Универ-

ситет басшылығы мен ұжымына, 

п р о ф е с с о р л ы қ - о қ ы т у ш ы л ы қ 

құрамына, студенттерге табыс 

тілеймін. Шынында да сіздердің 

а т қ а р ы п   ж а т қ а н   і с т е р і ң і з д і ң 

маңызы зор. Сіздер тек ұстаз дай-

ындап қана отырған жоқсыздар, 

сонымен қатар болашақ ел ана-

ларын тәрбиелеудесіздер. Біздің 

е л д і г і м і з д і ң   н е г і з і   –   а н а л а р -

да дейтін болсақ, сол аналар осы 

қарашаңырақтан шығады. Сіздердің 

о с ы н д а й   ж а у а п т ы   і с т е р і ң і з д е 

еңбектеріңіз жанып, мерейлеріңіз 

үстем болсын!



Тахир БАЛЫҚБАЕВ,

 ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

9

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Р У Х

25 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 

70 жылдық мерейтойына орай Өнер және мәдениет факультетіне 

қарасты Музыкалық аспаптар кафедрасының «Күй құдіреті» атты есептік 

концерті өтті. 

Еліміздегі ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып құрылған Қыздар университетінің 

хореография кафедрасына биыл 25 жыл толып отыр. Қыздар университетінің 70 

жылдығымен тұспа-тұс келген атаулы мерекеге орай 24 сәуір күні Қыздар шаңырағында 

«Шеберлік шыңына шығар жол» атты концерт болып өтті.

Қазақ ұлттық өнерін, соның 

ішінде ұлттық аспаптық музыка-

с ы н   қ а л ы ң   к ө п ш і л і к к е   т а н ы -

стыру, бүгінгі таңда әлемнің ал-

тын қорына енген қазақтың күй 

өнеріне келешек ұрпақты тәрбиелеп, 

өзінің ұлттық қазынасына құрмет 

сезімін ояту мақсатында өткен 

к е ш к е   « М у з ы к а л ы қ   а с п а п -

тар» кафедрасының профессор-

оқытушылар құрамы мен өнерпаз 

студенттері қатысып, өз өнерлерін 

көрсетті. Концерт шымылдығы ҚР 

Еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек 

Бегендіковтың дирижерлығымен 

о қ ы т у ш ы л а р   м е н   с т у д е н т т е р-

д е н   қ ұ р а л ғ а н   « Х а л ы қ   а с п а п -

тар оркестрінің» орындауындағы 

С.Мұхамеджановтың «Шаттық 

О т а н » ,   Н . Т і л е н д и е в т ы ң   « А т а 

деп тілеймін», – деді музыкалық 

аспаптар  кафедрасының  меңгерушісі       

Дидар Ахметжанова.

Қазақтың ұлттық өнерінің 

тұғырын биік ұстап, жыл өткен сай-

ын көптеген дарынды жастарымыз-

ды тәрбиелеп келе жатқан Қыздар 

университетінің өнер және мәдениет 

Алмас Қаржаубаев, Гульниса Садықова, Анипа 

Құсанова ие болды.

Университеттің «70 жылдыққа – 70 

шара»  атты жоспарының аясында өнер 

және мәдениет факультеті хореография 

кафедрасының мұрындық болуымен өткен 

кеште «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, 

ҚазМемҚызПУ мақтанышы – Халықаралық 

және республикалық байқаулардың лауреа-

ты «Томирис» би ансамблі, Қ.Қожамияров 

атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр 

музыкалық комедия театрының «Рухсарә» биі 

ансамблі, Абай атындағы опера және балет 

театры мен Селезнов атындағы Алматы хоре-

ография училищесінің бишілері өнер көрсетті. 

Концертте қытай, орыс, қазақ, ұйғыр, аргентин 

билерімен қатар, балет және заманауи билер 

орындалды. 

К о н ц е р т 

ш ы м ы л   д ы   ғ ы н 

Қ ы з д а р   у н и -

толғау», Құрманғазының «Сарыарқа» 

күйлерімен ашылды. Кеште қазақтың 

күйші-композиторларының туынды-

ларымен қатар, орыс және шетел 

композиторларының шығармалары, 

атап айтқанда, Д.Ботбаевтың «Бәйге» 

күйі, Н.Тілендиевтің «Махамбет», 

Дәулеткерейдің «Көрғұлы» күйлері, 

домбырашылар ансамблінің орында-

уында «Попурри», қобыз аспабында 

А.Вивальдидің «Концерт соль ма-

жор» шығармалары, баян аспабында 

С.Коняевтың «Концертная пъеса», 

Дрейзеннің вальс ырғағындағы «Бе-

резка» шығармасы, фортепианолық 

ансамбльмен А.Хачатурянның 

«Вальс» шығармалары орындалды. 

С о н ы м е н   қ а т а р ,   к о н ц е р т -

т е   Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н і ң 

мақтанышына айналған «Ұлар» 

фольклорлық ансамблі де өз өнерін 

көрсетті. Ансамбль бүгінде профес-

сор Б.Р.Раеваның жетекшілігімен 

көптеген байқаулардың лауреаты 

атанды. Елімізге танымал «Ұлар» 

ансамблінің репертуары халық 

композиторларының ән күйлеріне, 

халық шығармашылығына бай.

«Күй өнері қазақ халқының бол-

мысын, дүниетанымын, көңіл-күйі 

мен сезімін бейнелеп қана қоймай, 

ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың 

рухани жан азығы болып келді. 

Халқымыз қүй арқылы өзін қоршаған 

ортамен, табиғатпен тілдескен, 

ішкі сезімін күй тілімен жеткізе 

білді. Біз сол ата-баба дәстүрін жас 

ұрпаққа дәріптеп, еліміздің түкпір-

түкпірінде орналасқан мектептер-

ге кәсіби мамандар даярлаудамыз. 

Барша әріптестерімді мерейтой-

мен құттықтай отырып, қазақтың 

ән-күйі таусылмасын, өнер десе 

ішкен асын жерге қоятын қазақтың 

әр шаңырағында шаттық орнасын 

факультеті, әсіресе музыкалық аспап-

тар кафедрасында өзіндік бірегей 

педагогикалық дәстүр қалыптасқан. 

Бүгінде сол кафедраның шәкірттері 

көптеген байқаулардың лауреаттары 

атануда.

Н.ЖҰМАҒҰЛОВА

Мерейтойлық кешті Қыздар универси-

тетінің ректоры Динар Нөкетаева ашты. 

Оқу орын басшысы Хореография кафедра-

сын 25 жылдығымен құттықтап: «Қыздар 

университетінің Хореография кафедрасының 

оқу орнында алатын орны ерекше. Бүгінде 

оның түлектері еліміздің түпкір-түкпірінде 

еңбек етуде, қаншамасы елімізге белгілі 

бишілер атанды. Оған ортамызда отырған 

Қыздар университетінің түлектері – ҚР 

халық әртісі Раушан Байсейітова, ҚР Еңбек 

сіңірген әртісі Тойған Ізім, ҚР Еңбек сіңірген 

қайраткері, әлемге танымал балерина Құралай 

Сарқытбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, 

прима-балерина Сауле Рахметова, ҚР мәдениет 

қайраткері, Абай атындағы опера және балет 

театрының жетекші бишісі Жанель Тукеева 

нағыз мысал бола алады. Би өнерінің майтал-

мандары атанған тұлғаларымызға қарап біздің 

би мектебінің қаншалықты мықты екендігін 

айқындауға болады. Бұл орайда, осы мектептің 

негізін қалаған, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, 

еліміздегі өнертану саласының тұңғыш про-

фессоры Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтың 

сіңірген еңбегі зор екендігін айтқанымыз 

жөн. Халықаралық және республикалық 

байқаулардың лауреаты «Томирис» би ансамблі 

де біздің университетіміздің мақтанышына 

айналды», – деп атап өтіп, ұстаздардың 

еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

Концерттік бағдарлама хореография 

кафедрасының қалыптасу жолы мен 25 

жылдағы жетістіктері баяндалатын арнайы 

бейнефильмнің көрсетілімімен басталды. 

Кеш барысында студенттердің сапалы білім 

алуына, кафедраның жемісті дамуына еңбек 

сіңірген ұстаздар алғыс хаттармен марапаттал-

ды. Бұл марапатқа профессор Тойған Ізім, ҚР 

Мәдениет қайраткері Галина Қарамолдаева, 

ҚР Халық әртісі Зарема Қастеева, профес-

сор Людмила Кремер, концертмейстерлер 

– Светлана Тищенко мен Маргари-

та Хан, хореография кафедрасының 

меңгерушісі, ҚР Мәдениет саласының 

үздігі Роза Сабдалиева, ҚР Мәдениет 

қайраткері Бану Тұрғымбаева, п.ғ.к., 

аға оқытушы Людмила Николаева 

және кафедраның құрметті ұстаздары – 

верситетінің би мектебін қалыптастырған 

Д.Әбіровтың «Алтынай» биі ашты. Абай 

атындағы опера және балет театрының жетекші 

бишісі Жанель Тукеева мен Азамат Асқаровтың 

«Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» балетінен «Ада-

жио» өте шебер орындалды. Селезнов атындағы 

Алматы хореография училищесі бишілерінің 

орындауындағы «Сылқылдақ» биі, «Рухсарә» 

ансамблінің ұйғыр биі, «Салтанат» мемлекеттік 

би ансамблі жігіттерінің орыс биі мен «Гаучо» 

атты аргентин биі көрермендерді тамсантпай 

қоймады. Қонақтар әсіресе, ҚР мәдениет 

қайраткері Перизат Омарбекованың мың 

бұралып билеген «Айша бибі» биімен Саягүл 

Рахымбердиеваның орындауындағы «Қытай» 

биіне ерекше тәнті болды. Кіл би өнерінің 

шеберлері өнер көрсеткен кеш жоғары деңгейде 

атап өтілді. Концерт Д.Әбіровтың «Той думан» 

биімен қорытындыланды.

Бимен өрілген кеш барысында Қыздар 

университетінің Хореография кафедрасын 

әріптес достары, би өнерінің майталмандары, 

әр жылдары бітірген түлектері мерейтоймен 

құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

«Дәурен Әбіров би өнері әрбір баланың, 

әрбір жастың өміріне енетін уақытты арман-

дады. Бүгін өнер көрсеткен қазақ қыздарына 

қарап, ол кісінің арманы орындалды десе бола-

ды. Қазіргі кезде хореография кафедрасының 

түлектері Қазақстанның барлық қалаларымен 

қатар, Ресей, Голландия, Канада, Греция, 

Швейцария, Италия, АҚШ-та және т.б. ел-

дерде жемісті еңбек етуде. Бітірушілердің 

көпшілігінің балалардан құрылған би ұжымдары 

бар, олар халықаралық және республикалық 

байқаулардан жүлделі орындар алып жүр. Біздің 

түлектеріміз балаларды би өнеріне тәрбиелеп, 

биге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда. 

Біздер, оқытушылар, олармен мақтанамыз», 

– деді Д.Әбіровтың шәкірті, «Хореография» 

мамандығының алғашқы түлектерін ұшырған 

Людмила Кремер.

Бүгінде хореография кафедрасы Қазақ-

стан Респубиликасы мектептері үшін кәсіби 

педагог кадрлар даярлауға өлшеусіз үлес 

қосып келеді.

Нәзира ЕЛЕУХАН

ШЕБЕРЛІК ШЫҢЫНА 

ШЫҒАР ЖОЛ

Күй өнері – халық қазынасы 

Алматымен 

біргеміз 

20 сәуір күні Алматы қаласында 

3­рет марафон өткізілді. 

Халықаралық статусқа ие 

болған айтулы шараның басты 

мақсаты – бұқаралық спортты 

насихаттай отырып, салауатты 

өмір салтын ұстануды үгіттеу, 

сонымен қатар жұртшылықты 

қайрымдылық шарасына 

жұмылдыру.

М а р а ф о н   – ашық кеңістікте 

б е л г і л е н г е н   к ө п   ш а қ ы р ы м д ы 

арақашықтыққа жүгіру. Тұңғыш рет 

марафон жарысы 1896 жылы алғашқы 

Олимпиада ойындарында өткізілген. 

Оның ұғымы Марафон шайқасы кезінде 

өз әскерінің жеңісі туралы хабарлау үшін 

айқас алаңынан Афинаға дейін жүгіріп 

келіп, сүйінші сұрағаннан кейін мерт 

болған грек жауынгерінің батырлығымен 

тікелей байланысты. 

Жылдан жылға қатысушылар 

саны артып келе жатқан Алматыдағы 

ұйымдастырылған марафонға биыл 

да тіркелушілер саны аз болған 

жоқ. Жеті мыңнан аса тіркелуші 

мен оларға қолдау білдірушілер 

3   ш а қ ы р ы м ,   1 0   ш а қ ы р ы м ,   2 1 

шақырым, 42 шақырым 195 м және 

марафондық эстафетадан (экиден) 

тұратын бірнеше қашықтық бойын-

ша жарысқа шықты. Тіркелушілердің 

к ө б і   1 0   ш а қ ы р ы м ғ а   ұ с ы н ы с 

білдірген. Сол белсенді жандардың 

арасында Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті қазақ 

филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 2 курс студенттері 

Айша Мінажатдинова мен Іңкәр 

Бүркітова да бар. Олар 1 сағат ішінде 

10 шақырымға жүгіріп, арнайы ме-

дальдармен, сый-сияпаттарымен 

маратталды.

Осыған дейін қатарынан 2 

ж ы л   а у ы р   д е р т к е   ш а л д ы қ қ а н 

б ү л д і р ш і н д е р д і ң   е м і н е   ж ә р -

демдескен  Алматы  марафоны 

биыл ғы жылы да жиналған 10 млн 

теңгені осы салаға арнады. Салау-

атты өмір салтын ұстанатын Айша 

мен Іңкәр әсем қала Алматының 

тыныс-тіршілігінен қалыс қалмай, 

қаланың белсенді тұрғындары 

екендіктерін танытты. Ең басты-

сы, қайырымдылыққа жіберілетін 

қаржылай көмекке тамшыдай болса 

да үлестерін қосты.

Алматы қаласы 2012 жылы 21 

мамырда әлемнің ірі астаналары көп 

жылдар бойы өткізіп келе жатқан ма-

рафон жүгіру шарасын қолға  алған 

болатын. Тұңғыш қайырымдылық 

марафонына 2500 адам қатысты. 

Тура бір жыл өткен соң, 2013 жылы 

28 сәуірде марафонға 6000 қатысушы 

жиналды.

2013 жылы Алматы марафоны – 

Марафондардың Халықаралық Ас-

социациясы мен AIMS мүшелігіне 

өтіп, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк 

марафондары сияқты белгілі шара-

лар қатарына қосылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет