Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Тақырып 15. Халықаралық қатынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтары. Қазақстанның 2050 даму стратегиясы



бет110/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Тақырып 15. Халықаралық қатынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтары. Қазақстанның 2050 даму стратегиясы.
1.Қазіргі кезеңдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері.
2.Қазақстаннның көп жоспарлы серіктестігі, ТМД елдерімен қатынастағы субъект ретінде.
3. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
4. Жаңа қазақстандыық патриотизм.


Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы.
Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына косылу АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты, ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепіддіктері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына - Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық кайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет