Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Қазақстан Республикасындағы саяси модериизация



бет106/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114
Қазақстан Республикасындағы саяси модериизация. Реформаның экономикалык блогіне қатысты Президент бірінші кезекте бағаны либерализациялау, қаржылық сауықтандыру, жекешелендіру, нарықтық инфраструктура, жекеменшіктің барлық формасынның теңдігі, кәсіпкерліктің дамуы, шетел инвестициясының тарту шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік басымдықтар: Қаржылық жэне материалды мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, біз әлеуметтік қорғаусыз тұрғындарға белгілі курс жүргіземіз: зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетімдерге, көп балалы отбасыларына, оқушыларына. Табиғи ресурстарды, экологаялық бағдарламаларды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеріп пайдалануға көп көңіл бөлу қажет.
Н.А.Назарбаев «...Қазақстан дамуының концептуалдық даму үлгісі қоғамды ашық типті, демократиялық, бейбітшілік сүйгіш мемлекет құруға негіз болды:

  • адамның құқығын және еркін, саяси және идеологиялық плюрализмнен сақтайтын, азаматтық әлемін жәие ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететін, қорғану және қауіпсіздігін қорғайтын күшті президенттік республика таңдалды;

  • нарықтық экономиканың дамуына сүйене отырып, жекеменшіктің көптүрлі формасьша және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігіне, бәсекелестікке, ақылды жолмен шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігі;

  • экономикалық-әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әрбір халықтың ұлттық өркениеттілігін сақтау арқылы ұлтгық консенсусты қоғамның тұрақты дамуының негізіне айналдыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ішкі және сыртқы саясаттың 30 бағыты белгіленді. Олардың арасында саяси жаңаруға қатыстылары:

  1. мемлекеттік басқарудың тармақтарында қарама қарсы салмақ пен ұстанымдылық жүйесін басқару және өзара әрекетінің тиімділігін көтеру;

  2. үкімет органдарының өкілдерінің мүмкіндіктерін кеңейту;

  3. саяси партиялардың рөлін көтеру, азаматтық қоғам институтын

дамыту,

  1. мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін көтеру;

  2. мемлекеттік шешімдер шығару үдерісіне қоғамдық рұқсат беру;

  3. адам еркіндігі мен құқығын қорғау институттық тетігін одан әрі бекіту;

  4. жергілікті өзін өзі басқару дамуы үшін жағдай туғызу;

  5. БАҚ-ның үйлесімді дамуын тудыру.

Демократиялық саяси модернизадиялау үрдісінің қазіргі кезеңі туралы Президент Н.Ә.Назарбаев:
Бірінші кезең - 1991 жьшдан 1995 жылға дейін — тәуелсіздік алғаннан кейінгі егеменді Қазақстан Констигуциясын қабылдауға дейін біз дезинтеграциялық кезеңдерді, Қазақстандық мемлекеттің негізін қалыптастыру, бірпартиялық диктаттан саяси плюрализмге көшуді, демократиялық дамудың негізін қалауды басымыздан кешірдік.
Екінші кезең - 1995 жылдан 2000 жылға дейін - біздің негізгі мақсатымыз қазіргі демократиялық институттарды құру және қалыптастыру, 1995 жылғы референдумда халық қабылдаған Конституцияның негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру.
Үшінші кезең - 2001-ден 2006 жылга дейін — біздің стратегиямыздың ақиқаттығын көрсетті. Осы кезеңдерде біз әлеуметтік — экономикалық дамуды қамтамасыз еттік және аймақтық көшбасшылыққа ие болдық. Біздің мемлекеттігіміз де орнықты.
Реформа стратегиясы үшін маңызды саяси модернизация экономикалық дамуда қол жеткен жетістіктерден тәуелді. Жеткен дәрежеел халқының материалдық ауқатын ғана емес, демократиялық құкықтарды жүзеге асыру үшін қоғамдық пайдалы уақытты да үнемдейді. Қоғамның өндірістік күштерінің маңызы даму бойынша мәдениеттің жетістіктеріне, азаматтардың көпшілік бөлігі мәдени деңгейінің өсуіне, ғылым мен білімді дамытуға, саяси іс-әрекетке тиімді қатысуға мүмкіндік береді, яғни, саяси демократизация қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу құралы бола алады.
Модернизацияға ұшыраған елдердің қоғамдық-саяси модернизацияның әртүрлі нұсқаларын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар әртүрлі жағдайларға байланысты: ішкі және сыртқы, пісіп-жетілген қажеттіліктер мен оларды шешу жолдары, коғамның дағдарысты жағдайының дәрежесі мен көшбасшылықтан дәмелі саяси күштерді ұйымшылдыгы т.б. Экономикалық қозғалыс қарқынының әртүрлілігі, кейде оның бағытының әр алуандығы модернизацияның барысына, тіпті нәтижесіне де елеулі әсер етеді. Демократиялық модернизация үдерісінің тұрақтылығына сонымен бірге саяси жүйе тиімділігі мен оның заңдылығы да ықпал етеді. Бұлай болатындығын Қазақстанның саяси шындығы да дәлелдеп берді.
Демократиялық модернизация қозғалысы мәселелерін объективті қарастыруға мүмкіндік беретін, біздің ойымызша, модернизация теориясының кейбір жайттарын біліп қарастыруға және реформалаудың заманауи тұжырымдамасын қалыптастыруға болады. Олар:

  • модернизацияны ұлттық-мәдени, саяси және экономикалық даму ерекшеліктермен байланысты үдеріс ретінде түсіну («жаңарту», ал қуып жету дамуы жағдайында - «бөтендік» тәжірибені игеру);

  • негізінде ұлттық өз-өзін тану ұмтылысы (ұлттық мәдениет) мен әлемдік мәдениет («модернизация мәдениеті») арасындағы шиеленіс жатқан мемлекеттердің қоғамдық өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді зерттеу нәтижелерін пайдалану;

  • екі дихотомиялык қарама-қайшылық- авторитаризм мен демократия (өтпелі кезең қоғамы) арасындағы саяси жүйелер жіктелісін салыстырмалы талдау тәжірибесінен сабақ алу;

  • авторитаризмнен демократияға өту жолындағы саяси өзгерістер көзін, сипатын, бағытын түсіндіруге талпынған концептуалды шешімдер нұсқаларын пайдалану;

  • авторитаризмнің әлеуетті мүмкіндіктерін қоғамдық өзгерістерді ұйымдастыру, жұмылдыру үшін қайта қарастыру және демократияның өзгерістер шараларын жүргізуші ретінде қабылдау;

  • модернизацияға ұшыраған зиялылардың қызметтік мүмкіндіктерінің мәселелерін көтеру және оларды шешу жолдарын анықтау;

  • экономикалық, мәдени және саяси модернизацияның өзара тәуелділіктегі негізділігі мен байланысын талдау;

  • билік пен саяси институттарды заңдастырудың нақты тиімді жолдарын керсету;

- өтпелі кезеңнің психологиялық құбылысының корреляциясына байланысты модернизация идеологиясын жасау нұсқалары мен оларды тарату және жаңа ұлттық модернизация идеологиясын жасау;
Дүние жүзілік дамушы елдердің саяси тәжірибесін талдау, саяси модернизация әр елде әр түрлі жүргізілгендігін дәлелдейді. Қазақстанда да модернизациялық жаңарудын, әртүрлі нұсқалары мен формалары бой көрсетуде. Бұл саяси процесс әр елдің өзіндік даму жағдайы мен ішкі және сыртқы мүдделеріне тәуелді. Қоғамның дағдарыстық жағдайына және саяси күштердің ұйымдасуына байланысты саяси реформалар жүреді. Қазақстанда саяси дамудың өзіне тән ерекше жолдары бар. Себебі, дүние жүзіндегі бір де бір ел көп жылдық классикалық тоталитарлық диктатурадан кейін дамуды бірден саналы, саяси-құрылымдық демократиялық институттардан бастаған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет