Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Сұрау алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдісі ретінде



бет21/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114
3.Сұрау алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдісі ретінде.
Сауатты жоспарланған таңдауға негізделген сауал жұргізу әдісі біршама сауал қойылған адамдар арқылы әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен даму тенденциялары туралы қорытындылауға мүмкіндік береді.
Сауал жүргізу әдісі негізі сауал қойылушыға ұсынылған сауалдардың жиынтығында, оның жауаптары зерттеушіге қажетті ақпаратты береді. Сауал жүргізу әдісінің екі әдісі бар: интервью және анкеталық әдіс.
Интервью - интервьюердің респондентпен тікелей байланыс орнатуды ұсынатын белгілі бір жоспар бойынша жүргізілетін сұхбат, мұнда жауаптарды интервьюер жазып алады немесе пленкаға жазылады.
Сауал жүргізудің екінші әдісі-анкеталық. Анкеталық сауал жүргізуде, сауал қойылушы адам өз жауабын өзі тіркеп отыруы керек. Анкеталық сауал жүргізудің бірнеше түрі бар: пошталық, баспасөздік, телефондық сауал жүргізу, тарату (анкета респонденттерге жеке беріледі).
Анкеталық сауал жұргізу - әлеуметтік сауал жүргізудің бір түрі, оның ерекшелігі- респондент толтыратын анкетаны пайдалану. Интервьюден оның айырмашылығы – респондент анкетаны өзі оқып, жауабын өзі белгілейді. Оның кұндізгі (кәдімгі) және сырттай (пошталық) түрі бар. Кұндізгі сауал жүргізуде зерттеуші респонденттерге анкета тарата алады, оны толтыру кезінде қатыспай-ақ, кейіннен оны жинап алады. Сауал жүргізудің мұндай түрі тарату тікелей деп аталады.
Анкета деген не? Анкета-сауал қойылушының өз бетімен сауал парағын толтыруы. Анкеталық сауалдар зерттелінуші нақты жағдай қандай екендігі туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Респонденттердің ол обьект туралы бағасы, пікірі, көзқарасы пайдаланылады.
Телефон арқылы сауал жүргізу. Әлеуметтік зерттеуде қолданылатын сауал жұргізу әдістерінің бірі телефон арқылы сауал жұргізу тікелей интервьюерлеу мен пошталық және баспасөз сауалдары аралығында аралық орынды иеленеді.
Баспасөз арқылы сауал жүргізу – анкеталық сауал жұргізудің бір түрі. Мұнда анкета газетте, журналда жарияланады. Оның толтырылуы мен зерттеушіге қайтарылуы тек қана мерзімді басылым оқырмандары жиынтығымен шектеледі.
Баспасөз сауалының респонденттері – зерттеушінің кейбір мәселе бойынша өз пікірін білдіруге ұн қатушылар. Баспасөз сауалының жетістігі-нақты бір мәселе бойынша тұрғындардың белгілі бір бөлімінің қоғамдық пікірін жедел жинау мүмкіндігі.
Әлеуметтік зерттеуде «әлеуметтік эксперимент» деген ұғым бар. Әлеуметтік эксперимент деген не? Әлеуметтік эксперимент басқарылушы және бақылаушы факторлардың әсер етуінен әлеуметтік обьектінің қызметі мен әрекетінің сандық және сапалық өзгерісі туралы ақпарат алу тәсілі.
Эксперименттік тәсілдің (тәжірибе) бақылаудан айырмашылығы сонда, мұнда жасанды ғылыми тәжірибе жасалады, зерттелетін құбылыс қолдан ұйымдастырылып, жағдай қадағалауда болады. Айталық, ұзақ экспедициядағы адамдардың мінез-құлқын зерттеу үшін, оңашаланған кеңістікте ұзақ уақыт болуға келіскен өз еркімен жиналған топта эксперимент жасауға болады.
Әлеуметтік зерттеу қорытындылары есеп беру кезінде көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеу туралы есеп беру-зерттеу нәтижелері жүйелі және көрнекі тұрде баяндалатын жазба құжат. Есеп беру құрылымы ұш бөлімнен құралады: зерттеу нәтижелері, қорытындылау және жұмыс жоспарынаң құрамды бөлімі- зерттеудің желілік кестесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет