Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Әлеуметтік санкциялар: позитивті және негативті



бет36/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114
4.Әлеуметтік санкциялар: позитивті және негативті.
Девиация термині - deviatio латын тілінде «ауытқу» деген сөз. – жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылдаған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлық.
Жағымды (позитив) девиация - мінез-құлықтағы ауытқу, көпшілік мұны ғажайып, түсініксіз, тіпті қисынсыз әрекет деп те қабылдауы мүмкін, бірақ, ұнамсыз әрекет деп танылмайды. Бұл біреу үшін жанын қиған ерлік, батырлық, аса еңбекқорлық, біреуге жан-тәнімен беріліп қызмет көрсету т.б. болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, бұл көпшілік халықтың тарапынан қолдау таппаған, айыптаған мінез-құлықтың сыртқы, сондай бір көріністері болып табылады. Бұған ланкестік, ұрлық, қылмыс, өсек, жезөкшелік, маскүнемдік, нашақорлық, суицид токсикомания және т.б. жатады.
Тар мағынасында девиациялық мінез-құлық жағымсыз және құпталмаған
қандай да болмасын әлеуметтік ережелерден ауытқу болып табылады. Міне, осы ауытқулар әлеуметтануда зерттеледі, себебі жағымсыз девиациялар қоғамға қауіп төндіреді де, өзіне қарсы әрекет тудырады. Әлеуметтанушылар девианттық мінез-құлықтың себептерін әр түрлі бағыттардан іздейді;
а)адамзаттың кемеліне келіп, жетілмегендігінең және оның кемістіктерінен (эгоизм, ерекшеленуге ұмтылу, қызғаныштық, іштарлық );
б)биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен (кейбір индивидтердің девианттыққа генетикалық бейімділігінен, психопатия т.б.);
в)әлеуметтік тұрмыс жағдайларынан (тәрбие, қоршаған орта, жақсы жалақы, мәдениетті демалыс т.б.).
Сонымен бірге әлеуметтанушылар девианттық мінез-құлықтын әр түрлі формаларын ерекшелейді. Олардың негізгі формалары схемада көрсетілген. Мінез-құлық пен жүріс-тұрыстағы ауытқудың ең шегіне жеткен формасы -аномия (а+nоmоs - грек тілінде заңсыздық, заңның, ұжымның болмауы). Бұл бұкаралық девиация, қоғамның тәртіпсіздікке салынуы. Аномия ұғымын француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгенм енгізді. Басқа сөзбен айтқанда, аномия қоғамның сондай халге түсуі, мұнда халықтың көпшілік бөлігінің қалыптасқан әрекет етуі.


Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті, криминалды мінез-құлық.


1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет