Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет34/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114
Бірегей жеке тәжірибе. Неліктен бір отбасыда өскен балалар бір-бірінен ерекшеленеді? Себебі олар толығымен ұқсас топтың тәжірибе болған жоқ, олардың тәжірибесі бір жағынан ұқсас, ал бір жағынан ерекшелігі болады. Әр бала отбасыда әр түрлі структура құрылымда тәрбиенеледі. Ол отбасыда жалғыз болып мүмкін, әйтпесе ағасы, әпкесі болуы мүмкін, солармен қарым- қатынас жасай отырып оның жеке басына жаңа ерекше қасиеттер алады. Одан басқа, балалар әр түрлі топ өкілдерімен қарым-қатынас жасайды, әр түрлі адамдардың рөлін қабылдайды. Тіпті бір ұрықтан жаралған егіздер де әрқашан әр түрлі тәрбиеленеді, себебі олар үнемі бір ғана адаммен кездеспейді, ата – аналарынан үнемі бір ғана сөз естімейді, бірдей қайғырып, қуанбайды. Осыған байланысты әрбір жеке адамның тәжірибесі өзінше бірегей, себебі оны ешкім қайталай алмайды деуге болады. Жеке тәжірибенің күрделілеуін былайша көрсетуге болады, оны жеке жеткізеді. Әрбір адам өз басынан өткен оқиғалар мен қатыныстарды қабырғаға қалаған кірпіш сияқты қаттап қоймай, оны өз тәжірибесі, ата-ана, жақын- туыстарының тәжірибелері арқылы өзгертіп отырады. Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтендіру), екіншісін идентификация ( ұқсастыру) деп атайды .
Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қатынастардың әр түрлерімен бірігетін процесі .
Әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі идентификацияны сөз етсек, әрбір индивидтің, тұлғаның өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастырудың психологиялық процесі.
Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте үш түрі бар:
1.Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату ;
2.Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық , жыныстық);
3.Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымга, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу;
Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Екінші жағынан, адам мәдениеттің үлгілеріне автоматты түрде бейнелейтін болса, онда ол индивидуалдығын сақтай да, дамыта да алмайды.
Тақырыптың мазмұнын қорыта келе, жеке адамды әлеуметтендіру процесі негізінен топтық тәжірибенің әсерінен өтетіндігін айту керек. Сонымен жеке адам өзінің Менін басқа адамдардың өзі туралы ойы мен бағалауы түйсігі негізінде қалыптастырады. Осы түйсіктің нәтижесі болуы үшін жеке адам өзін басқалардың орнына қойып солардың көзімен өз мінез – құлықына, өз ішкі әлеміне қарауы керек. Өзінің жеке Менін қалыптастыра отырып жеке адам социализация




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет